Экономикалык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 06:22, лекция

Описание

Меншіктің юридикалық мағнасы мүліктік қатынастар. Меншік иесіне заңмен белгіленген мүлік тиесілі бола алады.
Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, товарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.
Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

Мерей.doc

— 228.50 Кб (Скачать документ)

3-сурет           
 

       

       

       

     

     

       

       

       

       

       

       

     

       

        

       

     

       

       
 
 

       

        
 
 
 

ІІ. Жеке меншік 

2.1 Жекешелендірудің  тәсілдері

  Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады. Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын. Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Қазақтың әдеттік құқығында, мүлік түріндегі малдың құлағына салған «ен» сөзінен «ен-ші», «еншік”-”м-еншік» ұғымы көктеу, жайлау, күздеу, қыстау түріндегі жерлерге жеке меншік түрінде еніп қалыптасқаны сонау замандардан белгілі. Жеке меншіктің малға пайда болып, одан әрі дамуы, қазақ жеріне жеке меншік құқығының пайда болуына себебін тигізді деген де ұғым бар.

     Қазақтың  әдеттік құқығын зерделеген Фукс деген ғалым былай деп айтады: «…отбасылық таңбамен бірге еншісін  алатын ұлдарына берілетін жеке меншік белгісіндегі ерекше таңбалар болды. Бұлар малдың құлағына салынатын «тілік», ендер болатын. Осыдан «тілік» – «ен» сөзінен еншісін алған ұлдарына бөлініп берілетін малға меншік ұғымы қалыптасты.

       Ертедегі Римнің жеке құқығының  арқасында меншік ұғымының қазақтың әдеттік құқығындағыдай мал арқылы пайда болмағандығын білеміз. Рим құқығында меншіктің иелену, пайдалану және билік ету деген үш белгісі бар екен. Осы бірінші белгісі ертедегі Римнің квирит тайпасының жерді қоныстану, жерді иемдену деген іс-әрекетінен шыққан екен. Ал екінші белгісі пайдалану құқығына қатысты ертедегі Рим-діктер былай дейді: «ескі азаматтық құқықтағы иелену ұғымын толықтыру үшін пайдалану ұғымын -пайдалы өнім алумен түсіндіреді. Осы иелену, пайдалану белгілерін дамыта отырып үй шаруашылығындағы затқа, мүлікке билік ету ұғымын кіргізеді.

       Қазіргі біздің өмірімізде қолданылып  жүрген азаматтық заң тілімен  айтқанда, қандай да болмасын  адамның заң негізінде үстемдік  құрған затқа билік етуі, сол  адамның «сол затқа» жеке меншік  ұғымын қалыптастырған.

       Осы ойды қазақтың әдеттік  құқығындағы жеке меншік түсінігімен  салыстырайық. Біріншіден, бір отар  қойдың құлағына салынған «тілік»  – «ен», сол бір отар қойға,  бір қазақтың ен-ші, ен-шік, жеке  м-еншік түріндегі құқығын алуына  мүмкіндік береді.

       Екіншіден, сол бір отар қойға  өзінің «тілік» ен-ін салған  қазақ қана жеке меншік түрінде  билік жүргізе алады.

       Үшіншіден, сол қазаққа, сол  бір отар қойға билік етуге  мүмкіндік береді. Сонда қазақтың  әдеттік құқығындағы «енші» сөзі, рим жеке құқығындағы затқа-құқық түрінде туындап, «жеке меншік» түрінде қорғалынған.

       Осы қазақтың әдеттік құқығындағы  жеке меншік институты Ресей  патша үкіметінің тұсында өзгерістерге  ұшырап, кеңес өкіметінің тұсында  өзінің өмір сүруін тоқтатты.

      1990 жылы 15 желтоқсанда ҚазКСР-нің «Меншік туралы» заңы қабылданып, «жеке меншік» ұғымы енгізілді. Тәуелсіз еліміздің даму жолындағы жеке меншік институты өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді.

       Бәрімізге белгілі, кеңес өкіметінің  тұсында «тек қана мемлекеттік  меншік» деген ұғым психологиямызға жақсылап сіңірілді. Жеке мен-шік жеке адамның өмірімен және тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. Жеке меншікті мо-йындамаған мемлекет ұзақ өмір сүре алмайды, тіпті, коммунистік Қытайдың өзі жеке меншікті мойындау арқылы өмір сүріп келеді. Ал кеңес өкіметі жеке меншікті мойындамағандықтан, жетпіс-ақ жыл өмір сүрді.

       Демек, кеңес өкі-меті тұсынан  қалған тек қана мемлекеттік  меншікке қатысты психологияны  өзгерту үшін бірнеше ұрпақ  ауысуы керек. «Тек қана мемлекеттік  меншік» деген ұғым адамдарды  жеке өзіне еңбек етуден шеттетіп, тіпті қылмыстық заңға «туниядство-жалқаулық» деген норманы енгіздірді. Яғни, адамдардың психологиясында жұмыс істемесең «түрмеге отырғызады», бірақ «кеңес өкіметі» өз адамын далаға тастамайды, өлтірмейді деген ұғым қалыптасты. Осы ұғымның өзі жалқаулықты мықтап санамызға сіңірді. Бірнеше ұрпақтың бойында қалдырды. Бүгінгі күннің өзінде «жеке меншікті» толық түсінбегендіктен мойындамаған адамдардың қатары азайған жоқ.

       Ендеше меншіктің адамына байланысты  мысал келтірейік. Мысалы, «жеке сот орындаушысының» және «мемлекеттік сот орындаушының» қызметін алайық. Мемлекеттік сот орындаушысының қызметі мемлекеттік бюджеттен төленетін, шамамен жиырма-отыз мың теңге жалақыға байланысты. Осы жалақыны ол жұмыс істесе де, істемесе де алады.

       Енді «жеке сот орындаушының»  қызметі, жеке адамның өмірімен, тыныс-тіршілігімен, отбасымен тікелей  байланысты болатынын білеміз.  Қазақта «өзім дегенде, өгіздей  қара күшім бар» деген мақал  бар. Мысалы, жеке сот орындаушы  бір миллион теңге өндіретін  болса, сыйақыға жүз мың теңге алады. Ал он миллион теңге өндіретін болса, бір миллион теңге алады. Демек, алатын еңбек ақысы оның жұмыс істеу қабілетімен, жеке өмірімен байланысты ойлау жүйесіне, түптеп келгенде жеке меншікпен тығыз байланысты. Яғни, жеке сот орындаушысына мемлекеттік бюджеттен ешқандай еңбек ақы төленбейді, сондықтан оның жалқаулануға уақыты жоқ, өйткені ол өз еңбек ақысын өзі табады.

       Ендеше, жеке меншік бізге не  береді? Біріншіден, жеке меншік  адамның ойлау қабілетін реттейді; екіншіден, тұрмыс-тіршілігін қалпына келтіртеді; үшіншіден, адамның жүріс-тұрысын, іс-әрекетін уақытқа бағындырады; төр-тіншіден, тіршілік үшін күрестің ең жоғарғы деңгейі ізденіс, талпыныс үнемі білімін жетілдіріп отыруға мәжбүрлейді; бесіншіден, үнемі ойлау процесі, іс-қимыл әрекеті ойдың немесе тұла бойдың қартаю процесін тежейді, себебі үнемі жеке тіршілігі үшін күрес оны спортпен айналысуға басқа да қимыл әрекеттерді жасауға итермелейді; алтыншыдан, жоқтан бар нәрсені жасап шығаруға тырысады, себебі тіршілік үшін күрес жеке адамды өмір үшін күрес жолына түсіреді; жетіншіден, жалқаулық жатып ішер арамтамақтықтан бостан босқа қарнын шығаратын семіздік ауруынан құтқарады, өйткені ұдайы жеке меншік үшін еңбек, адамды сыптай қылады.

       Адам – ішкен-жегенінің нәтижесі  десек, оның ішіп-жейтін азық-түлігі қайдан келеді. Осыған байланысты неміс философы Канттың «зат өзіңде» деген философиялық тұжырымы бар. Бұл ойды түсіну үшін Канттың ойын өзіміздің қазақы түсінігімізге салып көрейік. Сонда «зат басыңда, тіршілікке бейім ақыл-есіңде болмаса» сенің өміріңе қажетті «сырттағы затыңды кім алып келеді» деген сөз шығады.

       Ендеше, «басыңдағы затың» білім,  ілім және ғылым екен. Қазіргі  тілмен айтқанда, өзіңнің басыңдағы  білім мен ғылымнан жиналған  зияткерлік жеке меншігің екен. Былай айтқанда ақыл-есің, мәселен Қытайдағы Чэнду қаласының тұрғыны Ян Ли компанияларға кәсіпкерлік кеңес береді деген лицензиясындағы жазуды сырттағы затты алып беретін өз басындағы ақыл-ой меншігіне айналдырады.

       Ол қарыздарын алып беруге  кеңес сұрап келген адамдарға көмектесу үшін, қарызын өтемей жүрген адамның психологиясын зерттеп «басыңдағы затына» айналған әдісті іске асыруға кіріседі. Қарыздар адамның табыс тауып отырған мейрамханасына, жұмыссыз жүрген жиырма адамға күніне жүз юань төлеп, қайыр сұрауға жібереді. Мейрамханаға қонақтардың келуі нашарлай бастағанын сезген жеке меншік иесі өз қарызын өтеп құтылады.

       Енді бірде, жасанды түрде аяғы  ауыр болып киінген әйелдерді  «қарызымызды жинап жүрміз» деген  жазуы бар тақтайшамен, қарызын  өтемей жүрген жеке меншік  иесінің конторына жібереді. Қоғам алдындағы дәрежесін түсірмес үшін жеке меншік иесі қарызын өтеп құтылады. Сонда қарыздарды күшпен қайтару қылмыс екенін, ал сот арқылы қайтаруға уақыт кететінін түсінген Ян Ли, өзінің және өзгенің тіршілігіне тиісті жеке меншігін қалыптастыру үшін «басындағы ақыл-ой» жеке меншігін пайдаланғаны байқалады. 

    Қазақстан Республикасында  жекешелендіру  мен мемлекет иелігінен алу  процесі «Жекешелендіру және  мемлекет иелігінен алудың Ұлттық  бағдарламасына» сәйкес  жүргізіледі.  Жекешелендіру үш негізгі бағытта  жүргізіледі.

  1. Кіші  жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  2. Жаппай  жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа  жекешелендіру купондарының  бөлінуіне негізделді.
  3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды  кәсіпорындары.

     Қазақстан республикасындағы  жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

  1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
  2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет   иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
  3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді. 
  4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың  тиімділігін көтеру. Мемлекеттік  үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендірудің негізгі  мақсаты мынада:

  • шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
  • шағын және орта бизнесты дамыту;
  • жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
  • бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.
 

2.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі республикамыздың тәуелсіздік пен егемендікті алуымен 1991 жылы басталған болатын.

Информация о работе Экономикалык