Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 20:27, курсовая работа
Экономиканың өз заңдылығы бар. Ол адам тәрізді; қалыпты жағдайда тыныс алады, аршындап алға басады, тірлік ретті болады. Адамның қызуы көтерілген сияқты экономиканың да қызуы көтерген кезі болады. Адам ағзасы әлсіреген уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір екі түшкірік денсаулығы мықты организге соншалықты қатты әсер ете қоймайды. Түшкірік басылмаса, дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе кез келген дерттің алдын алуда. Кейінгі кезде инфляция туралы сөз жиі бола бастады. Бұрынғы экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов экономиканы «қызып кетуден» сақтандыру мәслені ерте бастан қолға алу қажеттігі жөнінде әлденеше рет айтқан болатын.
КІРІСПЕ
1.БӨЛІМ ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ
1.1. Инфляцияның пайда болуы және себептері..........................................2-6
1.2. Инфляцияның түрлері және заңы ........................................................7-12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯСИЯНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі және оны жоспарлау........................................................................................................13-21
2.2. Инфляцияны алдын алу және оған қарсы күрес.............................22-25
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................26
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10 пайыздан аспайды. Экономикалық теория негізінде, дамуы үшін ондай жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағалары түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20 пайыздан -200 пайызға дейін жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Көптеген контракт, көлемдер бағаның мұндай өсуін есептей алады. Аса зор шексіз инфляция (гиперинфляциясы) айналымдағы ақша өлшемі мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуадағы азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300% жетеді. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамдық ауқатты тобына да зиян шегеді. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляциясыны басынан өткізген бір қатар елдерде бағалардың өсі қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінен өсіу қарқынынан әлде қайда жоғары болады. Мұндай құбалыс мысалы, 1945 – 1946 жылдары Венгрияда байқалады. Шаруашылық субъеілері ұлттық валютаға деген сенім жасалған кезде, қолдағы құнсыз ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санынан көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляциясының басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығының атап өту орынды. басыңқы инфляция кезіңде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60-шы жылдардында
көптеген әлем елдерінде
Инфляция балансталған, тепе-теңдікте болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка прценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезіңдегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжауды күтпеген инфляция кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляция мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды, мысал ретінде Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген жерде болатын өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысынң құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға тырысады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтын қалыпты жағадайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтайы инфляцияның күтілуі одан арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның өсуі «инфляцияны күту» басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы басқаша болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар рынакқа сатып алу қабілеті бар ақшаны ғана жұмсайды, оны көбірек сақтап жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне, оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз роноктық шаруашылық қызметінің әсерінен онды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эфектісі деп атайды. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, “Пигу эфектісі” экономикада нақты болатын жағдай емес, тек теориялық болжамды білдіреді.
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары.
Инфляцияның зардаптары күрделі және түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгеуі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіңдегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілік бұзылып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мындай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті «таудан аққан тасқынға айналдырып», тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие қызметінің жүйісін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екінші елге аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік жағдайлары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салықтың үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқының қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырады. Инфляция зардабын барлық жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер және т.б. басынан өткізеді.
«1981-1982 жылдардағы құлдырау – күтпеген жағдай еді. Расында, ұзаққа созылған тоқырауды ешкім күткен жоқ. Оның инфляция тудыру мүмкін екендігі де кімнің қалайына жаға қойсын»,- бұл біздің еліміздің президентінің 1985 жылғы экономика туралы баяндамасы.
Қысқа мерзімді инфляцияның төмендетілуі аз, ол ұзақ мерзімді инфляция мен жұмыссыздық аралығында үйлесім, ымыраға келушілік болмайды.
Филлипс қисығы. Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисті О.Филлипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1961-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбек ақы кесімдері және жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған.
Филлипстің анықтауынша, Англия жұмыссыздықтың 2,5-3% -тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күр тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанды, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады.
Филлипс есептеулерінің
теориялық негізін Р.Липси
Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, U1 (Р1 - инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында белгілі ақша-несие және қаржы-бюджет іс шараларынң жүргізілуі қажет болады. Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады. ЖҰӨ-нің өсуі жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларынң деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс ауқымы өседі, түптеп келгенде ЖҰӘ өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы U2 -ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны Р2 -ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың “қызуын” арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, “қымбат” ақша-несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл өседі, оның деңгейі U3 -ке жетеді.
Батыс тәжірибесі көрсеткендей,
Филлипс сызығын қысқа
Осы жағдайлардың арасында
сұранымды ынталандыру
Айталық, номиналды еңбек ақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сәйкес иняфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі өсы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайн инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына қосымша сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен артық көтері талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азыйтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшыларды жұмысқа алуды тоқтатвды, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып, жұмыссыздықты арттырады. Бұл 60-шы жылдары американ экономисі М.Фридмен ерекше назар аударған еді. Рның айтуынша, жұмыссыздық пен инфляция арқылы күресу тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті іс-әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықталған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы мүмкін.
Стагфляцияны Филлипс қисығы арқылы да суреттеп көрсетуге яғни, Яғни Филлипс сызығының солдан оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады. Филлипс қисығы оңға жылжығанда бағалардың өсуі жұмыссыздықтың өсуімен қатар қалыптасады.
Филлипс қисығы жұмыссыздық пен инфляция баламасын талдау құралы ретінде тек бояу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы 70- ші жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезегіндей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономикалық заңдылықты көрсетпейді.
Филлипс қисығының орнына 1979 ж бастап АҚШ-та және Ангияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай: ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың деңгейі оның табиғи деңгейінен артпаса ғана қоғамда баяу инфляция қалыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның онды дамуына әсер ететін одны фактор болады.
Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлеріне құралған болса, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек нарығының құрылымымен анықталады.
Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен сақтап, инфляцияның өсу қарқынын төмендетіге арналған экономикалық саясат әрқашан оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып мынадай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсуі жалғаса береді. Бұған қоса соңғыонжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өсіп отырады. Мысалы, АҚШ-та жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60-жылдары 4% -ке тең болса, 80-ші жылдардың екінші жартысында 6-7%-ке дейін өскен екен.
2. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯСИЯНЫ
2.1. Қазақстан Республикасында инфляция деңгейі және оны жоспарлау
Осы күнде Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және олардың негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйілерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс
құрылымы қаржы баға жүйелерін
анықтайды. Өндірісте
Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бес жылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып
тереңдеп отырған. Кеңес
экономикасында тарихи түрде қалыптасқан
диспропорцияларды бірнеше
Бұл диспропорциялар
Кеңес экономикасының өзінде бағалардың
инфляциялық өсуін тұрақты
Қазақстанда қалыптасқан
өндірісаралық, оның ішінде шикізат
өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі
арасындағы диспропорция тіпті бұрынғы
Одақтас Республикаларға