Экономикалык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 06:22, лекция

Описание

Меншіктің юридикалық мағнасы мүліктік қатынастар. Меншік иесіне заңмен белгіленген мүлік тиесілі бола алады.
Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, товарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарына араласады.
Меншік өндіріс нәтижесін иемденумен байланысты адамдар арасындағы объективті қатынастар жүйесі.

Работа состоит из  1 файл

Мерей.doc

— 228.50 Кб (Скачать документ)

 Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық кеңістіктің құлдырау, өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі, дүкендердің босауы, инфляцияның басталуы болды. Халықтың саясаттандырылуы жоғары болды. Социализм кезеңінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан халық менталитеті жеке меншікті теріске шығарды. Бұл ретте, көп деңгейлі нарықтық экономиканың негізін құратын процес ретінде мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді халық ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде танылған басқарушы элита да қабылдаған жоқ.

 Осы дағдарыс кезеңінде қоғамды, қоғамдық прогресті дамытудың диалектика заңдылықтары білімі бар Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке ерлігі, саяси даналығы, қайтпас жігері республикамызда мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің жоспарлы, кезең-кезеңді процесін бастауға мүмкіндік берді.

 Мемлекеттік  меншік реформасын өткізу үшін  ұйымдық негізі – 1990 жылдың 20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік  орган – Мемлекеттік мүлікті  басқару жөніндегі Қазақ ССР  Мемлекеттік комитетінің құрылуы  болды, кейіннен «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің мәселелері» туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991 жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды. Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі 2 Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру арқылы қайта ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп тұр.

1991 жылдан бастап  мемлекеттік мүлікті басқару  тиімділігін қамтамасыз ету және  оны жекешелендіру процестеріндегі  заңдық және нормативтік-әдістемелік  базаны реторспективті талдау  олардың заңды және нормавтивтік-әдістемелік актілермен біршама ретке келтірілгендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік институтын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін базалық реформаларды жүргізуде өз өкілеттіктерін қамтамасыз еткен заңды және атқарушы билік тармағы ретінде жүйелі жұмыс нәтижесі болып табылады.

 Жоғарыда  айтылғандарды дамыта отырып, мемлекет  иелігінен алу мен жекешелендіру процесін заңды қамтамасыз етуде бірінші негіз 1991 жылы 22 маусымда қабылданған «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» Қазақ ССР-нің Заңы болғандығын атап өткен жөн, ол республикадағы мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негіздерін, ережесі мен процедурасын анықтады. Осы Заңды іске асыру мақсатында Қазақ ССР Президентінің қаулысымен бірінші бағдарлама – 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасы (1991 жылғы 13 қйркүйектегі № 444) әзірленді және бекітілді.

 Келесі кезеңде  1993 жылы наурызда қабылданған  «1993-1995 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасында мемлекет иелігінен  алу мен жекешелендірудің ұлттық  бағдарламасы» қабылданды.

1996 жылы ақпанда  бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен құрылымын өзгерту бағдарламасына сәйкес жекешелендірудің жаңа, үшінші кезеңінің бастауы болған, Жекешелендіру процесінің қолданыстағы заңды базасын дамытуда 1995 жылы желтоқсанда заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіру туралы» Жарлығы қабылданды. Бұл кезеңнің ерекшелігі экономиканың әлеуметтік, сондай-ақ стратегиялық салаларында секторлық бағдарламаларды іске асыруға өту болды.

1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бағдарламасы жекешелендіру саясатын іске асырудағы кезекті, төртінші кезеңін білдірді.

 Бұл жерде  мемлекеттік мүлікті басқару  және оны жекешелендіру процесінің  нормативтік базасы жаңа экономикалық шындықтарды ескере отырып тұрақты жетілдірілгендігін, дамытылғандығын және толықтырылғандығын атап кеткен дұрыс. Бұдан басқа, барлық заңды және нормативтік-әдістемелік база 6 томдық жинаққа жүйелендірілді және шығарылды, ол республикадағы мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру мәселелерімен айналысатын барлық қызметкерлер үшін оқу және әдістемелік құралға айналды, онда Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірегей және теңдессіз тәжірибесінің барлық кезеңдері көрсетілген.

2000 жылдан бастап  республикамызда жүргізіліп отырған  реформалардың қайта орнына келмейтіндігі  айқын болғанда және позитивтік  экономикалық дамулар орын алғанда  реформаларды одан әрі тереңдету  қажет болды, оның ішінде мемлекеттік меншік мәселелерінде. Бұл оларды қосымша заңды, нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етті.

2000 жылдан бастап  қазіргі күнге дейін Қазақстан  Республикасында мемлекеттік мүлікті  басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі және жекешелендірудің салалық бағдарламасы бірінші рет әзірленді және бекітілді, «Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды. Бұл ретте Мониторинг туралы заң республикадағы жекешелендірудің барлық жылдарында бірінші рет қабылданғандығын атап өткен жөн, ол стратегиялық маңызы бар салаларда меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, сондай-ақ оны өткізу негізі мен шарттарын анықтайды. Заң елдің экономикалық даму процестерін ретке келтіру мен болжауда мемлекет рөлін күшейту үшін, республика экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін объективті ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз болып табылады.

 Мемлекеттік  мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі бағдарламалық, заң актілерін қабылдау осы процестерді реттейтін заңнамалық нормативтік құжаттардың бірқатар комплексін әзірлеу арқылы жүргізілді. Жоғарыда айтылғандар Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару мен оны жекешелендіру мәселелері ең басынан бастап уақыт шындықтары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын ескере отырып республика дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес тексерілген негізді, кешенді концептуалды, бағдарламалық, заңдық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуі бар екендігіне сену үшін негіз береді.

            Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:

жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;

ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы);

мемлекеттік - мемлекет  пен оның халқының меншігі, оны үкімет басқарады.                  

 Республика  заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру егізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады, сонымен қатар мемлекеттік меншікті (бірлескен кәсіпорындар құру). Қазір әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншікті қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.

     Республикадағы  аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға  мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне ие. Өндірістің меншік иелерімен осы принципті бұзу қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттылық пен мемлекет иелігінен алу жағдайында қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.

    Республикада  жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болып, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмай, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын қызмет етудің нарықтық принципіне бағдарланған меншіктік қатынастардың өзгеруі. 

    Әлемдік тәжірибе негізіндегі республикадағы жүргізілген реформалардың нәтижелі негізі келесі әдістермен  іске асырылған:

нарықтарды бейтараптандыру;

аралас кәсіпорындарды  құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;

бәсекелестік  ортаны қалыптастыру;

мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу. 

    Реформа  кезінде Қазақстан бейтараптандырудың  жоғарғы дәрежесі мен экономиканың  ашықтығына жетті, жеке меншік  жалпылық сипатқа ие болды.  Жүргізілген жекешелендіру еңбек  өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді. 

 ҚР-да жүргізілетін  экономикалық реформаның мәселелеріне  мыналар жатады: 

    1. Шаруашылық  субъектілеріне шаруашылық  формасы  мен меншік формасының ерікті және саналы түрде таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған. Меншік жаңа иелерінің көзқарастары тұрғысынан, қазір  оларға тұру тиімді және  олар фермерлік жерлер  сиқты тұр.

    2. Меншікті қатынастар меншік субъектісі  мен объектісін жақындату жағына  қарай жүру керек. Субъектіге  еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шығарылмаса немесе осы жеңіп шығу тек жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық ынтаның бастаушысы болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы - бөлу және ынталандыруды жоғалтып, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жою.

    3. Жеке кәсіпкерді заңдық және  қаржылық қатынастарда қолдау  қажет - меншік иесін, шағын және орта бизнесті, оларды жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті жалгерлікті қамтамасыз ету жолымен.

Жеке меншікке айналдыруға мысал реттінде келесіге бет бұрайық

   Жердің  жеке адамдардың меншігінде болуы, оның экономикалық, әлеуметтік жағдайына әсер етіп, аса маңызды рөл атқарып келгені, қоғамдық даму үрдісінің тарихынан белгілі. Сондықтан барлық кезеңде, халықтар арасында жерге иелік ету құқығы үшін күрес, қоғам дамуының барлық кезеңдеріндегі процесс.

   Тарихта жерді меншіктену үшін күрес, әлемдегі көптеген оқиғалардың, негізі болды. Себебі, адам баласының жерге деген, оған билік етуге деген құштарлығы, қажетті заңды процесс.

   Қоғамдық  қатнастар жүйесінде жерге, деген  құқықтық қатнас адамзат қоғамының алғашқы даму кезеңдерінен бастау алады. Алғашқы мемлекеттіліктің нысаны (формасы), құлиеленуші мемлекетте, сондай-ақ, феодальдық қоғамда, тағы басқа мемлекеттің басқа кейіптерінде де, жерге деген құқықтық қатнастар болған және сол қоғамға сай құқықтық нормалармен реттеліп дамығанын байқаймыз.

   Сондықтан да, жер құрылымы туралы мәселе, жерге  меншік формасының мәселелері, жерге  қауымдық иелік формасы, жерге жеке меншіктіктің маңызы өте зор.

   Біздің  ойымызша, құлиеленуші қоғамдағы  жер қатнастарының екі кейпін (типін) – көне Шығыстағы жер қатнастары мен антикалық дәурдегі жер қатнастарының қалай реттелгені туралы, мысал ретінде көне Вавилондағы жер қатнастары мен Римдегі жер қатнастарын арнайы келтіруге болады.

   Көне  Вавилондағы мемлекет пен құқық  жер қатынастарын реттеуде, ерекше мәлімет беретін ерекшелігімен, өзіне назар аудартады. Вавилон көне шығыс құл иеленуші қоғамының типтік мысалы бола алады. Бұл құл иеленушілік қоғамның, сол қоғамға сай, антикалық құл иеленуші қоғамнан өзінің өзгешілігін көрсететін бірқатар, өзіне тән ерекшелігі бар (Грекия, Рим).

   Көне  Қосөзендегі мемлекеттің қалыптасу  ерекшелігі сонда, бұл процестің  сыртқы формасы жағынан алып қарағанда, жеке қоғамдардың бірлесуінен қалыптасты. Олардың үстінен қараған патша, жердің ең жоғарғы иесі боп есептелді. Шындығына, кейбір жеке қауымда мұра етіп қалдырған жерге ол жалғыз өзі, жеке дара барлық меншікке иелік етті. Кейіннен біртіндеп   қауымдық   меншік,   мемлекеттік   меншікке   айналып,  нақтылап айтқанда, соған бірігіп, сіңіп, тұтасып кетеді. Осының негізінде біртіндеп, Сарай (Орда патшалық) шаруашылығы үшін арнайы жер, және патша үшін – патшалық

Информация о работе Экономикалык