Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 17:12, курс лекций

Описание

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша студент пәнінің оқыту-әдістемелік кешенін – оқыту үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің негізі ұйымы болып табылады. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша студент пәнінің оқыту-әдістемелік кешенін ҚР топтаулық сипатын, типтік және осы мамандықтардағы жұмысшы оқыту жоспары құрамымен сәйкес жасалынған. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәннің ішіндегі қамтитын материалдар, төтенше жағдай кезіндегі өндіріс орынындағы апаттардан, өрттерден, жарылыстардан қалай қорғануды және ондай апаттардың болмауының алдын алу шараларын үйретеді. Апат болған жағдайда азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды, ұйымдарға хабар беруді, адамдарды апат болған жерден залалсыз жерлерге көшіруді т.б. үйретеді. Сондай-ақ «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан (жер сілкінісі, сел, сырғымалар, аяз, дауыл т.б.) қалай құтылуды және апаттан жасырынатын панаханалар түрлерін оқытып үйретеді.

Содержание

Типтік бағдарлама
Силлабус (Sillabus) студенттерге арналған оқу бағдарламасы
Қысқаша дәрістер конспектісі (тақырып, негізгі сұрақтар, дәрістің қысқаша мазмұны, өзін-өзі тексеру сұрақтары, ұсынылатын әдебиет)
Семинар сабағының жоспары
Студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) жоспары
Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысының жоспары мен әдістемелік нұсқаулары
Пәннің оқулықпен қамтамасыз етілу картасы
Бақылау мен студенттің оқу нәтижесін бағалау материалдары (тест, емтихан сұрақтары)
Глоссарий
Қосымша (аудио, видео) материалдар

Работа состоит из  1 файл

УМК ОБЖ...doc

— 853.50 Кб (Скачать документ)

Хлор  мен азотты шығаратын көздер:

  • ұшақтардың шығаратын газдары;
  • зымырандардың шығаратын газдары;
  • вулкандар;
  • фреондарды пайдаланатын технологиялар;
  • атом жарылыстары.

Мысалы, «Шатлл» ракетасы бір ұшқанда озонның 0,3%-н ыдыратады.

Фреондар  атмосферада 100 жылға дейін сақталуы мүмкін. Фреонды шығаратын көздер: тығыздалуы бұзылған мұздатқыштар, фреон қолданылатын технологиялар, тұрмыста қолданылатын аэрозоль құтылар.

Атмосфераның  тіршілікте біртіндеп пайда болған газдық құрамын сақтау маңызды. Себебі, атмосфераның газдың теңдестігінің  ауытқуы жер бетіндегі тіршілік атаулыға үлкен зардап, орны толмайтын қауіп әкелуі мүмкін.

Көрнекті құралдар: таблицалар, макеттер, схемалар, плакаттар, суреттер, оқу, әдістемелік құралдар, т.б.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Атмосфера экологиясы;
  2. атмосфераны ластаушы көздер;
  3. климаттың жылынуын туындататын газдар.
  4. Ластанған ауаның ағзаға әсері.
  5. атмосфераны қорғаудың маңызы.

Үйге тапсырма: Лекцияның конспектісін дайындау, реферат.

 Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. 1,ІІ кітап.ҚРТөтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі,ТЖ және АҚ республикалық курстары-Алматы,2004 ж.
  2. 2.Өмір-тіршілік қауіпсіздігі-Алматы,2004ж. С.Арпабеков
  3. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни (учебное пособие(.Саудебеков К.Е.,Алманиязов Э.А.,Лухнова Л.Ю.-Алматы,1999г.
  4. Тіршілік қауіпсіздігі және АҚТҚ/ЖҚТБ пәніне арналған оқу методикалық комплексінің әдістемелік негізі
  5. 1.Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы.Бюллетень-АҚ және ТЖ Республикалық курстары.
  6. 2.Законы РК в области ЧС.
  7. Қасымов З.Х: «Бастапқы әскери дайындық» Алматы 2000ж.
  8. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша нұсқаулық

 

 

Дәріс 3.

Бейбіт және соғыс  уақытындағы төтенше жағдайлар

Жоспары:

  1. Жаппай қыру қаруларының қолданылуы және оның салдары.
  2. Химиялық қарудың жарылу ошағы.
  3. Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы.
  4. Адамдарды жаппай қыру құралдарынан қорғау және оның салдарын жою.
  5. ТЖ-лардың жіктелуі (көлемі мен түрі бойынша)
  6. Заңға (1996ж.) сәйкес ТЖ, дүлей зілзалалға, аварияға анықтама.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Біздің мемлекетіміздің әскери доктринасының мазмұны халықтың қауіпсіздігін қорғау және қорғаныс сипатындағы іс-әрекетті алға қою. ҚР-ның  геополитикалық күрделі жағдайы өзінің қарулы күштерін ұстады және олардың әскери дайындығын жоғары ұстағанды талап етеді. ҚР 1997 ж арнайы «Азаматтық қорғаныс туралы» заң қабылданды.

Қазіргі кезеңде кейбір мемлекеттерде  ядролық қарумен қатар лазерлік, ғарыштық т.б. қарудың түрлері бар. Бұндай қаруларды қолданған кезде ғимараттардың қирауы, адам мен мал шығындары тәрізді үлкен зардап әкеледі.

Жаппай қыру қаруларының  қолданылуы және оның салдары. Ядролық қару дегеніміз жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару. Ол барлық зақымдаушы құралдардың (қарулардың) ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылыстың қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді, ол тонна (т), килотонна (Кт), мегатоннамен (Мт).

Ядролық жарылыс ауада, жер бетінде (су), жер астында (су) жүргізілуі мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректің радиоактивті ластануы және электромагниттік импульс жатады.

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқын жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуынан болады. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың барлығын қиратады. Оның күші эпицентрден қашықтаған сайын азаяды. Адамдар соққы толқыннан арнайы баспаналарда, шұңқырларда т.б. қорғаныс орындарында жасырына алады.

Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәуле болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа созылады. Бұл сәуленің ішінде қауіптісі инфрақызыл. Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, теріні күйдіреді, көзге әсер етеді.

Өткір радиация гамма сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, суды, ауаны, қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластайды.

Радиоактивті заттар адамға екі  жолмен әсер етеді: гамма сәуленің бета бөлшектерімен бөлініп, адамның ашық жеріне, терісіне қонады және ішкі ағзаға өтеді. Бұл адамның сәуле ауруына шалдығуы мүмкін. Ал ағзаның ішіне түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық таруы мүмкін.

Радиоактивті заттардан арнайы қорғаныс орындарында ғана сақтана алады.

Электромагниттік  импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік өрістің пайда болуына әсер етеді. Бұндай өрістің көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километрлік (км2) аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына байланысты. Электромагниттік импульс антенаны, приборларды, конденсаторларды, ваакумдық  және электрондық қондырғыларды істен шығарады.

Радиацияға қарсы қорғаныс:

- ұжымдық және жеке қорғаныс  құралдары арқылы халықты радиациялық  қауіп туралы хабардар ету;

- радиоактивті заттармен ластанған аймақ тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіру;

- дозиметрлік бақылауды тұрақты  жүргізу;

- азық-түлік пен суды ластануға  зерттеу.

Химиялық қарудың жарылу ошағы. Химиялық қару дегеніміз жаппай улаушы заттарды қолданатын әскери қару. Химиялық улаушы заттарды жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар т.б. құралдар пайдаланады. Улаушы заттары адамдарды, жануарларды, тірі организмдерді, су көздерін (өзен, көл, су қоймасы) егіндерді, өсімдіктерді зақымдап, жоюы мүмкін.

Улаушы заттардың жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

  1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улаушы заттары 6 топқа бөледі:
  1. жүйкелік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар);

ә) тері жарасы әсері (иприт, люизит);

б) жалпы улаушы әсері (синильдік  қышқыл, хлорциан);

в)тұншықтыру әсері (фосген,фифосген);

г) психикаға әсері (ВZ);

д) тітіркендіру әсері (CS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен т.б.).

  1. Улайтын заттарды сақтау қасиетіне байланысты 2 топқа бөледі:

а) сақталмайтындар (синиль қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген);

ә) ұзақ сақталатындар, олар улайтын  қасиетін ұзақ уақыт жоғалтпайды (айлар  бойы).

  1. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша:

а) өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синиль қышқылы т.б.);

ә) адамдарды  уақытша есінен айырады.

  1. Әсер ету уақыты бойынша:

а) жылдам әсер ететіндер (V типті заттар);

ә) жәй әсер ететіндер, бірнеше сағат өткен соң білінуі мүмкін (азотты және күкіртті иприт, фосген, дифосген).

  1. Улауы ықтимал заттар (V типті заттар) және фосфорорганикалық заттар.
  2. Басқалары жатады.

Тірі жанның зақымдануы зақымданған тамақ өнімдері мен суды қолдану кезінде де болуы мүмкін. Химиялық зақымдану құралдарын әскери мақсатта ішінара пайдалану барлық соғыстар тарихында өз орнын тапқан.

Бактериологиялық  қарудың жарылыс ошағы. Бактериологиялық немесе биологиялық қару дегеніміз-патогенді (зиянды) микрооргнаизмдерді және олардың шығаратын уларын жеткізетін құралдардың жиынтығы.

Биологиялық қарудың қауіптілігі-құрылғылардың  жоқтығынан іздеп табу қиын. Олардың  әсерін анықтау үшін, қару қолданылған  топырақтан, судан, ауадан сынамалар алынып, арнайы жабдықталған зертханаларда талдау жасалады. Бірақ, бұл зерттеуге көп уақыт кетеді.

Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары-тұрғындарды зілзала салдарынан, қазіргі заманғы құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың негізгі әдістерінің бірі қорғаныс ғимараттарына орналастыру. АҚ және ТЖ кезінде пайдаланатын ғимараттар арнайы қорғаныс орны, радиациядан қорғау орындары, қарапайым қорғаныс орындары.&


Информация о работе Тіршілік қауіпсіздігі негіздері