Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 17:12, курс лекций

Описание

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша студент пәнінің оқыту-әдістемелік кешенін – оқыту үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің негізі ұйымы болып табылады. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша студент пәнінің оқыту-әдістемелік кешенін ҚР топтаулық сипатын, типтік және осы мамандықтардағы жұмысшы оқыту жоспары құрамымен сәйкес жасалынған. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәннің ішіндегі қамтитын материалдар, төтенше жағдай кезіндегі өндіріс орынындағы апаттардан, өрттерден, жарылыстардан қалай қорғануды және ондай апаттардың болмауының алдын алу шараларын үйретеді. Апат болған жағдайда азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды, ұйымдарға хабар беруді, адамдарды апат болған жерден залалсыз жерлерге көшіруді т.б. үйретеді. Сондай-ақ «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан (жер сілкінісі, сел, сырғымалар, аяз, дауыл т.б.) қалай құтылуды және апаттан жасырынатын панаханалар түрлерін оқытып үйретеді.

Содержание

Типтік бағдарлама
Силлабус (Sillabus) студенттерге арналған оқу бағдарламасы
Қысқаша дәрістер конспектісі (тақырып, негізгі сұрақтар, дәрістің қысқаша мазмұны, өзін-өзі тексеру сұрақтары, ұсынылатын әдебиет)
Семинар сабағының жоспары
Студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) жоспары
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының жоспары мен әдістемелік нұсқаулары
Пәннің оқулықпен қамтамасыз етілу картасы
Бақылау мен студенттің оқу нәтижесін бағалау материалдары (тест, емтихан сұрақтары)
Глоссарий
Қосымша (аудио, видео) материалдар

Работа состоит из  1 файл

УМК ОБЖ...doc

— 853.50 Кб (Скачать документ)

Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі обьектілері мен өзге де обьектілері орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық обьектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше  жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты қорғау принциптері-бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі ресми белгілеген ережелер.

Халықты апат, зілзала мен құралдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.

Халықты қорғау: қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды: бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу; халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау; көшіру шараларын даярлау; бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен обьектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.


Халық пен шаруашылық обьектілерін қорғау женіндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, обьектілерде, бүкіл республика аумағында міндетті түрде жүргізілуі қажет.

Қорғаныс  шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзқарас. Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі Төтенше жағдай сипатына, сондай-ақ, қалалардың, шаруашылық обьектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты.

Соғыс уақыты жағдайында, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық обьектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады: қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру; АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырған және бөлінген орындарға, соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым қорғаныс ғимараттарына орналастыру.

Бұл қалаларда халықты қазіргі  қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. Ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді мекендер мен селолық жерлерде халықты, негізінен, радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады.

Бұл жағдайда тек жергілікті халықты  ғана емес сондай-ақ, ірі қалалардан көшірілген адамдарды да қорғау ескеріледі.

Соғыс қимылдары кезінде тұрғындар мен шаруашылық обьектілерін қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны, көлемі мен өткізу мерзімі қандайда бір елді мекеннің қазіргі заманғы қырып-жою құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжанған шабуыл сипатына байланысты анықталады.

Қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуі тиіс. Демек, бұл ірі елді мекендер мен аса маңызды обьектілерді, халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуы тиіс екендігін көрсетеді.

Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай міндеттерін анықтау кезіндегі өткізілетін шаралардың сипаты мен көлемі әртүрлі аймақтарға тән зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық обьектілеріндегі ықтимал апаттарға байланысты.

Жер сілкіну қаупі бар аудандар үшін халықты қорғаудың негізгі міндеті апатты жер сілкінісі кезінде халық құрбандығы мен экономикалық шығынды азайту үшін жүргізілетін шаралар болып табылады.

Су басу, тасқын аймағына орналасқан жер үшін зілзала болатындығын алдын-ала ескертудің маңызы ете зор және оның ықтимал зардабына байланысты.

Химиялық, радиациялық  жарылу және өрт қаупі бар  обьектілердегі ықтимал апат қаупі кезінде халықты қорғау міндеті апатты болдырмау және ол пайда болған кездегі залалды азайтуға байланысты.

Қорғаныс  әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас. Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды.


Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан  ахуалға олардың қайсысы барынша сәйкес келетіндігіне мән бере отыра, халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жағдайына жедел аудару үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, дәрігерлік қорғау, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап, іске асыру қажет.

Қорғау мақсатындағы шаралар: инженерлік шаралар. Көшіру шалалары. Радиация мен химиядан қорғау шаралары. Медициналық шаралар. Өрттен қорғау шаралары.


Азаматтық қорғаныс халықты  ТЖ-дан қорғайтын, амандығын қамтамасыз ететін  мемлекеттік жүйе. Халықты  қорғауда барлық іс-шаралар АҚ жүйесінің басышылығымен басқарылып және ретке келтіріліп отырады. Халықты қорғаумен қатар, ТЖ зардабын жою жұмыстарын да ұйымдастырып отырады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. АҚ жүйесінің міндеттері;
  2. АҚ жүйелеріне жауапты тұлғалар;
  3. ТЖ-да адамдарды психологиялық тұрғыдан дайындау жолдары;
  4. ТЖ-да АҚ-тың қызметтері;

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. 1,ІІ кітап.ҚРТөтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі,ТЖ және АҚ республикалық курстары-Алматы,2004 ж.
  2. 2.Өмір тіршілік қауіпсіздігі-Алматы,2004ж. С.Арпабеков
  3. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни (учебное пособие(.Саудебеков К.Е.,Алманиязов Э.А.,Лухнова Л.Ю.-Алматы,1999г.
  4. Тіршілік қауіпсіздігі және АҚТҚ/ЖҚТБ пәніне арналған оқу методикалық комплексінің әдістемелік негізі
  5. 1.Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы.Бюллетень-АҚ және ТЖ Республикалық курстары.
  6. 2.Законы РК в области ЧС.
  7. Қасымов З.Х: «Бастапқы әскери дайындық» Алматы 2000ж.
  8. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша нұсқаулық

 

 

Дәріс № 2.

Өмір сүру ортасының  антропогендік қауіп-қатері.

Өмір сүру ортасында  адам ағзасына зиянды әсер ететін факторлар.

Жоспары:

  1. Атмосфералық ауаның құрамы.
  2. Атмосфераның табиғи және антропогендік көздерден ластануы.
  3. Смог.
  4. Жылыжай әсері.
  5. Озон қабатының бұзылуы.

Атмосфералық ауаның құрамы.

Қазіргі таңда адамның  өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адам табиғат  заңдарын ескермей және техниканың жоғары деңгейге жетпеуінен адамның өзінің өміріне қауіп-қатер тууда. Адам қауіпсіздік жүйесінде 3 түрлі рөл атқарады: қорғау объектісі ретінде; қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде; қауіп-қатердің көзі ретінде.

Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі жасаған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады және адамдардың денсаулығы мен өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.

Атмосфералық ауа 78,08%  азот, 20,95% оттегінен, 0,93% аргоннан, 0,003%  көмірқышқыл газынан және 0,001% инертті газдардан тұрады. Бұл жер бетінде тіршіліктің жаралу үрдісінде қалыптасқан атмосфералық газдар. Биологиялық үрдіс 02-нің маңызды, ал С02-газы фотосинтез үрдісіне қажетті. Адам тамақ ішпей біраз уақыты жүре алады, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам ағзасында 02-нің қоры шектеулі. 02 2-3 минут қана тыныс алуға жетеді, ал 5 минуттан соң, ауа келмеуінен адам ағзасында орнына келмейтін үрдіс басталады: ми қабаты жұмысын тоқтатады да биологиялық өлім болады.

Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен ластануы, адам мүшелерінің ауруына әкеледі. Мысалы, түрлі түсті металлургия кәсіпорындарының ауаға шығаратын зиянды заттар жүрек-тамыр ауруларының артуына, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара металлургия мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын ластағыштары өкпе ауруларына шалдықтырады, ал химия өнеркәсібнің зиянды заттары аллергия, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.

Атмосфера табиғи және антропогендік көздерден ластануы. Атмосфера екі жолмен ластанады. Олар табиғи және антропогендік. Табиғи қосындыларға шаң, өсімдіктің тозаңдары, вулкандар, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан және өрт түтіндері, газдар жатады.

Атмосфераның антропогендік  көздерден ластануы өнеркәсіптен, автокөлік және жылу энергетикасы жатады. Атмосфераға зиянды заттарды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, түсті металлургия 22,7%, қара металлургия 15,7% шығарады. Автокөліктер де ластағыш заттар шығаруда үлкен орын алады. ҚР-ның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60-80%,  ал Алматы қаласында 90%.

Атмосфераға көп тарайтын газдың бірі көміртегі оксиді (СO), күкірт диоксиді SO2, азот оксидтері NOx, көмірсутегілер CnHm және қалқымалы заттар немесе шаң. Сонымен қатар қосылатын улы заттар фтордың қосындылары, хлор (Сl), қорғасын (Pb), сынап (Hg) және бенз(а)пирен, жалпы атмофераға 500-ден астам улы заттар шығады, олардың саны күннен-күнге артуда.

ҚР-ның қалаларының  ауа бассейнің ластану деңгейі  жоғары. Орташа алғанда қалалардағы шаң, аммиак, фенол, фторлы сутегі, формальдегид, қорғасын, азот оксидінің және күкірттің жиынтығы шекті мөлшерден артық.

Атмосферадағы ласатушы заттар екінші деңгейдегі өте улы қосылыстардың  пайда болуына әкеледі. Ол қосындылар: смог, қышқылды қосындылар.

Смог-үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалады. Смогтың түрлері:

  • Түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың тұман;
  • Фотохимиялық смог-өткір газ бен аэрозольдың қою тұмансыз жинтығы, ол күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен фотохимиялық реакцияғатүсіп құралып, улы келеді.

Фотохимиялық  смог 1940 ж Лос-Анджелес қаласында байқалған, бүгінгі күні ғаламшардың барлығында дерлік байқалуда. Смог көздің көруін нашарлатады, тыныс жолдарына әсер етіп жалпы ағзаның әлсіреуіне әкеледі.

Қышқылды жаңбыр-соңғы 100 жылдан бері белгілі. Қышқылды жаңбыр терминін 1972 жағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.

Қышқылды  жауын күкірттің пен азоттың  атмосферадағы химиялық және физикалық  реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде H2SO4 және HNO3 түзіледі, соңынан бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларымен араласып, қар немесе жаңбыр түрінде жерге қайтып оралады. Жаңбыр ауа қозғалысымен басқа аумақтарға, өзге мемлекетке таралуы мүмкін. Сондықтан қышқылды жаңбыр халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы, ҚР-ның жері H2SO4-пен 46%, ал  HNO3-пен 22%-ды құрайды. Қышқылды жаңбыр металдарды тотықтырады, тарихи ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына, топырақ пен судың қышқылдығын (рН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзып, өнім беруді төмендетіп, өсімдіктердің және суда ағзалардың азаюына ықпал етеді.

Жылыжай әсері. Атмосфера Ғарыш пен Жер арасындағы сәуле, жылыу алмасу үрдісіне әсер етеді. Осы үрдісте биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтадйы, орташа алғанда +150С. Жердегі жылу баланысының өзгеруі биосфераның орташа температурасының өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден Ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер  бетінде қалады. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеледі. Бұл үрдісте СО2-нің рөлі жоғары. Ал кейінгі жылдары осы газдың көлемі әр 10 жылда 2%-ға ұлғайып отыр. Ғалымдардың болжамы бойынша 2050 жылы жерде орташа температура 4,50С-қа көтерілсе, ал ол әлемдік мұхиттың 2 м көтерілуіне әкелуі мүмкін. Жылыжай әсері Жер бетіндегі тіршіліктің барлығына қауіп-қатер әкеледі.

Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластануының кері әсері тек жер маңындағы аймақпен шектелмейді. Ластаушы қосындылар озон қабатына жетіп, оны ыдыратады. Озон қабатында ойықтардың пайда болуынан Жерге λ =0,29 мкм ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Жерге жеткен қысқа толқындар биосфера үшін қауіпті: өсімдіктер жойылып, адамдарда көз ауруы, онкологиялық аурулар көбейді, соңында биологиялық түрлер жойылуының байқалуы мүмкін. Озон қабатын ыдырататын заттар хлор мен азот қосындылары. Хлордың және азоттың бір молекуласы озонның 10 молекуласын жояды.

Информация о работе Тіршілік қауіпсіздігі негіздері