Оңтүстік Батыс Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 20:08, реферат

Описание

Оңтүстік-Батыс өңірі өнеркәсіп салаларының ішінде мұнай, газ шығаратын және мұнай, газ өңдейтін салалар басым республиканың жалғыз экономикалық ауданы. Бұл жақта барлық мұнай-химия өнеркәсіптері даму үстінде.
Осы экономикалық ауданда Қазақстан халық шаруашылығының негізгі қорының 16% астамы шоғырланған. Оңтүстік Батыс аудандарының республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі үлесі 13% шамасында, ал ауыл шаруашылық өнімінде 2%. Бұл өңір республиканы халық тұтынантын заттардың 3% астамын өңдіріп, тауар айналымының 5% қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ-9% өндіріліп, еңбек қорының 5% шоғырланған.

Содержание

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Маңғыстау облысы өндірістік кешені
2. Атырау облысы өндірістік кешені
3. Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Оңтүстік батыс қазақстан.docx

— 78.75 Кб (Скачать документ)

Сонымен қатар, біріктірілген газ химиялық кешенді іске қосу, Атырау МӨЗ қайта  жаңғырту жобасы және басқа да жобалар  қалыптасқан сәйкессіздікті ұстап, экономиканың шикізаттық емес саласының  өндірістік көлемін арттыруға мүмкіндік  береді.Бұған алғышарттар бар:

Облыстың  өнеркәсіптік саясатын 7 аудан және 2 қала (1 облыстық маңызы бар, 1 аудандық маңызы бар), үлесіне өндірілетін  өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінен 98% келетін, яғни шешуші  өндірістік қуаттар орналасқан,    14 ірі  және 34 орта өнеркәсіптік кәсіпорындар қалыптастырады.

Республикалық тауарлық өндірісте облыстың меншікті салмағы         24,3% -ды құрайды.

2009 жылы өнеркәсіп өнімінің  көлемі қолданыстағы бағамен             2 115,1 млрд. теңгені құрады, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі-120,5%. Индербор кентінде  қуаты жылына 3,5 млн. дана гипс блоктарын шығаратын «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС  гипс блоктарын дайындау бойынша  цех пайдалануға берілді. 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы  көлеміндегі үлес салмағы 90,8% құрайтын тау-кен өнеркәсібінде 1 919,6 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.

Облыс бойынша 2011 жыл ішінде 26,5 млн. тонна мұнай, немесе         2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,8%, 11,5 млрд. текше м. ілеспе мұнай газы (127,2%) өндірілді.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 173,5 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 11,8%-ға жоғары. 

Индустриалдық – инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде 2004-2007 жылдары сомасы 79,1 млрд. теңге тамақ  өнімдерін өндіру, тұрмыстық химия, құрылыс материалдарын, медициналық  препараттарды және электр энергия  объектілерінің құрылысын көбейтуге  бағытталған  128 жоба іске асырылды, 2008 жылы –589 млн.теңгеге 4 жоба.

2010-2014  жылдарға арналған  Үдемелі индустриялық-инновациялық  даму мемлекеттік бағдарлама  шеңберінде жалпы құны 1346,0 млрд. теңге          11 инвестициялық жоба іске асырылады.

Индустрияландыру картасы  шеңберінде Атырау облысы әкімдігіне жалпы құны 35,5 млрд. теңге 9 инвестициялық  жобаны іске асыру бекітілген.

2010 жылы іске қосылатын  жобалар тізбесіне жалпы құны                      31,5 млрд.теңге 7 жоба енгізілді,  олардың ішінде, 1 жартыжылдықта сомасы     12,7 млрд. теңге 4 инвестициялық жоба іске қосылды.

Астананың Жаңа Университеті ашылу салтанаты және Елбасының қатысуымен индустриялық объектілердің тұсаукесері бойынша  Телекөпір өткізу шеңберінде Атырау облысынан «Брандо» ЖШС бір пайдаланатын шприцтер шығаратын зауыт таныстырылып, іске қосылды. Сонымен қатар, Индер  ауданында – құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт, «Биас Тек» ЖШС, Атырау қаласында - газтурбиналық жабдықтарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету зауыты, «Казтурборемонт» ЖШС, тұрғын үй құрылысы үшін жеңілдетілген панелдер шығаратын зауыт, «Констракшн KZ» ЖШС іске қосылды.

2011 жылдың екінші жартыжылдығында үш жобаны іске қосу  қарастырылды: «Металлпродукт» ЖШС-і Жылыой ауданында металл жаймаларды шығаратын комбинат, «Жайық Агро» КМК Атырау қаласында жылыжай және көкөніс сақтау қоймасының құрылысы, Атырау Жылу Электр Орталығының 4-ші кезегін кеңейту құрылысы.

Одан басқа, Атырау мұнай  өңдеу зауытын жетілдіру және газ химиялық кешеннің құрылысы сияқты сметалық құны 1310,6 млрд. теңге екі  ірі жобаның іске асырылуы басталды.

Өңдеу өнеркәсібі

Азық-түлік өндірісі. 2011 жылы азық-түлік өндірісі сусындарды қосқанда 6 307 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9 %-ға жоғары болды. Ет және ет өнімдерін шығару 55%-ға, балық және балық өнімдерін шығару 10,2%-ға өсті.

Облыстың ұн өнімдері, кондитерлік  және шұжық өнімдері, өсімдік майы және сары май, жұмыртқаға қажеттілігі  негізінен облыстан басқа аумақтардан  әкелінуі есебінен қанағаттандырылады.

Баспа ісі. Баспа ісінің көлемі бойынша 2011 жылы 411,6 млн. теңгеге өнім шығарылды. Нақты көлем индексі 2010 жылға қарағанда 111,2 %-ды құрады, бұл аптасына төрт реттен жиі шығатын газеттер, шығарлымының  көбеюіне байланысты.

Мұнай өнімдерінің өндірісі. 2011 жылы өндіріс көлемі 152,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 113,4 % болды. Мұнайды өңдеу өнімдерінің жалпы көлемі 4 896,3 мың тонна немесе 106,9 % болды.

Машина жасау. Облыс аумағында 4 машина жасау компаниясы  жұмыс  жасайды: «Атыраунефтемаш» ЖШС, «Қарашұңғыл» ЖШС, «Доссормұнаймаш» ЖШС-мен, «КазТурбоРемонт» ЖШС. 2011 жылы       5 033,6 млн. теңге немесе 2010 жылға қарағанда 104 % өнім шығарылды.

Машина жасау саласының  дамуына бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, аясы тар номенклатура және Қазақстандық машина жасау өнімдерін  тұтыну үлесінің төмен өнеркәсіптік өндірістік қорларының белсенді бөлігінің  техникалық төмен жағдайы болуы, және саладағы инновациалық белсенділігінің  болмашы деңгейі кедергі келтіруде. Сонымен бірге, бұл сала Кеден  одағына енуді ескере отырып, шығарылған өнімді өткізу нарығын ұлғайтудың және құрамдаушы мен шикізат экспортты, импорттың рәсімдерін жеңілдетуде  дамудың зор әлеуетіне ие.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын шығару. Құрылыс  индустриясының жіктегішіне сәйкес 2011 жылы 5,2 млрд. теңге сомасына металл емес минералды өнім шығарылды немесе НКИ 95,8 % құрады.

Саланың дамуына кедергі  келтіретін негізгі мәселелерінің  ішінде аса маңыздылары мекемелердің негізгі қорларын жаңартуға және жаңа технологияларды дамытуды  инвестициялауға мүмкіндік бермейтін  жоғарғы энергия жұмсағыштың  пайдалылығының төмендігі, жұмысшы  және инженер кадрларды даярлау  және біліктілігін арттыру мәселелері.

Құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін  дамыту жөніндегі салалық бағдарламанын  іске асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді жетілдіру және ішкі сұранысты  қамтамасыз етуге және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге  бағытталған жаңа өндірістерді салу жоспарлануда.

Жеңіл өнеркәсіп. Қазіргі  күні облыстың жеңіл өнеркәсібінде  кәсіпорындардың 90 %-дан астамы шағын  және орта бизнес субектілері, сонымен  бірге сала кәсіпорындарының 90%-ына  жуығы жұмыс қуаты               20-30 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен қамтылған.

Сала дамуының беталысы жалпы  облыстық өнеркәсіп көлеміндегі  үлесінің төмендеуі, жұмыс орындарының  қысқартылуымен, отандық тауар өндірушілердің шетелдік өндірушілермен ішкі нарықтан ығыстырылып шығаруымен сипатталады, бұл апатты сипат алуда.

Дайын металл бұйымдардың  өндірісі. 2011 жылы 777,9 млрд. теңге өндірілді, бұл бүрыштамалар, профильдер және металл құрастырмаларының шығарылуы есебінен 3,3 есе өсті.

Фармацевтикалық өнеркәсіп. Фармацевтикалық өнеркәсіпте 14,9 млрд. теңге өнім өндірілді, НКИ 146,1 %-ды құрады. Республикалық өндіріс көлемінің үлесі 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 0,2 %-ды құрады.

Саладағы бар проблемалар  отандық өндірілген өнімнің түр-түрінің  «тар» ассортиментімен, өндірілген өнімнің халықаралық стандарттарға (GMP и ISO 13485) сәйкес еместігімен және саланың дамуын реттейтін нормативтік-құқықтық базаның кемел еместігімен байланысты.

Саланың дамуы үшін мемлекеттік  қолдаудағы секторлық және жобалық  шаралар көрсетіледі, оның ішінде  дәрілік қаражаттарды мемлекеттік  сатып алу, білікті кадрлар ресурстарымен  қамтамасыз ету, техникалық регламентін  жасақтау және енгізу, тікелей инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау.

Ұлттық инновациялық жүйені дамыту.

 Бүгінге Атырау облысының ғылыми әлеуеті 5 ғылыми-зерттеу институтымен және 2 базалық жоғары оқу орнымен ұсынылған, олар ҒЗТКӘ жобаларын әзірлеуді жүргізеді.

Инвесторларды  одан әрі  іздеу үшін қаржыландыруды талап  ететін ғалымдардың ғылыми-зерттеу  жұмыстарының тізімі қалыптастырылуда.

Атырау бизнес-инкубаторы құрылды  және  ойдағыдай жұмыс істеп  тұр, онда 25 жоба өз қызметін жүзеге асырып отыр.

Қойылған мақсаттарға  сәйкес 2010–2020 жылдарға арналған Қазақстанның индустриаландыру картасын әзірленуде, оған өңірлердің ресурстық базасымен  және инфрақұрылымның дамуымен бірге  өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру  схемасы қосылады.

Жақын келешекте ғылым және инновацияны  дамыту саласында өңірлік қолдаудың  негізгі бағыттары:

- жоғары технологиялар өнімдерінің  экспортына бағдарланған, ғылымды  қажет ететін, қор жинақтаушы  және экологиялық таза өндірістерді  әзірлеуге бағытталған зерттеулерді  дамыту;

- ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың  тетіктерін жетілдіруге жәрдемдесу  болып табылады.

 

Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарды дамыту

2007 жылы Елбасының Жарлығымен  Атырау облысының әртүрлі географиялық  алаңдарында «Ұлттық индустриялық  мұнай-химия технобақ» арнайы  экономикалық  аймағы (АЭА) құрылды.

2008 жылы 16 сәуірде ҚР ЭМРМ  №116 бұйрығымен «Арнайы экономикалық  аймағының әкімшілігі «Ұлттық  индустриялық мұнай-химия технобағы»  ММ құрылды.

Ұлттық технобақ жоғары қосылған құнмен инновациялық өнімдерді шығаруға бағдарланған технологиялық бизнес-бақ сияқты дамиды, бұл оның құрылымында инновациялық технологияларды әзірлеу, мақұлдау және іске асыру үшін ғылыми-техникалық және білім орталықтарын құру қажеттілігін талап етеді.

«Атырау облысы ұлттық индустриалдық  мұнай химиялық технобағы» арнайы экономикалық аймақ құрамына қосу үшін Атырау облысының  әлеуетті кәсіпорындар тізбесі, және АЭА  құрамына қосу үшін, полиэтилен және полипропилен өндіру бойынша мұнай химиялық кешенді  пайдалануға қосқаннан кейін  қызметі жүзеге асатын, әлеуетті өндірістер тізбесі  әзірленді. Болашақ өндірістің инфрақұрылымы бойынша жұмыстар басталды.

Қазақстандық  үлесті дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы     №733 Жарлығын іске асыру шеңберінде облыс  әкімдігімен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыс  және қызмет көрсетулерді сатып алу  кезінде қазақстандық үлесті арттыру  мақсатында белсенді жұмыс жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдаланушылардың, олармен жүргізілген мұнайлы  операциялардың сатып алудағы қазақстандық үлестің өсуі басымдық бағыттың бірі болып табылады. Атап айтқанда, ірі мұнай газ жобаларында – Солтүстік Каспий жобасы және Теңіз кен орынын игеру.

2011 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ-ға кіретін компанияларымен Атырау облысы бойынша жалпы сомасы              130,7 млрд. теңге, 1868 келісім-шартқа қол қойылды, соның ішінде тауарлар бойынша 21,1 млрд. теңге сомасында 540 келісім–шарт, жұмыс бойынша         26,4 млрд.теңге сомасында 316 келісім–шарт және қызмет көрсету бойынша 83,1 млрд. теңге сомасында 1012 келісім-шартқа қол қойылды. Сатып алынатын тауарлар, жұмыс және қызмет көрсетудегі қазақстандық үлестің жалпы көлемі 78 %-ды құрады

Қазақстандық үлес бойынша  жұмыс тобы құрылған, қазақстандық үлестің ұлғайту бойынша өңірлік  іс-шаралар жоспары жасалды, облыста  тауар өндірушілердің шамамен 80 жергілікті компания тіркелген каталогы жасалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №366 «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып  алуы Қазақстандық қамтудың мониторингіне  жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы»   қаулысын және 2009 жылғы 3 қырқүйектегі СТ-KZ сертификатын қолдануымен  қазақстандық үлестің Бірыңғай есептеу  әдістемесін орындау мақсатында біз «Атырау балық» АҚ-ы мен  «ИсиГипсИндер» ЖШС-і бойынша ай сайын қазақстандық үлеске мониторингі  жүргізіледі.

«Самұрық-Қазына» ҰЗҚ»  АҚ Басқармасының 2009 жылғы 14 ақпандағы  №04/09 «Отандық тауарөндірушілер Тізілім  жүргізу және құру Ережесін бекіту туралы» шешіміне сәйкес, әлеуетті тасымалдаушылар Тізілімге қосылу үшін алдын-ала белгіленген құжат  тізілімін толтырып, «Самұрық-Қазына Келісім» ЖШС-ң уәкілетті бөлімшесіне  жүгінуге құқылы.

Қазіргі уақытта көрсетілген  тізілімге Атырау облысынан 29 отандық  тауар өндіруші қосылды.

Отандық тауар өндірушілер  тізіміне кірудің негізгі қажеттіліктерінің  бірі Қазақстан Республикасы Индустрия  және сауда министрі В.С Школьниктің 2009 жылғы 11 наурыздағы №59 бұйрығымен бекітілген СТ-КZ тауардың шығуы, сертификаттың  болуы болып табылады. 2011 жылғы 1 қыркүйектегі облыс бойынша 14 отандық тауар өндіруші сертификаттаудан өтті.

Облыстың мемлекеттік  ұйымдар мен жүйе құрушы кәсіпорындарда қазақстандық үлесті ұлғайту шеңберінде келесідей шаралар көзделген:

  • мемлекеттік ұйымдар мен жүйе құрушы кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтердің сатып алуына мониторинг жүргізу;
  • ірі жер қойнауын пайдаланушы компанияларда сұранысқа ие тауарлар мен қызметтердің тізбесін анықтау;
  •   қазақстандық үлес бойынша ірі шетелдік компаниялармен өңірдегі сұранысқа ие тауарлардың өндірісін құрылысына бөлінген қаржының қайта инвестициялау мәселесі бойынша атқарушы органға ұсыныс енгізу;
  • отандық инвесторлардың жеке инвестициялары есебінен және индустриаландыру картасы шеңберінде өндірістің іске асуына жәрдемдесу;
  • инвестицияны тарту үшін кедендік одақтың әлемдік инвестициялық форумдарына қатысу.

Техникалық реттеу және метрология саласын  дамыту

Кәсіпорындарға ИСО сериялы  сапа менеджмент жүйесін енгізу мәселелерін  түсіндіру мақсатында кәсіпорындар, ұйымдар, шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар және жиналыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Стандарттау  жөнінде өңірлік жоспарлар бекітілді.

Информация о работе Оңтүстік Батыс Қазақстан