Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 15:51, курсовая работа

Описание

Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек.Сондықтан,да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпымемлекеттік орындау үшін жалпымемелекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек.

Содержание

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------3

I бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні

1.1 Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың теориялық негізі ----------5
1.2 Ауылшаруашылық жерлері бойынша салық төлеушілердің шаруашылық ерекшелігі­--------------------------------------------------------------------------------9
1.3 Ауылшаруашылық жерлерге салық салуда шетел тәжірибесін
қолдану--------------------------------------------------------------------------------------11

II бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салу жолдары мен есептеу әдістері

2.1 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтың субъектілері мен объектілері ---------------------------------------------------------------------------------13
2.2 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салық ставкалары-----------------18
2.3 бірыңғай жер салығын салу тәртібі-----------------------------------------------23
2.4 Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі---------------------------------------26

III бөлім. Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары
3.1 Ауылшаруашылық саласындағы салығының жергілікті бюджетке түсуі­30
3.2 Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары ----------------------------------------------------------------------------34


Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------40

Пайдаланған әдебиеттер тізімі----------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

В.doc

— 475.50 Кб (Скачать документ)


МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------3

 

I бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні

 

1.1    Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың теориялық негізі ----------5

1.2    Ауылшаруашылық жерлері бойынша салық төлеушілердің шаруашылық ерекшелігі­--------------------------------------------------------------------------------9

1.3    Ауылшаруашылық жерлерге салық салуда шетел тәжірибесін

қолдану--------------------------------------------------------------------------------------11

 

II бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салу жолдары мен есептеу әдістері

 

2.1 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтың субъектілері мен объектілері ---------------------------------------------------------------------------------13

2.2 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салық ставкалары-----------------18

2.3 бірыңғай жер салығын салу тәртібі-----------------------------------------------23

2.4 Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі---------------------------------------26

 

III бөлім. Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары

3.1 Ауылшаруашылық саласындағы салығының жергілікті бюджетке түсуі­30

3.2 Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары ----------------------------------------------------------------------------34

 

 

Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------40

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------------------42

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Салық – шаруашылық субъектілерін және ставка бойынша азаматтардан бекітілген заң тәртібі негізінде мемлекетпен алынатын міндетті жиындар.
           Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек.Сондықтан,да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпымемлекеттік орындау үшін жалпымемелекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек. Қоғамның әр мүшесі өзінің меншікті табысынан мемлекет қазынасына ақша жіберуі керек. Сонымен, Салық – қоғамдағы сатып алушылықтың даму қажеттілігімен, мемлекеттің болу фактісімен анықталған объективті қажеттілік болып табылады. Өз қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің шаруашылықтандыру субъектілері мен азаматтардын ұлттық табыстың белгілі үлесін міндетті жарна түрінде алуы салықтың маңызын құрайды. Осы салықтардың ішінде ауылшаруашылық саласына салынатын салықтардың маңызы ерекше. Сондықтан да, мен өз курстық жұмысымның тақырыбын «Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтар» деп алдым.Курстық жұмыстың өзектілігі ауылшаруашылық жерлерге  салынатын салықтардың мәнін ашып, оларды жеке талдау болып табылады.

       Мақсаты:ауылшаруашылық саласынан бюджетке түскен салықтарды қарастыру.

       Осы курстық жұмыс жаза отырып төмендегідей бірнеше міндеттер алдыма қойдым. Олар:

-         ауылшаруашылық саласына салынатын салық түрлерінің экономикалық мәнін анықтау;

-         ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелерді анықтау және олардың шешу жолдарын қарастыру;

-         ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтан бюджетке қанша кіріс түсетінін анықтау.

Қазақстан республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне жиырма бір жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.Оның бастысын атап айтатын болсақ 12.06.2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Респубикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.  

Қазақстан республикасы  Конституциясының 35-бабында, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің барынша әрі міндеті болып табылады деп көрсетілген.

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, өйткені мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің  90 пайызың салықтық түсімдер құрайды.

Бүгінгі күні салық салу және салықтардың құрылымы бүкіл әлемге бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуға көмек көрсету үшін, тиімділік пен тұрақтылықты ынталандыруы қажет. Ол үшін салықтық реттеуді тиімді, орынды жүзеге асыратын салық саясаты болған жөн. Ауылшаруашылығынан түсетін салықтық  түсімдер деңгейі төмен және де ол тек ауылшаруашылығындағы қайта өңдеуге шоғырланған. Басқа салалармен салыстырғанда ауылшаруашылығынан түскен салық соммалары минималды болып табылады. Ауылшаруашылығының салықтық төлемдері   мемлекетке түсетін барлық салықтық түсімдердің шамамен 1%  құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні

 

1.1 Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимі патент негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және заңды тұлғалардың:

1) жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өзі өндірген осы өнімді ұқсату және өткізу жөніндегі;

2) толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (соның ішінде асыл тұқымды), ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Мына аталғандардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолдануға құқы жоқ:

1)   еншілес ұйымдары, филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;

2)   заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері;

3)   осы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғалардың аффилирлендірілген тұлғалары болып табылатын заңды тұлғалар.

Аффилирлендірілген тұлға болып шешімдерді тікелей және жанама айқындауға және көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және өзге мәмілеге сәйкес байланысты, ықпал етуге құқығы бар занды тұлға, сондай-ақ көрсетілген арнайы салық режимін қолданатын занды тұлғаға қатысты осындай құқығы бар тұлға танылады.

Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін өнімді өндіру, ұқсату және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.

Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы арнаулы салық режимін немесе салық салудың жалпы белгіленген тәртібін дербес таңдауға құқылы.

Тандап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертілмейді.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде кірістер мен шығыстардың (жалақыны есептеуді қоса алғанда), мүліктің (соның ішінде көлік құралдары мен жер учаскелерінің) есебін бөлек жүргізуге және қызметтің мұндай түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдерді жалпы белгіленген тәртіппен және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

Күнтізбелік жыл патент құны есебіне енгізілген салықты есептеуге арналған салық кезеңі болып табылады.

Патент беру тәртібі.

Арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей жер учаскесінің орналасқан жері бойьшша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтініш береді.

Салық төлеушінің көрсетілген мерзімде өтініш бермеуі оның салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны жалпы белгіленген тәртіппен есептеуге және төлеуге келіскені болып есептеледі.

Салық төлеуші осы арнаулы салық режимін қолданудың алғашқы салық кезеңінде өтінішпен бірге жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай құжаттарды табыс етеді:

1)   занды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;

2)   нотариат немесе жергілікті атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;

3)   лицензиясын (қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асырған жағдайда);

4)   жұмыс берушінің (жаңадан құрылғандарын қоспағанда) мәлімделген қызметкерлер санына табыс түрінде төлейтін шығындарын қоса алғанда, салық төлеушінің өткен бес жыл үшін жылдық жиынтық табысы мен шығындарын растау үшін қажетті есептерінің көшірмелерін табыс етеді. Бұл орайда аталған табыстарға жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші телейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез-келген табыстар жатады;

5)   салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан мен тәртіп бойынша толтырған патент құнының есебі.

Жоғарыда аталған құжаттардың бәрі болған жағдайда салық органы бес жұмыс күні ішінде патент береді.

Келесі салық кезендерінде салық төлеушілер салық органына патент алу жөнінде өтініш берген кезде, жоғарыда тапсырылатын құжаттардың 1-ден 5-ке дейін белгіленген құжаттарды олардағы деректер өзгерген кезде ғана табыс етеді.

Жаңадан құрылған салық төлеушілер тіркеу есебіне қойылған кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде осы арнаулы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.

20 ақпаннан кейін басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда салық төлеуші осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнайы салық режимін қолдану құқығына өтініш береді.

Арнайы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерде 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда салық төлеуші осы жер учаскесі орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнайы салык режимін қолдану құқығына өтініш береді.

Патент беру әрбір салық кезеңіне жүргізіледі.

Патент құнының есебіне енгізілген салықты және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу тәртібі.

Патент құнының есебіне корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылған), меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, қосылған құн салығы (салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепте тұрған жағдайларда) енгізіледі.

Салық кезеңінің басында патент құнының есебіне енгізілген салық сомаларын есептеу:

1)              корпорациялық табыс салығын және қосылған құн салығын
белгілеу кезінде - өткен бес жыл ішіндегі шаруашылықтың табысы
мен шығындарының көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Жаңадан
құрылған салық телеушілер табыс пен шығындар көрсеткіштерін
осыған ұқсас шаруашылықтардың орташа көрсеткіштері бойынша анықтайды.

Табыстар мен шығындар көрсеткіштерін анықтау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді;

2)              элеуметтік салықты анықтау кезінде - белгіленетін табыстар
түрінде жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығыстарына
кестеде белгіленген ставканы қолдану арқылы жүргізіледі.

Бұл орайда жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде телейтін шығындары осы шаруашылық бойынша өткен жыл ішіндегі орташа жалақыны ағымдағы жылда мәлімделген қызметкер санына кебейту жолымен анықталады.

Жаңадан құрылған кәсіпорындар үшін мәлімделген орташа жалақының мөлшері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс;

3)              жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының мүлік салығы мен көлік құралдары салығының сомасы - жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Патент қүнын есептеу кезінде бюджетке теленуге тиісті салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы сомасы 80 пайызға азайтылады.

Осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебіне енгізілген салық және жер участкесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есептілік тапсырудан босатылады.

Ағымдағы салық кезеңі ішінде салық салу объектілері және патенттің құны есебіне енгізілген салық бойынша және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген ақы бойынша салық базасы өзгерген жағдайда, салық телеушілер мұндай салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомаларына қайта есептеу жүргізеді.

Информация о работе Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері