Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 20:27, курсовая работа
Экономиканың өз заңдылығы бар. Ол адам тәрізді; қалыпты жағдайда тыныс алады, аршындап алға басады, тірлік ретті болады. Адамның қызуы көтерілген сияқты экономиканың да қызуы көтерген кезі болады. Адам ағзасы әлсіреген уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір екі түшкірік денсаулығы мықты организге соншалықты қатты әсер ете қоймайды. Түшкірік басылмаса, дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе кез келген дерттің алдын алуда. Кейінгі кезде инфляция туралы сөз жиі бола бастады. Бұрынғы экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов экономиканы «қызып кетуден» сақтандыру мәслені ерте бастан қолға алу қажеттігі жөнінде әлденеше рет айтқан болатын.
КІРІСПЕ
1.БӨЛІМ ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ
1.1. Инфляцияның пайда болуы және себептері..........................................2-6
1.2. Инфляцияның түрлері және заңы ........................................................7-12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯСИЯНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі және оны жоспарлау........................................................................................................13-21
2.2. Инфляцияны алдын алу және оған қарсы күрес.............................22-25
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................26
Екінші кезекте, екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы жағдайларға тәуелдігінен туындайтын баға өсімі кешенді талдауға өзек болған. Ұлттық банк мәліметттеріне қарағанда, жеке секторлардың сыртқы қарызы 39,1 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 70 пайызы. 2001 жылдың аяғында бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 51, 3 пайызын құрағанын ескерсек, айырма айтарлықтай.
Бүгінде жеке сектордың сыртқы қарызының 35,5 пайызын екінші деңгейдегі банктердің қарызы құрайды. Банктердің несие қаржыларын оңды солды бере бастағанының астында осындай гәп жатыр. Экономиканың тұтыну несиелері өскен сайын екінші деңгейдегі банктер алақандарын ысқылай түседі. Сырттан алынған қарыз ақшаның ағыны көбейген сайын қаржы құнсыздануы жылдамдайды. Қазірдің өзінде тұтыну несиелері елеулі түрде өсіп отыр. Ол 2006 жылдың екі ай ішінде халықтың салымдарының өсуінен төрт есе артық болып шықты. Тұтыну несиелерінің бұлайша шарықтай түсуі инфляцияның шапшуына тікелей түрткі болатыны түсінікті. Мемлекеттік бюджеттің ағымдық шығындарын қысқарту арқылы инфляцияны ауыздықтауға болады. Есеп, қисапты дұрыс жүргізу, не керек, не керек еместігін уақытылы айқындап отырса, мемлекеттік бюджет есебінен болатын негізсіз шығындарды реттеуге мүмкіндік бар. Үкімет соңғы жылдары мемлекеттік шығындарды жалпы ішкі өнімге қарай алғанда 22-23 пайыз деңгейінде ұстауға ұмтылып отыр. 2005 жылдың сонына қарай бұл көрсеткіш 22,9 пайызды құраса, 2004жылы 23,4 пайыз болған еді. Бұл арада Ұлттық қор трансферттерін қоспағандағы таза мемлекеттік шығындар туралы әңгіме болып отыр.
2006 жылдың 1 шілдесінен
бастап Ұлттық қор
Үкімет халықтың табысының, жалақысының өсуін және еңбек өнімділігін тұрақты зерттеуге тырысып отырса керек. Өйткені, инфляцияның өсуі шегін дәл анықтау үшін мұндай деректерді ай ма ай анықтап отырмаса болмайды. Үстіміздегі жылдың екі ай ішіндегі көрсеткіштерге қарағанда, нақты еңбек ақының өсімінен 2,3 есе артық екен. Халықтың нақтылай қаражат кірістері бөлшек сауда айналымының өсу қарқынынан 1,4 есе артық жоғары. Ішкі тұтыну сұранысының тарапынан жүріп жатқан өсімдер инфляциялық үрдістерге итермелеп отыр.
Инфляциялық үдірістерді реттеуге антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі коммитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1 шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алынбақ. “монополистік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауында ұсталынады.
Индустрия және сауда министрлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелетікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлей туралы тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.
Көптеген монополистер өз делдалдары арқылы арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптілігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында сұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйісін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана ол иемденеді.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. Алпысыншы жылдардың ортасынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады: бағаны тікелей және жанама реттеу.
Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізіледі. Табыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып нақты табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсудің максималды шегі пайдаланған. Жалақы ставкаларының өзгерісі әдетте барлық экокномикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланысты болады; бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі.
Әдетте, бақылауды пайдалану
үшін, бағалар мен жалақыны белгілі
уақыт мерзімі бойынша «
Табыстар саясатының бір бағытына контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін, үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арасында келіссөз ұйымдастырылады. Табыстар саясаты қашан да болмасын дискуссия тудырады. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен – барынша көп пайда табу- бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгіленген нысаналарды өз еркімен орындамайды.
Заң жүзінде бағаның
өсуіне шектеудің қойылуы, бағаларын
жоғарылату пайдалы болатын тауарлардың
көлеңкелі нарығын дамытуы
60-жылдары нарық
экономикалы елдерде
Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістереніне монетарлық және фискальдық саясаттың «дефляциялық» шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат шеңберінде қолданған болатын.Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты, ақша массасының өсуіне, берілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өсуіне, және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте бірте шектеу енгізеді.
Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекеттік, фискальдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысты: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе, тікелей немесе жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.
Инфляцияны төмендету мақсатымен, валюта саясатының инструменттері пайдаланылуы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаларға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.
«Дефляциялық» шаралардан тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады. Стагфляцияның пайда болуы, дефляция саясатының кейбір инструменттерінен бас тартуға мәжбүр етті.
Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағыттың балама жолдары бар Оның мәні инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбауүшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан ығарып алмауды көздеу керек.
Үкімет үшін инфляцияға
қарсы жүрудің екі бағыты болады:
оны бірті – бірте ұзақ мерзімді
көздеп жүргізу, оның экономикасының болмысына,
әлемдік нарыққа кірудің дәреже
Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек «естен таңдыру терапиясының» монетаристік әдістері қолданылады. Бұлар күткен нәтиже бермеді.
Қорытып айтқанда, Қазақстандағы
экономикалық инфляциялық процестер
шаруашылықтың жалпы
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары, оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбір етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдердің ерекшеліктеріне қарай шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Ангияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет дәрежесіндегі мәселе, басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады. Инфляцияны қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кейншілер қолдайтын) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемелекеттік кірістер мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа қысым жасайды. Инфляциялық сұраныс артық тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда солармен бірге өндіріс те қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі.Бұл инфляциялық тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезіңде, сұранысты ұлғайту үшін, арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру саясаты жзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей оны күшейтеді. Дегенмен бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.
Екінші бағыттардың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің бақылауынан мүлде тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді. Ақша несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет төлеу қабілеті бар қабілетті тежеу үшін қолданылады. Өйткені экономикалқ өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығартады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян әкеледі, яғни жұмыссыздықты өсіріп, өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша инфляцияны 1%- ке төмендету, жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2% жоғарылатады, ал нақты ЖҰӨ-ні 4%-ке кеміттеді.
Бақылаудан шыққан инфляцияны ауыздықтау үшін біраз елдердің үкіметтері 60-шы жылдардан бастап, баға мен табыс арақатынасы деген саясатты жүргізуде.Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу. Бұл саясат инфляциямен күресте рыноктық стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстанғандықтан туындайды және ол алға қойған мақсатқа әрдайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі эконмикалық шаралардықатар қолдану жалпы экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.
АҚШ-тың тәжірибесі табыс саясатың жоққа шығарады. Мұнда 1971-1974 жылда үкімет жалақы мен баға деңгейіне тікелей бақылау жүргізеді. Одан кейінігі жылдарда тек кеңес берумен шектелуде.
Қорытынды
Инфляция әлеуметтік экономикалық құбылыстың ерекше түріне жатады, ол қоғам ортасындағы әр түрлі деңгейлерге әсер етеді, жедел түрдегі бірінші реттік шешім табуды талап етеді. Атап өтетін жайт, республикадағы баға либерализациясы бірте бірте бағаларды бақылаусыз қалдыру. Алайда салыстырмалы баға өте жоғары көрсеткішпен ұзақ уақыт сақталып тұрды. Ашық инфляция 1991 жылы 1992-1994 жылдары гиперинфляцияға өсті, алайда, көптеген себептермен, басқару органдары сол жылдары оны қалай жедел түрде шешетін шешім таппады.
Келесі жылдардағы инфляцияның төмендеуі, мынадай сабақтас байланысқан қызметтердің қорытындысы арқылы жүзеге асырылды: ақша-несие, салық-бюджет және баға саясаты. Осылардың арқасында бюджеттегі ақша жоқшылығын, курс бағамының тұрақтылығын және манополистердің заттар бағамын өсіруге шек қою арқылы реттеу үлкен әсер етті.