Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:02, научная работа

Описание

Шет тілін үйреніп, зерттеуші сол тілдің сөздік қорын игеріп, грамматика ережелерін меңгеріп, мәтіндерді аудара алу қабілетіне жетіп қана қоймай, сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем білмеуге тырысу керек. Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі, ойлау ерекшелігі, ұлттық салт-дәстүрі, тұрмысы, өмірге деген көзқарасы да кіреді. Мақал-мәтелдер – осы ұғымдарды айқын көрсететін айна. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы өзекті деп санаймыз, өйткені өз тіліміз мемлекетттік дәрежеге ие болғандықтан, орыс тілін аралық тіл ретінде қолданбай-ақ, тікелей ағылшын-қазақ тілдерін зерттеу толғағы жеткен мәселе болып табылады.

Содержание

Аннотация ...........................................................................................................3

І. Кіріспе...............................................................................................................5

ІІ. Зерттеу бөлімі .................................................................................................7

Қорытынды.........................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................20

Работа состоит из  1 файл

gilimi joba.doc

— 171.00 Кб (Скачать документ)

Әрине, осы күнге дейін  фонетика–фонологиялық, синтаксистік, семантикалық тұрғыдан зерттеу жоқтың қасы емес болса да, бүгінде осы  мақал – мәтелдер туыстық байланысы  жоқ ағылшын тілімен салыстыра - салғастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

   

Қазақ ұлтына тән семантика ағылшын  халқының мақал – мәтелдеріне  де тән. Ағылшын  мақал–мәтелдері – мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп – дамуының нәтижесі. Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет. Осы орайда Ү. Кеңесбаеваның «Ағылшын халқының мақал–мәтелдері» атты  2004 жылы басылып шыққан кітабында ағылшын мақал - мәтелдерінің қазақ тіліне түп - нұсқадан аударып, балама табуға талпынған алғашқы қадамы болды. Кітапқа ағылшын халқының қазіргі ауызекі тіл мен баспасөзде көркем әдебиетте жиі қолданып жүрген 1500 - ден астам мақал – мәтелдері енді. Шекспир, Диккенс, Оскар Уайльд сияқты әдебиет класссиктерінің шығармаларынан шығып, нақыл сөзге айналып кеткен афоризмдерді де жиі кездестіруге болады. Жинақталған ағылшындардың ұлттық ерекшелігін көрсетіп, мінез – құлқын ашатын, ел танып, жер білуге көмегін тигізетін мақал–мәтелдерді көптеп ұштастыруға болады.    Паремиология ғылымы мақал–мәтелді екіге бөліп қарастырады. Олар: «Мақал –  дегеніміз өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысы шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы».

Мақал туралы айтылған біраз мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.

Мысалы: «Мақал сөздің маржаны, Болмайды оның арзаны»;

        «Тұз – астың дәмін келтіреді, Мақал – сөздің мәнін келтіреді»;

        «Мақал - сөздің атасы, Ананың ақ батасы»;

       «Мақалсыз сөз болмайды, Мақал ойды қорғайды»;

      «Сөзге мақал жарасар, Егдеге сақал жарасар»;

      «Мақал қайдан шығады, Ой болмаса. Киім қайдан шығады, Қой   болмаса»;

      «Мақал сөздің ажарын келтірер, Делдал сауданың базарын келтірер»;                         

        «Мақалмен сөз өтеді, Мақтаумен бөз өтеді»;

        «Атаның ақ сақалына да қара, Айтқан мақалына да қара»; т.б.

 Осы келтірілген мысалдар  мақалдың көркем әдебиетте   және ауызекі тілде алатын  орнының айрықша екенін көрсетеді.

Осы орайда, мысал ретінде және бір ағылшын және қазақ мақалын  қарастырсақ:

      «Nothing stake, nothing draw» (ағылшын тілінде), ал  қазақ тілінде

     «Екпей егін шықпас, Үйренбей білім жұқпас» мағыналары бірыңғай болғанымен, лексика-грамматикалық құрылымы сәйкес келмейтінін анық білдіреді. Тағы да бір айырмашылығы, ағылшын тіліндегі айтылған мақал орфографиялық тұрғыдан кысқа болып беріліп, екі мағынасы үтірмен белгіленсе, ал қазақ тілінде, керісінше, яғни, мақалдың екінші сөйлемі үлкен әріппен жазылады

 «Мәтел деген ұғым халық арасында көп таралған қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама - қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі. Мәтел бейнелей сөйлеу формасына ие. Мәтел мазмұнды бұлжытпай, турадан – тура береді, онда ой құрамындағы сөздердің тура мағынасынан тұрады, соның жүйесі логикалық байланысынан пайда болады».

Ауызекі тілде және көркем әдеби тілде де, мәтелге қатысты мақал-мәтелдерді ұштастыруға болады.

      Мысалы: «Мәтел – қыз, Мақал – жеңгесі, Ісінің жоқ теңдесі»;

                «Сөз сүт болса ойдағы, Мақал – мәтел қаймағы».

Мәтелге мысал ретінде  екі тілден мақал-мәтел беретін болсақ:

      Мысалы:  «Many a true word is spoken in jest» (ағылшын тілінде).

                «Ойнап айтса да, ойындағыны айтады» (қазақ тілінде).

                «Pride  goes before a fall»

                «Аспандай берме, Жерден ұзап  кетерсің. Елден ұзап кетсең, Барса-келмеске жетерсің».

               «Little streams make great rivers».

               «Көлге көл қосылса, теңізбіз дейді».

 

 

 

 

 

 

 Мақал-мәтелдер – фразеологияның бір саласы. Жалпы алғанда, «фразеология» – грекше «phrasis» - сөйлемше, қалыптасқан сөз дегеннен алынған. Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім. Ондай тіркестер екі немесе бірнеше сөзден де, тіпті бүтіндей сөйлемдерден де құралады. Мұндай тіркестердегі сөздердің орнын алмастыруға болмайды, өйткені, тіл тарихында, халық санасында олар дағдыға айналып кеткен.

Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны  жағынан да тілдің коммуникативті бірлігі  – сөйлемге сәйкес келетіндері де бар. Бұлар – мақал-мәтелдер. Олар фразеологиялық оралымдардың бір түрі, фразеологиялық сөйлемшелер тобына жатады.

Мақал-мәтелдер әбден  қалыптасқан, орныққан, оның құрамындағы  компоненттердің де орны бекем. Олар құрылысы жағынан әрі ықшам, әрі  көркем, мағынасы жағынан терең ой, кең мазмұнды қамтитын, асқан шеберлікпен жасаған сөз өрнегі. Мақал-мәтелдерде дәлме-дәлдік, өтірік, мысқыл мен сықақ араласа жүреді. Мысалы, «Айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады» деген мақалда өткірлік, ащы мысқыл мен ажуа қаншалықты...

Мақал-мәтелдерден халықтың сергек ақыл-ойы, тапқырлығы көрінеді. Халықтық мақал-мәтелдер қоғамдық өмірдегі түрлі оқиғаларды, табиғат құбылыстарын, адам баласының тұрмыс-жағдай, шаруашылық кәсібі, үміт-тілегі, халықтың өмірі мен іс-әрекеті сияқты жайларды, адамгершілік, мінез-құлық, тәлім-тәрбие сияқты алуан түрлі мәселелерді түгел қамтиды, осылар жайында жасалған даналық  қорытындылар болып табылады. Сонымен бірге олар аса қажетті, ауыз әдебиетінің бір шежіресі.

Қазақтың белгілі ғалым-ақыны  Мұзафар Әлімбаев мақал-мәтелдер жөнінде  бірнеше жинақ шығарып, зерттеу жұмыстарын жазды. Ол мақал-мәтелдерге мынандай анықтама береді: «Мақал дегеніміз - өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі халық сөзі».

«Мақал – сөз атасы» немесе «Көп сөз көмір, аз сөз - алтын» дегендей, мақалдың өн бойынан жинақылықты, үнділікті, саздылықты, ұйқастықты, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық сөз болмайды, бәрі өлшенген, сұрыпталған, жымдаса біріккен ой-өрнек ажыраспас туыстық тапқан. Мақал-мәтелдердің құрамындағы компоненттерін синонимдер арқылы да өзгерте, ауыстыра алмаймыз. Мысалы, «Ас – адамның арқауы» мақалын «Тамақ- адамның арқауы» деп өзгертсек, онда мақал бүкіл шырай көркінен, мағынасынан айырылады.

Жалпы, мақал-мәтелдердің фразеологиялық оралымның қай түріне жататынын  анықтауда көптеген ғалымдар өз пікірлерін білдірді. В.В.Виноградовтың пікірінше, мақал-мәтелдер фразеологиялық тіркестермен оқытылып, ал Дж.Касарес пен Н.Н.Амосованың пікірлерінше, мақал-мәтелдер тіл жүйесіне енеді. Өйткені, мақал-мәтелдер коммуникацияның тәуелсіз бірліктері болып табылады. Енді Н.М.Шанский болса, оларды фразеологиялық сөйлемше деп қарастырады.

Мақал-мәтелдер көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Оларды жеке адамдар шығарады, оны біреуден-біреу естіп, өзгертеді, сөйтіп ол халықтық мұраға айналады.

Мақал-мәтелдер көркем шығармаларда да көп қолданылады. Мысалы: Шекспирдің «as good as one’s word» - “сөзіне ісі сай” деген сөзі мақалға айналып кеткен. Сол сияқты Ы.Алтынсариннің «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген сөзі де халыққа кең тараған.

Жалпы, мақал-мәтелдер қосарланып айтылады. Енді осы екі сөздің арасында айырмашылық барын анықтайық. Мақал мен мәтелдің даралық ерекшеліктерін түсіндіре келіп, белгілі этнограф, жазушы В.И.Даль: «Мәтел, халық сөзімен айтқанда – гүл, ал мақал – дән», - дейді. Осы пікірді дамытып, фольклорист М.А.Рыбникова: «Мәтел – бұл сөз оралымы, қалыптасқан сөйлем, пікірдің элементі. Мақал – аяқталған пікір, біткен ой», - деп түйеді.

Мақал мен мәтел  - егіз жанр, туыс жанр. Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда  өзіндік айырмашылықтарын тағы да жалпылай келе былай деуге болады. Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды білдіре алмайды, тек белгілі бір ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады, яғни эпитет, теңеу қызметтерін атқарады.

Орны табылып, қолданылған әрбір  мақал мен мәтел айтылатын  ойды мазмұны жағынан логикаландыра  түседі. Сондықтан да халық «Сөздің  көркі – мақал, жүздің көркі - сақал», «Тұз астың дәмін келтіреді, мақал  сөздің сәнін келтіреді» дейді.

Сайып келгенде, мақал мен мәтел – халық ауыз әдебиетінің бір саласы, халықтың тұрмысын, кәсібін, салтын, дүниеге көзқарасын  бейнелейтін шағын поэтикалық жанр. Өзінің диссертациялық жұмысында мақал-мәтелдерді тереңірек зерттеген Қ.Аханов: «Мәтелде ой-пікір, топшылау мақалдардағыдай, тікелей кесіп айтылмайды да, образды түрде жанамалай айтылған ишара болады». Сонымен мақал-мәтелдердің мазмұнына, көркемдік сипаты мен құндылығына қарап, төрт түрлі пікір айтуға болады.:

Біріншіден, халықтың басынан кешкен қилы-қилы тариха кезеңдер, өткен белестері мақалдардан айқын көрініс тапқан.

Екіншіден, мақалдардың тууына белгілі  бір тарихи кезеңдер мен нақтылы  жағдайлардың өздері себеп болған.

Үшіншіден, мақал дегеніміз – өмір шындығын айшықты түрде, әрі аз сөзбен аша алатын құралдардың бірі.

Төртіншіден, халық мақалдары әдеби  тілдің қалыптасу және шеберлену  процесінде үлкен қызмет атқарады.

 

 

Мақал-мәтелдердің  құрылысы мен түрлері. Мақал-мәтелдер өз құрылысы тұрғысынан үлкен екі топқа бөлінеді: прозалық құрылысты мақал-мәтелдер және поэтикалық құрылысты. Прозалық мақал-мәтелдерде көбіне аллитерация мен ассонанс болады, ырғақ шартына да сай келеді. Ал кейде дыбыс үндестігіне  - ассонансқа да, аллитерацияға да құрылмағаны, ырғағы белгісізі де болады. Олай болса, прозалық мақал-мәтелдердің ерекшелігі – ерікті ырғақты болуы. Поэтикалық мақал-мәтелдерден жалпы поэзияның барша қасиеті табылуы тиіс, сонымен қатар оларда ұйқас пен теңеу негізгі қызмет атқарады. Терең ой, көркемдік түр екі топқа да тән сипат болмақ.

Мақал-мәтелдердің әсерлі, тартымды болуы айтылу мәнеріне, дауыс ырғағына да байланысты.

Мақал-мәтелдер сөйлемдегі артық сөздерді қысқарту арқылы ықшамдалады, яғни құрылысы қарапайым сөйлемдерге қарағанда  ықшамдырақ. Ықшамдаудың бірнеше  тәсілі бар:

- бастауышты айтпай кету, (Балапан)  «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алар». (There) «No cross, no crow».

- анықталатын сөздің түсіп қалуы. «Жас (адам)  келсе іске».

- құрмалас сөйлемдердің арасын  байланыстырушы шартты райда тұрған етістіктер түсіп қалады. «Түйесі көп (болса) қоныс бастайды».

- жалғаулықтардың қысқартылуы. «Ел (дің) іші – алтын бесік»; «Ел (дің) іші - өнер кеніші».

- анықтауыш сөздер қысқарады.  «Ауру (жазылып) қалады, әдет қалмайды».

Енді ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерге тоқтала кетейік. Ағылшын тілінде де осындай құбылыстарды байқауға болады:

-бастауыштың орнына  зат есім жүреді;

- құрмалас сөйлемді  мақалдарда «he» жіктеу есімдігі  бастауыш орнына қолданылады;

Жай сөйлемді мақалдарда бастауыш анықтауышсыз қолданылады, мысалдар:

«A cat may look at a kind»;

«Appetite comes with eating»;

«Homer sometimes nods»;

«Money makes the mare (to) go»;

«Pride goes before a fall».

Мақал-мәтелдердің көп  бөлігінде зат есім әр түрлі анықтауыштармен  кездеседі. Мақал-мәтелдер қатарында  анықтауыш тек бастауышқа ғана ие емес, сондай-ақ екінші зат есімге де ие.

Енді жалпы мақал-мәтелдер тақырыбына, түрлеріне келетін болсақ, жоғарыда айтып өткендей, мақал-мәтел  халық тұрмысымен, тұрмыста болған оқиғалармен байланысты туады, бірақ  бірден пішіні көркем, мағынасы терең қалыпқа келе қалмайды, біреуден-біреуге көше жүріп, өңделеді, өзгереді, жүре түзеледі. Негізінде тұлғасы қалыптасқан тұрақты жанр болғанмен, кейбір мақалдар мен мәтелдер ескіріп, қолданудан шығып қалса, өмірге, тұрмысқа кірген жаңалықтармен бірге қайсыбіреулері жаңадан, тыңнан жасалып жатады.

Біздің қарастырған  мақалдарды тұрмысқа байланысты, өмірге, білім мен өнерге, адам іс-әрекетіне, мінез-қылығы мен сырт бейнесіне, тілге, бейбітшілік пен тыныштық өмірге байланысты бөліп анықтадық.

 

                          

Ұлттық тәрбие берудегі мақал-мәтелдердің рөлі

 

"Тегінде, мақал-мәтелдер – қай халықтың да жан дүниесінің, мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнасы",- деп оқимыз. Ө. Тұманжанов құрастырып 1997 жылы баспадан шыққан «Қазақ мақал-мәтелдері» жинағын жасап шығарды. Неміс ғалымы Абрам Вандердің 1838 жылы жарық көрген «Die Sprichwirtliche Redesarten» еңбегінің алғы сөзінде де : « Мақал-мәтелдер ұлттың салт-дәстүрінен, оның ойлау, түсіну сезіну түрінен хабардар етеді. Олардың бойында сол халықтың мінез-құлқы, ерекшелігі көрінеді. Мақал-мәтелдер – халық  рухының жемісі»,- деп жазылған.

    Шын мәнінде, әр ұлттың мақал-мәтелердерінен сол халықтың мінезін көруге бола ма деген сұрақты қарастырсақ , бұл сұрақ төңірегінде ғалымдар арасында қарама- қарсы пікірлер бар екенін көреміз. Неміс ғалымы Маутнер

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі орны