Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 17:12, курс лекций

Описание

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша студент пәнінің оқыту-әдістемелік кешенін – оқыту үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің негізі ұйымы болып табылады. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша студент пәнінің оқыту-әдістемелік кешенін ҚР топтаулық сипатын, типтік және осы мамандықтардағы жұмысшы оқыту жоспары құрамымен сәйкес жасалынған. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәннің ішіндегі қамтитын материалдар, төтенше жағдай кезіндегі өндіріс орынындағы апаттардан, өрттерден, жарылыстардан қалай қорғануды және ондай апаттардың болмауының алдын алу шараларын үйретеді. Апат болған жағдайда азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды, ұйымдарға хабар беруді, адамдарды апат болған жерден залалсыз жерлерге көшіруді т.б. үйретеді. Сондай-ақ «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан (жер сілкінісі, сел, сырғымалар, аяз, дауыл т.б.) қалай құтылуды және апаттан жасырынатын панаханалар түрлерін оқытып үйретеді.

Содержание

Типтік бағдарлама
Силлабус (Sillabus) студенттерге арналған оқу бағдарламасы
Қысқаша дәрістер конспектісі (тақырып, негізгі сұрақтар, дәрістің қысқаша мазмұны, өзін-өзі тексеру сұрақтары, ұсынылатын әдебиет)
Семинар сабағының жоспары
Студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) жоспары
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының жоспары мен әдістемелік нұсқаулары
Пәннің оқулықпен қамтамасыз етілу картасы
Бақылау мен студенттің оқу нәтижесін бағалау материалдары (тест, емтихан сұрақтары)
Глоссарий
Қосымша (аудио, видео) материалдар

Работа состоит из  1 файл

УМК ОБЖ...doc

— 853.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

  Студенттің өзіндік жұмысының (CӨЖ) жоспары

 

Сабақ тақырыбы

СӨЖ –ге берілген тапсырма

Ұсынылған әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

ТЖ орын алу саларлары

Табиғи және техногендік ТЖ. ТЖ орын алуы және оның зардабы мен  шығыны. ХХІ ғасырдағы аса қауіпті  ТЖ.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3,

Қосымша әдебиет:5,6,8,9

Реферат тапсыру

1 апта

2

Өмір сүру ортасының антропоген

дік қауіп-қатері

Антропогендік қауіптерді жіктеу. Антропогендік  әсерлердің табиғат пен адамға зиянды ықпалы.

Негізгі әдебиет:  2, 3, 4, 5.

Қосымша әдебиет: 6,8,9

Эссе, кластер, реферат тапсыру

2 апта

3

Радиация

Өткір сәуле ауруы, дәрігерге дейінгі  алғашқы көмек көрсету тәсілдері. Өткір сәуленің әкелетін қасіреті.

Негізгі әдебиет: 3, 4

Қосымша әдебиет: 7,9

Реферат тапсыру және глоссарий  құрастыру

3 апта

4

Химиялық, биологиялық,

Қарулардың қоршаған орта мен тірі ағзаларға тигізетін зиянды әрекеттері

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 7,  8

Конспект, реферат

4 апта

5

ТЖ жүргізілетін іс-шаралар

 

 

ТЖ халықты қорғау.

Төтенше жағдайлар аймағында құтқару  және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері. Халықты қорғау әдістері және түрлері.

Халықты қорғаудың әдістері.

ТЖ уақытында қорғану жабдықтары. Зақымданғандар мен ауруларды тасымалдау және алғашқы көмек.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 7,  8

Эссе, кластер, баяндама

Реферат тапсыру және глоссарий  жазу

5 апта

6

ТЖ суды, азық түлікті қорғау.

Жануарлар мен өсімдіктер уларынан адамдарды қорғау.

Су және азық-түлік қорын улы, ластағыш затардан қорғау.      ТЖ суды, азық-түлікті қорғау.

Жануарлар және өсімдіктермен улану кезінде дәрігер келгенге дейін көмек   көрсету. Улы өсімдіктер түрлері.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 6, 8

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4,

Қосымша әдебиет: 5,6,8

Эссе, кластер,

Реферат тапсыру және глоссарий жазу

6 апта

7

ТЖ кездесетін ашық жарақат 

Қан кету.

 

Сүйектің сынуы

Ашық жарақаттардың асқынуы  алғашқы көмек түрлері, таңғыш салу әдістері. Асептика және антиасептика жөнінде түсінік. Қан кету. Уақытша қан тоқтату әдістері. Қан құю жөнінде түсінік.

 Сүйек сынуы. Түрлері, белгілері, қауіптілігі. Шина салу әдістері.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 6, 8,9

Ситуация-лық сұрақтарға жауап беру, реферат, глоссарий

7 апта

8

Жарақаттың түрлері.

 

Кеуде бөлігіндегі жарақаттар

Бас жарақаты. Жабық бас жарақатының түрлері. Таңғыш салу әдісі.

 Кеуде,  іш жарақаты. Қабырға сынғанда  таңғыш салу әдісі. Пневмотаракс  жағдайында таңғыш салу әдісі.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 8

Ситуациялық сұрақтарға жауап беру, реферат, глоссарий

8 апта

9

Жарақаттар

дың асқынуы

Өкпеден қан кету. Өкпеден қан  кету себебі, белгілері, алғашқы көмек  көрсету түрлері.

Ашық жарақаттардың асқынуы  алғашқы көмек түрлері, таңғыш салу әдістері. Асептика және антиасептикаға түсінік

Негізгі әдебиет: 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 7

Ситуация

лық сұрақтарға жауап беру, реферат, глоссарий

9 апта

10

Жүрек аурулары және алғашқы  көмек

Стенокардия, инфаркт миокарда ауруларының  себебі, белгілері, қауіптілігі, алдыналу шаралары,алғашқы көмек көрсету  әдістері.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 7,  8

Ситуация-

лық сұрақтарға жауап беру, реферат, глоссарий

10 апта

11

Күн сәулесінің әсері

 

Өрттің әсері

Жарақат асфикциясы, күн тию. Дәрігерге  дейінгі көмек түрлері. Күн сәулесінің ағзаға жағымды әсері.

Күйік түрлері,күйік дәрежесі, көлемін анықтау тәсілі. Күйік ауруының даму сатысы,алғашқы көрсетілетін көмек түрлері.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 7, 8

Ситуация

лық сұрақтарға жауап беру, реферат, глоссарий

11 апта

12

Радиацияның адам ағзасына әсері

Радиобелсенді сәуле ауруы, қорғану  жолдары.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 6, 7, 8

Ситуация

лық сұрақтарға жауап беру, реферат, глоссарий

12 апта

13

Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар 

Туберкулез, бруцеллез аурулары. Ауру қоздырғыштары, жұғу жолы, клиникалық белгілері,сақтану жолдары,вакцинация. Терінің паразитті аурулары, олардың жұғу жолдарыі. Дезинфекция, гигиена, күнделікті сақтану тәртібі.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 8

Реферат, кластер топта талқылау

13 апта

14

Әлеуметтік мәні бар аурулар

Аса қауіпті жұқпалы аурулар  түрлері; Оба, тырысқақ. Эпидемия мен падемия туралы түсініктеме. Аурудың таралу жолдары,негізгі белгілері, сақтану жолдары. Жұқпалы аурумен күрес, вакциинация, дезинфекция. Карантин, обсервация терминдеріне түсінік беру.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 7

Реферат, эссе, кластер

14 апта

15

СПИД-ауруы.

СПИД-ауруының алғашқы белгілерінің пайда болуы. клиникалық ауру белгілері,ВИЧ-инфекциясын  тасымалдаушы-ларының ортаға қауіптілігі, анықтау тәсілдері. Емдеу әдістері, сақтану жолдары, СПИД ауруына Дүние-жүзілік қарсы күрес.

Негізгі әдебиет: 1, 2, 3, 4

Қосымша әдебиет: 5, 6, 7,  8

Реферат жазу, топта пікірсайыс өткізу

15 апта


 

Негізгі әдебиеттер

1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. 1,ІІ кітап.ҚРТөтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі,ТЖ және АҚ республикалық курстары-Алматы,2004 ж.

2.Өмір тіршілік қауіпсіздігі-Алматы,2004ж.  С.Арпабеков 

3. Безопасность жизнедеятельности  и формирование здорового образа жизни (учебное пособие(.Саудебеков К.Е.,Алманиязов Э.А.,Лухнова Л.Ю.-Алматы,1999г.

4. Тіршілік қауіпсіздігі және  АҚТҚ/ЖҚТБ пәніне арналған оқу  методикалық комплексінің әдістемелік  негізі 

Қосымша әдебиеттер

1.Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы.Бюллетень-АҚ және ТЖ Республикалық курстары.

2.Законы РК в области ЧС.

3. ВИЧ/СПИД. Кауашев С.К.Алматы,2003г.

4. Қасымов З.Х: «Бастапқы әскери  дайындық» Алматы 2000ж. 

5. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша нұсқаулық

 

Бағалау саясаты

 

Жұмыс түрі

Баға ( максималды балл)

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

1 АБ

9

10

11

12

13

14

15

2 АБ

Дәріс сабақтарына қатысу

3

3

3

3

3

3

3

3

24

3

3

3

3

3

3

3

21

СОӨЖ сабақтарына қатысу

6,4

6,4

6,4

6,4

6,4

6,4

6,4

6,4

51

 

7,7

7,7

7,7

7,7

7,7

7,7

54

Басқа жұмыстарды орындау

5

 

5

 

5

 

5

 

20

5

 

5

 

5

 

5

20

СӨЖ

               

5

             

5

Қортынды бақылау

(емтихан)

                               

100


         

Емтихан нәтижесі бойынша  «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен студенттердің білімін рейтингтік жүйемен бағалау:

- Ағымдық бақылау 1 – 7 аптада

- Аралақ бақылау 2  – 15 аптада.

- Қорытынды бақылау  (емтихан)

Қорытынды баға: Ағымдық және аралық бақылаулардың қорытындысымен және курс соңында жүргізілетін емтихандық рейтингті қоса есептеп сынақ кітапшасына әріптік және пайыздық белгімен қойылады. Оқу үлгерімінің ең жоғарғы көрсеткіші 100%

Қорытынды баға төмендегі формула  арқылы есептелінеді

ИО=

×0,6+Э×0,4

Мұндағы:

Р1 – бірінші рейтингтік бағаның цифрлық эквиваленті (7 апта);

Р2 - екінші рейтингтік бағаның цифрлық  эквиваленті (15 апта);

Е - емтихандық бағаның цифрлық  эквиваленті

 

Қорытынды әріптік баға және

 балл жүйесі бойынша цифрлық  эквиваленті

 

Әріп жүйесімен бағалау

Балдың сандық эквиваленті

Балдар 

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

4.0

95-100

Өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы

В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

С

2.0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 

 

 

 

  1. Қысқаша дәрістер конспектісі (тақырып, негізгі сұрақтар, дәрістің қысқаша мазмұны, өзін-өзі тексеру сұрақтары, ұсынылатын әдебиет)

Дәріс № 1

 

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық негіздері. Төтенше  жағдайда халықтың тіршілік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық қорғаныстың ролі мен міндеттері

Жоспары:

  1. ТК курсының мақсаты, мазмұны мен міндеттері.
  2. Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары
  3. ТЖ жөніндегі ведомстворалық мемлекеттік комиссия
  4. Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары;
  5. Халықты қорғау.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Тірішілік қауіпсіздігі негіздері  адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға  болатын шараларды дайындайтын  ғылыми білімнің саласы. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің мақсаты қауіпсіздік  саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамның ойлау қабілетін тірішілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау. Пәннің мақсаты қауіп-қатерді білу, оның аумағын, зардабының шамасын, қатер болу мүмкіншілігін, қауітің алдын алу, төтенше жағдайда (ТЖ) білікті іс-әрекет жасау.

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі ағзаның қажетті  шарасы. Адамның іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже әкелуде, мысалы, экологияның өзгеруі, жарақат алу, ауру т.б.  сондықтан қауіпсіздікті нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және тірішілік ортасын кешенді қорғау шараларына жатады. Кешенді қорғау шаралары мынаны қамтиды: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлы-гигиеналық, емдік шаралар.

Қауіп болуы үшін мына жағдайлар  болуы керек: қауіпті болуы, адамның қауіп аймағында болуы, қорғану құралдарының жеткіліксіз болуы. Қауіпсіздік іс-әрекет кезінде қауіп болмайды, ол үшін әрекет кезінде қауіп болмайды, ол үшін 3 негізгі міндет атқарылуы қажет:

1-міндет: нақты іс-әрекеттен болатын  қатерді талдау немесе идентификация. Идентификацияның жүргізілу реті: тірішілік ортасында қауіп туғызатын элементті анықтау, қауіп әрекетін талдайтын мамандарға қойылатын талаптарды белгілеуден кейін идентификация жүргізіледі.

2-міндет адамды қауіптен қорғаудың  тиімді шараларын дайындау.

3-міндет қауіптің қалдығынан  қорғану шараларын дайындау, себебі  толық қауіпсіздік орнату мүмкін  емес. Бұл шаралар қауіп-қатер  туғанда табиғатты және адамды  қорғау қажеттігі болғанда қолданылады.  Көмек көрсету.

3-міндетті елімізде денсаулық сақтау орындары, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық станциялары, өрттен қорғау, төтенше жағдайдың салдарын жою бөлімдері, электр апатынан қорғау, полиция, прокурорлық бақылау органдары т.б. жүргізеді.

Қауіп-қатердің көздері: адамның өзі; өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері, пайдаланылатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, флора және фауна, адамдар ұжымы мен жеке тұлға; адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас үрдістері; қауіп-қатер өте күрделі, көпжақты құбылыс болуынан бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу, алдын алу, себебін және сипаттамасын анықтап, шара қолданып, салдарын жоюдың маңызы бар. Қауіп-қатер құбылыстарын жіктеу және жүйелеумен айналысатын ғылым таксономия деп аталады. 

1914-1918 ұшақтардың пайда болуына  байланысты әуеден бомбалау мүмкіндігі  туды.  Сөйтіп әуе шабуылынан  қорғау үшін 1920 жылы жергілікті  әуе шабуылынан қорғану жүйесі  құрылды. КСРО-да ХӘҚЖ 1961ж Азаматтық  қорғаныс (АҚ) деп аталды.

Азаматтық қорғаныстың  басқару ұйымдары: Республикадағы Азаматтық қорғаныс штабы; облыстық, қалалық, аудандық штабтар; Министрліктер бойынша жергілікті жердегі мекемелерде АҚ штабтары немесе қызметкерлері.

  1. АҚ ұйымдарының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс орындары.

Азаматтық қорғаныстың күштері: Азаматтық қорғаныс әскерлері; аумақтық немесе министрліктерге бағынатын жасақшылар; арнайы жасақшылар.

Басқару орындары: Қазақстан Республикасының Прьемер-министрі; Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы; Төтенше жағдай жөніндегі комиссия; облыс әкімі; қала әкімі; аудан әкімі; әр мекемедегі бірінші басшы.

Әр мекеменің бірінші басшысы  АҚ-тың басшысы болып есептеледі. Ол төтенше жағдайға (ТЖ) дайындық, құтқару  жұмыстарын ұйымдастыруға және ТЖ-дың  зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға  мемлекет алдында жауапты тұлға.

Халықты психологиялық  тұрғыдан дайындау. ТЖ кезінде адамдар арасында үрей бой алады. Адамдармен ТЖ адамдардың өзін ұстауын, қорғану жолдарын үйрету керек, кейіннен сұхбаттасып қорқыныш сезімін жоюға талпынып, өзге адамдарды құтқару т.б. жұмстарға қатыстырып адам ойын өзге жақа бұру қажет. ТЖ уақытында психологиялық дайындыққа тисті көңіл аударуды қатаң талап етіледі.

Халықтың қауіпсіздігін  қамтамасыз етудегі АҚ-тың міндеттері. АҚ қызмтінің құрылымы мемлекеттік құрылымға сәйкес құрылады. Бұл қызмет материалдық жағдайды, адам күшін тиімді пайдалануға бағытталған.

АҚ жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады: Территориялық-әр облыс, қала, аудан территориясында  ұйымдастырылады.

Өндірістік–министрліктер бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын АҚ-тың орындары болады.

АҚ күштеріне: АҚ әскерлері, министрліктерге  бағынатын өндірістегі жасақшылар және арнайы жасақшылар (АҚ пен ТЖ құрылымдарының күштері, мекемемен өндіріс, орта және жоғары оқу орындарындағы әскери емес жасақшылар).

Жалпы қызмет атқаратындар өз кәсіпорындарының құтқару немесе қалпына келтіру  жұмыстарына қатыстырылады.

АҚ бастығының жанынан штаб құрылып, барлық ұйымдастыру жұмыстары сонда  атқарылады. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының ТЖ кезіндегі бірінші орынбасары болып табылады.

ТЖ-да халыққа мемлекеттік радио, теледидар т.б. байланыс жүйелерінің  құралдары пайдаланылады. Дабылды  берудің мақсаты халықтың назарын  алдын-ала аудару үшін дабыл, өндірістік дабыл арқылы ескерту хабары беріледі.

Төтенше жағдайларды  ескерту  және  іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық  жүйенің   өзіне жүктелген міндеттерді  орындауға дайындығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін  анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс  қатерінен басқа ғаламдық қауіп-экологиялық апат қауіпі өткір тұр, яғни ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.

Информация о работе Тіршілік қауіпсіздігі негіздері