Салықтың экономикалық мазмұны, атқаратын қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 21:51, курсовая работа

Описание

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

салық курсовой.docx

— 163.74 Кб (Скачать документ)

Қазіргі мемлекеттердің барлығында дерлік, азаматтарды экономикалық қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қолдау жүйесі бар. Әлеуметтік қоллдау  дегеніміз – қоғамның табысы аз мүшелеріне, қаржылай көмек ретінде  көрсетілетін үкімет бағдарламасы. Оларға жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы, қарттар мен мүгедектерге берілетін  зейнетақы және әл-ауқаты нашар отбасыларына берілетін әлеуметтік көмектер мен  әлеуметтік сақтандырудың басқа  да түрлері жатады. Осындай бағдарламаларда  мемлекет тегін медициналық қызмет көрсетуі, тегін пәтер беруі, сондай- ақ табысы аз отбасыларына әлеуметтік қызметтер көрсетуі және т.б. жатады. Әлеуметтік қорғау бағдарламасының  мәні, қоғамдағы табысты қайта  бөлумен іске асады. Осылардың негізінде  біреулердан салық өндіріліп  алынып, екінші біреулеріне жәрдем ақы ретінде беріледі. Қазіргі  қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамаыз  ететін салық құралдаырның негізгісі  болып: жұмысты ұсынушылар мен жалданып жұмыс істеушілердің әлеуметтік салығы және жеке тұлғалардың табыс  салығы бойынша салық жеңілдігінің жүйесі жатады. [5]

Фискалды және бөлу функциясы  бір бірімен тығыз байланысты және салық төлеушілердің табыстарын салық төлеушілерден мемлекетке қайта бөлген кезде бір уақытта  орындалып отырады. Фискалды функцияның ойдағыдай орындалмауы әлеуметтік-экономикалық үдерістердің әлсіз түрде реттелуіне алып келеді. Бірақ, фискалды функциямен салыстырғанда бөлу функциясы кәсіпкер жоспарына ықпал ете отырып, меншіктің, халық шаруашылығының  қайбір түрінің  дамуын қолдау арқылы бөлек мақсатты көздей отырып жүзеге асырылады.

Бөлу функциясының әлеуметтік жағдайларға қаншалықты әсер ететіндігі олардың, яғни салықтардың бөлу қатынастарының ерекше    орталықтандырылған бөлігі болып табылатындығы және олар қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық құрылымына сіңіп, ақырында мемлекеттің, жалпы қоғамның мүддесін қорғайтындығында. Ал, екінші жағынан, әртүрлі әлеуметтік деңгейлерде   белгілі бір мақсаттарға  жету кезінде мемлекеттің салықтарды манипуляция жасауының көп варианттығы  мен көп түрлілігі де жоқ емес.

Салықтардың бөлу функциясы  оның ұдайы өндірістік үрдістегі  атқаратын рөлінің көпқырлылығын  сипаттайды.  Мемлекеттің шаруашылық өмірге белсенді түрде араласуы қажет  екені белгілі болғаннан кейін, елде салық механизмі арқылы жүзеге асырылатын реттеушілік қасиет етек алды. Барлық өндірістік емес салалар  мен  қоғамдық қызметті қамтамасыз ететін қаржы ресурстары өндірісте  пайда болады, сондықтан, өндіріс  – салықтық ынталандырудың бірінші  де негізгі объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексіне сәйкес, қазіргі кезде мынадай салық түрлері бар:

1.корпоративтік табыс салығы;

2.жеке табыс салығы;

3.қосылған құн салығы;

4.акциздер;

5.экспортқа рента салығы;

6.жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

7.әлеуметтік салық;

8.көлік құралы салығы;

9.жер салығы;

10.мүлік салығы;

11.ойын бизнесі салығы;

12.тіркелген салық;

13.бірыңғай жер салығы;

Салық саясаты – мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.[5]  

Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

 

 

1.2 Салық жүйесінің  мәні, құрылу қағидалары

        «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Экономикалық жағынан  салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың  және муниципалды құрылымдардың  қызметін қаржылай қамтамасыз етуге  байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды  және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Салық жүйесіне қажетті  негізгі талаптар мыналар:

    • салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
    • салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
    • салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
    • салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.

Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің  қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі  құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына  және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен  жүзеге асуына мүмкіндік туғызады[6]

      Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.

      Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.

 Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.

 Қандай да  бір механизмінің құрамында бірнеше  тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол  сияқты белгілі бір салық элементтерінен  құралады.

     Салық салу элементтері мыналар:

 Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық  өлшем бірлігі салық оклады, салық  жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі  мен тәртібі, салық төлеушінің  және салық қызметі органдарының  құқы мен міндеттері, - салықтың  төлеуін бақылау, салықтық жазалау  шаралары.

     Енді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.

  Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

  Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.

*Салық көзі – салық салынатын табыс.

  *Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

  *Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.

  *Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.

    *Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.

        Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.[8]

Регрессивтік  ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.

Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.

      Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.

      Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.

      Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

      Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

  • салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
  • заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

       Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

  1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
  2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
  3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
  4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
  5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;

      Салық жүйесінің көмегімен мемлекет субъектілерге шаруашылық жүргізудің және қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудің жағымды жағдайын жасауы немесе оны тежеуі мүмкін.

       Салық жүйесі экономикалық және әлеуметтік үдерістерге түрлі бағыттағы орындалатын өзінің функциялары, оның ішінде, ең алдымен түрлі деңгейдегі бюджет пен бюджеттік емес қорларды құру және екінші жағынан қызмет етуші шаруашылық субъектілеріне ыңғайлы жағдай туғызу арқылы  әсер ете алады.

       Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың қосындысынан тұрады. Тікелей салықтар - салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады. Біздің елімізде оларға: жер салығы, мүлік салығы, табыс салығы және т.б. жатады. Ал жанама салықтар тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, тұтынушылармен төленеді. Тікелей салық салу кезінде ақшалай қатынастар мемлекет пен салықты төлеушілер арасында пайда болса, ал жанама салықтарда – салық субъектісі болып мемлекет пен төлеуші (тауарды немесе қызметтерді тұтынушы) арасында делдалдық қызмет атқаратын тауарды (қызметті) сатушылар саналады.

       Барлық салықтар ҚР-ның салық заңдылығы мен Конституциясының талаптарына сәйкес Парламентпен және кейбір жағдайларда Елбасымен белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері және дамуы

Қазіргі кезде көптеген елдердің салық жүйесі жаңа қосымша  мақсатқа  ие болып отыр. Олар әлеуметтік-экономикалық даму мен қайта құрулардың негізгі  факторы ретінде қарастырыла  бастады. Бұл ерекшелік  Қазақстанның салық жүйесіне де тән нәрсе,  өйткені ол шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесінде әрекет етеді. Салық жүйесінің  құрылу қағидалары елдегі болып жатқан реформаларға, оның ішінде,  маңыздылығы  жағынан кем түспейтін мемлекеттің  әлеуметтік саясатымен үйлесімді болуы  шарт.

Біздіңше, еліміздің салық  жүйесінің  әлеуметтік астарларын зерттеу  барысында  жалпы мемлекеттің  әлеуметтік- экономикалық дамуындағы басым бағыттарды саралап, сол арқылы салық тетіктерін үйлестіру жағдайларын  қарастырамыз.

Қазіргі кездегі Қазақстандағы  қызмет етіп отырған салық жүйесінің  қалыптасуына басқа мемлекеттердегі  сияқты ондаған ғасырлар талап етілді.  XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезіне дейінгі салық жүйесінің басқа  нарықтық дамыған мемлекеттердегі  заңдармен дамып, қалыптасып келді. Он жетінші ғасырға дейін басқа  елдердегі  сияқты салық жүйесі бізде  де ретті болған жоқ. Ресейдегі алым-салықты  алудың ең маңызды да күрделі кезеңдердің  бірі  моңғол-татар шапқыншылығынан  кейінгі салықпен жаншудың күшейуіне  жағдай жасаған  тұрғындардан алынатын «шығын» (выход)  болды.  «Шығынның» салық салу объектісі болып ер адамдар мен ірі қара мал, яғни, сол уақыттағы экономиканың негізгі  қозғаушы күштері болды.  Аталған  жағдайдан байқайтынымыз, тарихи кезеңінің  өзінде   салық салу объектісі  аяқ асты пайда болған жоқ. Ресей  мен Қазақстанның басқа елдермен салық жүйесінің ұқсастығы көбінесе төтенше жағдай туындағанда кейбір салық түрлерінің енгізілуімен негізделеді. Салықтық қатынастардың дамуындағы көрнекті кезеңдердің бірі болып,  бірінші Петрдің өмір сүру кезеңі табылады. Оның бастаған қайта құрулары қосымша шығындарды талап етті, осымен байланысты тарихи жағынан жаңа табыстың түрлері қалыптаса бастады: елтаңбалық алым, әрбір аулалар мен мұржаларға салынатын салық. Сонымен бірге, кейбір салықтардың ауыртпалығы аз қамтылғандарға азайтылып отырды. Осылайша салық салудың әділеттілік қағидаты да дамытылды.

Информация о работе Салықтың экономикалық мазмұны, атқаратын қызметтері