Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание

Салықтың экономикалық мәні-шаруашылық субъектілерінен, азаматтардың ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................3
I.Тарау. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ......................................... 4
1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................4
1.2. Салық жүйесі.....................................................................................
1.3 Салық алуды ұйымдастыру
II.Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
2.2. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері_____________ 41-43
2.3. Салық салудағы өзгерістер_____________________________________ 43-46
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Салық және салық жүйесі.doc

— 217.50 Кб (Скачать документ)

Салықтан  басқа Қазақстан Республикасында  Салық кодексінде белгіленген және белгілі бір мөлшерде бюджетке төленетін  басқа міндетті (міндетті ақша аударымдары -алымдар , төлемақылар, төлемдер және т.б.) іс-әрекет етеді.

    Алымдар, баждар және төлемдер -деп әдетте заңды  және жеке тұлғалардың мемлекеттік  органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерді айтады. Бұл төлемдердің сомасы жергілікті бюджеттердің кірісіне не белгіленген үлестерде бюджеттер мен тиісті ұйымдарға не арнаулы қызметтер көрсететін ұйымдардың, мекемелердің шығындарын ішінара немесе толық өтеу қызметін дамытып, жетілдіру үшін түгелдей олардың қарамағына түседі.

    Алымдарды төлеу көбінесе қаржы аспектілерін де, сондай -ақ мүліктік құықтарды, техникалық рәсімдер мен тіркеулерді, объектінің қызметтің және т.б. белгілі бір халін белгілеуді рәсімдеумен байланыстырады да қоса қызметтің айтарлықтай кең аясы бойынша жүзеге асырылады. Осыған орай алымдар мен төлемдердің салық салу объектілері де сан алуан болып келеді,алымдар мен төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібі де әр түрлі болады. Алымдардың сомасы Үкімет белгілеген мөлшерлемелер бойынша есептеледі тіркеуші ооргандарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.

      Бірінші жағдайда Қазақстан Республикасында алынатын мына төлемдерді бөліп көрсетуге болады:заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік үшін алым; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; жылжитын мүлікке кепілдікті және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым; радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым; дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін  алым;  туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық келісімшарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым; автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын   алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық  алым; телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым. 

1.3Салық алуды ұйымдастыру 

    Салық алуды ұйымдастыру  салықтық қатынастар нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды.

                            Салық механизмі

  1. Салық салу қағидаттары;
  2. Салық элементтері;
  3. Ақпараттық қамтамасыз ету;
  4. Салықтарды алудың әдістері;
  5. Салықтық бақылау;
  6. Салықтардың есеп құралдары;
  7. Салықтарды басқару жүйесі;
  8. Салық құқығы мен заңдылығы;
  9. Салықты болжау мен жоспарлау;
  10. Салықтар  түрлерінің жиынтығы.

    Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден  тұратын арнаулы салық нұсқаулығы қолданылады.

    Салық салудың негізгі элементтеріне мыналар жатады: объект,субъект, салық салынушы, салық салу бірлігі, салық базасы, салық мөлшерлемесі,квота, салықпұл, салық жеңілдіктері, төлеу мезгілі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары  мен міндеттіліктері, салықтың төленуін бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар,т.б.

                                    

                                   Салық нұсқаулығы 

    Салық көзі                               Еңбек табысы

                                                       Кәсіпкерлік табысы

                                                       Капитал

                                                       Табыс 

                                                        Мүлік 

    Салық объектілері                   Мүлікті табыстау

                                                        Айналымдар

                                                        Жер  

    Салық субъектісі                      Жеке тұлға

                                                        Заңды тұлға  

    Салық салынушы                   Жалдамалы жұмыскерлер, фермерлер,

                                                        Раньте, жер иеленушілер, кәсіпкерлер 

    Салық салу бірлігі                   Ақша бірлігі

                                                        Тауар бірлігі

                                                        Басқадайы  

    Салық мөлшерлемесі              Салық салу бірлігіне пайызбен

                                                        Тұрлаулы мөлшерде 

    Алу әдісі                                     Бағалардың жүйесі арқылы

                                                        Тікелей табыс арқылы 

    Салықтың  негізгі базасы мыналар  болып табылады:

    Табысқа салынатын салық.Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;

    Тауарға салынатын салықтар.Олар қосылған құн салығын,акциздерді,кеден баждарын кіріктіреді;

    Капиталға салынатын салық.Оған жер салығы, мүлік салығы және басқалар жатады.

    Салық өлшемі - есеп – қисап үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (1теңге, 1метр, жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігіжәне басқалары);

    Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық  салу нормасын сипаттайды және салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді; салық төлеушінің табысына пайыздармен тұлғаланатын мөлшерлеме салық квотасы деп аталады.

    Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:

    Тұрақты салық мөлшерлемесі, табыс көлеміне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне); пайыздық мөлшерлемелер. Олардың үш түрі болады: үйлесімді, прогрессивті және регрессивті.

    Үйлесімді салық мөлшерлемесі. Ол салық объектісіне бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді. Прогрессивті салық мөлшерлемесі, табыстың артуына қарай мөлшерлеменің өсуін қажетсінеді. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алдымен  табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.

    Регрессивті салық мөлшерлемесі. Табыстың кемуіне қарай мөлшерлеменің төмендеуін қажетсінеді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.

    Рыноктық  экономика жағдайларында мөлшерлемелер салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі мен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету ескеріле  отырып пайдаланылады. Мөлшерлемелер заңнамалық жолмен белгіленеді және тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетті бекіту кезінде түзетілуі мүмкін.

    Салықпұл - субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.

    Салық режим і- салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салықтық міндеттемелерді есептеу кезінде салық  төлеуші қолданатын салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.

    Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату.

    Салық жеңілдіктеріне мыналар  жатады:

    Инвестициялық салық преференциялары –корпорациялық табыс салығын төлеуден босату немесе жаңа өндіріс құру, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңарту мақсатымен инвестициялық жобаны іске асыратын салық төлеушілердің – заңды тұлғалардың жиынтық жылдық табысынан қосымша шегерімдер жасау құқығын беру, мұндай салық төлеушілерді пайдалануға жаңадан енгізілген тіркелген активтер бойынша инвестициялық жоба шектерінде жаңа өндіріс  құру, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жанарту мақсатымен мүлік салығын төлеуден босату, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыруға арналынған жер учаскелері бойынша жер салығын төлеуден босату;  преференциялардың іс-әрекет мерзімі әрбір жеке жағдайда тіркелген активтерге жұмсалатын инвестициялардың көлеміне байланысты анықталады,бірақ жер және мүлік салықтары бойынша бес жылдан, корпорациялық салық бойынша он жылдан аспауы тиіс.

    Салық салынбайтын минимум  – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;

    Табыстың  есептелген сомасынан  шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық бойынша жәнет.б.);

    Салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды  жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);

    Салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің  санаттары үшін салық мөлшерлемесін  төмендету.

    Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу  мерзімін ұзарту және салық бойынша  бересіні есептеп шығару да жатады.

    Жеңілдік  кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін  уақыты.

    Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері  –билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.

    Салықтық  бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын бақылауы.

    Салық элементтері - салық заңды регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас  бөліктерінің жиынтығы.

    Салықтың  бірнеше элементтері бар:

    • Салық субъектісі;
    • Салық объектісі;
    • Салық көзі;
    • Салық мөлшері;
    • Салық жеңілдіктері;
    • Салық ставкасы;
    • Салық кезеңі;
    • Салықты есептеу тәртібі;
    • Салық есептілігі;
    • Салық төлеу тәртібі.

    1. Салық субъектісі -заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз.

    Салықты төлеушілер:

    • Қызметкелер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;
    • Шаруашылық субъектілері - капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер