Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:02, научная работа

Описание

Шет тілін үйреніп, зерттеуші сол тілдің сөздік қорын игеріп, грамматика ережелерін меңгеріп, мәтіндерді аудара алу қабілетіне жетіп қана қоймай, сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем білмеуге тырысу керек. Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі, ойлау ерекшелігі, ұлттық салт-дәстүрі, тұрмысы, өмірге деген көзқарасы да кіреді. Мақал-мәтелдер – осы ұғымдарды айқын көрсететін айна. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы өзекті деп санаймыз, өйткені өз тіліміз мемлекетттік дәрежеге ие болғандықтан, орыс тілін аралық тіл ретінде қолданбай-ақ, тікелей ағылшын-қазақ тілдерін зерттеу толғағы жеткен мәселе болып табылады.

Содержание

Аннотация ...........................................................................................................3

І. Кіріспе...............................................................................................................5

ІІ. Зерттеу бөлімі .................................................................................................7

Қорытынды.........................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................20

Работа состоит из  1 файл

gilimi joba.doc

— 171.00 Кб (Скачать документ)

«Философия сөздігі» атты еңбегінде  «Көне мақал-мәтелдер халықтың мінез-құлқын көрсетеді деген пікір екі себеп бойынша шыңдық бола алмайды. Біріншіден мақал-мәтелдер ертегі аңыздар секілді халық аузынан шыққан, екіншіден мақал- мәтелдердің өзі де бір халықтан екінші халыққа ауысып отырған», - дейді.

     Әр түрлі халықтардың мақал-мәтелдердің мазмұнынан ұлттық мінезден гөрі мақал-мәтелдер қалыптасқан кездегі қоғамдық тап өкілдері, бай, кедей, хан, қараша мінездерін көруге болады. Ал ондай тап өкілдері барлық халықта болған.

   Гримм айтқандай: «Көне мақал-мәтелдер шыққан уақытта халықтарда ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш бола қоған жоқ. Тек билеп-төстеуші топқа, сыртқы жауларға деген жек көрушілік болды. Ол халықтың мінезінің осалдығынан емес, сол кездегі өмір сүру жағдайының қиындығнан, әлеуметтік және саяси дамудың жайсыздығынан. Әр халық өз әдет ғұрыптарын дәріптеп, шаруашылығына қарай , өмір сүрген ортасына қарай әр түрлі тақырыптарды, бейнеулерді пайдаланған. Ұлттық мінез байқалуы мүмкін деген оймен ұлттың негізін құраған ру тайпалар жөніндегі  мақал-мәтелдерді қарастырсақ олар тек сырты сұлу сөздер емес, бойына мол мәліметтер жинаған , әзіл қалжыңы да бар халық даналығы екенін көреміз». Мысалға: аталастарының, ағайындардың көптігін мақтан етіп айтылатын мақал-мәтелдер: «Жаныс көп пе қамыс көп пе?», « Шымыр көп пе шыбын көп пе?», «Ойық көп пе, суда балық көп пе?».

     Өз руы туралы бұлай айту тек мақтану ушін ғана емес, өздерін басқалардың алдында мықты етіп көрсету үшін де айтылған болуы керек. Аталастарының көп болғандығын бақыт санап сол кездегі батагөйлері: «Ұлың отыз, қызың қырық болсын, көсегең көгерсін»-деп тілек тілеген.

    Ел әзіл-қалжыңсыз болмайды. Қазақта балдыз бен жездең, қайны мен  жеңгенің, құрдастарының әзілдері жарасқан. Сондай-ақ  руластарына мінездеме  беріп, әзіл-қалжыңы аралас айтылған мақал-мәтелдер де кең тараған. Мысалы: «Танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын»; «Көкте құдай, жерде адай»; «Арғын деген арыспын, аузы кере қарыспын»; «Торымын, құдайдан басқаның зорымын».

Қазіргі мектептің де басты мақсаты – алдымен балаға үлгілі тәрбие беру. Өйткені тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, іріктелген тәжірибесін баланың бойына сіңіру. Біздің пайымдауымызша, ұлттық тәрбиенің негізгі мақсаттары мынандай:

1. Дені сау ұрпақ  тәрбиелеу;

2. Ұлттық намысы бар  ұрпақ тәрбиелеу;

3. Рухани бай ұрпақ  тәрбиелеу;

4. Еңбекқор, іскер бала  тәрбиелеу;

5. Мәдениетті ұрпақ  тәрбиелеу;

6. Ар-ұжданды, ұятты ұрпақ тәрбиелеу;

7. Ізгі қасиеттерді бойына сіңірген, қазіргі қоғамда өмір сүруге және еңбек етуге бейім ұрпақ тәрбиелеу.

 Негізінен, еліміздегі  білім беру жүйесінің көп қырларының  бірі – сан түрлі жаңа технология  тәсілдерін пайдалану арқылы  оқушыларға сапалы білім беру. Әйтсе де, математикалық заңдылыққа сәйкес «қосылғыштардың орны ауысқанымен – қосынды өзгермейді», яғни тәрбие процесі қашан да болмасын негізгі рөл атқарады. Осыған орай менің де алға қойған мақсаттарымның бірі – айтулы жаңа тәсілдердің бастысы етіп этнопедагогиканы, яғни халық педагогикасын ендіре отырып оқыту. Жалпы, ағылшын тілі сабақтарында белгілі бір елдің, халықтың жай – күйі, ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі, географиясы т.с.с. үйретілетін болса, этнопедагогика қай халықтың болмысын жан-жақты өмірін, өткенін, салт-дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін және т.б. жәйттерді зерттеуші ғылым болып табылады.

  Сондықтан да, тағдыр тауқыметіне сан рет түсіп, «Ақтабан шұбырындыдан» да аман қалған, өз жерінде «өгей» атанып, талай боздағы қыршын кеткен, жалпы, «мың өліп, мың тірілген» халқымның өткенінен қазіргі жеткіншектерді хабардар етуді, қазағымның қазір  де қолданылмай қалған асылдарын алға тартуды, сабақ барысында шет елдік тарих, дәстүр, мәдениет, т.б. тақырыптарды өз тарихымызбен, салт-дәстүрімізбен және тұрмыс-тіршілігімізбен салыстыра, сабақтастыра өткізуді мұрат тұтамын.

 Мәселен, төменгі  сыныптарда ағылшынша «The family»  тақырыбы (жанұя) былайша өрбиді (бес саусақ арқылы):

This is our father (бас бармақ).

This is our mother (балаң үйрек).

This is our brother-tall (ортан терек).

This is our sister (шылдыр шүмек).

This is our baby (кішкентай  бөбек).

The smallest of all.

  Кез келген сабақта шетелдік көрнекті ақын-жазушылар және қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығы оқытылады немесе халықтың дәстүрлері, мереке күндері туралы тақырыптар өткізіледі. Онымен қатарластырыла, қазақ халқының тарихта ерекше орны бар майталман ерлері мен батырлары, еліміздің бірлігін ойлаған билері, халық қамын жеген хандары, өмірдің айнасындай ақиық ақындары мен қазіргі ел тәуелсіздігін табанды да тиянақты ету жолында ерен еңбек етіп жүрген атпал азаматтары жайлы материалдар жинақталып, оқушыларға таныстырылады.

 Жоғарыда атап өткеніміздей, халықтың әлі күнге өз мәнін,  тәрбиелік тағылымын жоймаған, философиялық  маңызы терең салт-дәстүрі, мақал-мәтелдері, шешендік сөздері қаншама десеңізші! Әрбір халықтың өзіне тән нақыл сөздері мен мақал-мәтелдері бар. Олардың қайсыбірін алсаңыз да қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерден асып кете алмайды, себебі басқа тілдегі бір мағынаға біздің тілде бірнеше нұсқада айтылатындары жиі кездеседі. Мәселен:

 а) «East or west, home is best», 

«Өз үйім - өлең төсегім»,

«Өз үйім – кең сарайдай боз үйім».

 ә) «First think, then speak», 

 «Айтылған сөз атылған  оқпен тең»,

 «Ойнап сөйлесең  де ойлап сөйле»,

 «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі».

 б) «Let sleeping dogs lie», 

 «Жатқан жыланның  құйрығын баспа»,

 «Аш пәледен қаш  пәле»,

 «Сырын білмеген  аттың сыртынан жүрме».

 в) «Live and learn», 

 «Оқусыз білім жоқ,  білімсіз күнің жоқ»,

 «Тал бесіктен –  жер бесікке дейін оқып, үйрен»,

 «Оқу – білім  бұлағы, білім - өмір шырағы».

 г) «Honesty is the best policy», 

 «Арыңды жасыңнан  сақта»,

«Малым-жанымның, жаным-арымның  садағасы».

Белгілі бір тарихи  немесе болған оқиғаларға  байланысты шыққан мақал-мәтелдер : «Қазақта Қаңлысыз хан сайланбайды» немесе «Келелі елде қаңлы бар» , «Қаңлыны хан көтерер» деген мақалдар «қаңлы» сөзінде ертеде «жақсы, жайсаң» деген мағына береді.

     Кокаре Э. « Параллели в латышских, литовских и русских пословицах и поговорках». «Фольклор балтийских народов» деген еңбегінде әртүрлі тілдердегі мақал-мәтелдердің «адекватты болып келуінің негізінде – ойлаудың, образдың пайда болу принциптерінің сәйкестігінде...» -яғни өмірде өтіп жатқан жағдайлар, оқиғалар, құбылыстарды бірдей көзқараспен қабылдау заңдылығы көрініс тауып отыр. Сонымен қатар «адекватты» мақал-мәтелдер «жалпы халықтық интернационалдық мақалдардың ұлттық және синонимдік түрі болады». Осыдан әр түрлі топқа жататын бірнеше елдің тілінде бір ойды бір құрылыммен беретін мақал-мәтелдердің табиғаты-әр халықтың философиялық ой-тұжырымы мен поетикалық образ жасау амалдарының сәйкестігінен туып отырған сияқты.Бұлай дейтініміз, қазақ тіліне енген француз мақалын немесе француз тіліне енген қазақ мақалын кездестіре алмадық. Қай тілдегі мақалды алсақ та, мақал-мәтел адамның жеке басының ғана жан-дүниесіне, қоғамдағы орнына, қатынасына, іс-әрекетіне, еңбегіне, көзқарасына бағытталмай, бүкіл қоғамдық тілдік-мәдени ортаға бағытталған.

    Әр елдің мақал-мәтелі «өз бетінше қалыптасқандығын сол елдің тіл ерекшелігіне тән мәдениетінен, айналысқан щаруашылығынан,бастан өткерген тарихынан, орналасқан жер жағдайынан байқауға болады.

   Екі тілде де мақал-мәтелдер адамға бағытталып айтылады: ұлттық тәрбие, мінез-құлық, қарым-қатынас, әртүрлі жағдайдағы қарым-қатынастар мен іс-әрекеттер.екі тілдің мәтелдерінің қарым-қатынастары мен іс-әрекеттері. Екі тілдің мәтелдерінің салыстырмалы сараптамасын жасап, мынадай тақырыптарға: еңбек, достық, адалдық, махаббат, жақсылық, жамандық басқа мәтелдерде екі елдің өзіне тән зат атаулары да кездесіп жатады.

   Ал ұлттық мінезге келсек, мақал-мәтелдерден ұлттың мінез-құлықтың сәулесін көргенімен, олар арқылы бір ұлтқа не ру, тайпа мүшелеріне түгел мінездеме беруге болмайды. Бұлар көбіне өз руластары, тайпаластарына деген мақтаныш сезімдерін асыңқырап жіберіп мақтанғаннан, ал көршілері мен туыстар арасында әр кезде болатын зілсіз әзіл кекеткеннен туған. Этнос болмысына қатысты бұндай мақал-мәтелдердің мазмұны тіл тарихымен де, этнос тарихымен де тығыз байланысты, себебі халық өмірінде, халық тұрмысында болған нәрсе сол халықтың тілінен сүбелі орын алады. Әр этностың болмысы, таным мен тағылымы олардың өз жерінде қалыптасады.

Бір сөзбен айтқанда, мақал-мәтелдер – халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері.

        «Мақал-мәтелдер - ата-ананың , көпті көрген көненеің балаға, жасқа айтар тәжірибесі мен ақыл-кеңесі, өсиет-насихаты»-деп ғалым Б.Адамбаев айтқандай халық балаға айтайын деген ақылын астарлап, мақал сөздің құдіретті күшімен жеткізіп отырған. Ата-бабаларымыз мақалдардың көмегімен жас- жеткіншектердің адамгершілік қасиеттері мен рухани байлығын дамытып, еңбексүйгіштікті дәріптеп, керісінше еріншектік пен жалқаулық, олақтық пен салақтық адам бойындағы жаман әдет екенін нақты мысалдармен тәпіштеп түсіндерген.

Дастан, хиссаларға қарағанда  мақал-мәтелдердiң ерекше қасиетi көлемiнiң  шағындығы, мазмұнының кеңдiгi, тiлiнiң  өткiрлiгi, мағынасының тереңдiгi. Әрi ол барлық халыққа әсерлi, жалпы адамзатқа  ортақ, көңiлге бөлекше қонымды, ұтымды келедi. Мақал-мәтелдерді халық не үшін қадірлейді? Саф алтындай асылдығы, мірдің атқан оғындай өткірлігі, ықшамдылығы, дау тудырмас даналығы, өнеге үйреткіш тәлімділігі, қиып түсер қылыштай уыттылығы мен тапқырлығы үшін дер едік.

Тегiнде, мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы; ол сол халықтың сөздiк қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенiн де сездiрер белгiсi. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа тiлдегi мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну – бұл тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер – тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi.

Қай елдiң мақал-мәтелдерiн  алмасақ та, барлығының ең басты  ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын және неміс тiлiндегi мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде бiз балаларды  тек ағылшын және неміс халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.

Ағылшын және ағылшын тiлiнен қазақшаға аударуда қиыншылықтар кездесетiнi де сөзсiз. Аударманы жасаған кезде басқа тiлдiң көмегi арқылы белгiлi бiр тiлдегi мазмұнды мүмкiндiгiнше дәл жеткiзу, ағылшын және неміс тiлiндегi мақалды немесе мәтелдi түсiнiп, оны өз туған тiлiнде түсiндiруге және керiсiнше жасау iскерлiгiне ие болу мiндетi қойылады. Төрт тiлдегi мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi мағыналық реңктiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тiлiн үйренуiне елеулi көмек көрсетедi.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жан-жақты қарастырылып талданды.

Мәселен:

1. Ағылшын, қазақ, орыс  тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке  тақырыптар бойынша сараланады;

а) Адам және оның қасиеті;

ә) Еңбек және кәсіп;

б) Ғылым-білім. т.б.

2. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланады;

а) Мақал-мәтелдердің әр тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы;

ә) Мақал-мәтелдердің әр тілде тілде сөздік баламасының дәл келуі;

Мыcалы:

«Білім – қуат».

«Knowledge is power».

Бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы.

Екінші мысал:

«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді».

«One drop of poison spoils the whole tun of wine».

Ал бұл мәтелде 4 тілдегі  сөздік баламасы әр түрлі, бірақ мағынасы бір.

 

АДАМ және ОНЫҢ ҚАСИЕТI

HUMAN BEING and HUMAN NATURE

1) «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа».

«Every country has its customs».

2) «Сырты жалтырауықтың іші қалтырауық».

«Appearences are deceptive – never judge from appearence».

3) «Сиыр баласын торпағым дер, қарға баласын аппағым дер».

«Every cook praises his own broth».

4) «Мысқалы аз, бірақ қымбат».

«A little body often harbours a great soul».

 

ЕҢБЕК пен КӘСIП туралы

WORK. and LABOUR

1) «Iске уақыт, ермекке сағат».

«Business before pleasure».

2) «Еңбек түбі – бейнет».

«The end crowns the work».

3) «Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла».

«After dinner comes the reconing».

4) «Тамшы тама берсе, тас жарады».

«Little strokes fell great oaks».

 

ҒЫЛЫМ- БIЛIМ туралы

KNOWLEDGE and SCIENCE

Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі орны