Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 21:02, лекция

Описание

Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерi мен тәртiбiн айқындайды.

Работа состоит из  1 файл

валюталык реттеу.doc

— 292.00 Кб (Скачать документ)

2. Валюталық  бақылаудың мiндеттерi:      

1) жүргiзiлетiн  валюталық операциялардың Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн  айқындау;      

2) валюталық  операциялар бойынша төлемдердiң  негiздiлiгiн және оларды жүзеге  асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру;      

3) валюталық  операциялар бойынша есепке алу  мен есептіліктiң толықтығын және  объективтiлiгiн тексеру болып  табылады.     

28-бап.  Валюталық бақылау  органдары мен  агенттерi     

1. Қазақстан  Республикасында валюталық бақылауды  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкілеттіктерi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар (валюталық бақылау органдары) және валюталық бақылау агенттерi жүзеге асырады.      

2. Уәкілетті  банктер және уәкілетті ұйымдар валюталық бақылау агенттері болып табылады. 
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV  Заңымен.     

29-бап.  Валюталық бақылау  органдары мен  агенттерiнiң  
               құқықтары және мiндеттерi     

1. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз құзыретi шегiнде резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасында жүргiзетiн валюталық операцияларына осы операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, лицензиялардың шарттарына, тiркеу және хабарлама талаптарына сәйкес келуi бөлігінде бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.      

2. Валюталық  бақылау органдары өз құзыретi  шегiнде:      

1) резиденттер  мен резидент еместердің Қазақстан  Республикасының валюталық заңнамасын  сақтауын тексерудi жүзеге асырады;       

2) резиденттер  мен резидент еместердiң валюталық  операциялар бойынша есепке алу  мен есептілігінің толымдылығын  және дұрыстығын тексерудi жүзеге  асырады;      

3) валюталық  операцияларды жүргiзуге байланысты  құжаттар мен ақпаратты сұратады;       

4) валюталық  бақылауды тиiстi түрде жүзеге  асыру мақсатында валюталық бақылау  агенттерiне олардың орындауы  үшін мiндеттi тапсырмалар бередi;       

5) валюталық  операциялар бойынша есептілікті  ұсыну тәртібін белгілейді;      

6) анықталған  құқық бұзушылықты жою туралы талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi мен резидент еместерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдайды.      

3. Валюталық  бақылау агенттерi:      

1) өздерi, оның iшiнде  клиенттердің тапсырмасы бойынша  операциялар жүргiзген кезде Қазақстан  Республикасының валюталық заңнамасы  талаптарының сақталуын бақылауды  жүзеге асыруға;      

2) валюталық  операциялар бойынша есепке алу  мен есептiлiктiң толымдылығын және объективтiлiгін қамтамасыз етуге;      

3) Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген  өкiлеттiктерге сәйкес өз клиенттерi  жол берген, өздерiне белгілі болған  Қазақстан Республикасының валюталық  заңнамасын бұзу фактiлерi туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, сондай-ақ басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға;      

4) валюталық  бақылау органдарына өздерiнің  қатысуымен жүргізiлетiн валюталық  операциялар туралы Қазақстан  Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және валюталық реттеу органдарының нормативтік құқықтық актілерiнде белгіленген тәртіппен ақпарат беруге мiндеттi.      

4. Валюталық  бақылау органдары мен агенттерi өз өкiлеттіктерiн жүзеге асырған кезде өздерiне белгiлi болған коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi.      

5. Уәкiлеттi банк  резиденттiң және (немесе) резидент  еместiң төлемдер мен ақша аударымдарын соңғысы осы Заңға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.      

6. Резиденттер  мен резидент еместер валюталық  операцияларды жүргiзген кезде  олардан валюталық бақылау агенттерi валюталық бақылауды жүзеге асыру мақсатында осы Заңға сәйкес мыналарды талап етуге құқылы:       

1) жеке басты  куәландыратын құжат (жеке тұлғалар  үшiн);      

2) Қазақстан  Республикасында тұрақты тұру  құқығын растайтын құжат (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн);      

3) құрылтай құжаттары  (заңды тұлғалар үшiн);      

4) мемлекеттiк  тiркеу туралы куәлiк (заңды  тұлғалар үшiн); 
      5) алып тасталды;      

6) салық төлеушiнiң  мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжат;      

7) валюталық  шарт;      

8) осы Заңда  белгiленген жағдайларда лицензия, тiркеу куәлігi, хабарлама туралы  куәлiк;      

9) мәмiле паспорты;       

10) экспорт (импорт) мәмiлелерi бойынша мiндеттемелердi орындауды не соның негiзiнде  орындаудың қажеттігін растайтын  құжаттар.      

7. Уәкiлеттi банктер  жүргізiлетiн валюталық операцияларға  тiкелей қатысты емес құжаттардың ұсынылуын талап етуге құқылы емес.      

8. Тұлға осы  Заңға сәйкес және валюталық  реттеу мен валюталық бақылау  органдарының нормативтiк құқықтық  актілерiнде талап етiлетiн құжаттарды  ұсынбаған не дұрыс емес құжаттар  ұсынған жағдайда не Қазақстан  Республикасының валюталық заңнамасында талап етілетiн iс-әрекетті жүзеге асырмаған жағдайда уәкiлеттi банктер валюталық операцияны жүзеге асырудан бас тартады. 
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 12.01.2007. N 224,  2009.07.04. N 167-IV Заңдарымен.     

30-бап.  Ықпал ету шаралары  мен санкциялар     

1. Уәкілетті  банктер мен уәкiлеттi ұйымдардың  Қазақстан Республикасының валюталық  заңнамасын бұзғаны анықталған  жағдайда Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. 
      Уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi ұйымдардың өздерiнiң айырбастау пункттерi арқылы шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу тәртiбiн бұзуға жол бергенi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айырбастау пункті тіркеу куәлігінің қолданылуын алты айға дейiн тоқтата тұруға құқылы. 
       2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi лицензиаттардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзғаны анықталған жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы.     

31-бап.  Резиденттер мен  резидент еместердiң  құқықтары және мiндеттерi     

1. Қазақстан  Республикасында валюталық операцияларды  жүзеге асыратын резиденттер  мен резидент еместер:      

1) валюталық  бақылау органдары жүргiзген тексеру нәтижелерi туралы анықтамалармен танысуға;      

2) валюталық  бақылау органдары мен агенттерiнiң  iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен  шағым жасауға;      

3) Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.       

2. Валюталық  операцияларды жүзеге асыратын  резиденттер мен резидент еместер:       

1) валюталық  бақылау органдары мен агенттерiне  барлық сұратылатын құжаттарды  және валюталық операциялардың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленген мерзiмде беруге;      

2) валюталық  бақылау органдарының тексеру  жүргiзуi барысында, сондай-ақ тексеру  нәтижелері бойынша оларға түсінiктемелер табыс етуге;      

3) жүргізілетін  валюталық операциялар бойынша  олардың Қазақстан Республикасы  Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық  актiлерiнде белгiленген мерзiм  ішінде сақталуын қамтамасыз  ете отырып, есеп жүргізуге және  есептеме жасауға;      

4) валюталық  бақылау органдарының анықталған  бұзушылықтарды жою туралы талаптарын (нұсқауларын, ұйғарымдарын) орындауға;       

5) валюталық  бақылау органдарының тексеру  жүргiзуi барысында оларға өз үй-жайларына  кiруін, құжаттарына және автоматтандырылған деректер базасына қол жеткiзуін қамтамасыз етуге мiндеттi.      

3. Резиденттер  осы Заңда белгiленген жағдайларда  лицензияны, тіркеу куәлігін, Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкiнiң  хабарлама туралы куәлігін алу  үшін уақтылы өтiнiш беруге  және барлық қажеттi шараларды қабылдауға, сондай-ақ берілген лицензияның шарттарын сақтауға мiндеттi. 
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-тарау.  ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР     

32-бап.  Арнайы валюталық  режим     

1. Қазақстан  Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне  және оның қаржы жүйесінің  тұрақтылығына қатер төнген жағдайда, егер ахуалды экономикалық саясаттың  басқа шараларымен шешу мүмкін  болмаса, арнайы валюталық режим енгізіледі. 
      Арнайы валюталық режим елдің экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына төнген қатерді жою үшін жағдайлар жасауға бағытталған валюталық реттеу шаралар кешенін көздейтін және резиденттер мен резидент еместердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуіне жекелеген валюталық шектеулер енгізуге жол беретін, валюталық операцияларды жүргізудің айрықша режимі болып табылады. Арнайы валюталық режим оны енгізу үшін негіз болған жағдайларды жою мақсатында ғана қолданылатын уақытша шара болып табылады. Арнайы валюталық режим шеңберінде енгізілуі мүмкін шектеулерге мыналар жатады: 
      1) валюталық операция сомасынан процент ретінде айқындалатын мөлшердегі депозитті уәкілетті банкке не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне белгіленген мерзімге сыйақы төлеместен орналастыруды талап ету; 
      2) валюталық операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алуды талап ету; 
      3) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сатуды талап ету; 
      4) шетелдік банктерде шоттарды пайдалану бойынша шектеулер, валюталық түсімді қайтару мерзімін және валюталық операциялар бойынша көлеміне, санына және есеп айырысу валютасына лимиттерді белгілеу. 
      Қазақстан Республикасының Президенті өзге де уақытша валюталық шектеулерді енгізуі мүмкін. 
      2. Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен консультациялар негізінде дайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен енгізіледі. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісі мыналарды: 
      1) енгізілетін шаралардың және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге уақытша шектеулердің тізбесін; 
      2) арнайы рұқсат беру шарттарын қоса алғанда, арнайы валюталық режимнің талаптарын орындау тәртібін; 
      3) арнайы валюталық режимді енгізу уақытын және қолданылу мерзімін қамтиды. 
      4. Арнайы валюталық режимнің қолданылу мерзімі бір жылдан асырылмайды. 
      Арнайы валюталық режим енгізілген мерзім аяқталғаннан кейін арнайы валюталық режимнің күші жойылды деп саналады. 
      Қазақстан Республикасының Президенті тиісті акт шығару арқылы оның қолданылуын осы тармақта белгіленген мерзімдер шегінде ұзартуға не оның күшін толық немесе ішінара мерзімінен бұрын жоюға құқылы. 
      5. Арнайы валюталық режимнің қолданылуы кезеңінде резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. 
      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV Заңымен.     

33-бап.  Қазақстан Республикасының  валюталық заңнамасын 
               бұзғаны үшін жауаптылық     

 Қазақстан  Республикасының валюталық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.     

34-бап.  Осы Заңды қолданысқа  енгiзу тәртiбi     

1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгiзiлетiн 12-баптың 1-тармағын қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзіледi.     

2. Осы Заңның 5-бабының 4-тармағы 2) тармақшасының  екiншi абзацы, 7-бабы, 20-бабының 1, 2, 4-6-тармақтары, 22-бабының 2-6-тармақтары, 24-бабының  3-тармағы, 25-бабының 3-5-тармақтары 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған мерзiм бойынша қолданылады.     

3. "Валюталық  реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң  Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат, 1998 ж., N 16, 219-құжат; 1999 ж., N 20, 722-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; 2003 ж., N 10, 51-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат) күшi жойылды деп танылсын.      

  Қазақстан Республикасының 
      Президентi

Информация о работе Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы