Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание

Салықтың экономикалық мәні-шаруашылық субъектілерінен, азаматтардың ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................3
I.Тарау. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ......................................... 4
1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................4
1.2. Салық жүйесі.....................................................................................
1.3 Салық алуды ұйымдастыру
II.Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
2.2. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері_____________ 41-43
2.3. Салық салудағы өзгерістер_____________________________________ 43-46
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Салық және салық жүйесі.doc

— 217.50 Кб (Скачать документ)

 Салық төлеуден қашу себептері:

  1. Елеулі салық ауыртпалығы;
  2. Салық заңының айқынсыздығы;
  3. Субъектілердің саналы түрде алдын-ала салық мөлшерін төлемеуге ұмтылуы;
  4. Салық қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер   болуы мүмкін.

    Салық ауыртпалығы – салық жиналуының жалпы мөлшерінің бірлескен ұлттық өнімге қатынас ретінде анықталатын көрсеткіш.

    Ұйымдық – құқықтық жағынан  салықтар  - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

       Салықтардың экономикалық мәні  оолардың өзінің функциялары  мен міндеттерін жүзеге асыру  үшін мемлеект жұмылдыратын ұлттық  табыстың бір бөлігі болып  табылатындығында.

       Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады,олар мемлеектпен бірге пайда болды және мемлекеттің  өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады.

    Салық салудың қазіргі  қағидаттары мыналар:

  1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:
  1. «деңгейлес теңдікке» жету салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
  1. «сатылас теңдікті» сақтау – жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
  1. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
  1. Салықтардың анықтығы – алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
  2. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайдыжәне салық салу субъектілерін тең емесжағдайларға әдейі қояды.
  3. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
  4. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

    Қазақстанның  салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялығы қағидаттарына негізделеді.

    Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерге орындауға міндетті.

    Салықтар  және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер айқын болуы тиіс.Салудың  айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      Еліміздегі салық салу жалпыға  бірдей және міндетті болып  табылады.Жеке сипаттағы салық  жеңілдіктерін беруге тиым салынады.

      Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.

      Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Салықтардың  реттеуші функциясы – мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланыстыпайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі,жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

       Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді.Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады;ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұлүлес 1997 ж-19,7%,  1998ж-16,6%, 1999ж-17,4%, 2000ж-22,6%,  2001ж22,2%  болды (ал Ұлттық қорды есепке алғанда -25,0% ),2003ж-21,3%  (Ұлттық қорды есепке алғанда -25,3% )болды.

       Салықтардың аталған функциялары олардың әлеуметтік –экономикалық мәні мен мазмұнын толық аша түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.

       Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

       2007жылдан бастап салық саясаты  экономиканың жекеленген секторларының  әлуетін іске асыруға және  жекеше кәсіпкерліктің еркін  дамуына кедергі келтіретін әкімшілік  рсімдеуді оңайлатуға бағытталған.  Сонымен бірге қосылған құн  салығының мөлшерлемесі 14%-ға дейін төмендетілді; ең аз жалақыны шегерімге жатқыза отырып барлық жеке тұлғалар үшін 10%деңгейіндегі жеке табыс салығының тіркелген мөлшерлемесі енгізілді; шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде 2%-ға дейін арнаулы салық режімінде салық мөлшерлемесі төмендетілді, оңайлатылған мағлұмдама негізінде оңайлатылған мағлұмдама негізінде 3%-дық бірыңғай мөлшерлеме енгізілді.

       Бұдан басқа дивиденттерге жинақтаушы  сақтандыру саласында қызметін  жүзеге асыратын сақтық ұйымдарының  инвестициялық кірістеріне қос салық салу жойылды, корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу механизмі жетілдірілді.

       Рыноктық қатынастардың қалыптасуы  жағдайларында  салық саясатының  негізгі бағыты құтынудың орталықтандырылған  қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан шегіну болып табылады. Бұл еңбек белсенділігін күшейтуге экономикалық мүдделіліктің уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігініңтабыстарын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік жасайды.Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін неғұрлым тиімді әрі сенімді қорғау қамтамасыз етіледі. 

    1.2.Салық  жүйесі 

    Салық жүйесі – бұл, мөлшерлемелері төлеушілер және салық салу объектілері, төлеу тәртібі, жағдайы және мерзімдері, есептеу мен тіркеу әдістері көрсетілген, заңдарға сәйкес белгіленген, көрсетілген уақыт аралығында әрекет ететін барлық салықтар тізімі.

    1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған  Қазақстан Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы салық жүйесі» туралы Заңында салық жүйесін құрудың жалпы принциптері,салықтар және басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі, әр деңгейде бюджетке есепке жатқызылуы, сондай-ақ салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері, олардың осы төлемдері толық және уақытылы бюджетке аударылуына жауапкершілігі анықталған.

        Осы заңға сәйкес салықтар  үлкен үш топқа бөлінді:

  1. Жалпы мемлекеттік салықтар;
  2. Міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;
  3. Жергілікті салықтар мен алымдар.

       Жалпы мемлекеттік салықтарға;

  1. Табыс салығы .
  2. Қосылған құн салығы .
  3. Акциздер.
  4. Экспорт және импорт салығы.
  5. Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға  салынатын салық.
  6. Кедендік тариф пен төлем.
  7. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.
  8. Көлік құралдары салығы.
  9. Бекітілген төлемдер.
  10. Автокөлік құралдарын иемдену салығы.
  11. Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағына кіру салығы.
  12. Заңды тұлғалардың мүлік салығы.
  13. ҚР-ның азаматтарынан, шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың алынатын табыс салығы.
  14. Мемлекеттік баж салығы.
  15. Табиғи ресурстарды пайдаланушылардың салығы.
  16. Колхозшылар еңбегінің төлеу қорына салынатын салықтар жатады.
 

    Міндетті  түрде төленетін  жергілікті салықтар мен алымдарға :

  1. Жер салығы.
  2. Жеке тұлғаның мүлік салығы.
  3. Орман табысы.
  4. Суға төленетін төлем.
  5. Табыстарға салынатын салық.
  6. Кәсіпкерлік әрекетті тіркеу үшін алынатын алым.
  7. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектісі ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.
  8. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге қою үшін алынатын алым.
  9. Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен аударылатын мүлік салығы жатады.

    Аталған салықтар мен алымдардан басқа жергілікті алымдар мен салықтардың 17 түрі белгіленген.

    Көріп отырғанымыздай, салық жүйесі көптеген әр түрлі салықтардан, алымдардан және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерден құралған, өте күрделі жүйе. Бюджетке төленетін төлемдердің көптігі салық төлеушілердің көптеген қателіктер жіберуін тудырды және салық органдарының тарапынан бақылау жасауын қиындатты.

    Жаңа  салық жүйесінің қалыптасуы әлеуметтік және психологиялық қолайсыз жағдайларда  өтті. Экономиканың дағдарысы кезінде түпкілікті ойластырылған салық жүйесінің қажеттілігі  жағдайында ҚР-да жаңа салық жүйесінің қалыптасуы басталды. Салық заңдарында көптеген түпкілкті анықталмаған жағдайлар болды, тәжірибе Қазақстанда болмаған терең теориялық зерттемелердің қажеттілігін көрсетті. Ол жылдардағы салық жүйесі жаңа әлеуметтік-экономиаклық қоғамның құрылымына сәйкес Қазақстандағы салық қатынастарының жаңадан қалыптасу процесі болып табылды. Редикалық қоғамдық өзгерістер кезінде осындай күрделі салық жүйесі оперативтік басқару және жылдам сезіну құралы бола алмады.

    1995ж  24 сәуірде Қазақстан Республикасының  Призидентінің заңдық күші бар  «Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  туралы Жарлығы шықты.Осы жарлыққа  сәйкес сол уақытқа дейін қызмет еткен салық жүйесі бірыңғайланып, төлемдердің көпшілігі алынып тасталды. Салықтың 11 түрі тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы көптеген өзгерістерді басынан кешірді, тіпті алдыңғысы соңғысымен қарама –қайшылықта болып жатты. Бұл Қазақстан Республикасының ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, қателіктер мен сынау жолдарын басынан өткізе отырып өзінің Салық Кодексін  құруға әрекет жасағандығымен түсіндіріледі. Осы заң кейінгі өзгерістері мен толықтырулары ескеріле отырып, кейін Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Заңы болып аталып, 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін қызмет етті. Осы уақыт аралығында экономика, экономикалық қатынастардың құрылымы, меншіктену құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің арасындағы қаржы қатынастары және,тіпті, адамдардың менталитеті қатты өзгерді. Бір тараптан, мемлекет салық саясатының міндетін,қызметін және мақсатын терең сезінді,екіншіден, көптеген экономикалық қатынастар өзгерді және қызмет ететін заңдармен қамтылмай қалды.

    Осының  бәрін ескеріп,ҚР-сы өз дамуының жаңа, сапалық кезеңіне жақындады,сондықтан  жаңа салық заңдарын жасау қажеттілігі  туындады.2002ж-ң 1 қаңтарынан ҚР-ның жаңа Салық Кодексі енгізізілді.Оны алдыңғымен салыстырғанда,анағұрлым ойластырылған жаңа салық заңдарымен ерекшеленеді.

    Салық Кодексі-кең көлемде және жүйелі құжат. Мұнда бюджетпен салық  төлеушінің арақатынасы толық реттелген  және көптеген салық түрлері бойынша  халықаралық стандарттарға мейлінше сәйкестендірілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер