Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 15:51, курсовая работа

Описание

Салық не үшін керек, заңды беру үшін, сіздің отбасыңызды шағын мемлекет деп таниық. Осы мемлекеттің өмір сүруі үшін баспана мен коммуналды қызмет төлеміне, тамақтануға, жиһаз, киім алу және басқа да өмір қажеттіліктеріне қаражат керек.Сондықтан,да табыс алатын отбасының әр мүшесі отбасы бюджетін құруға қатысуы қажет. Бұл – ақиқат. Мемлекетте де осы сияқты, шекараны қорғау, басқару органдарын қамсыздандыру, құқық тәртібін қолдау және т.б. бойынша қызметтерді жалпымемлекеттік орындау үшін жалпымемелекеттік қаражат қоры, басқа сөзбен айтқанда мемлекет қазынасы болуы керек.

Содержание

Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------3

I бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні

1.1 Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың теориялық негізі ----------5
1.2 Ауылшаруашылық жерлері бойынша салық төлеушілердің шаруашылық ерекшелігі­--------------------------------------------------------------------------------9
1.3 Ауылшаруашылық жерлерге салық салуда шетел тәжірибесін
қолдану--------------------------------------------------------------------------------------11

II бөлім. Ауылшаруашылық жерлерге салық салу жолдары мен есептеу әдістері

2.1 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салықтың субъектілері мен объектілері ---------------------------------------------------------------------------------13
2.2 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салық ставкалары-----------------18
2.3 бірыңғай жер салығын салу тәртібі-----------------------------------------------23
2.4 Салық есептеу тәртібі және төлеу мерзімі---------------------------------------26

III бөлім. Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары
3.1 Ауылшаруашылық саласындағы салығының жергілікті бюджетке түсуі­30
3.2 Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары ----------------------------------------------------------------------------34


Қорытынды -------------------------------------------------------------------------------40

Пайдаланған әдебиеттер тізімі----------------------------------------

Работа состоит из  1 файл

В.doc

— 475.50 Кб (Скачать документ)

4. Байланыс ұйымдары үшін салық салу объектісі болып: байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар осы ұйымдарға заңдарда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері табылады.

Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы — салық базасы болып табылады.

 

2.2 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салық ставкалары

 

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

Жазық аумақтардың далалық және қуаң далалық аймақтарының кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт-сарғылт және сарғылт топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі аумақтардың күңгірт сұр (сұр-коңыр), сарғылт (қоңыр) топырақты және тау бөктерінің қара топырақты жерлеріне бонитет балына барабар түріндегісі қосымша А кестесінде көрсетілген.

Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аумақтардың ашық-сарғылт, құба, сұр-құба, ашық және кәдімгі сұр топырақты, сондай-ақ таулы аумақтардың таулы-далалық, таулы-шалғынды-далалық және таулы альпілік және субальпілік топырақты жерлеріне бонитет балына барабар түріндегісі қосымша В да көрсетілген.

Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық максатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары.

Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

•     көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда - 0,01 гектар үшін 20 теңге;

•     көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01  гектар үшін 100 теңге.

              Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылық мақсаттарына арналмаган жерлерге салынатын салық ставкалары.

Елді мекендердің, өнеркәсіптің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман және су қорларының құрамына кіретін, ауыл шаруашылық мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелеріне түзетілген базалық салық ставкаларының талаптары ескеріле отырып, қосымша А және қосымша В-да белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

 

1-кесте. Елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін коспағанда)

жерлеріне салынатын базалык салық ставкалары алаңның

бір шаршы метріне шаққандағы мөлшері

 

Елді мекеннің түрі

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтын базалық ставкалары (теңге)

Тұрғын үй қоры,

ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтын базалық ставкалары (теңге)

1

2

3

Қалалар:

Алматы

28,95

0,96

Астана

19,30

0,96

Ақтау

9,65

0,58

Ақтөбе

6,75

0,58

Атырау

8,20

0,58

Тараз

9,17

0,58

Қарағанды

9,65

0,58

Қызылорда

8,68

0,58

Көкшетау

5,79

0,58

Қостанай

6,27

0,58

Павлодар

9,65

0,58

Петропавловск

5,79

0,58

Орал

5,79

0,58

Өскемен

9,65

0,58

Шымкент

9,17

0,58

Алматы облысы

Облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

Аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

Ақмола облысы

Облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

Аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

Облыстық маңызы бар қалалар

Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 85 пайызы

0,39

Аудандық маңызы бар қалалар

Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 пайызы

0,39

Поселкелер

0,96

0,13

Селолар (ауылдар)

0,48

0,09


Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары.

Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі деп есептеледі.

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиіс:

1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:

•   көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда — 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;

•   көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

2) басқа елді мекендер үшін:

•     көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғанда - 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;

•     келемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға— 1 шаршы метрі үшін 1,00теңге.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.

1. Қазақстан Республикасының жер зандарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлерге 4-кестеде белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.

2.              Қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы
үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы
мақсаттары үшін басқа жер пайдаланушыларға берілген жерлерге
түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 1 және
2-кестеде белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.

3.              Магистралды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе
ағаштар орналасқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 1 және
2-кестеде белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары.

Елді мекендер шегінде (аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлерін қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңірлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 1-кестеде белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

Елді мекендер шегінде, бірақ селитебті аумақтан тыс (аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлерін қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңірлеріне базалық ставкалар жергілікті өкілді оргаңдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 пайыздан аспайды.

Елді мекендер шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, қосымша С-да белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

Едді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, аэродромдар алып жатқан жерді қоспағаңда, әуежайлар алып жатқан жерлерге түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 1-кестеде белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.

Әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесі аэродром деп танылады.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, қосымша А және қосымша С-да белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.

Жеке және занды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсаттарынан өзге мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, қосымша С-да белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.

5. Автотұрактар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары.

Елді мекендердің автотұрақгар мен автомобильге май құю станциялары орналаскан жерлеріне, түрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы кұрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, 1-кестеде берілген елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойышпа он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс.

Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, таяу орналасқан елді мекендер жерлері үшін 1-кестеде белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс.

Жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол 1-кестеде белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

Жергілікті атқарушы орган белгілеген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекендердің базарлар аумағына бөлінген жерлеріне, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, 1-кестеде берілген елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс. Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына 1-кестеге сәйкес белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

Жергілікті атқарушы орган белгілеген сауда орындары тікелей орналастырылған базарлар аумағына бөлінген басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның қасындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, 1-кестеге сәйкес таяу орналасқан елді мекендер жерлері үшін белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс. Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына 1-кестеге сәйкес белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.

Жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол 1-кестеде белгіленгеннен кем болмауға тиіс.

Осы аталған ереже мал сату жөніндегі базарларға қолданылмайды, оларға жер салығы 1-кестеде белгіленген ставкалар бойынша салынады.

Осы аталған коэффициенттер жерлерді автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар үшін іс жүзінде пайдаланған кезден бастап қолданылады.

Салық ставкаларын түзету. Жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары негізінде жер салығының ставкаларын қосымша А,В,С және 1-кестеде белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан елу пайыздан аспайтындай  етіп төмендетуге  немесе жоғарылатуға құқығы бар.

Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкасын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.

Төменде аталган төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті қолданады:

1)   балалардың сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорыктар (биосфералық қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік ұлттық табиғат парктері, мемлекеттік табиғат парктері, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер;

2)   діни бірлестіктерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар;

3)   әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

4)   қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

5)   балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

6)              ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы
міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;

7)              психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік кәсіпорындар.

Мынадай шарттарға сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға:

•              салық кезеңінде мүгедектердің саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызы болатын;

•              салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі
шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың
кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен
айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған
ұйымдарда - кемінде 35 пайыз) құрайтын ұйымдарда салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0 коэффициентін қолданады.

Осы аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге, не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдаланған кезінде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, жалпы белгіленген тәртіппен есептейді.

 

2.3 Бірыңғай жер салығын салу тәртібі

 

Келесі салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады:

              1) меншік құқығында;

              2) жерді тұрақты пайдалану құқығында;

              3) жерді уақытша өтеусіз бастапқы пайдалану құқығында.

              Жер салығын келесілер төлемейді:

              1) шаруа немесе фермер  қожалықтары  үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

              2) мемлекеттік мекемелер;

              3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

              4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемін­де алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі:

              тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;

              үй маңындағы жер учаскелері;

Информация о работе Ауылшаруашылық жерлерге салық салу ерекшеліктері