Оңтүстік Батыс Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 20:08, реферат

Описание

Оңтүстік-Батыс өңірі өнеркәсіп салаларының ішінде мұнай, газ шығаратын және мұнай, газ өңдейтін салалар басым республиканың жалғыз экономикалық ауданы. Бұл жақта барлық мұнай-химия өнеркәсіптері даму үстінде.
Осы экономикалық ауданда Қазақстан халық шаруашылығының негізгі қорының 16% астамы шоғырланған. Оңтүстік Батыс аудандарының республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі үлесі 13% шамасында, ал ауыл шаруашылық өнімінде 2%. Бұл өңір республиканы халық тұтынантын заттардың 3% астамын өңдіріп, тауар айналымының 5% қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ-9% өндіріліп, еңбек қорының 5% шоғырланған.

Содержание

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Маңғыстау облысы өндірістік кешені
2. Атырау облысы өндірістік кешені
3. Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Оңтүстік батыс қазақстан.docx

— 78.75 Кб (Скачать документ)

                                                     Жоспары

 

  1. Кіріспе

 

  1. Негізгі бөлім

 

1.   Маңғыстау облысы өндірістік кешені

2.   Атырау облысы өндірістік кешені

3. Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары

 

III)      Қорытынды

 

IV)      Пайдаланылған әдебиеттер.

 

КІРІСПЕ

 

Оңтүстік Батыс экономикалық ауданға Атырау және Маңғыстау облыстары  кіреді. Аймақ жерінің көлемі 284 мың  шаршы км тең, халқының саны 876 мың адам, оның 75% қала тұрғандары. Орта есеппен алғанда 1 шаршы км шаққанда халықтың тығыздығы 3 адам шамасында. Оның жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы 1517 км тең, ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы 4700км.

Оңтүстік-Батыс өңірі  өнеркәсіп салаларының ішінде мұнай, газ шығаратын және мұнай, газ  өңдейтін салалар басым республиканың  жалғыз экономикалық ауданы. Бұл жақта  барлық мұнай-химия өнеркәсіптері  даму үстінде.

Осы экономикалық ауданда  Қазақстан халық шаруашылығының негізгі қорының 16% астамы шоғырланған. Оңтүстік Батыс аудандарының республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі үлесі 13% шамасында, ал ауыл шаруашылық өнімінде 2%. Бұл өңір республиканы халық тұтынантын заттардың 3% астамын өңдіріп, тауар айналымының 5% қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ-9% өндіріліп, еңбек қорының 5% шоғырланған.

Аудан республиканың өнеркәсіптік ауданына жатады. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларының тұтас өнімдері көлемінде өнеркәсіптің үлесі 82% астам. Атырау және Маңғыстау облыстары  шөл және шөлейт аймақтарда орналасқан, сондықтан ауыл шаруашылық өндірісін  дамыту қиынға түседі.

Қазақстанның бұл бөлігінде  жаңа мұнай және газ кен орындарын  ашу міндеті тұр. Осы себептен жердің кейбір қабаттарында көп шығын  қажет ететін скважиналарды терең (500 м астам) бұрғылау жұмыстарын жүргізу  қажет.

Машина жасау саласы бұл  ауданда мұнай-газ өнеркәсібіне қажет машина шығаратын Атырау машина жасау заводы және Балықшы ауылында республикада кемелер жөндейтін  жалғыз завод жұмыс істейді.

Өңір экономикасында балық өнеркәсібі айтардлықтай орын алады. Балық аулау республикада ұсталған балықтың жартысын беретін Каспий теңізінде және Орал өзенінде жүргізіледі. ТМД елдеріндегі ірі Атырау балық консерві комбинаты көптеген шет елдерге экспортқа жіберетін ірі дәмді балық уылдырығын шығарады. Бұл кәсіпорыннан басқа Балықшы балық комбинаты және Шортанбай балық заводы жұмыс істейді.

Оңтүстік Батыс Қазақстан  өңірінің, әсіресе Маңғыстау обылысы  орналасқан Маңғыстау түбегіндегі  табиғи байлықтарды игеру үшін орасан зор отандық және шет ел инвестициялары қажет.

ҚР Үкіметі осыдан бірнеше  жыл бұрын «Қазақстан-Каспий-Шельф» (ҚКШ) мемлекеттік компаниясын құрды, ол Халықаралық консоциумде үлестіру жұмысын жүргізеді. ҚКШ мемлекеттік  компаниясы құрамына «Бритишгаз», «Бритиш  Петролиум», «Стратойл», «Аджип», «Мобил», «Шел» және «Тотал» жеті шет ел фирмалары кіреді. Бұл компанияның  басты мақсаты геофизикалық зерттеу, экологиялық мониторинг (адамның  шаруашылық әрекетіне байланысты табиғат жағдайын бақылау, бағалау және жобалау), іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу, қорлардың көлемін анықтау және көмірсутекті шикізаттарды шығару, тасымалдау үшін инфрақұрылымдар құру. Жұмыс аяқталған соң бұл консерциум ыдырап, оған қатысушылар өздігінше әрекет жасаулары ұйғарылған.

Оңтүстік Батыс Қазақстан  экономикалық ауданындағы ауыл шаруашылығының салалары мал шаруашылығы – қой, түйе малдары. Егін шаруашылығының дамуы  табиғи жағдайына және су тапшылығына  тіреледі. Мұнда республикада өңдірілетін  еттің 3% шамасы, сүт және жұмыртқаның 1% - тен кемі өндіріледі. Аймақ шаруашылықтарында  ірі қара мал басының 2%, қой және ешкінің - 7%, ал түйе малының - 43% шамасында  шоғарланған.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Қазақстанның Оңтүстік Батыс  экономикалық ауданы 2 обылыстан, яғни Атырау және Маңғыстау облыстарының құрылады. Оңтүстік Батыс экономикалық ауданың ашығырақ түсіндіру үшін әр облысқа жеке – жеке тоқталайық.

 

Маңғыстау облысы өндірістік кешені

 

Маңғыстау аймағының  орталығы - Ақтау қаласы. Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады. Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау  облысында Мұнайлы ауданы болып  құрылды. Екінші аудан Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды.

Маңғыстау облысына кіретін  аудандар:

 

Атауы

Ортлығы

1.

Ақтау

Ақтау

2.

Жаңаөзен

Жаңаөзен

3.

Бейнеу ауданы

Бейнеу

4.

Қарақия ауданы

Құрық

5.

Маңғыстау ауданы

Шетпе

6.

Мұнайлы ауданы

Мұнайлы

7.

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко


 

 

 

 

Маңғыстау облысының соңғы  он жылдағы демографиялық динамикасы:

Маңғыстау облысының орташа демографиялық көрсеткіштері

2009

2010

2011

2012

Халық саны, мың адам

416,544

492,948

513,721

534,950


 

Жыл басына, мың адам

2009

2010

2011

2012

Маңғыстау облысы

407,4

425,7

446,2

524,2

Ақтау қаласы

149,4

154,5

158,5

177,7

Жаңаөзен қаласы

87,1

90,2

93,7

118,7

Бейнеу ауданы

42,7

45,1

47,7

51,7

Қарақия ауданы

28,2

28,8

29,6

30,8

Маңғыстау ауданы

29,0

30,3

30,6

32,0

Мұнайлы ауданы

53,4

59,6

68,3

91,8

Түпқараған ауданы

16,7

17,2

17,8

21,6


 

2012 жылдың басында облыста 524.2 мың адам тұрды, оның ішінде қала халқы – 275,8 мың немесе 52,8%, ауыл халқы – 248,3 мың адам (47,4%). 2007 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 133,7 мың адамға немесе 34,2% өсті.

Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып  табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың  көп болуына, соның ішінде мұнай  және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі  мұнай және газ кен орындары игеріле  бастады.

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің  бойында орналасқандықтан және басқа  елдермен шекаралас болғандықтан жүк  тасымалдау қарқыны да жыл сайын  өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып  келе жатыр. Баутин теңіз сауда порты – Түпқараған түбегінің жағасындағы Баутин кентінде орналасқан. Аудан орталығы Форт-Шевченко қ-нан солт-ке қарай 4 км жерде. 1997 жылдан Ақтау халықаралық теңіз сауда порты респ. мемлекеттік кәсіпорынның аудандық жүк тасымалдау бөлімшесі саналады. Баутин порты жайлы алғашқы деректер Грузия республикасы мемлекеттік мұражайларында кездеседі. Закаспий облысының бастығы генерал-адъютант Шереметьевтің қолы қойылған 2457 3 қазан 1887 ж. жазылған хатында Түпқараған кіші кемелер айлағы құрылысын салуға рұқсат етілген. Осы мерзім Баутин теңіз сауда портының негізі қаланған күн болып саналады. Жоба бойынша қоршалған кемелер тоқтайтын Түпқараған жері мен «Форт-Александровск теңіз агенттігі» құрылды. 1939 жылдан бастап «Форт-Александровск теңіз агенттігі» «Форт-Шевченко теңіз агенттігі» болып өзгертілді. 1939 –55 ж. агенттік Махачкала порты басқармасы құрамында болды. 1955 – 58 ж. Форт-Шевченко Астрахан теңіз сауда портының Баутин порт бөліміне айналды. 1958 жылдан порт Гурьев(қазіргі Атырау) теңіз сауда порты құрамына берілді. КСРО Теңіз флоты министірлігінің бұйрығымен 1960 ж. Баутин порты 3 разрядты теңіз портына айналды. Баутин теңіз сауда портының негізгі міндеттері: порттың барлық сауда айналымының 70%-ын құрайтын минералдық құрылыс материалдарын, ұлутас пен қиыршықтастарды жүктеу болып табылады. Жүк айналымының қалған бөлігі машиналарға, өнеркәсіптік жабдықтарға, ағаш материалдары, т.б. х. ш. жүктеріне келеді. 

Облыстың 2012 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері:

  • Жалпы аймақтық өнім - 1 422,9 млрд теңге (5 орын)
  • Өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі- 1647, 4 млрд теңге (2 орын)
  • Ауылшаруашылығының өнімі - 4.4 млрд теңге (14 орын)
  • Негізгі капиталға жасалған инвестиция - 372 млрд теңге (3 орын)
  • Бөлшекті сауда көлемі - 78 млрд теңге (14 орын)

Облыстың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы

 

2010

2011

2012

Жалпы аймақтық өнім, (млн. теңге)

1 095 816,2

1 108 520,5

1 484 848,4

Жан басына шаққандағы жалпы  өңірлік өнім, (мың теңге)

2 631,0

2 248,8

2 890,4

Жалпы өңірлік өнімдегі аймақтардың  үлесі, (%)

6,8

6,5

6,8


 

Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2012 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1 млрд. теңге құрады, ал негізгі қорлар (қалдық құны бойынша) - 324,9 млрд. теңге. 2012 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд. теңге, немесе 2011 жылғы деңгейдің 126,9% құрады. 2012 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд. теңгені құрады, ол 2011 жылға қарағанда 1,3 есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2012 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған.

Маңғыстау өнеркәсіптік ауданыңда  жұмыс жасайтын негізгі ірі компаниялар:

    • Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
    • Маңғыстаумұнайгаз
    • Өзенмұнайгаз
    • ПМК
    • Ақтау порты
    • Казмортрансфлот
    • Қаражанбасмұнайгаз
    • Қарақұдықмұнай
    • Бозачи
    • Каспий меруерті оперейтинг
    • Н оперейтинг
    • Құрманғазы Петролеум
    • Хазар
    • Ерсай
    • МАЭК
    • КазАзот
    • Keppel Kazakhstan
    • Теңіз сервис

Мұнай өндіру кен орындары:

Кен орынның атауы

Операторы

1.

Қаламқас

Маңғыстаумұнайгаз

2.

Жетібай

Маңғыстаумұнайгаз

3.

Өзен

ҚазМұнайГаз Барлау және Өндіру

4.

Қаражанбас

Қаражанбасмұнай

5.

Жемчужина

Каспий меруерті оперейтинг компани

6.

Қарақұдық

Қарақұдықмұнай

7.

Арман

Арман

8.

Блок Н

Н Оперейтинг компани

9.

Құрманғазы

Құрманғазы Петролеум

10.

Дунга

Маерск


 

Өзенмұнайгаз – мұнай және газ өндіруші кәсіпорын. 1961 ж. ашылған «Өзен» кенішінің негізінде 1965 жылдан «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы ретінде жұмыс істей бастады. 1966 ж. 10 шілдесінде «Өзен» кен орнынан алғашқы миллион тонна мұнай өндірілсе, 1980 ж. 150 млн. т мұнай өндірілді. 1994 ж. қазан айынан осы атпен өндірістік бірлестікке айналды. 1996 жылғы сәуірден ААҚ болып қайта құрылды, 24 өндірістік бөлімшені қамтиды. Акцияларының 90%-ы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясына, 10%-ы еңбек ұжымына тиесілі. Қазір «Өзен» ААҚ-ның балансында 11 кеніш бар, өндіріп алынатын мұнай қоры 204 млн. т, конденсат қоры 1,5 млн. т және газ қоры 22 млрд. м3. Қоры жағынан олардың ең ірілері – «Өзен» және «Қарамандыбас» кеніштері. Пайдаланудағы мұнай ұңғымасы – 3583, газ ұңғымасы – 82 (2001). Кәсіпорын құрамында газ өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өндірілген мұнай ТМД елдеріне және шетелдерге шығарылады. 1997 жылдың 31 шілдесінен стратегиялық инвесторды таңдау жөніндегі халықаралық тендерді Қытай ұлттық мұнай корпорациясы жеңіп алды. 2004 ж. «Филиалды заңды тұлғаға тіркеу» қаулысына сәйкес «Қазмұнайгаз» біріккен өндірістік АҚ-нда, «Өзен» өндірістік филиалы пайда болды.

Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2012 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді.

Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2012 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді.

2012 жылдың соңына қарай ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады.

Информация о работе Оңтүстік Батыс Қазақстан