Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2011 в 10:32, лекция
БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.
1 қыркүйек 2010 ж. БТА Банкі кредиторлары алдындағы қаржылық міндеттемелерін 16,65 млрд. АҚШ долларына қайта құрылымдау үдерісін табысты аяқтады. Бұндай шешімді 2010 ж. 31 тамызында Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотымен шығарылған болатын. Кредиторларының алдындағы қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауы аясында Банк бұрындары шығарылған облигацияларының және басқа міндеттерінің күшін жойып, кредиторларға 945 млн. АҚШ долларын төледі, сонымен қатар жаңадан борыштық бағалы қағаздарды – қалпына келтіруге арналған 5,2 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын облигациялар, 2,3 млрд. АҚШ доллар сомасын құрайтын үлкен облигацияларды, 429 млн. АҚШ долларын құрайтын қашықтық (OID) бар арнайы борыштық жабдықтарды және 773 млн. АҚШ долларын құрайтын қаржыланған облигацияларды шығарды, сондай-ақ 698 млн. АҚШ долларын құрайтын сауданы қаржыландыру бойынша жаңартылатын кредит желісі бойынша Келісімді қорытындылады.
Қайта құрылымдау нәтижесінде Банктің қарыздық берешегінің көлемі 16,65-тен 4,2 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарып, кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімі 8 жылдан 20 жылға дейін ұзартылды. Банк капиталының жарғысына 4,6 млрд. АҚШ доллар сомасындағы облигациялар айырбасталды, соның нәтижесінде ішкі және сыртқы кредиторлар Банк акционерлік капиталының 18,5% пайыздық жиынтығына иелік ететін акционерлерге айналды. Банктің негізгі акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры», қаржы институтының облигацияларын қарапайым акцияларға айырбастаудың нәтижесінде оның үлесі Банк акционерлік капиталының 81,48%-ға дейін ұлғайды. Миноритарлы акционерлерге өз кезегінде Банк акциясының 0,02 % тиесілі.
Банктің 2010 жылдың
8 айы ішіндегі жұмыстарының қорытындысы
бойынша бухгалтерлік есептің қазақстандық
стандарттарына сәйкес дайындалмаған,
аудиттелмеген және шоғырландырылмаған
қаржы есептілігінің
20 қыркүйек 2010 ж. «БТА Банкі» АҚ 2009 жылдың 16 қазанындағы Алматы қ. Мамандандырылған қаржы соты БТА Банктің қаржылық берешегін қайта құрылымдау жұмысы бойынша шешімі Ресей Федерациясының аумағында мойындалды деп хабарлады. Аталмыш шешім 2010 жылдың 14 қыркүйегінде Мәскеу қаласының Төрелік сотымен шығарылған болатын.
5 қазан 2010 ж. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі «БТА Банкінің «БТА Сақтандыру» ЕК, «Атланта-Полис СК» АҚ, «БТА Банкінің «БТА Забота» ЕСК «Атланта-Полис» СК» АҚ мен «БТА Банкінің «БТА Забота» ЕСК-н «БТА Банкінің «БТА Сақтандыру ЕК» АҚ-ға қосу жолымен еншілес компанияларында бизнестің тиімділігін көтеру мақсатында сақтандыру активтерін қайта ұйымдастыру жоспарын қабылдады.
12 қазан 2010 ж. «БТА Сақтандыру» Еншілес компаниясы» АҚ-ның директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Компанияның Басқарма Төрағасы ретінде Лаврентьев Сергей тағайындалды.
27 қазан 2010 ж. Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі БТА Банкінің кредиттік рейтингісін көтергенін хабарлады. Бұл ретте ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтер «D»-дан «В»-ға («В» минус»), ал ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтингтер «D»-дан «С»-ға дейін көтерілді. Банктің өзгертілген кредиттік рейтингтерінің болжамы – тұрақты. Осыған сәйкес Банкке рейтинг бойынша ұлттық шкала деңгейінде «kzВB-» («kzВB» минус) берілді.
8 қараша 2010 ж. БТА Банкі аймақтық кәсіпкерліктің «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асырудың аралық қорытындысын шығарды. Аталмыш бағдарлама бойынша төрт жарым ай белсенді жұмыс барысында Банк кәсіпкерлерден жалпы 40,1 млрд. теңге сомасын құрайтын 147 өтініш қабылдады. Осы көлемнің негізінде Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша (жаңа жобаларды қолдау) жалпы 16,6 млрд. теңге сомасын құрайтын 66 өтініш, екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлік секторды қалпына келтіру) – жалпы 22,8 млрд. теңге сомасын құрайтын 76 өтініш, үшінші бағыт бойынша (экспорттық – бағдарлық өндірісті қолдау) – жалпы 742 млн. теңге сомасын құрайтын 5 өтінішті қабылдады. Банк қабылдаған өтініштерінің жалпы көлемінен уәкілет органы Бағдарламаға бірінші бағыт бойынша 24 жобаны, екінші бағыт бойынша – 3 жоба және үшінші бағыт бойынша – 4 жобаны бекітті. Мақұлданған шаралардың көлемінен салалардың 45,16% бөлінісі қызмет ұсыну саласымен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландыруға бағытталған болатын. Қалған қаражат өндіріспен айналысатын компанияларға (38,71%), ауыл шаруашылығы (12,90%) және өңдеуші өнеркәсіптерге (3,23%) бөлініп берілді. Аймақтардың аралығында кәсіпорындар үшін Ақтөбе (21,4%), Қарағанды (14,3%), Батыс Қазақстан облысы (14,3%), сонымен қатар Астана қаласына 21,4% жобалардың көбісі мақұлданды.
18 қараша 2010 ж. «Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігі кредиторлар алдындағы берешегін қайта құрылымдау үдерісінде БТА Банкінің топ-менеджментінің жетістігі үшін «Қайта құрылымдауды ойдағыдай аяқтағаны үшін» атты марапатын ұсынды. Аталмыш рейтингтің номинанттарын марапаттау салтанаты Астана қаласында «Эксперт-100-Қазақстан» ІІ Экономикалық форумының аясында өтті.
10 желтоқсан 2010 ж. Fitch Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі БТА Банкінің кредиттік рейтингілерінің көтерілгенін хабарлады. Соған сәйкес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді эмитент дефольтының рейтингілері (ЭДР) «В-» деңгейіне дейін көтерілді, оның қорытындысын «Тұрақты» деп бағалауға болады. Ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді ЭДР «RD»-дан «B»-ға дейін, жеке рейтингісі «F»-тен «E»-ге дейін, ал қолдау рейтингісі «5» деңгейіне дейін көтерілді.
14 желтоқсан 2010 ж. Business Resource медиа-холдингі 2010 жылдың жетекші банкирлері мен бизнесмендерін анықтау рейтигісінің негізінде БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов «2010 жыл Банкирі» деп аталды. Рейтинг жеңімпаздары екі кезеңнен тұратын қоғамдық көзқарастың нәтижесі бойынша анықталды. Бірінші кезеңде 17 іскер қазақстандық БАҚ-тан 22 журналистің, ал жобаның екінші кезеңінде www.profinance.kz ақпараттық-талдау сайтын көрушілері арасында сауалнама жүргізілді. Сайттың қатысушыларына журналистер таңдаған бес банкирдің және бес бизнесмендердің біреуіне дауыс беру ұсынылған болатын.
21 желтоқсан 2010 ж. «Эксперт РА Қазақстан» рейтингілік агенттігі «БТА Банкі» АҚ-на В+ деңгейінде крдит қабілеттілік рейтінгісін ұсынды (кредит қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі). Сондай-ақ банк облигациялық заимдарының Reg S шығарылымын В+ деңгейінде сенімділік рейтінгісі ұсынылды (сенімділік деңгейінің жеткіліктілігі).
22 желтоқсан 2010 ж. БТА Банкі «КазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясымен шартты банктік салымдар жөнінде келісімге қол қойды. Бұл келісімнің мақсаты Бағдарламаның аясында қазақстандағы шикізаттық емес өнімді экспорттаушы кәсіпорындарға саудалық қаржыландыруды ұсыну болып отыр. Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялды-инновациялық дамуы атты мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы «КазЭкспортГарант»-пен дамытылды. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі шетел сатып алушылары тарапынан жеңілдік талаптарындағы сауданы қаржыландыруды ұсыну арқылы қазақстандық өнімге сұранысын ынталандыру болып табылады.
24
желтоқсан 2010 ж.
БТА Банкі «Ньюсмейкер «Интерфакс-Қазақстан
2010» («НИК 2010») байқауының жеңімпазы ретінде
2010 жылы қазақстандық банк секторының
өкілдері арасында ақпараттық агенттіктің
таспасында көп аталғандар санатының
лидері ретінде таңдалды.
«БТА Банкі»
АҚ-ның ең ірі акционері Қазақстан
Үкіметінің «Самұрық-Қазына» Ұлттық
әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады
– 81.48 %
«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі»
АҚ – номиналды иесі – 15.57 %
(2010 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша)
www.samruk-kazyna.kz
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына сәйкес «тұрақты даму «Қазына» қоры» және «Мемлекеттік активтерді басқаратын «Самұрық» Қазақстандық холдинг» қосылуына орай құрылған
Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қордың негізгі мақсаты болып табылады.
Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады :
Қор қызметінің
негізгі бағыттары мыналар
Сонымен қатар, банктің акционерлік құрамына 5 % жуық үлесі бар ірі халықаралық қаржы институты кіреді.
2001 жылдан бастап Банк акционерлерінің құрамына аса ірі халықаралық қаржы институттары кіреді:
ebrd.org
Европалық банкті қайта құру және дамыту (ЕҚДБ) 1991 жылы нарықтық экономиканы демократия талабымен қалыптастыру мен дамуды қолдау үшін құрылған болатын. Бүгін ЕҚДБ инвестицияларды нарықтық экономика мен демократияны 29 елде аспаптық (құралдық) сапасына жәрдемдесу үшін – Орталық Европадан Орталық Азияға дейін қолданады. ЕҚДБ аймақта ірі инвестор болып табылады және басқа да өзінің жеке меншіктік қаржысын инвесттициялауда маңызды тура шетелдік инвестициялар көлемімен тартымды.
www.ifc.org
Мемлекетаралық қаржы бірлестігі (FC) Әлемдік банкі Тобының инвестициялық бөлімшесі болып табылады. IFC – әлемдегі дамыған нарықтағы ірі көп жақты инвестор. Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары – корпоративті, жобалық, саудалық және егеменді қаржылық кредит формасында, капиталл мен кепілдік, сонымен қатар, кеңес беру қызметтері.
IFC – Европа мен Орталық Азияда 30 жылдан астам жұмыс жасайды, және осы уақыт аралығында мұнда 800 компанияда $ 16 миллиардқа жуық сома инвестицияла
www.eastcapital.com
East Capital Шығыс Еуропа
елдерінің қаржы рыногына
"БТА Банкі" АҚ акционерлері туралы ақпарат 01.02.2010 жағдай бойынша 5 және одан да жоғары пайыздық үлеспен
KT Asia Investment Group B.V. (Нидерланды) 9.66 Drey Associates Limited (Біріккен Корольдік) 9.65 Strident Energy Limited 9.56 CP-Credit Prive S.A. (Женева, Швейцария) 6.74 "ИнвестКапитал" Компаниясы"ЖШС (Қазақстан) 8.11 "СМКК" ЖШС (Қазақстан) 7.77 "ЯССЫ-ИНВЕСТ" ЖШС (Қазақстан) 7.19 "Агроинвест" ЖШС (Қазақстан) 7.15 "МақтаАрал" Компаниясы ЖШС (Қазақстан) 5.54 -->
Директорлар Кеңесінің Төрағасы
1988 жылы С.Киров
атындағы Қазақ Мемлекеттік
Еңбек жолын 1988 жылы жоғарғы оқу орнынан
және экономиканың нақты секторы өнеркәсіптерінен
бастады. 1992 жылдан 1993 жылға дейін мемлекеттік
қызметтерде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасының
жергілікті атқарушы органдарында басқарушылық
және басшылық қызметтер атқарды. 1993 жылдан
2000 жылға дейін қаржы холдингі құрылымдары
мен банк құрылымдарында маман болып,
одан кейін басшылық қызметтер атқарды.
2000 жылдан бері мемлекеттік қызметтер
атқарып келеді. Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік борыштар
және несиелендіру департаментінің, мемлекеттік
қарыз алу департаментінің директоры
болды. 2001 жылы Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрі болып тағайындалады.
2002 жылдан бері Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
вице-министрі. 2003 - 2004 жылдары «Ұлттық
инвестициялық қор» АҚ Басқарма Төрағасы
болды. 2004 -2006 жылдары Қазақстан Республикасының
бірінші қаржы вице-министрі, Қаржы министрі
, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігінің Төрағасы болып
тағайындалды.
2008 жылы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ
Басқарма Төрағасы міндетін атқарды. 2008
жылдың қараша айынан «Самұрық-Қазына“
ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының
Орынбасары болды. Директорлар Кеңесінің
шешімімен 2009 жылғы 3 ақпанда «БТА Банкі»
АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып
тағайындалды.