ТұранБанк туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2011 в 10:32, лекция

Описание

БТА Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихы 1925 жылғы қазанның 15-інен басталады. Ол кездегі Қазақстан халық шаруашылығы Орталық Кеңесі Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банк (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылды.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 60.49 Кб (Скачать документ)

Мемлекет пен қоғам 
БТА Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік - құқықтық актілерін, мемлекеттік органдардың актілері мен жергілікті басқару органдарының актілерін орындайды. 
БТА өзін қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырып, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БТА жеке тұлғалар үшін мынадай қызмет түрлері  мен өнімдерді  ұсынады:

  • Несиелер
  • Салымдар
  • Ақша аударымдары
  • Төлем карточкалары
  • Тұрғындардың төлемі
  • Сейфте сақтау
  • Шоттармен жургізілетін операциялар
  • Валюта айырбастау операциялары

Жеке  тұлғаларға арналған акциялар

  • "Выгодный курс" акциясы
  • "Қатысыңыз, сізге ұнайтыны анық" Visa акциясы
 
 
 
 
 
 
 
 

НЕСИЕЛЕР

БТА Банкінің тұтынушылық  несиелендіру бағдарламалары – бұл  сіздің проблемаларыңызды шешудің  ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі  қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші  бойынша шешім қабылданады.

БТА Банкінің тұтынушылық  несиелері – бұл ұзақ уақыт  бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған  затыңызға жылдам қол жеткізуге  мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.

Қызмет  көрсетудің артықшылықтары

  • Қаржыландыру  құнының төмендігі. Банк кешенді  несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
  • Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
  • Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  • Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
  • Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.

БТА несиелендірудің  келесі түрлерін ұсынады:

Ипотекалық  несиелендіру

Ипотекалық несиелендіру-сіздің отбасыңыздың беріктігінің кепілі. Элитті тұрғын үйге, екінші деңгейлі рыноктан жылжымайтын мүлікке ие болу, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, сондай-ақ, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, табысты растайтын құжатсыз несие алуға, т.б. қызметтердің кең ауқымды түрлеріне ие болу.

"Любимая"несие желісі!"

БТА Банкі өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне арналған Любимая"несие желісі" жаңа бағдарламасын ұсынады. Сіз бұл несие желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда көптеген артықшылықтарды пайдалана аласыз.

Автонесиелеу

БТА Банкінен жаңа және тиімді үлгідегі автонесиелендіруді алыңыз! 
Алғашқы жарна 15 пайыздан басталады, сондай-ақ, аз мөлшерде құжаттар, несие бойынша тамаша мөлшерлеме, несиелендіру мерзімі 5 жылға дейін, несиені айыппұлсыз мерзімінен бұрын жедел өтеу (6 айдан кейін), кең филиалды жүйе және сіздің жүргізушілік стажыңызды талап етпейміз – осының бәрі БТА Банкінің автонесиелендіруі.  
Біз өз клиенттерімізге тамаша шарттар ұсынамыз, келіңіздер!

Әмбебап Факультеті

Армандаған біліміңді алғың келеді ме? БТА Банкі Сенің арманыңды орындайды! Әлемнің кез-келген еліндегі оқу орны сенікі! 
«Әмбебап факультет» несие оқу бағдарламасын ұсынамыз, «Бакалавр» «Маман» және «Магистр» бағдарламалары бойынша білім алу.

Жедел желі

БТА Банкі жедел  несиелендірудің әр алуан бағдарламаларын  ұсынады, олар Сізге жаңа жиһаз, немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-да оқу ақысын төлеуге, көптеген салтанатты шараларды және тағы басқа мүмкіндіктерді береді.

Қалаулы несие (жедел несиелендіру)

Қалаулы несие  – Алматы қ. тұрғындарына арналған жедел несиелендірудің жаңа бағдарламасы. 
Сіз жоғары сапалы әрі сәнді жиһаз алғыңыз келеді, бірақ та қолда бар қаражатыңыз жеткіліксіз бе? 
БТА Банкінің Қалаулы несиесі – сіздің мәселелеріңіздің тамаша шешімі!
 
 
 
 
 

САЛЫМДАР 
 

БТА Банкі депозиттері  – ең сенімді депозиттер. Біздің банк Қазақстан Республикасының  жеке тұлғаларының салымдарына (депозиттер) міндетті кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің  алғашқы қатысушысы болып табылады және 17.03.2008 жылғы №001 Куәлігі негізінде  әрекет етеді. БТА Банкінің барлық депозиттері  Қазақстандық салымдарға кепілдік беру қорымен сақтандырылған. 
БТА Банкінде депозитті ашу сәтінен бастап Сіз өз салымыңыздың ағымдағы жай-күйі жөніндегі өзіңізді қызықтыратын кез келген ақпаратты алу құқығына ие боласыз.

БТА Банкінің Қазақстан  аумағында бөлімшелерінің кең желісі бар, олардың кез келгенінде Сіз  депозит аша аласыз. Осылайша, Сізге  депозитті ресімдеу үшін үйіңізден  алысқа кетудің қажеті жоқ. Тағы бір  айрықша ерекшелігі мынада, яғни депозитті  сізге жақын орналасқан кез келген бөлімшеде (нақты бір бөлімшеге  беркітпей-ақ) ашуға, сондай-ақ жабуға болады. Сондай-ақ клиенттерімізге  қолайлылық туындату үшін, шынайы уақыт  режимінде депозитті Интернет арқылы толықтыру қызметі әрекет етеді.

БТА Банкі көптеген жылдар бойына жеке тұлғаларға арналған депозиттер нарығындағы көшбасшылардың бірі болып әрекет етеді. 
Ақшалай қаражаттарды орналастыру мерзімдерінің кең таңдауы Сіздерге нақты таңдалған мерзімге ақшалай қаражаттар қозғалысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

БТА депозиттердің келесі түрлерін ұсынады:

"Platinum" депозиті

Ерекше жеңілдіктердің жиынтығы. Ыңғайлы сервис пен жеке қызметті қалайсыз ба? Онда сізге «Platinum»  депозитін аштыру қажет. 
Депозитті рәсімдеу кезінде Сізге банктегі мүддеңізді білдіретін персоналды менеджердің шоты беріледі. Өзіңізді банктің ерекше клиенті екендігіңізді сезініңіз!

"Формула  Успеха" депозиті

Депозит бойынша  жоғары пайыздық мөлшерлемелер ғана көрсетілмеген, сондай-ақ, салым шотынан  қажетті уақытта керекті соманы алуға, қаржылай сыйақы алуға, қосымша  салымдарды енгізуге мүмкіндіктері  бар. Ал сыйақыға салымшылар Visa және MasterCard төлем карталарын алады. Ай сайынғы  ұтыс 100 ақшалай сыйлық, басты сыйлық - 1 000 000 теңге.

"Формула  Успеха-Капитал"  депозиті

Депозит бойынша  оның әрекет етуінің бүкіл мерзімі  ішінде сыйақының тұрақты мөлшерлемесі қарастырылады. Салымды бір, екі  немесе үш валютада бір мезетте ашу: теңге, АҚШ доллары, евро.

"Выгодный  курс" депозиті

Выгодный курс мультивалюталы депозитін ресімдей отырып, сіз ақшалай қаражатыңызды  рыноктық бағамнан ұтымды болатын жеңілдікті бағам бойынша айырбастау мүмкіндігіне ие боласыз.

"Пенсионный" депозиті

Елеулі жас - тиімді пайыз. 
Депозит 50 жасқа толған немесе зейнеткерлік уақытқа жеткен адамдарға арналып рәсімделеді. «Пенсионный» депозиті бұл: төменгі алғашқы жарна, қаржыны орналастырудың ауқымды мерзімі, шотыңыздан кез-келген уақытта қалаған сомаңызды алу мүмкіндігі, қаржылай сыйақыға ие болу, салымды мерзімінен бұрын бұзған жағдайда жеңілдіктер мүмкіндігі.  
«Пенсионный» депозиті – сіздің зейнетақыңызға үстеме пайда.

"Детский  мультивалютный" депозиті

Сіздің балаларыңыздың жарқын болашағы! 
"Детский" депозиті сіз балаларыңыздың болашағын жасауыңыз үшін арнайы құрылды.

"Sprint" депозиті

Қысқа мерзімге сізде ақша пайда болды ма? 
Ондай жағдайда "Sprint" депозиті сізге ақшаңызды сақтауға мүмкіндік береді. Тек сақтап қана қоймай, қысқа мерзімде қосымша кіріс те алып келеді. Салым мерзімі 7 күннен 60 күнге дейінгі аралық.  
Қысқа мерзімде мол қаржыға ие болыңыз!

"Дружба" депозиті

Рубльді сақтайды.  
 
Жаңа депозит Сіздерге ақшаны ресей рублінде сақтауға және жинақтауға мүмкіндік береді.

"Антиинфляционный" депозиті 

Егер Сіз БТА-мен болсаңыз, түк емес ақша үшін инфляцияңыз! Салым үшін сыйақы инфляцияны ескере отырып, төленеді.

Депозит 24

БТА Банкі сіздерге "Депозит 24" салымын ұсынады, бұл  тәулік бойына қол жетімді депозит. Депозитті ашу кезінде Сізге Visa Instant Electron халықаралық төлем карточкасы берілетін болады, ол депозитке қатысты кілт болып табылады. Карточка кез келген уақытта депозитті толықтыру, сондай-ақ банкоматтар мен "Cash & Pay" төлемдерді қабылдау құрылғылары көмегімен депозиттегі ақшаны пайдалануға мүмкіндік береді.

"До  востребования"  депозиті

Салымның ерекшелігі - қалаған уақытыңызда депозитке  салған ақшаңызды толықтай пайыздық мөлшерлемесімен алуыңызға мүмкіндік  береді. "До востребования" салымы Сізге қолма-қол ақшасыз қаржы аудару мүмкіндігін қолдануға, қолма-қол ақшасыз айырбастауға, қолма-қол ақшасыз төлем жүргізуге мүмкіндік береді. 
 
 
 

Ақша  аударымдары

Сізге Қазақстан  бойынша немесе әлемнің кез-келген елінен қауіпсіз және сенімді жерден жедел ақша аудару/алу қажет пе? 
Олай болса БТА Банкінің жедел ақша аударылымы жүйесін қолданыңыздар.

«БТА Банкі» АҚ Қазақстан бойынша және әлемнің  кез-келген нүктесінен ақша аудару қызметін ұсынады.

БТА-ның ақша аударымдарының басты артықшылықтары:

  • ақша аударымы үшін көрсетілетін қызметақының төменділігі;
  • ақша аударымдарының жеделдігі;
  • Жіберуші мен Алушы үшін құжаттардың оңай рәсімделуі;
  • Қазақстан бойынша есеп-айырысу кассалық бөлімшелерінің ауқымды желілері;

«БТА Банкі» АҚ өз клиенттеріне жеделдетілген, сенімді, ыңғайлы және салыстырмалы түрде  едәуір арзан қызмет түрлерін ұсынады. Бүкіл Қазақстан бойынша миллиондаған адамдар БТА Банктің ақша аудару қызметіне сенеді.

«БТА  Банкі» АҚ-ның ақша аударымдары

Ақша аударым  түрлері:

  1. Қазақстан аумағындағы БТА Банкінің филиалдық желісі бойынша ақша аударымдарын жіберу/алу – филиаларалық аударымдар
    • ағымдағы шотты аштырмай-ақ - «Жедел аударым»;
    • ағымдағы шотты аштыру арқылы ақша аударымдарды жүзеге асыру.
  2. ҚР бойынша банктер арасындағы ақша аударымдары – ағымдағы шотты аштыру арқылы банкаралық ақша аударымды жүзеге асыру.
  3. Халықаралық ақша аударымдары:
    • «SWIFT» жүйесі бойынша ағымдағы шотты аштыру және аштырмау арқылы,
    • "Western Union"
  4. Карточкалық ақша аударымдары:
    • Банкомат арқылы аударымдар жасау
 
 
 

ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ 

БТА Банкінің төлем карталарын ұстаушылардың  назарына!

БТА Банкі ескі үлгідегі төлем карталарын жаңа жүйедегі карталарға (микрочипсіз) тегін* айырбастайды.  
Егер Сіздің карточкаңыз микрочиппен жабдықталмаған болса, оны тегін айырбастау үшін Сіздің банкке баруыңызға болады. Картаны айырбастауға болатын жақын жердегі банк бөлімшесін Сіз БТА Банкінің Байланыс орталығына хабарласып біле аласыз. Айырбастау үшін Сізге жеке куәлік пен СТН куәлігінің көшірмесі қажет.

Сіздің  карточкаңызды жаңа микрочипті карточкаға айырбастаудың 6 түрлі себебі бар:

  1. Қосымша қауіпсіздік: микрочиппен карт-шоттың қорғалу дәрежесі күшейе түседі.
  2. Уақытты үнемдеу: микрочипті карточка бойынша операциялар "on-line"тәртібімен жүргізіледі.
  3. Банкоматтар желісіндегі қосымша қызметтер: Kcell мен Beeline ұялы байланыстар төлемі.
  4. Карточканы "on-line" тәртібімен толықтыру мүмкіндігі: ақша қаражаты 5 минут ішінде есепке алынады .
  5. Ұзақ мерзімді тапсырманы қаражатты карточкадан депозитке автоматты түрде есептен шығаруға ресімдеу мүмкіндігі

*Тек әрекет ету мерзімі 2008 жылдан кейін аяқталатын БТА Банкінің магнитті карточкалары үшін

Информация о работе ТұранБанк туралы