Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 21:51, курсовая работа
Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.
Акпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыттары:
1. ИНИС - салық төлеушілерді тіркеу
және төлемдерду бюджетке
аудару;
2. ЭФНО - салық есептілігінің электронды формалары;
3.РНиОН - салық төлеушілер мен салық салу объектілерінің мемлекеттік реестрі;
ИСАЖ бағдарламалық өнімінің тағы басқа түрлері.
Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасының
қазіргі Салық кодексі
Қазақстанның өзіндік салық жүйесінің экономикадағы нарықтық қатынастармен үйлестіріле отырып қалыптаса бастауымен ерекшелінеді.
Қатаң салық саясаты өте үлкен салық мөлшерлемесіне қарамастан, “салық қақпанына” әкелді. Осыдан барып, ҚР-ғы салық реформаларының басты мақсаттары келесі мәселелерді қамтыды:
1) Нарықтық қатынастарды ынталандыру, әсіресе:
2) Салық салуда көзделген әділеттілікке жету:
Осы мақсаттарға байланысты
ҚР-дағы салық жүйесін өзгертуге
және халықаралық стандарттарға
сәйкестендіруге тырысушылық
Ең соңында аталған
міндеттер мен салық
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқылардың бірі болып прогрессивті салық мөлшерлемесін құрастырып, практикаға енгізді. Маңызды жаңалықтардың бірі болып, 1997 жылдың шілде айынан бастап салық есебінің қаржылық тәртіпті қатайта түсетін, салықтық және салықтық емес төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысудың есепке жатқызу және одан қайтіп бас тартуды қысқартатын кассалық әдісінен есептеу әдісіне ауысуы болып табылады. Мысалға, салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысудың күмәнді үлесі 1997 жылы 8,43% құрайтын болса, 2002 жылы 0,16% дейін төмендеді, сөйтіп 2003 жыдан бастап республикада бюджетпен есеп айырысу «қолма - қол ақшамен» жүзеге асырылады. [16]
2008-2010 жылдардағы мемлекеттік бюджет кірісіндегі салықтық түсімдердің өсу қарқыны
Бюджет кірісі |
2008ж |
2009ж |
2010ж |
Өсу қарқыны (алдыңғы мерзіммен салыстырғанда, %) | ||
2008 |
2009ж |
2010ж | ||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Салықтық түсімдер |
1186,1 |
2002,3 |
2209,0 |
125,2 |
168,5 |
110,5 |
Корпорациялық табыс салығы |
382,8 |
834,3 |
776,6 |
140,4 |
217,9 |
93,0 |
Жеке табыс салығы |
98,5 |
122,9 |
165,0 |
105,6 |
124,8 |
134,2 |
ҚҚС |
242,9 |
343,9 |
489,5 |
105,0 |
141,6 |
142,3 |
Әлеуметтік салық |
167,9 |
197,3 |
236,5 |
106,5 |
117,4 |
119,8 |
Кесте 1 жалғасы | ||||||
Акциздер |
29,9 |
33,4 |
47,4 |
110,8 |
111,7 |
141,9 |
Мүлікке салынатын салық |
31,5 |
37,2 |
48,3 |
116,1 |
118,2 |
129,8 |
Жер салығы |
5,9 |
6,9 |
7,9 |
108 |
116,1 |
114,4 |
Көлік құралдарына салынатын салық |
5,9 |
7,0 |
8,4 |
117,5 |
118 |
120 |
Бонустар, роялти, өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі, үстеме пайда салығы |
115,2 |
187,5 |
151,9 |
188,5 |
162,6 |
80,8 |
Қолданылған әдебиет: ҚР ҚМ статистикалық бюллетені. 2008-2010 жж. |
Соңғы 2010 жылдың қорытындысы бойынша салықтық түсімдердің өсу қарқыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 110,5 пайызға көтерілген. Ал 2009 жылмен салыстырғанда өсу қарқынының төмен болуының бірден бір себебі, 2010 жылдың тамыз айынан бастап жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін барлық салықтық түсімдердің Ұлттық қорға жіберіле бастауы.
Жеке табыс салығы салық төлеу әдісі бойынша ерекшеленетін, екі салық салу объектісін бөліп көрсетеді: есептеу, ұстап қалу, және бюджетке аудару салық агенттерімен жүзеге асырылатын төлем көзінен салық салынатын табыс және салық сомасын есептеу мен төлеу жеке тұлғалардың өзімен декларация тапсыру негізінде жүзеге асырылатын, төлем көзінен салық салынбайтын табыс. Салық 2010 жылдың соңына дейін алынған жылдық табыстың мөлшеріне қарай, 5% тен 20%-ға дейінгі прогрессивті шкала бойынша төленді. (2008 жылдың 1-қаңтарына дейін 5% тен 30%-ға дейін болды). Бірақ, аталған шкаланың 15% бойынша салық салынатын дивидент, сыйақы, ұтыстар түріндегі табысқа және 10% мөлшерлеме бойынша салық салынатын адвокаттар мен нотариустардың табыстарына қатысы жоқ болды. 2009 жылдың қаңтарынан бастап жалпыға ортақ 10% мөлшерлеме арқылы салық салына бастады. Сонымен бірге, Қазақстанда жеке тұлғалардың табысын жалпыға ортақ декларациялау мәселесі осы күнге дейін қойылмай келген болатын, 2010 жылдан бастап жеке тұлғалардың бәріне бірдей табыстарын декларациялауға дайындық жүргізіледі. Қазақстанның салық жүйесінде аталған салық түсімі жағынан төртінші орында тұр (кесте -2).
2008-2010 жылдар аралығындағы
Мемлекеттік бюджет кірісінің
құрылымы
Түсімнің түрлері |
2008ж (%) |
2009ж (%) |
2010ж (%) |
1 |
2 |
3 |
4 |
Кірістер |
100 |
100 |
100 |
Салықтық түсімдер |
92,1 |
95,2 |
94,5 |
Корпорациялық табыс салығы |
29,7 |
39,7 |
33,2 |
Жеке табыс салығы |
7,7 |
5,8 |
7,0 |
Әлеуметтік салық |
13,0 |
9,4 |
10,1 |
ҚҚС |
19,0 |
16,3 |
20,9 |
Акциздер |
2,3 |
1,5 |
2,0 |
Мүлік салығы |
2,4 |
1,8 |
2,0 |
Жер салығы |
0,5 |
0,3 |
0,4 |
Көлік құралдары салығы |
0,4 |
0,3 |
0,4 |
Табиғи ресурстарды |
12,2 |
16,0 |
12,9 |
Халықаралық сауда және сыртқы операцияларға салынатын салық |
3,9 |
3,0 |
4,7 |
Басқа да салықтар мен алымдар |
0,4 |
0,2 |
0,2 |
Кесте – 2 жалғасы | |||
Салыққа жатпайтын түсімдер |
6,3 |
3,1 |
2,3 |
Қолданылған әдебиет: ҚР ҚМ статистикалық бюллетені. 2008-2010 жж. |
Жоғарыда қарастырып өткеніміздей, қоғам мүшелерінің өмірлік қажеттілігі қанағаттандырылатын әлеуметтік сала адамдардың тұрмыс- тіршілігінің көп қырларын қамтиды. Оның дамуындағы шешуші сәттер болып адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуі болып табылады. Әлеуметтік даму және халықтың тұрмысын көтеру перспективаларын негіздеген кезде қоғамдық ұдайы өндірісте әлеуметтік үдерістердің басымдықтарын анықтап алу қажет. Белгілі бір тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін әлеуметтік саясаттан ұдайы өндірістік функциялар орындайтын саясатқа бет бұру өндірістің әлеуметтік бағыттылығын күшейте түседі. Аталған тәсіл, бөлу, әлеуметтік әділеттілік, тұлғалардың мүмкіндігін жүзеге асыру мен дамыту үшін жағдай жасау қағидаттарының бекітілуіне байланысты тұрмыс және тұтыну ресурстарының көлемінің динамикасы мен деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты әлеуметтік дамудың түйінді мәселесі болып экономиканы басқару жүйесінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің әлеуметтік бағытының басымдығына бет бұруы. [18]
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, экономиканың тиімділігіне табыстардың бөліну теңсіздігін төмендетуге және қоғамдағы әлеуметтік ымыраға жеткізетін адам капиталына және прогрессивті әлеуметтік шаралар жүйесіне мемлекет тарапынан аумақты инвестиция салу арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттің мұндай жағдайдағы негізгі міндеті экономикалық тиімділік пен салық механизмі арқылы қайта бөлу, әлеуметтік трансферттер және әсер етудің басқа да тетіктерінің арасындағы баланстың сақталуын қамтамсыз ету. Тұрмыстың жақсаруы елдегі экономикалық өсуге тығыз байланысты. Ал, өндірістің өсуіне кедергінің бірі тұтыну сұранысының төмен болуы. Кедейлікті төмендету бойынша шаралар өндірістің өсуіне мүмкіндік жасай отырып, тұтыну сұранысын жоғарылатады, ол өз кезегінде салықтардың жиналуын ұлғайтады және сол арқылы әлеуметтік трансферттердің жоғарылауына мүмкіндік ашылады.
Салық жүйесінің әлеуметтік бағыттылығына баға беру үшін, ең алдымен салық салудың жанама әлеуметтік салдарларын қарастырамыз. Оны қарастыру үшін жалпы мемлекеттік бюджет шығындарындағы әлеуметтік сипаттағы шығыстардың мөлшерін, халықтан түсетін салықтық түсімдердің өсу қарқынын және жан басына шаққандағы әлеуметтік шығыстар мен ЖІӨ - дегі шығындар үлесі сияқты көрсеткіштерді қарастырамыз.
Тұрақты әлеуметтік қатынастарды қолдай отырып, мемлекеттің әлеуметтік функциясы жиынтық сұраныстың құрылымы мен мөлшеріне ықпал етеді және олар келесі түрде көрінеді:
Әлеуметтік- мәдени шараларға мемлекеттік шығындар жұмсау – білікті және денсаулығы мықты жұмыс күшіне салынған инвестиция салу болса, екінші жағынан өндірістің шығындарын азайту үшін қолданылатын шаралар және кәсіпкерлік ортаны қорғау болып табылады. [13]
Соңғы жылдары түсім жағынан экономикалық өсу мемлекеттік шығындардың әлеуметтік бағыттылығын кеңейте бастағанын байқауға болады, бұл, әрі экономикамыздың өркендеуінің белгісі. 2010 жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша әлеуметтік салаға жұмсалған шығынның жалпы шығындағы үлесі 48,0% құраған (2-сурет). Ал, былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8% -ға жоғарылаған. 2009 жылы бұл көрсеткіш 50,0% болды. Оның ішінде, арнайы әлеуметтік көмек, мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері, зейнетақы төлемдері, білім және денсаулық сақтау салалары, мәдениет және спорт және т.б. бағыттар кіреді.
Сурет. 2. 2010 жылғы мемлекеттік бюджет шығысының құрылымы, %
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері, 2010ж.
Дегенмен, жалпы бюджет шығынындағы әлеуметтік бағыттағы шығындардың үлесі салыстырмалы түрде төмендеген. Өйткені, құрылыс пен тұрғын-үй коммуналды шаруашылық шығындары алдыңғы жылмен салыстырғанда әлде-қайда жоғарылаған. Сонымен бірге, статистикалық мәліметтерден байқап отырғандай, жалпы мемлекеттік шығындағы білім беру мен әлеуметтік қамтамасыз ету шығындарының үлесі едәуір төмендеген, денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың үлесі соңғы жылы керісінше жоғарылаған.
Әлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындардың үлесі жалпы 2009 жылдан бері төмендеген. Білім беру саласына жұмсалған шығындардың үлесі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 1,1% жоғарылаған. Денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығындардың үлесі сәйкесінше 2010 жылы 1,4%-ға жоғарылаған. [10]
Кесте 3.
2008-2010 жылдар аралығындағы
жеке тұлғалардың табыс
(%)
Табыс мөлшері, теңге |
2008ж |
2009ж |
2010ж |
1 |
2 |
3 |
4 |
15000 |
4,2 |
4,2 |
4,1 |
25000 |
5,2 |
5,0 |
5,2 |
35000 |
5,8 |
5,7 |
5,7 |
45000 |
6,4 |
6,1 |
6,0 |
55000 |
7,4 |
7,1 |
6,9 |
65000 |
8,0 |
7,8 |
7,7 |
75000 |
8,5 |
8,4 |
8,2 |
Қолданылған әдебиет: Статистический ежегодник. Алматы 2008-2010 жж. |
Информация о работе Салықтың экономикалық мазмұны, атқаратын қызметтері