Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:02, научная работа
Шет тілін үйреніп, зерттеуші сол тілдің сөздік қорын игеріп, грамматика ережелерін меңгеріп, мәтіндерді аудара алу қабілетіне жетіп қана қоймай, сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем білмеуге тырысу керек. Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі, ойлау ерекшелігі, ұлттық салт-дәстүрі, тұрмысы, өмірге деген көзқарасы да кіреді. Мақал-мәтелдер – осы ұғымдарды айқын көрсететін айна. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы өзекті деп санаймыз, өйткені өз тіліміз мемлекетттік дәрежеге ие болғандықтан, орыс тілін аралық тіл ретінде қолданбай-ақ, тікелей ағылшын-қазақ тілдерін зерттеу толғағы жеткен мәселе болып табылады.
Аннотация ...........................................................................................................3
І. Кіріспе...............................................................................................................5
ІІ. Зерттеу бөлімі .................................................................................................7
Қорытынды.........................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................20
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасының «Ерекше дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернаты»
мемлекеттік мекемесі
Қарабасова Айдана, 11 – сынып
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі орны
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: тіл білімі
Ғылыми жетекші: Жамбыл облыстық «Дарын» мектеп-интернатының ағылшын пәні мұғалімі Шалбаева С.Н.
Тараз – 2011
Мазмұны
Аннотация ..............................
І. Кіріспе.......................
ІІ. Зерттеу бөлімі ..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Аннотация
Шет тілін үйреніп, зерттеуші сол тілдің сөздік қорын игеріп, грамматика ережелерін меңгеріп, мәтіндерді аудара алу қабілетіне жетіп қана қоймай, сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем білмеуге тырысу керек. Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі, ойлау ерекшелігі, ұлттық салт-дәстүрі, тұрмысы, өмірге деген көзқарасы да кіреді. Мақал-мәтелдер – осы ұғымдарды айқын көрсететін айна. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы өзекті деп санаймыз, өйткені өз тіліміз мемлекетттік дәрежеге ие болғандықтан, орыс тілін аралық тіл ретінде қолданбай-ақ, тікелей ағылшын-қазақ тілдерін зерттеу толғағы жеткен мәселе болып табылады.
Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлардың бірі – мақал-мәтелдерде баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.
Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер – әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.
Зерттеу жұмысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі рөлі қарастырылады.
Жобаның мақсаты: ұлттық тәрбие беруде бір-біріне туыс емес ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің рөлін айқындау
Зерттеу нысаны: фразеологизмнің негізгі саласы болып табылатын мақал-мәтелдер.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы – алғаш рет ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдер жақындастырылып, олардың, атап айтқанда, ұлттық тәрбие берудегі ролінің айқындалуы;
-құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің семантикалық құрылымы қаралды;
- ағылшын және қазақ
тілдеріндегі мақал-мәтелдер
Abstract
Everyone who investigates the foreign languages its lexis, grammar rules, texts and others, he should know the culture comparatively with his own one. Culture includes not only the people’s education, but its way of living, national traditions, customs, their point of view on life and so on. Proverbs and sayings are the reflection of all these things. The theme of our investigation is topical, because when our state language reached its state condition without using the Russian language as a linking one we are able to research English and Kazakh comparatively.
People are always the meaning of upbringing the new and young generation, they know their difficulties and cheers. One of main genres of speech is proverbs and sayings. They take the main role in developing the children’s wisdom, their upbringing, developing their mother tongue.
Proverbs and sayings are the result of people’s experience. Proverbs and sayings go from one generation to another ones, which shows the people’s long experience.
In our investigation the role of proverbs and sayings in the national upbringing.
The aim of the thesis is to investigate the role of English and Kazakh proverbs and sayings in the process of national upbringing.
The object of the research is English and Kazakh proverbs and sayings.
The scientific novelty of the research is concluded in that for the first time the proverbs and sayings in different languages and of different gender are investigated comparatively and their role in the national upbringing is showed.
- the semantics of proverbs and sayings of different structural languages is observed;
- English and Kazakh proverbs and sayings are compared on the basis of national upbringing.
Кіріспе
Дүниетанымдық элементтерді өз бойына мол дарытқаны да, дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде күрделі жанрлық ерекшелігі мен дараланатыны да, философиялық мазмұнның тереңдігі жағынан шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы мен биігі де – мақалдар мен мәтелдер. Мақал–мәтелдер – ғасырлар шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан–алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар – қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан-саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр. Мақалдар мен мәтелдердің дүниетанымдық табиғатының күрделілігі оның көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр. Сондықтан да мақалдардың төрт негізгі ерекшеліктерін ескерген жөн:
Мақалдар мен мәтелдер – ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық-тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласын көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесі халық арасында әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерленіп отырған. Мысалы: «Келген дәулет – кеткен бейнет».
Жобаның мақсаты: ұлттық тәрбие беруде бір-біріне туыс емес ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің рөлін айқындау
Зерттеу нысаны: фразеологизмнің негізгі саласы болып табылатын мақал-мәтелдер.
Зертеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу нәтижесінде, мынадай мәселелер ғылыми жаңалық ретінде шешімін тапты:
- құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің семантикалық құрылымы қаралды;
- ағылшын және қазақ
тілдеріндегі мақал-мәтелдер
- алғаш рет ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдер жақындастырылып, олардың атап айтқанда ұлттық тәрбие берудегі рөлі айқындалып отыр.
Зерттеу бөлімі
Соңғы 15 жылдағы еліміздегі халықаралық, саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуы мен нығаюы және республикамыздың халықаралық қоғамдастыққа енуі білім беру саясатына шет тілдерге байланысты көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі кезде ғаламдық жаһандану, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне ену процесі жүріп жатыр. Президентіміз Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ұсынды. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Яғни жоғары нәтижелерге жету үшін, біздің болашақ ұрпағымыз өте білімді, заман талабына сай жан-жақты дамыған, мәдениетті және өте тәрбиелі болуы қажет. Ал жан-жақты дамыған тұлға тек берік біліммен қаруланып қана қоймай, қазіргі заман талаптарына сай бірнеше шетел тілдерін меңгеруі тиіс.
Қазіргі кезде шетел тілінің қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Ол қоғамдық-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы айғақ болып отыр. Бұл айғақ шетел тілдерін оқытудың дәрежесін жоғарлатуда. ЮНЕСКО ХХІ ғасырды «полилингвизм ғасыры» деп атады. Біздің болашақ ұрпағымыз тек өз ана тілін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар бірнеше шетел тілін меңгеруі хақ. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде оқыту-тәрбие процесін қызықты, ыңғайлы және ұтымды қылу үшін, 4 тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын, неміс) қолдануды ұсынылады..
Жобамыздың басты мәселелеріне тоқталатын болсақ: шет тілді жан-жақты меңгерту, балалардың сөздік қорын байыту және шет тілдегі мақал-мәтелдерді қолдануға дағдыландыру, күнделікті қолданысқа енгізу. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», - деп Әл-Фараби айтқан. Яғни ең басты мәселелердің бірі балаларға 4 тілдегі мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіру болып табылады.
Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi – мақал-мәтелдер. “Мақал-мәтел – сөз мәйегі”, “Мақал – сөздің мұнарасы”, - деп, қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса құнды баға берген.
Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлардың бірі – мақал-мәтелдерде баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.
Мақал-мәтелдер – ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз. Мәтел – тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.
Шығыстың ұлы ғұламаларының бірегейі Әбу-Насыр әл-Фарабидің «Балаға алдымен тәрбие қажет, сосын білім қажет; тәрбиесіз берілген білім-құмға төккен сумен тең» деген даналық сөзі сан ғасырлық халық тәжірибесінің түйінді бір дәлелі болса керек.
Қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жаңа технологиялардың маңызы өте жоғары. Сан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтың нәтижесі де сүбелі. Сол арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын да арттыруға болады. Оның үстіне қазіргі ғылым мен техниканың дамыған дәуірінде бұл үрдіс оншалықты қиындық тудыра да қоймайды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеттерін дамыта оқыту жолындағы, оларды өзіндік шығармашылық ізденіс пен талпынысқа жетелеу барысындағы ұстаздардың атқаратын қызметі зор. Дегенмен, шындығына келгенде, мұғалім көп те – ұстаз аз! Мұны мойындауымыз керек. Мұғалім пәнді оқытып қана қоймай, жаңа ғасырдағы тәуелсіз еліміздің ертеңі мен болашағы болып отырған өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие беруге тиіс.
Мақал-мәтел (лат. –proverbium, adagium, франц - proverbe, неміс тілінде - sprichwort, ағылшын тілінде - proverb) ауызша айтылған, ешбір әдеби немесе фольклорлы шығармамен байланысы жоқ, бірақ нәтиже, ақыл, дәлелдеме ретінде жаппай қолданылатын афоризмдер. Мақал - мәтелдерді көптеген тілдердің лингвистикасында паремия деген терминде қолданады. Паремия грек тілінде «paroimia» мақал - мәтел деген мағынаны білдіреді.
Мақал – мәтелдер
ғасырлар бойы қалыптасқан
екіншіден, бүгінгі күні зиялы қауым біртіндеп бұрынғы салт - дәстүрлерге бой ұрып, әңгімелесушінің сезімдерін жараламауға тырысып, мақал - мәтел арқылы ойларын астарлап айтуға тырысады.
«Қазақ халқы да өзге халықтар сияқты – әр - қилы заманннан өтіп, сұрыптала сұлуланып, жинала сақталып, бүгінгі күнге жеткен көл - көсір фольклоры бар халық. Соның ішінде мақал - мәтелдерге өте бай ел. Тегінде, қазақ мақал - мәтелдерінің қағазға түсуі, кітапқа кіруі, кешеулеу басталғанына және тірнектеушісі оншама көп болмағанына қарамастан, бұл күндерде кітап болып халық қолында жүрген қазынамызды олқысына да алмаймыз, місе де тұтпаймыз.
Жылдар бойында сарыла сарқылып қазақ мақал - мәтелдерін жинаған белгілі жазушы Өтебай Тұрманжанов еңбегін елден ерекше атап кеткеніміз жөн. Ол кісінің жалғыз тергенінің өзі шамамен елу мың мақал – мәтелдей. Бұл - телегей – теңіз байлық. Біздің халықтың даналықтары бауырлас халықтардың мақал – мәтелдерін ана тілімізге аудару арқылы да, ауыз тиіс арқылы да байып, толығып, толысып келеді. Бұл үдерістің бұрында том–томдап болсын, өмірден көрініс тапқанын байқаймыз.
Дегенмен, 1960 жылға дейін туыстас, бауырлас халықтардың мақал – мәтелдері әр кітаптың бетінде жалғыз – жарымдап қана аударылып келді, жеке кітап болып жарық көрмеген еді. 1960 жылы шыққан «666 мақал мен мәтел » осы жаңа да игі істің төл бастамасына айналды. Одан кейін іркес–тіркес арасында бір жыл, екі жыл салып «Мақал - сөздің мәйегі» (1963 ) , «Шығыс халықтарының мақал - мәтелдері» (1968 ) бұны орыс тілінен аударған белгілі журналист Мақсұтбек Майшекин, «Ер айнасы - еңбегі» (1968 ), «Мақалнама» (1970 ), «Денсаулығынды ойласаң» (1974 ), белгілі журналист , қаламгер Ұзақ Бағаев 1971 жылы «Орыс халқының мақал – мәтелдері» атты еңбегін орыс тілінен қазақ тіліне аударып, басылып шықты», - деп жазады ақын М.Әлімбаев.
Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі орны