Оңтүстік Батыс Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 20:08, реферат

Описание

Оңтүстік-Батыс өңірі өнеркәсіп салаларының ішінде мұнай, газ шығаратын және мұнай, газ өңдейтін салалар басым республиканың жалғыз экономикалық ауданы. Бұл жақта барлық мұнай-химия өнеркәсіптері даму үстінде.
Осы экономикалық ауданда Қазақстан халық шаруашылығының негізгі қорының 16% астамы шоғырланған. Оңтүстік Батыс аудандарының республика өнеркәсібінің жалпы өніміндегі үлесі 13% шамасында, ал ауыл шаруашылық өнімінде 2%. Бұл өңір республиканы халық тұтынантын заттардың 3% астамын өңдіріп, тауар айналымының 5% қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ-9% өндіріліп, еңбек қорының 5% шоғырланған.

Содержание

I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
1. Маңғыстау облысы өндірістік кешені
2. Атырау облысы өндірістік кешені
3. Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Оңтүстік батыс қазақстан.docx

— 78.75 Кб (Скачать документ)

2012 жылы 15,5 млн. тонна шикі мұнай, 2,8 млрд. тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд. кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі.

 

Атырау облысы өндірістік кешені

 

Атырау облысының орталығы  - Атырау қаласы. Атырау облысы негізінен, кең байтақ Каспий маңы ойпатына орналасқан. Аумақ рельефі — Каспий теңізінің жағалауынан жоғарылап, түйе өркештенген жазықтыққа ұласады. Каспий маңы ойпатының елеулі бөлігін тізбекті және құмды төбелер (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) алады. Облыстың солтүстік шығысының аз ғана бөлігін Орал маңындағы тарамдалған борлы шоқылар алады.

Облыс қойнауы мұнай мен газға, калий  мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Климаты айрықша континенттік және құрғақ. Жазы құрғақ, ыстық, ұзаққа созылады; қысы суық, қар аз жауады. Облыс аумағындағы ірі өзендер: Жайық (жалпы ұзыны 2428 км), Жем (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км). Облыстағы ірі көл — Индер (110,5 ш.м.).

  Атырау облысы мұнай және газдың орасан ірі қорларына ие, облыстың геоэкономикалық әлеуетін тиімді пайдалану тек Каспий маңы өңірі тұрғындарының ғана емес, жалпы Қазақстанның тұтастай өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, облыс түрлі пайдалы қазбалар қорына бай: кірпіш өндірісіне арналған саз (қор 52,7 млн.тонна деп бағаланды); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс құмы (41,2 млн.текше м), гипс (21,0 млрд.тонна); ас тұзы (687,0 млн.тонна), құм түйірлі-малтатас қоспа  (12,0 млн.текше м), әктас (1,9 млн.текше.м); бор (95,2 млн.тонна); бешофит (50,0 мың тонна), натрий, кальций хлориді, магний хлориді, магний сульфаты диоксидымен байытылған минералдық су көзі, олардың қоры 898 млн.текше метрді құрайды.

Облыста 2 қала, 7 аудан, 11 кент, 183 ауылдық елді мекендер орналасқан.

Атырау облысындағы аудандар

Аудандар

Аумағы 
(мың km²)

Тұрғын жұрты 
(мың адам)

Орталығы

Жылыой

29,4

67,9

Құлсары

Индер

10,9

30,3

Индербор

Исатай

14,7

23,9

Аққыстау

Құрманғазы

20,9

58,5

Ганюшкин

Қызылқоға

24,9

32,2

Миялы

Мақат

4,9

27,2

Мақат

Махамбет

9,6

29,0

Махамбет


 


Облыс халқының саны 480,7 мың адам. Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,1 адам құрайды. Тұрғылықты адам саны 207,2 мың немесе жалпы облыс бойынша 43,1% адам құрады. Қала тұрғындарының саны 274,6 мың (57,1%) адам, ауылдықтар 206,1 мың (42,9%) адам.

Жылы ой ауданына қысқаша тоқтала  кетсек.  Жылыой ауданы мұнай мен газ сияқты пайдалы қазбаларға өте бай, сондай-ақ әлемдегі бай қазба орны - Теңіз өндірістік кені осы ауданда орналасқан. Сонымен қатар ауданда «Жылыоймұнайгаз» басқармасы, «Бақай» корпорациясы, «НСС», «Ғимарат», «КОССК», «Ақниет - Ембі» ЖШС-рі, «Жылыойкөлік», «Теңізавтокөлік» мекемелері жұмыс жасайды. Атырау облысы статистика департаментінің мәліметі бойынша экономиканың нақты секторында 2011 жылдың қаңтар-қазанына 2010 жылғы қаңтар - қазанға %-бен кен өндіру өнеркәсібі -123,3, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу - 105,9, ауыл шаруашылығы - 102,2.

2012 жылы өнеркәсiп өнiмiнің көлемi қолданыстағы бағамен 3 059,7 млрд.теңге құрады, өндiрiлген өнiмнiң нақты көлем индексi - 113,8  %.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы  көлеміндегі үлес салмағы 90,9 % құрайтын тау-кен өнеркәсiбiнде 2780,9 млрд.теңге сомасына өнiм өндiрiлген, нақты көлем индексі - 112,7%.

2012 жылдың ішінде облыс бойынша 30 млн. тонна мұнай немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,1 % және 13,6 млрд. текше м ілеспе мұнай газы немесе 118 % өндiрілді. Бірнеше мұнай кен орындары баршылық солардың біразына тоқтала кетсек:

Доссор мұнай кені , Атырау облысының Мақат ауданында, Атырау қаласынан шығысқа қарай 90 км жерде орналасқан; Қазақстанда ашылған ең алғашқы өндірістік маңызы бар мұнай кені. Доссор мұнай кені 1860 – 87 жылы орыс геологтары Н.А. Северцев, Д.В. Кирпичников, М.М. Новаковский барлап, картаға түсірген. Мұнай 1911 жылдан өндіріліп келеді. 1911 – 17 жылы аралығында Доссор мұнай кенінде 11 мұнай фонтандық ұңғысы болды. Ең үлкен фонтан тәулігіне 525 т мұнай беріп отырды. Сол жылы жалпы шығымы 15700 тонналық 1 ұңғы, 1912 жылы шығымы 16657 т 6 ұңғы, 1913 жылы шығымы 117640 т 16 ұңғы болды. Бұл жылдары негізгі өндірістік алаңы Шығыс Доссорда болатын. Кейіннен (1930 – 40) тұзкүмбезді көтерілімнің мұнайлы құрылымы зерттеліп дайындалды. Мұнда 1938 жылы 185-телім ашылып, 1939 жылы өндіріске қосылды. 1941 жылы Солтүстік Доссор мұнай кені ашылып, 1945 жылы пайдалануға берілді. 1944 – 45 жылдары Оңтүстік-батыс Доссор мұнай кені құрылымы барлауға дайындалып, іздестіру-бұрғылау нәтижесінде тек 1978 – 82 жылдары ғана нақтыланды. Кен орны тұз күмбезінің үстіндегі юра кезеңінің шөгінділерінде қалыптасқан. 30 – 300 м тереңдікте 6 мұнайлы қабат ашылған. Бұл қабаттардың қалыңдығы 2,4 – 26,7 м аралығында, ашық кеуект. 24 – 30,9%, өткізгіштігі 0,128 – 4,76 мкм2, ұңғыманың бастапқы өнімд. 1,7 – 132,6 м3/тәул., қабат қысымы 14,4 – 33,6 МПа, температурасы 19 – 27°С. Мұнайдың тығыздыздығы 0,84 – 0,88 г/см3, құрамындағы күкірті (0,2 – 0,22%), шайыры (7%), парафині (0,2 – 2,07%) аз. Ілеспе газ, негізінен, метаннан (77,1 – 93,8%), этаннан (7,17%) және пропаннан (0,4 – 5,1%) тұрады.

Алтыкөл мұнай кені , Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеулік белдеміндегі мұнай кенорны. Атырау облысында,  Құлсары  станциясының солтүстік батысында 35 км жерде орналасқан. Құрылым 1940 жылы сейсмобарлаумен дайындалған, сол жылы іздестіру және барлау-бұрғылаулары жүргізілген. Кенорын 1942 жылы ашылды. Барлау 1961 жылы аяқталды. 1977 жылы пайдалануға берілді. Тектоникалық тұрғыдан алғанда, кенорын қос қанатты (шығыс және батыс) тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Шығыс қанаттағы мұнайлы аумақ ауданы 350 мың м2, батыс қанаттағы бұл көрсеткіш 1273 мың м2. Төменгі бор мен ортаңғы юраның шөгінділері мұнаймен қаныққан, осылардың аумағында бөлінген 13 мұнайлы горизонттардың біреуі апт, төртеуі неоком, сегізі юра таужыныстарында. Апт-неоком горизонттары 158-243 м, юра горизонттары 671-761 м тереңдікте жатыр. Апт-неоком жатындарының биіктігі 35-93 м, юра жатындарының биіктігі 5-49 м. Су-мұнай жапсары, тиісінше, 261 м, - 277 м және 175 м,- 792 м абсолют белгілерде. Жатындар қойнауқаттық күмбезді, тектоникалық және литологиялық тұрғыдан қалқаланған. Мұнайға қаныққан қалыңдық апт-неоком горизонттарында 1,8-3,7 м, юра горизонттарында 1,7-8,1 м. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 26-28%,өтімділігі 0,008-0,805 мкм. Мұнайдың бастапқы шығымдары 0,24-67,2 м3/тәу болды. Бастапқы қойнауқаттық қысым 0,9-6,77 МПа, температура 13-38°С-қа жетті. Мұнайдың тығыздығы 810-830 кг/м3. Мұнайда 0,16-0,8% күкірт, 0,5-2% парафин бар. Хлоркальцийлі қойнауқаттық сулардың тығыздығы 1056-1550 кг/м3, минералдылығы 73,18-180,4 г/л. Кенорын 1976 жылдан игерілуде.

Ақтөбе мұнай кені, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде.  Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 125 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1961 – 62 жылы жүргізіліп, кен 1965 жылы ашылды. Шөгіндінің юралық бөлігінде мұнайлы қабаттардың бесеуі, ортаңғы юра қабатында екеуі жатыр. Қабат беттерінің орналасу тереңдігі 2215 – 2348 м аралығында. Мұнай құрамында күкірт 0,4 – 0,5%, парафин 1,48 – 2,48%, асфальтендер 1,33, шайыры 2,1%-ды құрайды. Кен 1979 жылы пайдалануға берілді.

Аққұдық мұнай кені, Каспий ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде.  Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 64 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1981 жылы жүргізіліп, кен орны 1982 жылы ашылды. Кен қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. Орналасу тереңдігі 1737 – 1759 м аралығында. Мұнайы аз күкіртті  (1,18%),  парафинді(1,67 – 1,85%), 12 – 14% асфальтені бар. Аққұдық мұнай кені 1995 жылы пайдалануға берілді.

Өңдеу өнеркәсiбiнде өнеркәсiп  өнiмiнiң көлемi 250,6 млрд. теңге сомасын құрады, бұл 2011 жылдың деңгейінен 34,8 %-ға артық.

Жыл басынан бастап кезеңінде  электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлуде нақты көлем индексі 118,1%, оның ішінде жылу қуатын өндіру - 3602,8 мың Г/кал (105%), электр қуатын өндіру - 3391,5 млн. кВт.сағ (105,8%) құрады.

2012 жылғы қала және аудандар бойынша өнеркәсіп өнімдері:

ЖАО

Шығарылатын өнім көлемі, млн.теңге

Нақты көлем индексі, %

Барлығы, облыс бойынша

3059729

113,8

Атырау қаласы

99924

204,6

Жылыой ауданы

2747393

115,3

Индер ауданы

1326

118,7

Исатай ауданы

94682

104,1

Құрманғазы ауданы

5792

113,3

Қызылқоға ауданы

53918

98,8

Мақат ауданы

52414

102,2

Махамбет ауданы

4280

112,9


 

Облыс аумағында:

    • өнеркәсіп саласында: «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Облтрансгаз» КМК-ны, «Қазмұнайгаз», «Прикаспийбурнефть Қазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауобллгаз» ЖШС-рі, «Атыраубалық», «Атырау ЖЭО», «Атыраужарық», «Атырау жылу желілері» АҚ-ры, «Атырау су арнасы» КМК-ны; 
    • құрылыс саласы бойынша: «Энка Иншаат Ве Санайи Аноним Ширкети», «ПФД интернешнл» компаниясының АФ-ры, «Сенімді құрылыс» ЖШС-гі, «НГСК Қазқұрылыссервис» АҚ-ның филиалы, «Гате Иншаат Таахают Санайи Ве Тиджарет» АҚ-ның Екінші Қазақстандық филиалы,
    • сауда саласында: «Идеал», «Атаба», «Атырау Виват», «Гелиос» ЖШС-нің АФ-ы, «КМГ Жайық» ЖШС-нің АФ-ы, «Медицина» АҚ-ы;
    • байланыс саласында: «Қазтранском», «Қазтелеком», «Транстелеком», «Қазпошта», «Қазтелерадио» АҚ-ның АФ-ы;
    • транспорт саласы бойынша: «Авиакомпания ҚазЭйрУест», «Авиакомпания „Атырау Әуе Жолы“» АҚ-ры, «Бертлинг Казах Поджистикс», «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-рі, «Атырау өзен порты» АҚ-ы жұмыс жасайды.

Түз өндіру саласы да жақсы дамыған. Келесідей тұз кенін атап өтсек  болады, ол Индер тұз кені. Индер тұз кені, Атырау облысының Индер ауданындағы Индер көлі ойпатында орналасқан. Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы   жазық. Ойпаттың геологиялық  құрылымы күрделі. Тұз қабатының қалыңдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 56 м-ден 8 м-ге дейін азаяды. Тұз негізінен ақ, шыныдай  мөлдір.  Терригендік материалдардың қоспалары оған қызғылт және сұрғылт өң береді. Негізгі минералдары: гидрогалит – NaCl•2H2O,  мирабилит – Na2SO4•10H2O және карналлит – KCl•MgCl2•6H2O.  Литоликалық  тұрғыданкен тұзы жоғарыдан төмен қарай жаңа шөгінді (қалыңдығы 0,05 – 1 м), ескі шөгінді (0,2 – 3 м), сусымалы (10 – 25 м), қырлы (15 – 30 м) және қара мөлдір тұз болып ажыратылады. Тұз құрамында бром, йод, т.б. микроэлементтер бар. Тұздың мемлекеттік есепке алынған қоры 647 млн. тоннадан астам. Кен орнын «Индертұз» АҚ игеруде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 19528,1 млн. теңгені, нақты көлем  индексін 99,7% құрады. Ет өндіру - 47,0 мың тоннаны немесе 102,1%, сүт өндіру - 54,2 мың тоннаны (100,5%), жұмыртқа өндіру - 1,84 млн. дананы (100,2%) құрады. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ірі қара мал - 182,3 мың басты немесе 102,8%, қой және ешкі - 619 мың басты (103,1%), түйе - 31,7 мың басты (102,5%), жылқы - 46 мың басты (103,9%) құрады. 2012 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылық құрылымдарының жалпы саны 2008 бірлік құрады, соның ішінде 79 өндірістік кооператив, 1929 шаруа қожалығы.

Жайық - Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан  Республикасының ішкі су қорлары  арасында жетекші орынға ие. Балық  саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық пен  балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. «Атыраубалық» АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге  экспортталады. Каспий теңізінің жақын  орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс  өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай жасайды.

2011 жылы көліктің барлық түрлері арқылы жүк тасымалдау көлемі облыс бойынша 112,1 млн.тонна жүк немесе 2010 жылына қарағанда 108,9% құрады. Транспорттың басқа түрлері бойынша тасымалдау: автомобиль көлігімен - 52,1 млн.тонна, құбыр арқылы - 59,9 млн.тонна құрады. Жолаушыларды тасымалдау - 93854,4 мың адамды, оның ішінде автомобиль көлігімен - 93849,7 мың адам және әуе көлігімен - 4,7 мың адам құрады. Жүкайналым - 39329,6 млн. ткм, жолаушыайналымы - 681,0 млн. пкм.

Жолдар және олардың ұзындығы: теміржол жолдары - 879 км, қатты табанды автомобиль жолдары - 1277 км.

Байланыс кәсіпорындары:

  • Облыстық телекоммуникация дирекциясы
  • Облыстық радиотеледидар арқылы тарату орталығы
  • "Қазпошта" АҚ Атырау филиалы
  • Altel ұялы телефон байланысы
  • Kcell ұялы телефон байланысы
  • Beeline ұялы телефон байланысы
  • Tele2 ұялы телефон байланысы
  • Dalacom ұялы телефон байланысы

 

 

Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданың дамыту шаралары

 

Атырау облысы өндірістік кешенін дамыту бағдарламасы.

Индустриалды-инновациялық даму

Өнеркәсіп

Атырау  облысының экономикасы қалыптасқан  жағдайларға байланысты анық шикізаттық бағытқа ие. Мұнай-газ өндіру саласы өнеркәсіптік өндіріс құрылымында  үстемдік етуші жағдайда және шамамен 91%-ды құрайды. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының және кейіннен Үдемелі  индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік  бағдарламасының қабылдануына байланысты, өңірдің экономикасында тау-кен  өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі салаларында сәйкессіздігінің болмашы  төмендеуіне беталысы анықталды. Жақын  болашақта Қашаған кен орнының  іске қосылатынын ескерсек, мұнай-газ  секторының ролі әлдеқайда артады.

Информация о работе Оңтүстік Батыс Қазақстан