Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 18:20, курсовая работа
Тәңіріміз жарылқап, көп ұлтты халқымыз, қан төгіспей, бодандықтан құтылып, Егемен ел болғанымызға 15 жыл аяқ басты. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің өшпес тарихы. Қазір қарап отырсақ, осы мерзімнің ішінде боламыз ба, бордай тазамыз ба дейтін тағдыршешті сұрақтың алдында тұрған шықты да, қуанышқа кенелтіп, мейірімізді асырған кезді де бастан кешіппіз.
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ.......
1.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың түсініктемелері..................................
1.2. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қарау объектілері..............................
1.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі бастауға негізді топтастыру проблемалары..........................................................................................................
2 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ІСТІ ҚАРАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.............................................................................................................
2.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қайта қараудың негіздері..................
2.2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау бойынша талап қоюдың тәртібі және мерзімдерде істің қаралуы..............................................
2.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша арыз беру және оны қарау ерекшеліктері.........................................................................................................
2.4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау проблемалары.........................................................................................................
3 МӘЛІМЕТ ІЗДЕУ ТӘСІЛІ, ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖИНАЛҒАН АҚПАРЛАРДЫ ТАЛДАУ........................................................................................
3.1. Мәліметті, деректерді іздену тәсілі..................................................................
3.2. Іздену объектісі, ақпарлар түрлері...................................................................
4 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР ТҰРҒЫСЫНАН СОТ ШЕШІМДЕРІН САРАПТАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ............................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
Төртінші топқа – белгілі бір үкімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, ұйғарымының немесе қаулысының, не өзге де орган қаулысының күшін жою деген қосымша анықтама берілген («ҚР Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс-жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ң 2005 жылғы 30-желтоқсандағы №111 –ІІІ Заңы/үзінді).
Ерекше тоқтатылатын жәйт, жаңадан ашылған мән-жайларды қайта қарау ісі соттың шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына негіз болған жалған (преюдициально) анықталған фактілерді әшкерелегеннен кейін қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Жоғары сотының Пленумында көрсетілгендей жаңадан ашылған мән-жайларды қайта қарау жөнінде іс жүргізу кезінде соттар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 404-бабында көрсетілген реттік негіздері жеткілікті деп есептейді (ҚР Жоғарғы сот Пленумының қаулысы, 30 маусым 2000 жыл, №9, 1 абзац, 41 пункт).
Алайда, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР-ң 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111 – ІІІ Заңы бойынша төмендегі көрсетілген бесінші тармақшаны да негіз деп кіргізу керектігін айтады.
Бесінші
топқа – «Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің сот актісін
шығаруы кезінде қолданған
2.2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта құру туралы талап қоюдың тәртібі және арызы қаралуы.
Жаңадан ашылған мән-жайларға сәйкес соттардың үкімін қайта қарау мәселесі, шағымданушының арызынан кейін АІЖК-тің 406 бабының бірінші тармағына сәйкес қаралуы тиіс.
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сот шешімін қарау үшін, арыз беруге құқығы бар тұлғаларға жататындар:
Арыз беру мерзіміне прокурор шек қоймайды. Осыған орай, АІЖК-тің 406-бабының екінші тармағына сай, іске қатысушы тұлғалар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады делінген.
Арыз
беретін арнаулы мерзіміне
1) Кодекстің 404-бабының бірінші тармақшасында көзделген жағдайларда іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар анықталған күннен бастап, яғни арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар.
2) Осы кодекстің 404-бабының екінші және үшінші тармақшаларында көзделген жағдайларда яки азаматтық іс жөніндегі шешім заңды күшіне енгеннен бастап, ол дегеніміз заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу құралған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы және заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері
3)
Осы кодекстің 404- бабының төртінші
тармақшасында көзделген
Егер сот орынды себептерді мақұлдайтын жағдайда, жоғарыда көрсетілген үш айлық мерзім, АІЖК-ның 128- бабына және екінші бөліміне сәйкес арыздану мерзімі қайтадан ұзартылуы мүмкін.
Нарық жағдайында тағы бір айтарлық мәселеге келер болсақ, ол Мемлекеттік төлем ақы болмақ. Жаңадан ашылған мән-жавйлар байланысты және соған орай соттың азаматтардың арызын қамтамасыз есептелген кездерде ондай ақы төленбеуі тиіс.
Заң арыздарының түрлеріне және оның мағыналарына арнайы талап қойылмайды. Арыз сот ісінің жүргізілу талабына сәйкес болып және жазбаша түрде берілуі керек.
Арызда мыналар көрсетілген жөн:
АІЖК-тің 405-бабына сәйкес сот актісін қайта қарау тек қана, істі заңды түрде шешкен өкілетті сотта қаралуы керек және оны:
1)
заңды күшіне енген сот
2)
апелляциялық және қадағалау
инстанциясында (сатысында) анықталынады,
шешімдері, қаулылары жаңадан
ашылған мән-жайлар бойынша
Жоғарыда көрсетілген, АІЖК-тің 405-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайлар арқылы шешілген сот актілері, осы нақты жәйттерді қабылдау арқылы заңды шешім қабылдаған сотта ғана шешіледі дейді көптеген зерттеушілер.
Ғылыми
деректерге сүйенсек, бірінші сатыдағы
көрсетілген соттардың
Егер
де бақылау инстанциясының актісі өзгертілсе
немесе бұзылған болса, жаңадан ашылған
мән-жайлар бойынша апелляциялық, қадағалау
немесе бақылау инстанциясы жаңадан
ашылған мән-жайлар бойынша істі
қайта қарау тек сот актісін
өзгерткен немесе бұзған сот инстанцияларында
қаралады.
2.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша арыз беру және оны қарау ережелері.
Елдіміздің АІЖК-нің 406-бабына сәйкес шағым шешімі, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысқан адамдар немесе прокурор шешім, ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа береді. Жоғарыда көрсеткеніңіздей шағымданушылар үш ай ішінде бере алады.
Осы кодекстің 408- бабында былай делінген. Сот жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды және қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қарайды. Арыз берушіге және басқа іске қатысушы адамдарға отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарланып, алайда олардың келмеуі арызды қарауға бола алмайтыны көрсетілген.
Егерде, жаңадан ашылған мән-жайлар маңызды болса сот арызды қанағаттандыру немесе сот актісін өзгерту туралы шешімге келеді. Ал олай болмаған жағдайда, шешімнің, ұйғарымның, қаулының күшін жояды, не қайта қараудан бас тартады (409 бап).
Арызды қанағаттандыру туралы үкім қайта арыздануға және сот үкіміне наразылық білдіруге жатпайды. Шешім, ұйғарым, қаулы бұзылған кезде жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі жүргізу соттың осы Кодексте белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі.
Турасына келсек, соттың жаңадан ашылған мән-жайлар жоқ деген қорытындысы, шағымданушының арызын қанағаттандырмауға негіз болып табылады. Арызданушылар мұндай шешімнен кейін, осы соттан жоғары сот инстанцияларына шағымдануына болады ( Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының №9 қаулысының 43 тармағының 3 абзацы, 30 маусым 2000 жыл. «Соттардың Азаматтық іс жүргізу Кодексінің кейбір заңдарын қолдану туралы (өзгерістер мен толықтырулар, Пленумның №15 қаулысы, 30 қазан 2000 жыл).
Сонымен, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, істі мәні бойынша шешкен кезде сот қысқаша (қысқартылған) шешім шығарады, ол кіріспе, дәлелдеу және қарар біліктерінен тұрады (АІЖК-нің 220-бабы, 1 тармағы, 2005 жыл) шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
Жоғарғы соттың қаулысының 43 тармағының 3 абзацы, 30 маусым 2000 жыл «Соттардың Азаматтық іс жүргізу заңдарының кейбір заңдарын қолдану туралы» (өзгарістер мен толықтырулар, Пленумның 15 қаулысы, 30 қазан 2000 жыл).
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс-жүргізуді қайта бастаудың мерзімі туралы сөз қозғағанда РФ мынадай ережені ұстанатындығын атап өткеніміз жөн. (414 бап) Шешімін немесе істі тоқтату туралы ұйғарымды, қаулыны немесе жазаның жұмсақтығына яки, сотталушыға ауырлау қылмыстар туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты үкімдерді қайта қарауға тек мерзімі ескергенге дейін және жаңадан ашылған мән-жайлар ашылған күннен бастап 1 жылдан аспайтын уақыт ішінде рұқсат етіледі. Жаңадан немесе қайтадан ашылған мән-жайдың ашылған күніне мынадай уақыт мерзімдері жатқызылады:
1)
Қылмыстық сот өндірісті
2)
Қылмыстық істе қолданылған
3)
Адам құқықтары мен
4)
Жаңадан ашылған мән-жайларға
байланысты өндірісті қайта бастау
қажеттігі туралы қорытындыларға прокурор
қол қойған күн. Бұл ережелер біздің заңдарымызға
қайшы келмейтіндігі көрініп-ақ тұр. Мысалы:
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша
соттың шешімін, ұйғарымын немесе қаулысын
қайта қарауды жоғарғы сот төрағасының
ұсынуымен РФ жоғарғы соттың Президиумы
аталмыш ұсыныс келіп түскен күннен бастап
1 ай ішінде жүзеге асыратыны белгілі болды.
2.4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот
актілерін қайта қарау проблемалары
Өте ерекше тоқталуды қажет ететін бірде-бір жәйт, ол жаңадан ашылған мән-жайлардың маңыздылығы мен айналысқан кісілер (сот, прокуратура, сарапшы, аудармашы,т.б.) және зерттеуші ғалымдар бұл проблеманың өте күрделілігін және ол бойынша іс жүргізу процестерінің әр қилы заңды үйлестіруінде кемшіліктердің барлығын және жаңадан ашылған мән-жайларды қолдану үшін сот ісінің ары қарай жетілдіруіне аса нащар аударуда.
Мысалы, Е.М.Ломоносова іске араласушы кісінің 3 айдың көлемінде арыз – шағым беруіне болады деуін негізсіз деп санайды. Оның себебі, осыкөрсетілген мерзім прокурорға қатысы жоқтығына іс жүзінде ол тәрбиелік маңызын жоғалтады дейді.
Ал Азаматтық іс жүргізу кодексінің 409-бабына көз жіберетін болсақ, онда соттың арызды қанағаттандыру туралы шешімі шыққаннан кейін, жауапкер қайта арыздануға және сот шешіміне наразылық білдіруіне болмайды деп көрсетілген (ҚР АІЖК –сі, 2-ші тармағы)
И.М. Зайцев төмендегідей ерекшелікке тоқталды. Заңды енген соттың шешіміне қарамай, істің қайта қаралуы кез-келген уақыт аралығында белгілі болған, анықталған кейбір фактілерге (дәлелді деректерге) байланысты қайта қарау мүмкіндігі болуы ықтимал, бірақ та, «Жаңадан пайда болған жәйттердің» процессуалдық сапасы оның заңдылығына бара-бар болуын қарастырады, яғни:
- біріншіден шешімдердің, ұйғарымдардың, қаулылардың заңды күшіне енгеннен кейін.
- екіншіден – іске араласушы кісілердің жаңадан ашылған мән-жайларды белгілегеннен кейінгі 3 айдың көлемінде.
Егер, жаңадан ашылған мән-жайлар апелляциялық шағым мерзімі өткенше немесе 3 айдан кейін байқалған жағдайда, олар жаңадан ашылған дәлелді деректерге жатпайтын болды, ал сот актісінің қате екендігі апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен жүргізілуі тиіс.