Экономикалык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 06:22, лекция

Описание

Меншіктің юридикалық мағнасы мүліктік қатынастар. Меншік иесіне заңмен белгіленген мүлік тиесілі бола алады.
Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, товарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.
Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

Мерей.doc

— 228.50 Кб (Скачать документ)

жер бөлінеді, және, әдетте оған, храмдық жер де қосылады. Патша мен храмдарға  қарасты жерлер, мемлекеттің қол  астындағы құлдардың күшімен  өңделіп, соның нәтижесінде, ұжымдық құл иеленудің өзі, жоғарғыдағы азғана топтың пайдасына қызмет етті. Сол ортадан, пайдаланып отырған азғана топтың арасынан құл иеленуші таптың өкілдері шықты, солар алғашқы жекеменшік жер иелері болып есептелді.

   Қазақстанның  тарих ғылымында көшпелі - қазақтардың экономикалық негізін малға жекеменшік құрады, ал жерге жекеменшік алғашқыда болмаған. Бұл саладағы өткір қадамды отандық ғалым, Әбдуәли Еренұлы Еренов жасады. Ғалымның дәлелдеуі бойынша, көшпелі-малшылардың өндірістік қатынастар жүйесіндегі анықтаушы орынды жерге жекеменшік қатынастары айқындайды

   Қоғамдық  меншіктен жеке меншікке айналған жердің объектісіне көңіл аударсақ, сол  жерде өскен төрт түлік мал  болды. Жердің табиғи өнімі (мал) алғашында  рудың, тайпаның ұжымдық меншігі болса, кейіннен жекелеген бай феодалдардың қолына еркін өтіп, жеке меншікке айналды. Отбасы, тек қана, тұрмыстық қатынастарда ғана бөлінбеді, иелік ету салалары да дараланды [2].

   Малы  көп, бай отбасының пайда болуы, малға жеке меншіктіктің бастауы  болып, соның негізін қалады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек малға жеке меншік иелік құқығының белгісі ретінде, малға соғылатын түрлі таңбаның пайда болғанын байқаймыз [3].

   Төрт  түлік малдың жеке меншік объектісіне  айналуы, сол кездегі қалыптасып, орныққан жерге меншіктіктің қауымдық түрімен қарама-қайшы келді. Өйткені, жерге меншіктің бұндай түрі дараланып, жекеленген мал шаруашылығының дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Бұл күресте жеңіс, үстем тап иелері бай феодалдардың жағында болды. Себебі, феодалдар өз малдарын жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында жайылым жерлерді іздеді. Мал басының қарқындап өсуі және мал шаруашылығының дамуына байланысты феодалдар жайылымды кеңейтіп, жақсы жерлерді өздерінің қарамағына алуға үнемі әрекет жасады. Ескеретініміз, кезең-кезеңімен, әлсін-әлсін қайталанып отырған жұт, табиғи апаттар, малдың жаппай қырылуына әкеп соғып, мал шаруашылығының ауыр жағдайда болған кездерін айтуға болады. Сондықтан, мал иелері феодалдар табиғи апат, жұттан мал басын аман сақтап қалудың ең оңтайлы жолы, малға жайлы, құнарлы жайылым мен (жайлау, қыстақ, күзеу) жыл он екі ай қамтамасыз ету керек екенін ескеріп, соны өзі иелігіне айналдыруға ұмтылды.

   Еліміздегі, қатынастарының жаңа кезеңі, ресми  түрде 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан  Республикасының “Қазақстан Респуликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” конститутциялық заңын қабылдаумен басталды.   Бұл заңның   негізі   Қазақ   КСР   Жоғарғы   Кеңесі   1990    жылы қабылданған Жер туралы кодексінің жаңа редакциясында жатыр. Осы кодекстің 3-бабында бекітілгендей, Қазақстан Республикасының жері тек қана, республика меншігі болып танылады делінген. Бұл өте анық, прогрессивтік шешім болып есептелді. Себебі, бұл шешім, бұрыңғы одақтық заңға қайшы келетін, ол заңда жер “сол территорияда өмір сүріп жатқан халықтың байлығы” деп көрсетілген. Бұндай  “еркіндікке”  бұрын  жол  берілмеген.  Жер  туралы кодекс Қазақстан

Респуликасында  жер қатынастарын 1995 жылдың 22 желтоқсанына дейін, яғни жер туралы Жарлық күшіне енгенге дейін реттеді. 

   Жер туралы кодекс, республикадағы жер құрылымына реформа жасады, жүргізілген өзгерістердің айтарлықтай маңызы болды және ол төмендегідей мәселелерде айқын көрініс тапты:

  • республика азаматтарына жер учаскелерін алу құқығы берілді және жеке қожалық шаруашылығына алған жерін, жеке үй маңындағы жерін, бау-бақша мен мал шаруашылығын, құрылыс және үйін, саяжай, т.б. дәстүрлі еңбектен тапқан дүниесін мәңгілік мұра арқылы ұрпағына беруге мүмкіншілік алды;
  • азаматқа бөлінетін жер көлеміне қойылатын қатаң шектеулер алынып тасталды;
  • жер иелерінің қызметіне мемлекет, шаруашылық және басқа да ұйымдардың сырттан келіп араласуына тиым салынды;
  • жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқығы заңдастырылды; жерде өзінің еркін шаруашылық жүргізу; өздері өндірген ауыл шаруашылық өнімдеріне өздері иелік етуі және оны сату арқылы пайда табу; жерді жалға беруге рұқсат етілген;
  • жергілікті атқару және өкілетті ұйымдардың жер қатынастарын реттеудегі уәкілдігі кеңейтілген;
  • жерге төлем төлеу белгіленген;
  • жер дауын шешу үшін сот билігінің рөлі күшейтілген;

   Жер туралы реформаның алға қойған негізгі  міндеттеріне: жерде түрлі шаруашылықтың  тиімді, өнімді жұмыс істеуі үшін, экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайын дұрыс  жолға қойып, сол арқылы жер қатынастарын жетілдіріп, дамыту.  Сондай-ақ, жерді  тиімді пайдалану, оны қорғау және солардың негізінде ауыл шаруашылық өнімін мол алуға жол ашу да басты мақсаттардың бірі болды.

   Жер реформасының негізгі бағыттары  болып мыналар белгіленді:

  • арнайы жер қорын қалыптастыру, бұл болашақта оны өте тиімді пайдалану мақсаты үшін жасалды.
  • мемлекеттік ауыл шаруашылық өнеркәсіптерінің мүліктерін жекешелендіру мен оның жерлерін мемлекеттік иеліктен айыру жағдайындағы қайта бөлісті реттеу;
  • селолық ел орналасқан жерлердің шекарасын белгілеу;
  • жер учаскелерін пайдалану құқығы туралы құжаттарды толтыру мен қайта толтыру.

   Мемлекеттің арнайы жер қорынан, ең бірінші кезекте  шаруашылық қожалығын жүргізетін азаматтарға  жер берілді. Сондай-ақ, бау-бақша, мал  шаруашылығы, үй жанындағы шаруашылық жүргізуге де қажетті жерлер айқындалды. Жер қоры негізінен бөлінген өз жерлерін дұрыс, тиімді пайдалана алмаған ауыл шаруашылық өнеркәсіптері мен ұйымдары жерлерінен жырақтатылды. Сондықтан да бұл үшін заңда жерді дұрыс, тиімді пайдалана алмағандардан алып, тиімді пайдаланатындарға берудің құқықтық механизмдері айқындалды тапты. 

2.3 Жекешелендіру процессінің басталуы

1991жылы жекешелендіру  процессі басталды.

Жекешелекдіру процесі үш кезенге бөлінді. Бірінші  кезең 199-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті:

1. Мемлекеттік  меншіктің көлемі мен құрылымын белгелеу.

2. Меншіктік  құқық беруді дайындау.

3. Шағын жекешелендіру  объектілерінің 50%-н жекешелендіру.  Бұл кезде негізі көңіл кіші  бизнестің дамуына аударылды. 

Жекешелендірудің  екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.

Көптеген шағын  жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион  өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан парламенті бұл стихиялық  процесті реттеуге күш салды.

Жекешелендірудің  үшінші кезеңі 1993-1995жылдар аралығын қамтыды.

Міндеті:

1. Мемлекет иелігінен  алудың ұлттық бағдармаласын  қабылдау.

2. Меншікті мүлікті  басқару жөніндегі комитеттің  қолына көшіру.

3. Инвестициялық  купондар енгізу.

1993 жылғы наурызда мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Барлық меншік Мемлекеттік мүлікті бақару комитетінің қолына көшірілді. Бұл комитеттің міндеті:

1. Меншік республика  азаматырына тегін таратылып берілуге тиіс.

2. Арнайы төлем  құрылдары-жекелендіру инвестициялық  купондарын енгізу.

Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық  қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына  аустыруға және сатуға рұқсат берілмеді.

200-ге жуық  инвестициялық қорлар қурылды.  Мақсаттары купондары жинастарын, аукционға шығарылатын өнеркәсіптік  кәсіпорындардың акцияларын иелену.

Бірақ 1995 жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының  жүзге аспайтындағы белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады:  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

Меншік  ұғымын екі мағында түсінуіміз қажет. Бірншіден , экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде . Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал – жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі , яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат . Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.Оған бірден – бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасар отырған біздің экономикалық заңдарымыз

Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті   мағынада беллгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтың қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке – жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.

Азаматтық Кодекстің 188 – ші бабында анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде  иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мысалы: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы  табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де нысандарда көрінуі мүмкін. Пайдалану, яғни меншік иесінің өз иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомабилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға арқылы пайда табуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мысалы: жалға беру шарты. Негізінен, пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, меншік иесі пайдалану құқығын басқа біруге берместен бұрын ол субъектігі мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты  өз қалауы бойынша кез – келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа тұлғалардың  меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесыі болып қала отырып, оларға мүлікті кепілге беруге және оған басқа да өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, лоарға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Жеке меншік ол заң жүзінде беріледі  жеке меншік дегеніміз:

     Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.

     Қазақтың  әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.

     Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Қазақтың  әдеттік құқығында, мүлік түріндегі  малдың құлағына салған «ен» сөзінен  «ен-ші», «еншік”-”м-еншік» ұғымы көктеу, жайлау, күздеу, қыстау түріндегі жерлерге жеке меншік түрінде еніп қалыптасқаны сонау замандардан белгілі. Жеке меншіктің малға пайда болып, одан әрі дамуы, қазақ жеріне жеке меншік құқығының пайда болуына себебін тигізді деген де ұғым бар.

Мемлекет  иелігінен  алу және жекешелендіру  бойынша  ҚР бағдарламасы үш кезеңде  жүргізілді:

жаппай жекешелендіру;

шағын жекешелендіру;

дербес жобалар  бойынша жекешелендіру.

   Жаппай  жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу  болжанды. Бірінші кезеңде (1991-92 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.

    Екінші  кезең (1993-96 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1991-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан 1994-96 оларды өткізуге ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді.  Жекешелендірудің дербес  жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.

Информация о работе Экономикалык