Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 09:27, реферат

Описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы үшін, яғни негізгі өмір сүру көзі – мал шаруашылығы болған дала қазағы үшін әбден таныс, тұрмыс-тіршілігінде де, тілдік жүйесінде де (паремиологиялық, фраезологиялық қорында да) жиі ұшырасатын, жалпы адамзат тіршілігімен біте қайнасып жататын табиғат құбылысының бір бөлшегі – жәндік атаулары күні бүгінге дейін тілдік тұрғыдан арнайы зерттелген емес. Байқап қарасақ, тілімізде жәндік атауларының өзі арнайы бір сөздік құрастыруға лайықты қоры бар, тілдің барлық жүйесінде (терминологиялық, диалектологиялық, паремиологиялық, фразеологиялық) кеңінен көрініс табатын тілдің зерттеу нысаны бола алады.

Работа состоит из  1 файл

_docs_autorefer_akkojina.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

ӘОЖ 811.512.122'373.222                                       Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

АККОЖИНА БАЯН КАНАТОВНА

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ

ЖӘНДІК АТАУЛАРЫНЫҢ  ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ

ЖӘНЕ  ЭТНОМӘДЕНИ  ТАБИҒАТЫ

 

 

 

 

 

 

10.02.02 – Қазақ тілі

 

 

 

 

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу  үшін дайындалған диссертациясының

 

авторефераты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Абылай хан  атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің  қазақ филологиясы кафедрасында орындалды

 

 

       Ғылыми жетекші:                             филология ғылымдарының докторы,

                                                                    профессор Б.Қ.Қалиев

 

 

       Ресми оппоненттер:                           филология ғылымдарының докторы,

                                                                     доцент М.С.Атабаева

 

                                                                     филология ғылымдарының кандидаты,

                                                                    доцент С.Қ.Суатай

 

 

       Жетекші ұйым:                                    А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі

                                                                     институты

 

      

      Диссертация 2010 жылы «11»  қараша сағат  14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14.09.04 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.  

      

 

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, кіші конференц-зал.           

 

 

      Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.

 

     

 

 

Автореферат 2010 жылы «09» қазанда таратылды.

 

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,

филология ғылымдарының докторы,

профессор                                                                           Г.С.Қосымова

                                              

                                                           КІРІСПЕ

 

       Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы үшін, яғни негізгі өмір сүру көзі – мал шаруашылығы болған дала қазағы үшін әбден таныс, тұрмыс-тіршілігінде де, тілдік жүйесінде де (паремиологиялық, фраезологиялық қорында да) жиі ұшырасатын, жалпы адамзат тіршілігімен біте қайнасып жататын табиғат құбылысының бір бөлшегі – жәндік атаулары күні бүгінге дейін тілдік тұрғыдан арнайы зерттелген емес. Байқап қарасақ, тілімізде жәндік атауларының өзі арнайы бір сөздік құрастыруға лайықты қоры бар, тілдің барлық жүйесінде (терминологиялық, диалектологиялық, паремиологиялық, фразеологиялық) кеңінен көрініс табатын  тілдің зерттеу нысаны бола алады. Ұсынылып отырған диссертациялық зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі жәндік атауларының лингвокогнитивтік негізін, лексика-семантикалық және сөзжасамдық жүйесін анықтауға арналған.

       Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жәндік атаулары негізінен биологиялық, зоологиялық оқулықтарда, ғылыми еңбектерде және ішінара түсіндірме сөздіктер мен орфографиялық сөздіктерде, терминдер сөздігінде жиі кездеседі. Бірақ бұндай атауларды тілдік тұрғыдан талдап, зерттеген арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы. Сондықтан тілдік қорымыздың оннан бірін құрап отырған жәндік атауларын жеке зерттеу нысаны етіп ала отырып, халықтың сол бір тіршілік иелері туралы таным-түсінігі мен психологиялық көзқарасын анықтау, халықтың  соларға берген сипаттамасын, теңеуін, өзге дүниені танытуда салыстыра қолдануын, адамның мінез-құлқы мен қимыл-қозғалысын әсірелеп танытуда әлгі жәндік атауларын тілге тиек етуін айқындау лексикология, терминология саласына қатысты тілдік зерттеулерде өзекті болады деп ойлаймыз.

      Тіліміздегі жәндік атауларын арнайы зерттеу – қазақ тіл білімі лексикология саласының тың, өзекті мәселелерін ашып бере алады; мән-мағыналары ашылмаған кейбір атауларды анықтауға, халықтың дүниетанымы мен жәндік туралы ұғым-түсініктерін айқындауға негіз болады.

      Зерттеу нысаны – қазақ тіліндегі төл және кірме жәндік атаулары, олардың мағыналары мен дүниетанымдық сипаты, жәндіктерге қатысты теңеулер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, фразеологизмдер, сондай-ақ афоризмдер, мифтік әңгімелер.

      Зерттеу пәні – қазақ тіліндегі жәндік атаулары, олардың семантикасы.           

      Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жәндік атауларының лексика-семантикалық, сөзжасамдық және дүниетанымдық сипатын айқындау.

      Диссертацияда осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

  • қазақ тіліндегі жәндік атауларын жинақтап, олардың   лексикалық,

сөзжасамдық  құрылымына талдау жасау; 

  • жинақталған жәндік атауларының ішіндегі төл атаулары мен кірме

жәндік атауларын жүйелеп, олардың уәждерін анықтау;

      - жәндік атауларын лексика-семантикалық топтарға бөлу; 

       - түркі тіліне ортақ       жәндік атауларын  саралап,   олардың   халықтық

дүниетанымдағы алатын орнын, одан туындаған наным-сенімдер мен ырым-тыйымдарды анықтау; 

  • жәндік   атауларына   қатысты     фразеологиялық және паремиологиялық

тілдік бірліктердің мән-мағынасын, маңызын ажыратып көрсету;   

  • жәндік атауларының уәждемелік сипатын анықтау;
  • күнделікті тұрмыстық бұйым атаулары мен киім-кешек атауларының

құрамындағы жәндік атауларының ұлттық-мәдени сырын айқындау;

  • жәндік атауларының ішіндегі қазақ халқы үшін киелі, қасиетті деп

саналатын жәндіктердің символдық мәнін ашу;

  • жәндіктерге   қатысты  жер-су атауларының мәнін, қойылу себептерін

сипаттау.

      Зерттеу жұмысының дереккөздері. Диссертациялық жұмыстың дереккөздері ретінде «Қазақ тілінің он томдық және он бес томдық түсіндірме сөздіктер», «Қазақ тілінің фраезологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің салалық терминдер сөздігі», «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» және биология, зооология, жануартану оқулықтары алынды. Сондай-ақ,  қазақ жазушылары мен ақындарының көркем шығармалары, қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары да қарастырылды.

       Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында сипаттамалы, лексика-семантикалық, құрылымдық әдістер мен ғылыми талдаулардың лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік, этнолингвистикалық тәсілдері қолданылды.

      Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:  

      - жәндік атаулары жинақталып, олар лексика-семантикалық топтарға (төл

және кірме атауларға) жіктелінді;

       - жәндік атауларына қатысты ұлттық аялық білім мен атаулардың антропоцентристік, лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік мәні айқындалды;

       - жәндік атауларының лексикалық қабаттары мен сөзжасамдық құрылымы көрсетіліп, олардың лингвистикалық жүйесі сараланды;

       - жәндік атауларының уәждемелік сипаты анықталды;

       - жәндік атауларына қатысты теңеулер анықталып, олар адамның мінез-құлқын, көңіл-күйін бейнелеуде белсенді түрде қолданылатындығы дәйектелді;

      - жәндік атауларына қатысты фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер сараланып, олардың дүниетанымдық сипаты көрсетілді.

       Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары тіл білімінің лексикология, терминология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану  секілді салалары бойынша өзекті мәселелерді айқындауға және оларды теориялық тұрғыдан дамытуға үлес қосады. Зерттеу нәтижелері мен жинақталған тілдік материалдар фауна лексикасына қатысты зерттеулерде жаңа деңгейдегі антропоцентристік пайымдаулар жасауға мүмкіндік туғызады.

       Зерттеу   материалдарын     жоғары      оқу  орындарында лексикология, 

терминология, лингвомәдениеттану пәнінен  дәріс беруде, семинар сабақтарын өткізуде және әртүрлі сөздіктер жасауда пайдалануға болады.

       Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

       Жәндік   атауларын лингвистикалық   тұрғыдан  зерттеу – ат  қоюға

байланысты адамның ойлау қабілеті мен қиялын, дүниетанымын, халықтың рухани мәдениетін айқындап беретін бірден-бір көрсеткіш болып табылады.

       - Жәндікке берілген халық атауларының негізгі уәждемесі,   біріншіден,

сыртқы дене бітімі, түр-түсіне байланысты болса, екіншіден, жәндіктің  жасайтын қимыл әрекетіне, жорғалаған, секірген, өрмелеген, ирелеңдеген, бұралаңдаған, бүкшиген, балпаңдаған, бүріскен, т.б. қозғалыстарына қатысты аталады. Оның өзіне тән қызметі мен өмір сүру тіршілігіне, қоршаған ортаға тигізер пайдасы мен зиянына және мекендейтін орнына, тіршілік ететін ұясына байланысты да атау беріледі.

  • Қазақ халқының дүниетанымында кең,   ауқымды     орын алған, өзіндік

күш-құдіреті мен адамға деген қатынасы негізінде тілдік қорда әртүрлі мағыналарға, сыни, бағалауыштық, коннотаттық мәндерге ие болған, мифологиялық, діни, пәлсафалық тұрғыдан ерекше бейнесі сомдалған, қазақ халқы үшін культтік мәні бар, символдық негізі бар  жылан – концепт бола алатындығын көрсетті.

      - Жәндік атаулары негізгі сөздік қорға кіріп, қазақ тілі лексиканың көне қабаттарынан саналады. Жәндік атауларының басым көпшілігі түркі тілдеріне ортақ  болып келіп, олардың сөзжасамдық құрылымы мен лексикалық мағынасы ұқсас болады. Бұл ұқсастық түркі халықтарының өткен тарихы мен мәдениетінен, таным-түсінігі мен дүниетанымдық деңгейінен  мол мәлімет береді.

      Жәндікке қатысты фразеологизмдер мен теңеулер, біріншіден, белгілі бір құбылысты атаудағы (номинация тарапынан) жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін, екіншіден, тілдің коннотативтік қорын (бейнелі тілдік единицалар) байыту үшін тілде бар лексикалық бірліктерді түйдектеудің нәтижесінде жасалған.

      Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Республикалық ғылыми басылымдар мен жинақтарда диссертация тақырыбына байланысты 9 ғылыми мақала жарияланды.

     Зерттеу жұмысының құрылымы

      Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Негізгі бөлім

      Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зеттеудің негізгі нысаны, пәні, зерттеудің әдіс-тәсілдері, зерттеу дереккөздері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңызы, қорғауға ұсынылған тұжырымдар, жұмыстың жариялануы мен талқылануы туралы мағлұмат беріледі.                                     

Диссертацияның бірінші бөлімі «Жәндік атауларының лингвокогнитивтік

 негізі» деп аталады. Бұл тарауда жәндік атауларының зерттелу дәрежесіне шолу жасалып, қазақ тілінің сөздік қорында бар жәндік атаулары топтастырылды. Киелі, қасиетті жәндік атаулары антропоцентристік аспектіде қарастырылды. Жәндіктерге қатысты ұлттық мәдени таным-түсініктен туындаған тілдік бірліктер лингвомәдени, лингвокогнитивтік тұрғыдан анықталды. Жәндік атауларының дүниетанымдық, символдық мәні ашылып, жәндіктерге байланысты мақал-мәтелдер мен теңеулер және оларға қатысты фразеологиялық тіркестер анықталды.

     1.1 Жәндік және жан-жануарлар атауларының зерттелінуі. Қазақ тіліндегі жәндік атаулары, халық дүниетанымындағы олардың мән-мағынасы, сипаты, номинативтік, терминологиялық жүйесі, ол атаулардың шығу негізі, уәждемесі, көркем мәтіндер мен мақал-мәтелдерде, нақыл сөздерде қолданысы, олардың этнолингвистикалық, лингвомәдени, дүниетанымдық (когнитивтік) сипаты мүлде зерттеуден тыс қалып отыр.

       Жануартану ғылымына сүйенсек, Қазақстанда мекендейтін  жәндіктердің 20 мыңнан аса түрі кездеседі екен. Демек, табиғат аясында өскен, әрі байқағыш, әрі сөз тапқыш қазақ халқы олардың бәріне атау беріп, айдар таққаны анық.  

      Қазақ тілінде жәндік атауларын арнайы зерттеген ғылыми еңбек жоқтың қасы. Дегенмен, қазақ тіліндегі жәндік атауына қатысты тың зерттеулер этнографиялық, мифологиялық, танымдық, философиялық тұрғыда талданып, мақала күйінде жарық көргендері де бар. Мысалы, Ғ.Ақпанбектің қарақұрт туралы халықтың таным-түсінігін, яғни «қарақұрт жеген қой семіз» деген наным-сенімін ғылыми тұрғыдан талдап көрсетеді [1,13]. Осы қатарға «Жылан» атауына қатысты жер-су аттары мен тайпа атауларының этимологиясын көне түркілір аңыздар негізінде зерттеуді көздейтін  Ғ.А.Меңлібаевтің  «Жылан тайпасы» және «Көшпелі ру-тайпалар арасындағы тарихи байланыстылық», «Жыланды атауы нені білдіреді» деген, «Бүгінгі жер атауы – бұрынғы ел атауы» атты мақалаларын, С.Жеңісқызының «Жылан символының мифтік семантикасы» атты мақаласын жатқызуға болады. Жыланның мифологиялық, діни тұрғыдан бейнеленіп, көнетүркілік таным-түсініктің сарқыншағы ретіндегі халық ауыз әдебиетінде терең сақталған бейнесі туралы мәліметтер С.Құрманұлының «Жылан жебеген тәуіп қыз» мақаласында,  Қ.Мұқтайдың «Жыланның ойран ордасы» өлеңінде, С.Қондыбайдың «Алпамыс» жырындағы жылан культінің сарқыншақтары» мақаласында, Т.Әсемқұловтың  «Жылан-қайыс» ырымының сипаттамасы», «Сарыжылан», «Жылан – Бапы ханның әлемі» атты мақалаларында, сондай-ақ З.Наурызбаеваның «Воинский инициатический ритуал кочевников «Жылан-кайыс» атты мақаласында кеңінен баяндалған [2].

Информация о работе Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау тәсілдері