Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 14:42, курсовая работа
Салықтың экономикалық мәні-шаруашылық субъектілерінен, азаматтардың ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Кіріспе.......................................................................................................3
I.Тарау. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ......................................... 4
1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................4
1.2. Салық жүйесі.....................................................................................
1.3 Салық алуды ұйымдастыру
II.Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
2.2. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері_____________ 41-43
2.3. Салық салудағы өзгерістер_____________________________________ 43-46
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тиісінше салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1және 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша, ал оңайлатылған мағлұмдама бойынша арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғалар 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.
Көлік салығы
Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарына салық төлейді. Көлік құралдары салығы негізінен мақсатты салық болып келеді. Яғни түскен салық сомаларды жолды жөндеуге жұмсалады және бюджетке жергілікті салық болып саналады.
Салық төлеушілер:
Акциздер
ҚР-ң аумағында өндірілген және ҚР-ң аумағында импортталатын тауарларға сондай-ақ қызмет түріне акциз салынады.
Акциз салығын төлеушілер:
Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлері:
2.2.Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері
Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібінде мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады.
Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар.
Салықтардың созылымдылық принципі – бұл принциптің мәні мынада, яғни, мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады.
Салық салудың салық кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі,яғни салық төлеу бойынша міндетті осысалықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады.
Салық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады.
Салық салудың шындық
Салық салудың үнемділік принципі сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының
Салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтың негізі борышы, парызы болып саналады.
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс.
Салық салу айқындығы салық
төлеушінің салық
Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет.
Жеке сипаттағы салық
Қазақстан Республикасының
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға тиіс.
Салықты
уақытысында төлеу міндет болып
саналады. Себебі, уақытысында төленбеген
салықтың айыппұлы мен өсімпұлы өте
жоғары болады. Осы дәстүр біздің еліміздің
азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді
бір қадам алға жылжытар едік.
2.3.Салық салудағы өзгерістер
ҚазАқпарат - Жақын
келешекте қазақстандықтар жаңа Салық
кодексі бойынша өмір сүре бастайды. Жаңа
кодексте кейбір салықтардың ставкаларын
біршама төмендету, салықтық әкімшілік
жүйені жетілдіру, экономиканың шикізаттың
емес секторына салынған жалпы жүктемені
төмендету, сондай-ақ өндіруші сектордан
түсетін кірісті көтеру мәселелері қарастырылып
отыр. Жобасы қазіргі уақытта ел Парламентінің
қарауында жатқан Кодекс 2009 жылы қаңтардың
1-інен бастап күшіне енеді. Ресейлік сарапшылар
Қазақстандағы салық реформасын жоғары
бағалауда және оны талқылау барысын мұқият
қадағалауда. Осыдан бірнеше күн бұрын
«Российская газета» басылымында Василий
Бирюковтың біздің елімізде болатын салықтық
реформалар бойынша шолу мақаласы жарық
көрді. Оқырмандардың назарына осы материалды
ұсынамыз.
- Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан
үкіметі ел парламентінің қарауына жаңа
Салық кодексінің жобасын енгізді. Елде
бұл оқиғаны көптен күткен болатын. Салық
саясатының реформаға мұқтаж екендігі
туралы республикада бірнеше жыл бойы
айтылып келеді. Бірақ күрделі шешімдер
қабылдауда қазақстандық саясатқа салмақтылық
тән екенін естен шығармау керек.
Көктемде
Парламентте кезекті дәстүрлі Жолдауын
жариялау кезінде Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев, қолданыстағы Салық
кодексінің міндетін орындағанын, нарықтық
қатынастарды құруға негіз бола білгенін
айта келіп, жетілдірілген жаңа құжат
әзірлейтін кез келгенін мәлім еткен болатын.
Жаңа Салық кодексі республика үшін дер
кезінде қабылданғалы отыр. Қазақстан
қазір дамудың жаңа кезеңіне аяқ басуда.
20-шы жылдардағы посткеңестік шаруашылықтарды
жандандыруға негізделген жетістіктер
бүгінде экономиканың жаңа салаларына
инвестициялар салу мен экономиканы саралауға
негізделген жетістіктермен алмасуда.
Қазақстанда
экономика саласында қабылданып
отырған шаралар барлық посткеңестік
елдер үшін нәтижелі шешімдердің
үлгісіне айналғалы қашан.
Соңғы кездері әлемдік қаржы рыноктарында
орын алып отырған дағдарыс жағдайында
Қазақстан үкіметі салықты төмендету
туралы түбегейлі шешімді саналы түрде
қабылдап отыр.
Экономикалық тоқырау жылдары Қазақстанның бірінші болып ұзақмерзімдік дамудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын жасағанын, бүгінде бағдарламаның өз нәтижесін беріп отырғанын еске алудың өзі жеткілікті. Республика Тәуелсіз мемлекеттер достастығына кіретін мұнай өндіруші елдер арасында брінші болып мұнайлы емес бюджетті жасақтауға ауысты, мұнай секторынан түсетін кірістерді жинақтап, тұрақтандырушы және жинақтаушы қызмет атқаратын өз Ұлттық қорын құрды. Аймақтағы үздік банк жүйелерінің бірі Қазақстанда жұмыс істеуде.
Республикада
экономиканы саралауға бағыт
алынды, ұлттық корпоративтік көшбасшыларды
жасау жөніндегі арнайы бағдарлама
жүзеге асырыла бастады, бизнестің
жүргізілу шарттарын жақсарту және Қазақстанның
инвестициялық тартымдылығын арттыру
бағытында әкімшілік шаралар қабылдануда.
Бұл тұрғыдан алғанда, республика түрлі
трансұлттық корпорациялардың өндірістерін
орналастыруға тартымды алаң болу мүмкіндігіне
ие.
«Үкімет жаңа Салық кодексін әзірлеуі
керек. Ол құжат экономиканы түрлендіруге
және саралауға, бизнестің «көлеңкеден»
шығуына сеп болуы тиіс.
Жаңа
кодекстің салық
Оған қоса, жаңа Салық кодексі Қазақстан
Президентінің ойластыруы бойынша, Қазақстандағы
жекелеген шаруашылық субъектілеріне
тым көп жеңілдіктер жасап отырған және
биліктің мойындауынша, ел экономикасындағы
бәсекеге қабілеттілікке теріс әсер етуші
салықтық преференцияларды жоюы керек.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Президенті
күрделі, көпқұрамды міндет қойып отыр.
Жаңа Салық кодексінде салық жүйесінің
ашықтығын, салық салудың бейтараптылығын,
салықтық әкімшіліктің тиімділігін қамтамасыз
ете отырып, экономиканың сапалы дамуына
серпін беретін жүйені де қарастыру керек.
Жаңа кодекс жобасын қарау кезінде бірінші көзге түсетіні салықтар мен алымдардың ставкалары. Соңғы кездері орын алып отырған әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайына қарамастан, Қазақстан үкіметі ұзақмерзімдік стратегиялық жоспарын ескере отырып, салықты төмендету сияқты түбегейлі шешім қабылдаудан тайсалмай отыр. «Салық төлеушілер үшін ыңғайлы және әділ салық жүйесін жасау бизнестің көлеңкеден шығуын, шағын кәсіпкерлікті және экономиканың жаңа ғылыми қамтымды салаларының дамуын ынталандыратын болады», деген сенімде ел Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов.
Нәтижесінде
корпоративтік табыс салығы 2009 жылы
20 пайызға дейін, 2011 жылдан бастап 15 пайызға
дейін төмендетілетін болады. Оқырмандарға
түсінікті болуы үшін, біз Ресейдегі қолданыстағы
балама салық ставкасын қатар мысалға
келтіріп отырамыз. Қазақстандық корпоративтік
табыс салығы дегеніміз - компанияларға
салынатын ресейлік табыс салығының баламасы.
Бұл салықтың ставкасы Ресейде 24 пайызға
тең. Негізгі салық ставкасын біртіндеп
төмендету қазақстандық кәсіпкерлерге
айналымдағы қомақты қаржыларын босатуға
мүмкіндік береді және кодексті әзірлеушілердің
пікірінше, бұл қаржы қазақстандық өндірісті
қосымша инвестициялауға жұмсалатын болады.
Корпоративтік табыс салығы бойынша өзгерістер
тек оның ставкасына ғана қатысты жасалып
отырмағанын айта кеткен жөн. Жаңа кодекс
авторлары корпоративтік табыс салығының
есептелуін қаржылық есептердің халықаралық
стандарттарына бейімдеп отыр. Бұл бастама,
олардың пікірінше, салық базасының мөлшерін
жеткілікті анық нақтылауға және корпоративтік
табыс салығы бойынша салықтық есеп-қисаптарды
оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Оның үстіне, қазақстандық реформаторлар
шағын және орта бизнес үшін аванстық
төлемдер жасауды алып тастауды, шығындарды
ауыстырудың мерзімін 3 жылдан 10 жылға
дейін арттыруды жоспарлауда. Бұл прогрессивті
шаралар кәсіпкерлік үшін бизнес жүргізудің
шарттарын жақсартуға және өндіріске
инвестициялардың салынуын арттыруға
үлесін қосуы керек.
Қосымша құн салығына қатысты жаңалықтар
да ресейліктердің ықыласын аударуға
тиіс. Қазақстанда салықтың бұл түрінің
ставкасы соңғы бірнеше жыл бойы біртіндеп
төмендеп келеді. 2006 жылы ҚҚС 16 пайыз болса,
қазір 13 пайыз шамасында, ал жаңа кодекс
қабылданғаннан кейін, салықтың бұл түрінің
ставкасы 12 пайызды құрайтын болады. Ал
Ресейде қосымша құн салығы 18 пайыз.
Қазақстанның
жаңа Салық кодексінде қосымша құн
салығының ставкасын төмендетумен қатар,
қосымша құн салықтарын автоматты негізде
қайтару жүйесі де қарастырылып отыр,
бұл бастама алдыңғы қатарлы халықаралық
тәжірибеге сай келеді. Алғашқы кезде
мұндай қайтарым ірі салық төлеушілерге
ғана, негізінен шикізат өндіруші компанияларға
қатысты болады. Қалған салық төлеушілерге
келетін болсақ, аталмыш жүйеге ену үшін
олар қосымша салықтық тексеруден өтулері
керек.
Кодекс жобасына сәйкес, Қазақстанда жер
қойнауын игерушілермен жасалған келісімшарттардағы
салық тұрақтылығына қатысты шарттарды
алып тастау ұсынылуда. Жоба авторларының
бұл ұстанымы, барлық салықтық қарым-қатынастар
тек заңмен ғана реттелуі керек дегенге
саяды.
Қазақстандық жер қойнауын игерушілер
үшін қарастырылған арнайы салық жүйесін
де өзгерту қарастырылып отыр. Роялтидің
қолданыстағы төлемі пайдалы қазбалар
өндіруге салынатын салықпен (НДПИ) ауыстырылатын
болады. НДПИ салығы өндірілген пайдалы
қазба көлемінің әлемдік баға бойынша
есептелген құнынан алынатын болады. Бұл
мәселеде Қазақстан Ресейдің тәжірибесін
пайдаланып отыр. Оған қоса, «қара алтын»
өндіруші мұнай компаниялары артық табысқа
салынатын салықты да төлейтін болады.
Авторлар Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік
үшін салық жүктемесін төмендету жөніндегі
Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын да
орындап отыр. Шағын бизнес үшін патент
негізінде және оңтайландырылған декларация
негізіндегі арнайы салық режимдері бұрынғысынша
сақталып қалды. Осы мәселе бойынша, Қазақстан
кәсіпкерлерінің ресейлік әріптестеріне
қарағанда, оңтайлырақ салықтық жағдайда
жұмыс істеп жатқанын айта кету керек.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер