Оңтүстік Батыс Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 20:08, реферат

Описание

Оңтүстік-Батыс өңірі өнеркәсіп салаларының ішінде мұнай, газ шығаратын және мұнай, газ өңдейтін салалар басым республиканың жалғыз экономикалық ауданы. Бұл жақта барлық мұнай-химия өнеркәсіптері даму үстінде.
Осы экономикалық ауданда Қазақстан халық шаруашылығының негізгі қорының 16% астамы шоғырланған. Оңтүстік Батыс аудандарының республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі үлесі 13% шамасында, ал ауыл шаруашылық өнімінде 2%. Бұл өңір республиканы халық тұтынантын заттардың 3% астамын өңдіріп, тауар айналымының 5% қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ-9% өндіріліп, еңбек қорының 5% шоғырланған.

Содержание

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Маңғыстау облысы өндірістік кешені
2. Атырау облысы өндірістік кешені
3. Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Оңтүстік батыс қазақстан.docx

— 78.75 Кб (Скачать документ)

2012 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша менеджмент жүйесін енгізген  кәсіпорындардың саны 91-ді құрады, оның ішінде ИСО 9001-86, ИСО 14001-19,  OHSAS 18001-16, ИСО 22000-3. Өнімдерін экспортқа жеткізіп беруші кәсіпорындар -11, менеджмент жүйесін енгізу сатысындағы-9.

Отандық өнім сапасын көтеру мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды, негізгі міндеті тауар өндірушілерді  халықаралық стандарттарға көшу дайындығын анықтау.

Бизнес-жоспарларды, индустриаландыру картасының жобаларын әзірлегенде, қабылданатын техникалық регламенттер және мемлекеттік стандарттардың талаптарын орындауды қарастыру қажет.

2011 жылдың 1 шілдедегі жағдайы бойынша «Атырау МӨЗ» ЖШС-і «АВТ -3-АТҚ бәсең кокстеу кондырғысының вакуум блогын қайта жаңғырту» және «Хош иісті көмірсутектер шығаратын кешеннің құрылысы» инвестициялық жобалары іске асырылуда, «Мұнайды терең өндеу кешенінің құрылысы» 3 жобаны іске асыруды бастау 2011 жылдың 2 тоқсанына жоспарлануда. 

Осы жобаларды  іске қосу үшін стандарттау бойынша шамамен 140 жаңа құжат қолданылады, соның  ішінде халықаралық, мемлекетаралық және Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  стандарттары.

«Брандо» ЖШС бойынша  ИСО - 9001 стандарты талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігі расталады.

 

Маңғыстау облысы өндірістік кешенін дамыту бағдарламасы.

 

Маңғыстау облысын  дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы:

Тұтастай алғанда, қабылданған  барлық шаралар экономиканы сапалық  тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын  одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат  деңгейі мен өмір сүру сапасын  арттыруға бағытталған.

1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 1268,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 97,5% құрады. 
       Облыстағы өнеркәсіптік өнімінің жалпы көлемінде үлесі 93,9% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1192,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі – 97,2% құрады.

2012 жылғы қаңтар-шілдесінде  мұнай өндіру 2011 жылдың осындай  кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға  төмендеп, 10,2 млн.тонна құрады, табиғи  газ өндіру – 17,5%-ға (1342,2 млн.  текше метр) төмендеді. Мұнай мен  газ өндірудің, тиісінше өнеркәсіп  көлемінің төмендеуін негізгі  себебі – облыста игеріліп  жатқан көмірсутегі кен орындарының  табиғи түгесілуі.  

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10%-ға (40,6 млрд. теңге) дейін азайды. Тапсырыстың жоқтығынан (Бейнеу ауданындағы «Ақ-Бидай терминалы) ұн тарту өнеркәсібінің өнімдерін өндіру қысқаруына байланысты азық-түлік өндірісі 27,2%-ға төмендеді, тоқыма өнімдері өндірісі ағымдағы жылы сұраныстың төмендеуіне байланысты 27,9%-ға төмендеді (жеңіл өнеркәсіп саласында 2 орташа кәсіпорын бар – «Жамал-ай» АҚ және «Жанарыс» ЖШС.

Өңіріміздегі негізгі  машина жасау кәсіпорындары –  «Каспий өңірлік машина жасау  кешені» ЖШС («КМК» ЖШС), «Каскор-Машзавод», «GMMOS Қазақстан» ЖШС толық қуаттылыққа  жүктелмеуіне байланысты машина жасау 29%-ға төмендеді. «Каспий өңірлік  машина жасау кешені» ЖШС кәсіпорнында тұрақсыз жағдай орын алды, «КМК» ЖШС  және «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ арасындағы 2012 жылғы №226-16 келісілген келісім  акционерлік қоғам тарапынан  себепсіз түетілгендіктен келісімнің жалпы соммасының 25-30%-ның төмендеуіне  алып келді.

Қазіргі кезде өндірісті  қайта құрудың және қайта жаңғыртудың 2-кезеңіне дайындық жүріп жатқандықтан, химиялық өнімдер өндіру өнеркәсібінің  өнімі 6,2%-азайды. Өзге де металдық емес минералды өнімдер өндірісі тапсырыс берушілердің сұранысының төмендеуіне  байланысты 5,2%-ға төмендеді. 

Резеңке мен пластмассадан  жасалған бұйымдар өндірісінде (1,8 есе), тері және теріден жасалатын өнімдер  өндірісінде (1,4 есе) өсім байқалады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың қаңтар-маусымында  17,2 мың АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 14,1%-ға төмендеді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 27,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе өткен жылдың осындай деңгейіне -  122,4%.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 8,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2011 жылдың тиісті деңгейіне – 141,8%.

Елдің Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 625 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 44705 жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде – 13208 жұмыс орны, пайдалануға беру кезеңінде – 31947 жұмыс орны) 34 жоба енгізілді. 

Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 231,07 млрд. теңге болатын және жаңадан 10272 жұмыс орны құрылатын 31 жоба, республикалық  Индустрияландыру картасына жалпы  сметалық құны 394,1 млрд. теңге болатын  және жаңадан 21225 жұмыс орны құрылатын 3 жоба енгізілді.

2010-2011 жылдары жалпы сметалық  құны 120,5 млрд.теңге болатын 17 жоба  аяқталып, жаңадан 3874 жұмыс орны  құрылды. 2010 жылы іске қосылған  объектілердің 5-еуі қуаттылығы 100% жүктемеге ие («Корпорация АПК-Инвест»  ЖШС-нің диірмен кешенінен, құрама  жем зауытынан тұратын элеватор  кешені,  Баутин кентіндегі «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС-нің кеме жөндеу зауыты, «ГММОС Қазақстакн» ЖШС-нің мұнай-газ құрал-жабдықтарын шығару бойынша зауыты (2 кезең),  Ақтау қаласы әуежайының халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы және ұшыру-қондыру жолағын қайта құрылымдау «АТМ Групп» ЖШС, қабырғалық қуыс жабынды плиталар өндірісі «Еврострой-А» ЖШС,  1 жоба - 60%-ға жүктелген (теңіз операцияларын қолдау базасы «Балықшы» ЖШС), және 2 жоба бойынша қуаттылық жүктелмеген, оның ішінде: 

- жылына қуаттылығы 84 мың  тонна бұрғылау ерітінділер өндірісі  «Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.». Бұл Солтүстік Каспий  жобасына бағытталған. Кәсіпорын  «Аджип ККО»-ның тендеріне қатысты.  Жоба алдын ала мақұлданды. Өнім  жеткізуге арналған шартқа қол  қою бойынша дайындық рәсімдері  жүргізілуде. Келісімшарт оорташа  мерзімді (4 жыл) болмақ;

- «Теңіз Сервис» ЖШС-нің  металл конструкциялары зауытының  өндірістік алаңы. Қазіргі кезде  алаңша нақты өндіріске дайындалған,  алайда Қашағанның екінші фазасын  іске асыруды бастау мерзімі  айқындалмауына байланысты зауыт  құрылысыбасталған жоқ. Экологиялық  әсер ету базасын орналастыру  бойынша ұсыныс қаралуда, сондай-ақ  «Технип» француз компаниясымен  металл конструкциялары зауытын  құру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

2011 жылдың 9 жобасының ішінен  – «Қазақстан темір жолының»  «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік  шекара» жаңа темір жол желісінің  құрылысы» жобасы бойынша қазақстандық  бөлік 100% аяқталды. Екі жоба бойынша  өнім шығару басталған жоқ.  Қалған 6 жоба бойынша орташа жүктеме  - 60%.

2012 жылы жалпы сметалық  құны 64,522 млн. теңге болатын және  жаңадан 3624 жаңа жұмыс орны  құрылатын 11 жобаны, оның ішінде  өңірлік Картаның 9 жобасын, республикалық  Картаның 2 жобасын аяқтау жоспарланған, олар:

- «Ақтау пластикалық масса  зауытында жол битумдарын өндіру»  «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны;

- «Сұйық дәрілік формалар  мен медициналық мақсаттағы бұйымдар  шығару бойынша фармацевтикалық  кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур»  ЖШС»;

- «Мұнайдан тұратын қалдықтар  мен мұнайды қайта өңдеу бойынша  шағын зауыт» «ХаКоОйл» ЖШС;

- «Тауарлық-бекіре фермасының  құрылысы» «Осетр-Аралды» САС;

- «Жел  электр станциясының құрылысы»  «DMK-Ko» ЖШС;

- «Бетоннан жасалатын  бұйымдар өндірісі» «Рауан и  Ко» ЖШС;

- «Резеңке ұнтағынан жабын  өндірісін ұйымдастыру» «ИК-Дара»  ЖШС;

- «Аммиак, азот қышқылы  және аммиак селитра өндірісін  тұрақтандыру және жаңғырту»  жобасы «ҚазАзот» ЖШС;

- «UHT өңделген сүт және  балмұздақ өндірісі бойынша жаңа  қуаттылықты іске қосу. Ашыған  сүт өнімдерін шығару бойынша  қуаттылықты кеңейту «Гурман»  ЖШС;

- «Газ және суға арналған  полиэтилен құбырларын өндіру  бойынша зауыт» «Арлан Group- Aktau»  ЖШС.  

 Облыстың бәсекеге  қабілетті артықшылықтарын есепке  ала отырып, облыс  экономикасын өсірудің мынадай резервтері анықталды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және қосымша барлау, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көлік логистикасын, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және  тауарлық балық өсіруді) дамыту.  

 Өнеркәсіп салаларындағы  және облыстың жүйе құраушы  кәсіпорындарындағы мынадай өсу  резервтері бар:           

 Тау-кен өндіру  өндірісі. «Өзенмұнайгаз» ӨФ-да мұнайдың бастапқы қорының 70%-дан астамы өндірілді, бұл ретте өңірдегі көмірсутегі шикізатын дайындау қарқыны әлі де болса өндіру динамикасынан артта қалуда. Бұл мұнай-газ компанияларының, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» ӨФ мен «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты мейлінше ірі компаниялардың перспективалық дамуын тежейді.           

 Республикалық бюджет  есебінен өңірдің минералды-шикізаттық  кешенін іздестіру, барлау және  қайта барлау бойынша іс-шаралар  өткізу қажет. Бұдан басқа,  мұнай және газ министрлігі,  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Өзенмұнайгаз»  ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҚ  компанияларының перспективалық  даму жоспарларын, оның ішінде  көрсетілген компаниялардың қосымша  барлау және жаңа кен орындарын  игеру перспективаларын бекітуі  қажет.              

 Өңдеу өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында Маңғыстау облысында өңір үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған «CaspianStal» ЖШС мен «Ақтау болат құю зауытының» ЖШС («АҚЗ» ЖШС) екі металлургия зауытын салу инвестициялық жобалары іске асырылды.           

 Екі кәсіпорын да  шикізат ретінде қара металл  сынықтарын қолданады. Бірақ,  соңғы кездері өңірде осы шикізат  көлемінің жеткілікті болуына  қарамастан, шетел мемлекеттерінің  металл компанияларының қажеттіліктерін  қамтамасыз ете отырып, мемлекеттен  тыс  толық жүзеге асыратын, металл сынықтарын дайындаушылардан металл сынықтарын алу бойынша мәселелер туындады. Аумақта шикізаттың жетіспеушілігі 2012 жылдың қаңтар-наурызында қара металлургия өндіріс көлемінің 16%-ға төмендеуіне алып келді.            

 Қазақстанның металлургия  өнеркәсіп кәсіпорындарын қара  металлдардың сынықтарымен және  қалдықтарымен қамтамасыз ету  мақсатында, оны экспорттауға толық  тыйым салғанға дейін металл  сынықтары айналымын реттеуге  бағытталған тиісті шаралар қабылдау  қажет.  

 «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 46 жоба іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА  аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен  қамтамасыз ету қажет.

2011 жылы  № 3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. Бұл мақсатқа 2012 жылға №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді.

Өңірдің экспорттық әлуетін  және инвестициялық тартымдылығын  дамыту мақсатында облыс әкімдігі  «Ақтау теңіз порты» АЭА  аумағын жаңа өнеркәсіптерді құру үшін қосымша кіші аймақтармен кеңейту ұсыныс берді.

Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында «Жезқазған – Бейнеу» темір жол  желісінің құрылысы басталуда. Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдау басталды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау – Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс  аймағын дамыту жобасын іске асыру  бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық  әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме  әзірленді. 420,5 млн. теңге көлемінде республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталуда.

ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені  құрайды. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы  11 қарашадағы № 1321 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарымен  осы объектілерді республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап  салу  қарастырылған.

«Кендірлі» халықаралық  курортын, оның ішінде әуежай салу жобасы  2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанды Индустрияландыру картасына енгізілді. Әуежай салу жобасы бойынша ТЭН әзірленіп, «МЖС ҚО» АҚ-ның оң қорытындысы алынды, ИЖТМ-не 86,7 млн. теңге сомасында ЖСҚ әзірлеуге өтінім жолданды. Ресмпубликалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесін шешу қажет.

2. Өңірдің ауыл шаруашылығында ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде 3826,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 102,8% құрады.

Мал басының барлық түрінің, оның ішінде 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  түйенің – 6,2%, жылқының – 5,3%, ірі  қара малдың – 5% өсуі байқалады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігі 2012 жылдың 1 тоқсанында адам басына 4 мың АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылдың 1 тоқсанына 14,3%-ға ұлғайды.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 24,1 мың бірлік құрайды немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 8,5%-ға дейін өсті және 85 мың адамды құрады, халықтың экономикалық белсенді тобының құрылымындағы олардың үлесі 1.07.2011 жылғы 33,2%-дан 1.07.2012 жылы 33,8%-ға дейін артты.

Информация о работе Оңтүстік Батыс Қазақстан