Өнім сапасын бақылау және көтеру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:14, курсовая работа

Описание

Зерттеу жұмысының мақсаты болып кәсіпорының бәсекеге қабілеттілік сұрақтары бойынша теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету ету әдістемесесін меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің ) нақты нарығының жағдайына талдау және маркетингтік зерттеулер жүргізу табылады. Сонай – ақ тауарлардың және қызыметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда бірнеше ұсыныстар жасауға талпындық.

Содержание

Кіріспе
1. Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері................................................................................................................31.1 Өнім сапасын көтеру мен экономикалық тиімділігінің мәні мен маңызы.................................................................................................................9 1.2 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибені шолу.....................................................................................................................12
2. «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау................................................................................................................172.1 Кәсіпорында өнім сапасын басқарудан жетілдіру жолдары....................20
Қорытынды.................................................................................................24Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын өнім сапасын көтеру курс (2).doc

— 232.50 Кб (Скачать документ)

Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тізімдерінде тіркелген мамандар жоқ. Қалықаралық және өңірлік  ұйымдарда мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу қажет. Осылайша, қазіргі уақытта қолданыстағы ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелері халықаралық талаптарға , соның ішінде саудада техникалық кедергілер мен санитарлық және фито – санитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімдерінің талаптарына және ТМД елдерінің еркін сауда аймағындағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдерге сәйкес келтірілмеген.

Төменде проблеманың  күшті және әлсіз жақтары берілген.

Күшті жақтары:

  • Техникалық реттеу жүйесіне өту жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңін жүргізу;
  • Республика кәсіпорындарында сапа менеджменті мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстарды насихаттаумен қолдау жөнінде жұмыстар жүргізуі;
  • Салаларда стандарттау жөніндегі қызметті жандандыру.

Мүмкіндіктер:

  • Жаңа нарықтық экономикамен халықаралық тәжірибеге жауап беретін, өнімге, оның өндірілу процестеріне , жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қойылатын міндетті және ұсынылатын талаптарды белгілеу мен қолдану мәселелеріне көзқарасты енгізу;
  • Мемлекеттік стандарттау қорын ұлғайту, сондай – ақ үйлестірілген ұлттық стандарттар процестерін арттыру.

Әлсіз жақтары:

  • Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестірудің төмен проценті;
  • Техникалық реттеу саласында біріңғай сясатты құруға кері әсер ететін мемлекеттік органдардың жекешелендірілгендігі;
  • Халықаралық тізілімде тіркелген сарапшылардың болмауы;
  • Өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын бақылау үшін сынақ қоры мен қазіргі заманғы жабдықтардың болмауы.

               Күтілетін қауіптер:

  • Әлемдік жаһанданудыру процесінің шегінен тыс қалу қатері;
  • Ғылым мен техниканың қазіргі уақыттағы талаптарына жауап беретін ақпараттар мен нормативтік құжаттардың болмауы;
  • Республикалық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейлерде ақпараттар мен нормативтік құжаттардың болмауы;
  • Бағдарламаның негізгі іс шаралары халықаралық  стандарттар  салаларына енгізуге бағытталған , ол үшін:
  • Республиканың  кәсіпорындарында, салаларда стандарттау қызметін құру;
  • Қазақстан Республикасы экономикасының басым салалары үшін дамыған шет елдерінің халықаралық өңірлік және ұлттық стандарттарын сатып алу;
  • Экспортқа шығарылатын отандық өнім мен обьектілерге арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарды үйлестіру болжап отыр.

Кез келген өнімдерді  шығарудан бұрын оны жасаушылар нормативтік және техникалық құжаттармен, әдістемелермен және өлшеу, бақылау  құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.

Қазақстанда экономиканы  одан әрі дамыту еліміздің әлеуметтік – экономикалық, саяси өркендеуінің басты басымдылығы болып қалуда, ал экономикалық өсудің максималды жоғары қарқынына жету – міндеті болып отырғаны белгілі. Осы орайда, мемлекеттің тарапынан экономиканы максималды либерализациялау және инфрақұрылымды құру жөніндегі оңтайлы істерді белсенді түрде жүзеге асыру көзделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты  орындау барысында біз сапаның  өнімнің бәсекелік қабілеті мен  өндіріс тиімділігіне үлкен әсер ететініне көз жеткіздік. Сапа - әр түрлі факторлардың жүйелі айқындалуын көрсететін синтетикалық көрсеткіш болып табылады. Бұл түсінік өнімнің құрамын және сипаттамаларын білдіреді.

Өнім сапасын  арттыру стратегиясын дайындауда қозғалыстағы сапа көрсеткіштерінің тұрақты болмайтындығын ескерген жөн. Тауардың сапасын көтеру стратегиясы элементтерінің бірі болып сериясы 9000 ИСО халықаралық стандарттарының негізінде құрылуы қажет.

Курстық жұмысты  орындау барысында өнімнің сапасына ішкі және сыртқы секілді факторлар  топтары әсер ететіндігін анықтадық. Сыртқы факторына ішкі факторлар секлді факторлар топтары әсер етеді, сондықтан сапа көрсеткіштері келесі негізгі талаптарға сай болулары керек:

  • Өндіріс тиімділігі жоспарлы өсуіне септесуі;
  • Қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістіктерін және халық шаруашылығы саласындағы техникалық ілгерулердің  негізгі бағыттарын ескеруі;
  • Өнімнің жарамдылығын көрсететін барлық ерекшеліктерін сипаттауы;
  • Бағытталуына қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы;
  • Бағытталуына қарай белгілі бір сұранысты қанағаттандыруы;

Кәсіпкерлік стратегиясына  жаңаша көзқарас – сапаның тұтынушының талаптарын қанағаттандыратын сонымен қатар өндіріс шығындарын төмендетуден ең тиімді құралы екендігін түсіндіреді.

Курстық жұмыстың орындалуы барысында статистикалық, ақпараттық және т.б. мәліметтерді, шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ұсыныстарын пайдалана отырып сапаны басқару мен сапаны көтерудің теориялық мәніне толық сипаттамалар жасалып, тәжірбиелік тұрғыдан бірнеше зерттеулер жүргізіліп, бірқатар талдаулар жасалынады. Негізінен бұл зерттеулер мен талдауларда: кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайын анықтау, кәсіпорын өндіретін өнімнің жергілікті бәсекелес кәсіпорын өнімдерімен салыстырылып маркетингтік талдауларжасау арқылы өндірілетін өнімнің беделін, сапасын, жағымдылық қасиетін,  бәсекелік қабілетін және т.б. анықтау; кәсіпорынның ұйымдасу түрі мен бірқатар ұсыныстар келтіру және өндірілетін өнім сапасын анықтау (ҚР МемСТ – на сәйкестігін) сонымен қатар ҚР – ның Президентімен және Үкіметімен ұйымдастырылып жатқан шаралардың орындалу танысу қарастырылды.

БСҰ – на мүше болу қарсаңында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен олардың нәтижелері де назардан тыс қалған жоқ. Өнімнің сапасын  арттыру жолында бір – бірімен  сабақтас әр сала кәсіпорынның тізбектілген жүйесін құру мен осы шараларды  ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар туғызу үшін қай саланың қай жағынан қолдауды қажет ететіндігі анықталып, ұсыныстар жасалады.

Кәсіпорында өндірілетін  өнімнің сапасын арттыруда басты  рөлге ие болатын өндірістің қызметін әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру  жұмыстары мен өндіріске қазіргі заман талабына сай инновациялық жетістіктерді енгізу екенін ескеру қажет. Әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары білікті мамандардың жетіспейтіндігі, мұндағы жұмыскерлер жалақысының қала жұмыскерлерімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өндірісінде жоғары білікті мамандардың жетіспейтіндігі, мұндағы жұмыскерлер жалақысының аздығы, сондықтан білікті мамандар түгілі университет түлегі, жас мамандардың ауыл шаруашылығына аса қызығушылық танытпайтындығы. Кәсіпорын қызметін шығынға ұшыратпай,экономиалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі техника, құрал – жабдықтарының 70% - ға жуығы бәсекег қабілетті өнім өндіруге жарамсыз кешегі күн құралдары екенін, ал жоғары сапалы өнім өндіруге заман талабына сай жаңа құрал – жабдық ғана емес сәйкес материалдар мен сапалы шикізаттың болуы шарт екені баршамызға белгілі. Осы мәселені басшылыққа ала отырып Курстық жұмыстың 3- тарауының 1- ші бөлімшесінде өнінің сапасын көтерудегі инновация және маркетингтік жүйені тиімді ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болатындықтан, яғни ауыл шаруашылық кәсіпорындарында белгілі мөлшерде қаржы – қаражатты шоғырландыру (ұсақ серіктестіктерден неғұрлым ірі корпаорация , акционерлік қоғамдар, концерндер құрып, бағалы қағаздар шығару) арқылы қазіргі заманғы соңғы ғылыми жетістіктерге, жаңа техника, технологияларға қол жеткізіп, білікті мамандарды қызықтыру (тарту) арқылы бұл саоаның экономикалық деңгейін толық бәсекелестік күреске дайындауға болатындығына сеніміміз мол.

Жалпы алғанда  Курстық жұмысты орындау барысында Қазақстандық ғана емес, сонымен қатар әлемдік статистикалық ақпараттарға сүйене отырып өнімнің (тауардың) сапасын көтеру мәселесі кең көлемді зерттеліп, талданды. Өйткені өнімнің сапалық көрсеткіштеріне теориялық тұрғыдан анағұрлым тереңірек бойлап, тәжірбие жүзінде тексерулер, маркетингтік талдаулар, Қазақстан Республикасының басқа да стандарттарына, зерттелетін сала бойынша сәйкес қызметпен айналысатын Алматы қаласының кәсіпорындары туралы мәліметтерге қаныққандық Курстық жұмыстың орындалуының  негізі сүрегі болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Нұрпейсова М.М. «Качества – ключ к завоеванию рынка » Учебн. Пособие // КазЭУ. Алматы. Экономика. 2004 год.
  2. 2005 – 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметтің актілер жинағы.
  3. Ерімбетов И.Р. «Сапаны жақсарту стандарттаун басталады» // Егемен Қазақстан 2007, 27 – қыркүйек, 2004, №30.
  4. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. ҚР – ның Президентінің үкімімен 2003 жылдың 4 желтоқсанында расталған, №735, Астана 2003.
  5. Сергеев, Сергеев, Латышев «Метрология, стандартизация, сертификация» Логос,  2009 год

6. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы

7. Т.М. Мендебев, Е.С.Асқаров, А.Ө. Ермекбаев, И.Ж. Жаханова «Стандарттау, метрология және сертификаттау», Алматы 2011 жыл

8. http://www.google.kz «Сапаның маңыздылығы»

9. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы

10. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы

11. http://www.google.kz « Өнім сапасы»

12. Казахстанская ассициация маркетинга «Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества», Алматы 2003 г.

13. Демидова Н, ЯкореваА, Бисерова В «Метрология, стандартизация и сертификация»

14. «Стандарттау мен сертификаттау туралы» ҚР – ның Заңы //»Егемен Қазақстан»// 1993, 17 ақпан.

15. Ерімбетов И.Р. «Сапа менеджмент жүйесі» // Егемен Қазақстан 2009, 17 – қыркүйек, 2008, №14.

 


Информация о работе Өнім сапасын бақылау және көтеру