Мәліметті, деректерді іздену тәсілі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 18:20, курсовая работа

Описание

Тәңіріміз жарылқап, көп ұлтты халқымыз, қан төгіспей, бодандықтан құтылып, Егемен ел болғанымызға 15 жыл аяқ басты. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің өшпес тарихы. Қазір қарап отырсақ, осы мерзімнің ішінде боламыз ба, бордай тазамыз ба дейтін тағдыршешті сұрақтың алдында тұрған шықты да, қуанышқа кенелтіп, мейірімізді асырған кезді де бастан кешіппіз.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................
1 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ.......
1.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың түсініктемелері..................................
1.2. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қарау объектілері..............................
1.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі бастауға негізді топтастыру проблемалары..........................................................................................................
2 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ІСТІ ҚАРАУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.............................................................................................................
2.1. Жаңадан ашылған мән-жайлардың қайта қараудың негіздері..................
2.2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау бойынша талап қоюдың тәртібі және мерзімдерде істің қаралуы..............................................
2.3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша арыз беру және оны қарау ерекшеліктері.........................................................................................................
2.4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау проблемалары.........................................................................................................
3 МӘЛІМЕТ ІЗДЕУ ТӘСІЛІ, ОБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ЖИНАЛҒАН АҚПАРЛАРДЫ ТАЛДАУ........................................................................................
3.1. Мәліметті, деректерді іздену тәсілі..................................................................
3.2. Іздену объектісі, ақпарлар түрлері...................................................................
4 ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР ТҰРҒЫСЫНАН СОТ ШЕШІМДЕРІН САРАПТАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ............................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа состоит из  1 файл

айс.doc

— 213.50 Кб (Скачать документ)

    Осындай пікірлерге байланысты, И.М.Зайцев мынадай  тұжырымға келген «Соттардың жіберетін бірдер-бір қателіктерін әртүрлі заңды тәсілдермен және әрқилы тексерулермен түзету, жаңадан ашылған  мән-жайлардыықтимал және жүйелі түрде қаралу  мүмкіндігін қысқартып, сот қаулыларының дұрыс болуына әсерін тигізеді» дейді.

    Тағы бір елеулі себепке тоқталатын болсақ, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау, қозғау шағымданушылар үшін өте күрделі болуы. Мұның нақты себептеріне жататындар:

  • олар соттың қателігін дәлелді көрсете отырып;
  • істі  қайта қараудың негізін;
  • оларды байқаған мезгілін;
  • жаңадан ашылған  мән-жайлар жаңа жағдайлар немесе жаңа дәлелдер еместігін ажыратып көрсете білуіне  байланысты туындайды.

    Бұдан кейін, И.М. Зайцев жаңадан ашылған  мән-жайлар туралы сот шешімдерінің іс-тәжрибе жөнінде қайта қарала бермейтініне тоқтала келе, осы мәселе жөнінде тексеруді одан әрі жетілдіру керектігіне тоқталады.

    Жоғарыда, жаңадан ашылған  мән-жайларға байланысты туындайтын проблемаларды ескере отырып әдебиетте кездескен өзге көзқарасты деректерге тоқталуды жөн санадық. Мысалы, В.П.Воложанин, А.Ф.Козлов, К.И.Коммисаров және Ю.К.Осипов деген кісілер азаматтық  іс жүргізу үшін жаңадан ашылған  мән-жайлар Институтының қажет еместігін құптайды. Олар жаңадан ашылған  мән-жайлар арқылы істі қайта қозғаудың есесіне, оны соттық қадағалау тәртібімен (әдісімен) жүргізуді қалайды.

    Шындығына келсек, З.Х.Баймолдина жаңадан ашылған  мән-жайларға байланысты жіберілген сот  қателіктерін жөндеуге ешбір кедергі  жоқтығына сүйенсек, оны апелляциялық немесе қадағалау ретінде де түзетуге болады дейді. Сол себепті, жоғарыда көрсетілген авторлардың ойларымен келісе отырып, жаңадан ашылған  мән-жайларға байланысты істі қайтадан қарау үшін тағы бір сот актілерін жөндеу түрін немесе тағы бір органды енгізудің қажеттігі жоқ сияқты көрінеді.

    Бүгінгі күні, сот актілерін қарайтын төрт түрлі жағдайларға сүйене отырып, сот ісін әділетті жүргізу үшін тағы бір Иституттың қажет еместігі, қайта соттық іскерліктің нақтылығын арттыруға жақсы әсерін тигізе отырып, азаматтардың құқығын, бостандығын және оны мен қатар, басқада ұжымдардың заңға қызығушылығын арттыруға болатыны күмәнсіз.

    Қай салада болмасын, қызмет сапасын көтеру сол сала мамандарының өз ісінде мемелекеттік қызметтің белгілі үрдістерін сақтай алатындығына байланысты болатынын  белгілі. Осы тұрғыдан – жергілікті соттардың және оның қызметтестерінің деңгейін көтеру бірталай іс шараларды жүзеге асыруға болатынын айтпақпыз.

    Ең  бастысы – мемлекет қызметшілерінің  Ар – намыс Кодексін оқып білу, сот  жүйесінде мемлекеттік қызметті әрі қарай  дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын  сақтау және тәжрибелі семинарлар, соңғы кезде аса жиі қолданып жүрген интерактивті тәсілді тренингтер, семинар – сабақтар, тестілеу дөңгелек үстелдер ұйымдастыру өткізіліп тұрса құба- құп  болар еді демекпіз. Бақылау болса, шешім орындалатыны сөзсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. Мәлімет іздеу  тәсілі, объектісі  және жинаған

    ақпарларды талдау 

    1. Мәліметтерді, деректерді іздену тәсілі

    Қандай  да бір іс саласы бомасын, олардың кәсіпқой, сол саланы дамыту жолында өзіндік қолданылатын әдістемелері және бағыты болатыны әдебиеттен де, тәжрибеден де белгілі. Олар, бір – бірімен тығыз диалектикалық байланыста болады. Ал, диалектикалық байланыс дегеніміз – табиғаттың, адам қоғамының және ойдың қозғалысы мен дамуының жалпы  заңдылығының бірден – бір куәсі болып есептеледі.

    Алайда, жаңадан ашылған мән – жайлар бойынша соттың істі  қарау  жөнінде  заң ғылымының жиынтығына (юриспруденция) жататын әдеби – тәжрибелі  дерек (информация) көздерінен біздер жаңа жайларды іздеу, ескеру немесе оны  сараптауға бағытталған арнайы қолданылатын әдістеме түрлерін кездестіре алмадық.

    Сол себепті, біз өз мәліметтерімізді социалогия ғылымының әдістемелерін қолдана  отырып, ең анық ақпарлардан алуды жөн санадық. Ол үшін нақты құжаттарды (документ) қарау әдісін қолдануға мәжбүр болдық, оның себебі осы әдістеме ғана ізденушіге керек деректерді (информацияны) басқа жолмен алуға мүмкіндік болмағандықтан туындайды. 
 

    1. Іздену  объектісі, ақпарлар түрлері.

    Жаңадан ашылған мән - жайлар туралы информация жинау үшін біздер, Қазақстан Республикасының атынан Қызылорда қалалық сотының объект алты түрлі шешімдерінің (шешім, ұйғарым, анықтама) көшірмелерін пайдалануды дұрыс деп таптық және оларды нақты көрсетуді жөн санадық. 

    1. Жиналған  деректерді талдау.

    Жиналған  деректердің негізіне келетін болсақ, Қызылорда қалалық соты және ҚР Жоғарғы  Сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі Комитеттің аумақтық сот орындаушылар учаскесінің сот қатысуымен төменде  көрсетілген мәселелер бойынша  іс  қозғалған.

    Бұл деректердің негізіне келсек, олар:

- біріншісі, МКК «Су құбыры» ұжымының  жауапкерден қарызын өндіру туралы;

-   екіншісі,  шағымданушының жауапкерді іздестіруге бағытталған;

-   үшінші, төртінші және бесінші – талапкер мен жауапкер арасындағы заңды некені бұзуға араналған;

-  алтыншы, борышкерден мемлекет пайдасына (Республикалық бюджетке) төлем – ақы өндіруге байланысты соттың іс жүргізілген болып табылады. 
 
 
 

ІV. Жаңадан ашылған  мән-жайлар тұрғысынан сот шешімдерін

сараптаудың нәтижелері 

     Былтыр, яғни 2005 жылы маусымның 3-ші  жұлдызында Елорда ҚР судьяларының ІV сьезі өткен болатын. Алқалы жиын Астана қалалық сотының алдындағы Үш би  ескерткішіне тағзым етуден басталды. Судьялар қауымдастығының 200- ге тарта өкілі, құқық қорғау  органдарының жетекшілері, заңгерлер мен үкіметтік және халықаралық ұйым мүшелері қатысқан форумда сот жүйесіндегі соңғы жылдар бедерінде жүзеге асырылған шаралар екшеліп, келешектегі даму бағдары айқындалып еді. Өткенге көз жүгіртсек, Қазақстан судьяларының ІІІ съезі содан төрт  жыл  бұрын өткен болатын. Осы уақыт ішінде сот-құқықтық реформа аясында әділ билік саласын демократиялық  өлшем талаптарына сәйкестіндіруге бағытталған ауқымды міндеттер жүзеге асырылғаны белгілі. Солардың ішіндегі ең  бастысы ретінде сот билігінің азаматтардың  бұзылған құқықтардың қорғаудың шынайы тетігіне айналғанын баса айту керек. Бұған  жыл өткен сайын халықтың сот жүйесіне жүгіну жағдайларының арта   түскені айғақ. Демек, қазақстандық соттардың халықтың бұзылған құқығын қорғау бағытындағы рөлі жылдан-жылға нығайып келеді.

     Бірақ та, кез-келген сала сияқты сот қызметін жетілдірудің шегі жоқ.  Соның бір парасы  - халықтың соттарға  сенімін арттыру, судьялардың жұртшылық алдындағы жағымды имиджін қалыптастыру демекпіз. Ол үшін «біз ұлттық сот жүйесін тек әділдікке негізделіп, заңға ғана бағынатынын заман талаптрына сай қалыптастыруымыз қажет» - деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

     Бұл дегеніміз Қазақстандық сот бөлігінің  ең басты бағдары – демократиялық  мемлекеттің негізгі белгілерін қабылдау болып табылады. Ол ҚР Президентінің  биылғы жолдауындағы сот саласы үшін белгіленген тапсырмалары жүзеге асыру жолдары мен Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі тәртіп пен реттілікті  нығайту шаралары туралы Жарлығынан туындайтын міндеттерді орныдау бағыттарын сарапқа салу.

     Демократиялық мемлекеттерде сот жүйесінің  өзге билік тармақтарынан тәуелсіздігі әлде қашан мойындалғаны белгілі  жайт. Қазақстанда да солай. Судьялар сот  төрелігін атқаруда тәуелсіз және конститутциялар мен заңға ғана бағынады. Дегенмен, бұл соттар сын садағынан сырт қалады екен деген сөз емес.

     Шындығы керек, соңғы жылдары сот қызметінде елеулі ілгерілеушіліктер  айқын  байқалып отырса да, олардың атына  түсетін арыз-шағымдар мүлдем жойылған жоқ. Тап осы үрдіс азаматтық істер бойынша да байқалып отыр. Мысалы, А.Серимованың деректеріне сүйенсек 2001 жылы Алматы қаласы соттарының 328  азаматтық іс бойынша іс қарау мерзімін бұзуға жол берсе, бұл сан 2002 жылы 378, 2003 жылы 144, 2004 жылы 50 ісі құраған.

     Осы тұста айта кетпегіміз, өркениетті даму жолын таңдаған мемлекетерде (Франция, Германия және т.б.)  сот төрелігін атқару іс қарау мерзіміне өлшенбейтіндігі. Оларда істерді қараудың «ақылға қонымды мерзімі» деген түсінік бар және бұл мерзімді судьяның өзі айқындайды.

     Әйтсе де, ҚР құқығын қадағалау жөніндегі  уәкілі Б.Байқадамов мырза  «айлақтардағы адамдардың құқықтарын  байқаудың басты мақсаты барлық өкіметтік жүйелерде мемлекетік басқаруды одан әрі дамыту, жетілдіру» деп атап көрсеткен болатын. Бұл дегеніміз, жалпы халықтың заңды және заңдылықтарды білмейтіндігінен туындайтын әрқилы сот шешімдеріне түсінбестіктердің арқасында өтініштердің көбеюінің куәсі болатыны белгілі. Осыған орай айтпағымыз, заңды күшіне енген сот шешімінің, ұйғарымның, қаулының жаңадан ашылған мән-жайларға сәйкес азын аулақ кездесуі. Біздің ойымызша, мұның басты себептері мынадай:

  1. заң және заңдылықтарды білмегендік;
  2. халқымыздың ерекше менталитеті – « жабулы қазан, жабуымен қала берсін» деген сияқты;
  3. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сот процесінің қайта жүргізілуінің жауапкерлер үшін күделілігі және т.б. жәйіттер деп есептейміз.

     Енді  әдеби ізденістерге жүгінді болсақ, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты арнайы жұмыстар саны тым аз, олар негізінен  З.Х.Баймолдинаның, Т.ТӘлиевтің – Е.М.Ломоносованың, В.М.Шерстюктің, А.Н.Резуненконың және де бірнеше мамандардың есімімен ғана байланысты және олар жоғарыда көрсеткен себептерді толығымен мақұлдайды.

      Осы жерде ерекше тоқталар жәйт, әдеби  ізденістердің арқасында Қазақстан  Республикасында жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты жұмыстардың тек қана З.Х.Баймолдинаның еңбектерінде  кездесетіні өте өкінішті – ақ және де олар РФ –да істеліп жатқан көптеген ізденістермен бара-бар болғанымен, көптеген жәйттерді толығымен қамтыған. Ал Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көрсетілген бап пен тармақшаларда  осалдау негізделген деуге тұрарлық. Мысалы, кодексте жаңадан ашылған мән-жайлардың анықтамасы және  оларға қандай  деректерді жатқызуға болатындығы негізделмегені  көзге көрініп –ақ тұр.

     Жұмыссыздың  басты мақсатына келер болсақ, ол жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша  күшіне енген сот актілерін қайта  қарау туралы. Мақсатымызға жету үшін, төменде көрсетілгендей жұмыстарды атқаруды ұйғардық:

  • әдебиеттермен танысы (жазба деректер);
  • ақпарат көздерінде кездескен фактілерді сараптау;
  • өзіндік ізденіс материалдарымызды талдау;
  • кәсіби-тәжрибелі ұсыныстарды дайындау болып табылады.

    Бұл орайда, тақырыпқа байланысты информацияны жинау үшін қолданылатын арнайы әдістемелерді  жазба деректерде шынайы көрсетілмеуіне байланысты, ол туралы мағлұматтарды социология да кеңінен тараған «бақылау» тәсілін қолданып, қалалық соттан (объекті) қарастырдық. Сөздің шындығына келсек сот шешімдері (шешім, ұйғарым, қаулы) тек қана қызмет бабына пайдаланылуына (только для служебного пользования) және де арнайы келісімшартытң объектілерімен жоқтығына байланысты, олардың көшірмесін алудың өзінде қиындыққа, түсінбеушілікке соқтырғаны рас.

    Ерекше  тоқталатын бір жайт, ол    өзіміздің  жинаған алты  құжаттардың (документтердің) көшірмелерін сараптағанымызда олардың Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу Кодексінің 217 және 229-баптарына сай және Қазақстан Республикасының атынан (221 бап, 1  тармақша) шығарылған шешімдер (шешім,ұйғарым, анықтама) екені анықталды (көшірме 1-6).

    Сот отырысында қаралған әрбір іс өзіндік  ерекшеліктеріне байланысты ҚР АІЖК-нің  әрқилы баптарымен сомданып, нақты  шешім (220 бап,1 тармақша) қабылданғаны көзге түседі.

    Бұл сот актісі (немесе соттың шешімі) қаулылар көшірмелеріне ортақ сипаттама, ол шешімдердің кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұратындығы, яғни, ҚР АІЖК-нің 221 бабының 2 тармақшасына сай болуы. Дегенмен, өкінішке орай, осы келтірілген құжаттарда грамматикалық немесе  стилистикалық қателіктердің орын алғандықтары кездеседі.

    Мысалы, 23 беттегі қысқаша  шешімге көз  жүгіртер болсақ, онда процессуалды істің  мазмұнды біткенін және ҚР АІЖК –не  сай жүргізілгендігін, талапкер мен жауапкер арасындағы даудамайдың анық-қанығы ашылып, сот бір ауыздан шешім қабылдағаны байқалады.

    Бірақ та, сот жауапкердің талапты тануын қолдайды... деген сөзді «қолдайды» деп көрсетсе анықтама да, заң  күшіне қай уақытта енгені және шешімнің берілген күні деген жерлерде санды  мерзімдері көрсетілмей   қалғаны  өкінішті-ақ.

Информация о работе Мәліметті, деректерді іздену тәсілі