Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 12:02, научная работа

Описание

Шет тілін үйреніп, зерттеуші сол тілдің сөздік қорын игеріп, грамматика ережелерін меңгеріп, мәтіндерді аудара алу қабілетіне жетіп қана қоймай, сол тілді тудырған халықтың мәдениетін өз халқының мәдениетінен кем білмеуге тырысу керек. Мәдениет деген ұғымға халықтың өнер-білімі ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру стилі, ойлау ерекшелігі, ұлттық салт-дәстүрі, тұрмысы, өмірге деген көзқарасы да кіреді. Мақал-мәтелдер – осы ұғымдарды айқын көрсететін айна. Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы өзекті деп санаймыз, өйткені өз тіліміз мемлекетттік дәрежеге ие болғандықтан, орыс тілін аралық тіл ретінде қолданбай-ақ, тікелей ағылшын-қазақ тілдерін зерттеу толғағы жеткен мәселе болып табылады.

Содержание

Аннотация ...........................................................................................................3

І. Кіріспе...............................................................................................................5

ІІ. Зерттеу бөлімі .................................................................................................7

Қорытынды.........................................................................................................19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................20

Работа состоит из  1 файл

gilimi joba.doc

— 171.00 Кб (Скачать документ)

1) «Бiлiм – қуат».

«Knowledge is power».

2) «Өмір бойы үйрен».

«Live and learn».

3) «Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді».

«The fool does think he is wise,

but the wise man knows himself to be a fool».

4) «Көргеніңді көңілге түй».

«Learn wisdom by the follies of others».

 

 

ДЕНСАУЛЫҚ туралы

HEALTH

1) «Денсаулық – зор байлық».

«Good health is above wealth».

2) «Демі бардың емі бар».

«Take a hair of the dog that bit you».

3) «Тазалық бар жерде денсаулық бар».

«If each would sweep before his own door,

he should have a clean city».

4) «Кесел батпандап кіріп, мысқалдап шығады».

«Agues come on horseback but go away on foot».

 

ДОСТЫҚ туралы

FRIENDSHIP

1) «Досыңды қиналғанда бір сына,

Қуанғанда бір сына».

«A friend in need is friend indeed».

2) «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын».

«A friend in court is better than a penny in purse».

3) «Жаңа дос жаныңда жүргенде, ескі дос есіңде жүрсін».

«Old friends and old wine are best».

4) «Ақымақ достан ақылды дұшпан артық».

«Better an open enemy than a false friend».

Мақал-мәтелдерге тән  көркемдiгi, ырғақты суреттеуi арқылы олар өте тез есте сақталып, ағылшын  және неміс тiлiн үйретудiң әр түрлi аспектiлерi мен кез келген басқа мақсат үшiн иллюстрация ретiнде қолданыла алады.

Бұл бейнелiк нақыл  сөздер мен мақал-мәтелдердi қолдану  барысында, оқушылар халық даналығының  мағынасына тереңiрек үңiлiп түсiнедi. Мақал-мәтелдердiң мәнерлi формасы оларды тез есте сақтауға мүмкiндiк бередi, бұл ағылшын және ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдерiнде кездесетiн грамматикалық құрылыстарды өңдеуге көмектеседi.

Мағыналары бiр екі фразаны екі тiлде салыстыру қандай болса да тақырыпта әңгiме жүргiзуге мүмкiндiгiн бередi. Бұл қысқа нақыл сөздердiң терең мағынасы оқушылардың ой өрiсiн кеңейтiп, дамытып қана қоймай, өзiнiң тәрбиелiк маңыздылығымен құнды болып табылады. Мақал мен мәтелдердiң мағыналық кең диапазонына байланысты оларды оқушылар мен студенттермен жұмыс iстеуде ғана емес, сонымен бiрге тiлдi өз бетiмен меңгеруге бел байлаған адамдарға да қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Мақал-мәтелдер – адамды адамгершілікке, тәрбиелілікке, даналыққа шақырып, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды сақтай отырып, өмірлік маңызы бар істерді атқаруда бағыттап отыратын ата-бабамыздан қалған баға жетпес мәдени мұрамыздың туындысы.

Құрылысы жағынан әрі  ықшам, әрі көркем мақал-мәтелдер –  мағынасы жағынан терең ой, кең  мазмұнды қамтитындығымен ерекшеленеді. Айтылмақ ойды астарлап жеткізу мақал-мәтелдерге тән.

Қорытындылай келе, жоғарыда айтылған  мәселелерге сүйене отырып келесі тұжырыммен шектелмекпіз. Мақал  – мәтелдерді зерттеу барысында  өмірден алынған қарым - қатынас  қызметке байланысты  фактілері  және де олардың көп сатылы семантикалық кеңістіктегі орнын анықтау үшін жаппай зерттеудің  ыңғайлы әдістемесі  қолданылуы қажет. 

Екі тілдегі мақал  – мәтелдің  де ұқсастығы мен  айырмашылықтары бар. Мақал –  мәтел айырмашылығы екі тілдің формаларының сыртқы белгілеріне байланысты. Сонымен бірге мағынасын анықтау үшін  мақал - мәтелдердің көлеміне де назар аудару қажет.  Мақал -мәтелдер арқылы біз әр елдің мәдени ерекшелігімен, салт - дәстүрімен және тілдік байлығымен танысамыз. Мақал - мәтел арқылы біз әр елдің тек өзіне ғана тән ерекшеліктерін байқай отырып, барлық елге мынадай ортақ бір заңдылықты аңғарамыз: мақал - мәтел - әрбір халықтың рухани қазынасы, ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тарайтын  өнеге, үлгі -өсиет және де адам пікірінің дәнекері, аталы сөздің жемісі.

Ағылшын, қазақ мақал-мәтелдер бірдей болады. Келтірілген мысалдардан  кейде қазақша мақалдар, кейде екеуі де құрылысы мен мағынасы жағынан бірдей, бір-бірінің тура  аудармасы болып келетінін көрдік. Кейде 2  тілдегі мақал-мәтелдер бір-бірімен  тек алынып отырған тақырып, білдіретін мағынасы жағынан ұқсас болуы мүмкін. Екіншіден, ағылшынша, қазақша, орысша мақалдардың синонимдері болады. Кейде мақалдар өз синонимдерімен тек образдармен ерекшеленеді, кейде мағынасы жағынан үндесіп, ұқсас болады.

Мақалдарды бірнеше тілде білу өзімізге де пайдалы. Олар да түрлі тарихи  жағдайларда құрылған, бірақ  сонда  да  халықтың арманын, мақсатын көрсетеді. Белгілі бір ойдың әр түрлі халықтардың, яғни әр түрлі тілдегі қалай  айтылатындығын есту  қызықты. Тегінде, мақал-мәтел – қай халықтың болсын жан дүниесінің, мінез- бітімінің, тыныс-тіршілігінің айнасы; ол сол халықтың сөздік қорының   байлығын танытып қана қоймай, оның уақыт санын құны артпаса, арзымас қазына екенін сездірер белгісі. Сондықтан қай  тілде  болсын мақал мәтелдерді оқып, үйрену керек. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз  өзгерседе мақалдың түпкі мағынасы, айтайын деген ойы өзгермейді. Бірақ  ең алдымен өз тілімізді, әркім өз   халқының рухани байлығын білу керек. "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді" (Ғ. Мүсірепов).

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Албытова Н. Қазақ  балалар фольклор арқылы бастауыш  мектеп оқушыларының дүниетанымын  қалыптастыру. – А., 1999.

2. Ахметова С.Г. Английские  пословицы и поговорки и их  эквиваленты в русском и казахском языках: Пармиологический словарь. – А., 1989.

3. Әлімбаев М. Халық  – ғажап тәлімгер. – А., 1994

4. Дубравин М. Английские  и русские пословицы и поговорки  в иллюстрациях. – М.: Просвещение, 1995.

5. Қазақ мақал-мәтелдерi. Құрастырған: Ж. Дәуренбеков - А., 2001.

6. "Қазақ мақал-мәтелдері"  Жинастырған Ө.Тұрманжанов, Алматы "Ана тілі", 1992ж.

7. "Қазақ мақал-мәтелдері.Казахские  пословицы и поговорки".Құрастырған  М.Аққозин. Алматы."Қазақстан", 1990ж

8. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983.

9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. – Астана: Елорда, 2006.

10. Асқар.О. Қазақ және Әлем халықтарының таңдамалы мақал–мәтелдері. - Алматы, 2005.  - 432 бет.

11. Кеңесбаева Ү. Ағылшын халқының мақал–мәтелдері . - Алматы: Өлке, 2004. -214 бет .

12. Longman dictionary of English languages and Culture. - Adisson Wesley: Longman Limited, 1997.

13. Малайсарин. Ж. Қазақ мақал–мәтелдері. - Алматы.: Ана тілі, 2007.  – 184 бет.

14. Кунин А.В. «Англо-русский фразеологический словарь» Москва издательство Русскй язык« 2002г.

15. "Мың бір мақал.  Жиырма үш жоқтау" Жинастырған  Ахмет Баржақсы баласы. Алматы. "Қазақстан", 1993ж.

16. "Словарь употребительных английских пословиц и поговорок". Авторлар:М.В.Буковска, С.И.Вяиьцева, З.И.Дубянская, Л.П.Зайцева, Я.Г.Биренбаум. Москва,"Русский язык", 1990ж.

17. Словарь английских пословиц и фразеологических выражений.Автор:А.А.Хазан."Смоленск-Русичь" 2001год

18. Ayto J. Dictionary of World Origins London, Bloomsbury Publishing Dictionary, 1999.

19. www.google.kz.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер

 

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер.

 

 Жақсы келін - қызыңдай,

 Жақсы күйеу - ұлыңдай.

 

 Қызым, саған айтам,

 Келінім, сен тыңда.

 

 Айтушы ақылды болса,

 Тыңдаушы дана болады.

 

 Өзіңді- өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

 

 Сиыр су ішсе, бұзау  мұз жалайды.

 

 Сұңқар қанаты ұшқанда  қатаяды.

 

 Әкесі қой баға  білмегеннің,

 Баласы қозы баға  білмейді.

 

 Кеме келсе, қайық  судан шығады.

 

 Сақтықты соқырдан  үйрен,

 Кішілікті түйеден  үйрен.

 

 Сын түзілмей, мін  түзілмейді.

 

 Бабасы еккенді,  баласы орады.

 

 Апасының киген  тонын сіңлісі де киеді.

 

 Елгезек екі айтқызбайды.

 

 Тәрбиелі адам - тағалы  атпен тең.

 

 Жақсылық еккен  алғыс орады.

 

 Итті күшігінде  үйрет.

 

 Үлкен бастар, кіші  қостар.

 

 Ұлы жол үйіңнің  табалдырығынан басталады.

 

 Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.

 

 Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

 Кіші сені сыйласа,  кісі сені сыйлайды.

 

 Ине өткен жерден  жіп өтер.

 

 Ел болам десең  бесігіңді түзе.

 

 Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

 

 

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер

 

 

Train a child in the way he should go, and when he is old he will not turn from it.

 

Direct your children onto the right path, and when they are older, they will not leave it.

 

Train up a child in the way he should go; even when he is old he will not depart from it.

 

He that reproves a boy concerning the beginning of his way, even if he becomes old he will not turn away from it.

 

Train a child in the way he should go, and even when he is old he will not turn away from it.

 

If a child is trained up in the right way, even when he is old he will not be turned away from it.

 

It is a proverb: A young man according to his way, even when he is old he will not depart from it.

 


Информация о работе Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұлттық тәрбие берудегі орны