Инфляцияның пайда болуы және себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 20:27, курсовая работа

Описание

Экономиканың өз заңдылығы бар. Ол адам тәрізді; қалыпты жағдайда тыныс алады, аршындап алға басады, тірлік ретті болады. Адамның қызуы көтерілген сияқты экономиканың да қызуы көтерген кезі болады. Адам ағзасы әлсіреген уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір екі түшкірік денсаулығы мықты организге соншалықты қатты әсер ете қоймайды. Түшкірік басылмаса, дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе кез келген дерттің алдын алуда. Кейінгі кезде инфляция туралы сөз жиі бола бастады. Бұрынғы экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов экономиканы «қызып кетуден» сақтандыру мәслені ерте бастан қолға алу қажеттігі жөнінде әлденеше рет айтқан болатын.

Содержание

КІРІСПЕ

1.БӨЛІМ ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ

1.1. Инфляцияның пайда болуы және себептері..........................................2-6
1.2. Инфляцияның түрлері және заңы ........................................................7-12

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯСИЯНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі және оны жоспарлау........................................................................................................13-21
2.2. Инфляцияны алдын алу және оған қарсы күрес.............................22-25

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Инфляция.doc

— 253.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

1.БӨЛІМ  ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ

 

1.1. Инфляцияның пайда болуы және себептері..........................................2-6

1.2. Инфляцияның түрлері және заңы ........................................................7-12

 

2. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯСИЯНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

 

2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі және оны жоспарлау........................................................................................................13-21

2.2. Инфляцияны алдын алу және оған қарсы күрес.............................22-25

 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................26

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанның бүгінгі  таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеніне қадам басқалы тұр. Қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты мен хақындағы экономикалық өркендеу үлкен әсер ететіні айғақ.

Экономиканың өз заңдылығы  бар. Ол адам тәрізді; қалыпты жағдайда тыныс алады, аршындап алға басады, тірлік ретті болады. Адамның қызуы көтерілген сияқты экономиканың да қызуы көтерген кезі болады. Адам ағзасы әлсіреген уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір екі түшкірік денсаулығы мықты организге соншалықты қатты әсер ете қоймайды. Түшкірік басылмаса, дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе кез келген дерттің алдын алуда. Кейінгі кезде инфляция туралы сөз жиі бола бастады. Бұрынғы экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов экономиканы «қызып кетуден» сақтандыру мәслені ерте бастан қолға алу қажеттігі жөнінде әлденеше рет айтқан болатын.

Алдымен бұл дерттін  пайда болған ошағы, жанданған кезі, түрлері және оны емдеу әдістеріне көз жүгіртейік. Қазіргі таңдағы  егемен Қазақстан бұл қауіпті дертке қарсы тұра ала ма?

Экономикалық құбылыс  ретінде әлем экономикасында, инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция сөзі тұңғыш рет Солтүстік  Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген, Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады.

Бұрын инфляция төтенше  жағдайда ғана қалыптасатын. Соңғы  екі үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторларына айналды. Осыған сәйкес  инфляция әр түрлі түрлерге бөліне бастады. Олар: бояу инфляция, қарқынды инфляция, гиперинфляция, теңгермелі емес инфляция, тосын, кенеттен болатын инфляция.   

Ал Қазақстан Республикасының қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептері бұрынғы Кеңес Одағының тарихи экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздеген дұрыс болар. Ал қазіргі таңда Қазақстан материалдық қаржы саясатын Ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыты бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.БӨЛІМ  ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ

 

1.1. Инфляцияның пайда болуы және себептері

Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуы негізінен, ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырылады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылы азамат соғысы кезнде пайда болып, айналымдағы ақшаның тым көп көбейіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік ХІХ ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады.Экономикалық әдебиеттерде Инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, Кеңес үкіметі әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезіңде көрінді.

Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына  және тауар бағаларының соғырлым өсуіне әкелді. Алайда инфляцияны айналым процессін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беруін айтады. Бұл әрине жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсумен көрінгенмен, ол тек ақшаға тән құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-құрылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі.

Инфляция – бұл  күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген  экономикаға тән және ұдайы өндіріс бұзылу процесімен сипатталады.

Инфляция ең алдымен  тауар бағаларының өсуі және шетел  валюталарының қымбаттауы ретінде  көрінеді. Ол бағалардың жалпы өсуі, тауарлардың жалпы құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде  тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасында қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар роногында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ бұндай жекеленген нарық деңгейі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл  рыноктардың  көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.

Ақша сұранысынан тыс  тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтын монополизациялауына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына, сыртқы экономикалық жағдайларға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген  өсуі инфляция емес.

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтын белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі ақша күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау белгісін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар құнды заттар алуға тырысады.  Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранысты арттырады. Артық сұраным, өз кезегіңде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

Ақша, тауарларды сатып  алу қабілеті күшті валютамен  салыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қарап құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама экивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсынысты сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның өсуіне нақты экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да мұнай мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 90%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық талқылауларға, ұдайы өзгерістердегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополия мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықты және ставкаларды енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок конъюнктурасына өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері тиеді.

Инфляция экономикада, әсіресе нарық экомикасында көп сәкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап отыру қажет.

Инфляцияның қалыптасу  себептері.

Инфляция қалыптасуының, оның қатарында ең басты баға өсуінің  ең басты себептері мыналар:

Біріншіден, мемлекеттік  шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық  коммисия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда «ақша станогы» белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы (MV) кобейеді. Айырбастың, кіріс шығыстың сандық теңдігін MV=PO еске түсірсек, M мен P көрсеткіштеріне байланысты анық.

Екінші, осындай жолмен, әдеспен инвестицияны  қаржыландыру жүргізілген жағдайда да инфляцияның  өсуі болады. Әсіресе экономиканы  милитариландырумен байланысты инвестиция инвестицияны өршітеді. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетте тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгеінің  жалпы өсуі қазіргі рыноктық  экономикалық ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде оптималдық рынок. 

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік  шаруашылық байланыстарға  тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қауіпі туады. 1979 жылы энергияға бағаның шарықтауы сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді.  «Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі.Әрине, өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы,  мұнай импортын арзандатуға болады. бірақ ревальвация отандық экспорттың бағасын да қымбаттады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Бесіншіден, инфляция өзінен өзі дем беретін құбылыс ретінде  сипатталады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің еліміз де  осы факторларды ерекше көрсетілуіде. Дүниежүзілік қоғамдастықтың елдерінде  де инфляция өршуінің сан түрлі себептері  бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Бұрынғы КСРО ны алсақ жалпы заңдылықтар мен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияны себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңдік жатады. Ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді.

Инфляцияның әлемдегі балама көздері.

Батыс экономистері жасаған  теорияларды инфляцияның альтернативті (баламалы) қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуын әр түрлі себептерін атайды.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, толық жұмыспен қамьылған кездегі өндіріс құрал жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толылқ жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы т.б.  Осының алдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыс пен қамту толық болғанымен, өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. басқаша айтқанша, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысынан тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі. График түрінде сұраным инфляциясын былай көрсетуге болады:

 

 

  Q       Q  

 

Жоғарыда келтірілген  себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 -AD2) және, экономика  жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1  - Р5) яғни инфляция қалыптасады.

Шығындар инфляциясы бағаларының өсуі, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіріледі. Шығындардың көбеюі: баға белгілеудің олигопиалық тәжірбесінен мемлекетінің экономикалық және фискалдық саясатынан, шикізат бағасының өсуіне кәсіподақтық жалақыны көтеру талабына және тағы басқа болады. Тәжірибесінде инфляцияны бір түрінен екіншісінен айыру оңай емес, олар бір бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде көрінуі мүмкін. Шығындар инфляциясын график түрінде суреттеп көрсетуге болады

 

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды, (AS2 – AS1), баға деңгейі өседі (Р1 – Р2), өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1),  яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.

Бағалардың өсуі тұрғындардың  нақты табысын төмендетеді. Сондықтан  кәсіподақтар еңбек ақының номиналды  деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орның толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Бағалардың жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өнідіріс шығындарын арттырады, яғни инфляцияның одан жоғары көтерілуіне себеп болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.

Инфляцияның оның басқа түрінен  ажырату өте қиын, олар өзара тығвз  түрде қалыптасып дамиды.  Мысалы, еңбек ақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.

ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік  нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімді тұрақтылығы әлемнің бірде бір  елінде қалыптаспағаның айту қажет. Бұл кезеңде баға тоқтаусыз өсіп отырады, ал 60-шы жылдардың сонынан бастап экономиканың құлдырауы жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай Бұл құбылыс экономиканың “стагфляциясы” деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Инфляцияның түрлері және заңы

Соңғы кездерге дейін  дүниежүзілік шаруашылықтар инфляциясы, әдетте төртінші жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соңғы  жылдарда мемлекеттер ақшаларды  шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары  бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өсудің тұрақты факторына айналады.

Информация о работе Инфляцияның пайда болуы және себептері