Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 09:27, реферат

Описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы үшін, яғни негізгі өмір сүру көзі – мал шаруашылығы болған дала қазағы үшін әбден таныс, тұрмыс-тіршілігінде де, тілдік жүйесінде де (паремиологиялық, фраезологиялық қорында да) жиі ұшырасатын, жалпы адамзат тіршілігімен біте қайнасып жататын табиғат құбылысының бір бөлшегі – жәндік атаулары күні бүгінге дейін тілдік тұрғыдан арнайы зерттелген емес. Байқап қарасақ, тілімізде жәндік атауларының өзі арнайы бір сөздік құрастыруға лайықты қоры бар, тілдің барлық жүйесінде (терминологиялық, диалектологиялық, паремиологиялық, фразеологиялық) кеңінен көрініс табатын тілдің зерттеу нысаны бола алады.

Работа состоит из  1 файл

_docs_autorefer_akkojina.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

       12) -па, -пе, - ма, -ме омоним қосымшалары зат есімдерге де, сын есімдерге де, етістіктің болымсыз түрлерінде де жалғана береді. Бірақ  олар  беретін мағынасы жағынан да, фонетикалық дербестігі жағынан да сараланып, жіктеліп отырады. Соның ішінде атауыштық мағыналы сөздерді жасауда бұл жұрнақтар белсенді қолданылады. Мысалы, батпа, бұрама, аққатпа, ақсұлама деген жәндік атаулары  сол жәндіктің жеке қасиетін айқын таныту үшін, олардың қимыл-қозғалысын дәл сипататтайтын етістікке -ма, -па жұрнақтарын жалғау арқылы, заттық, яғни атауыштық мән үстеп отыр. 

      13) -шаң, -шең есімдерден сын есім тудыратын өнімдік жұрнақтар қатарына жатады. Тілімізде шұбалшаң, шуалшаң деген жәндіктердің шұбатылған, оралған бейнесі бағалауыш мәні басым көрінетін осы жұрнақтар сол жәндіктің атауында айқын көрініс тапқан.

     Сонымен, қазақ тіліндегі туынды тұлғалы жәндік атаулары негізінен төл тілімізге төл жұрнақтарының жалғануы арқылы, әсіресе етістіктен зат есім тудыратын және сын есімнен зат есім тудыратын өнімді жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Себебі, жәндіктердің қимыл-қозғалысы мен адамға, қоршаған ортаға тигізер ықпалы, сондай-ақ жеке болмысына тән қасиеттері мен түр-сипаты оны сипаттап танытуға және атау беруге басты уәж болады. Санада жинақталған қимылдық және сындық ақпараттарды қорыта келе, оларға аталмыш жұрнақтардың жалғануы арқылы атау болып қалыптасады.

     2.3.3 Біріккен тұлғалы жәндік атаулары. Біріккен тұлғалы жәндік атаулары компоненттерінің сөзжасамдық құрылымына талдау жасай отырып,  оларды мынадай топтарға жіктеп көрсетуді жөн көрдік:

     1) Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған жәндік атаулары:

 қандала, абжылан, кірпішыбын, балара, бұғықоңыз, бізтұмсық, бұзаубас, қантамшы, заузақұрт, қанқыз, қиқоңыз, миқұрт, өрмеккене, суқандала, тұткөбелек, тауқандала, ұршықсап, шашкене, кемеқұрт (ұлу), айқұлақ (ұлу), қошқармүйіз (ұлу), асшаян, бөрітіс, инетұмсық, қанкөбелек, есекқұрт, бүргешыбын.

       2) Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған жәндік атаулары:

саразбан, жылықандылар, сұржылан, кеңсағанақ, қарақұрт, қаражылан, мамықкене, өлібас, сығыркөз, таңқышаян, үшкірқұрт, қылдырықбас, жалғанбұтақ, айырқұйрық, ұзынмойын, сұркөбелек, жұмырқұрт тарбақа, алақұрт, жыландықұрт, жарыққоңыз, жылымқұрт, көкбақа, алабүйі, жалпақбас, сарыжылан, сасыққоңыз, аққұмырсқа.

  1. Зат есім мен етістіктің бірігуі арқылы жасалған жәндік атаулары:

отынкескіш,   бауырсорғыш,     ішексорғы,    құмқазар, жүнжемір,  шиетескіш,

ағашжегі, гүлжемір, қансорғыштар, ұнжемір, ешкіемер.

     Қысқасы,  қазақ тіліндегі біріккен тұлғалы жәндік атаулары негізінен зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы және сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалады. Жәндік атауларының құрамында сөз ұластыруыш -лар  мен «жегі», «құрт», «жылан», «бақа», «қоңыз» құрастыруыш компоненттерінің екінші сыңарда жиі кездесетіні аңғарылды.

      2.3.4 Тіркесу арқылы жасалған жәндік атаулары. Тіркесу арқылы жасалған жәндік атауларындағы ерекшеліктерді анықтай келе, мынадай топтарға жіктеп көрсетуді жөн көрдік:

      1) Бірінші сыңары жәндіктің түрі мен сыртқы сипатын білдіретін жәндік атаулары: а) аққа қатысты: ақшұбар көбелек, ақ жиекті қоңыз, қыша ақ көбелегі, ақ заузақоңызы, ақ мия сымыры, ақбауыр жарғанат; ә) сарыға қатысты:  сарықарын абжылан, сарытас жылан, сары тарақан, сарыбас жылан, алтын-сары түсті жапырақ жорғалаушы бақа, сарыбауыр қарашұбар жылан; т.б.

      2) Бірінші сыңары мекендейтін георграфиялық орнын көрсететін жәндік атаулары: кіші азия тритоны,  еуропалық протей,  африка құрбақасы, түркістан шаяны, түркістан туркамиласы, азия жалпаққұлақты жарқанаты, азия шегірткесі. Бұндай тіркесті атаулар ешқашан бірігу құбылысына айналмайды.

      3) Бірінші сыңары тіршілік ететін орнын көрсететін жәндік атаулары:

      а) суда тіршілік етуіге қарай: су егеуқұйрығы, су бүргелері, тұщы су гидрасы, су кенесі, су бұзаубасы, су өрмекші, су сүйгіштер, суіңкәр қоңызы, өзен шаяны. Бұл жерде сумен тіркескен құрт-құмырсқа, жәндіктердің құрылымында изафеттік жалғану ерекшеліктері, яғи жіктік жалғауының үшінші жағының –і формасы сақталып қалған. Болашақта олардың қолданылу аясы кеңейген сайын, бұл тіркестер сужылан сияқты бірігіп жазылу процесіне ауысатын сияқты. Сол сияқты ә) үйде тіршілік етуіне қарай:  үй шыбыны, үй қандаласы, үй шілделігі; т.б.

      4) Бірінші сыңары  сыртқы пішінін, ерекше қасиетін бейнелі сипаттайтын жәндік атаулары: сақиналы құртжылан, сақиналы жібек көбелек, төртжолақты абжылан, үлкен көз кесіртке, ескекаяқты шаян, лепті көбелек, күрекаяқты ұлу, көзілдірікті жылан, ойықбасты жыландар, сылдырмақты жылан, аю жылан, итбас жарғанаттар, жұмырбас кесіртке. Бұл жәндіктердің бірінші сыңары туынды сын есімді сөздер болғандықтан, аталмыш жәндіктер ешқашан бірігіп жазыла алмайды. Тіркесті атауыш ретінде қала береді. 

      5) Бірінші сыңары да, екінші сыңары да бейнелеуіш-анықтауыш қызмет атқаратын сөздердің тіркесуі арқылы жасалған жәндік атаулары. Бұндай тіркестерді мәнмәтін ішінен бөліп алып қарайтын болсақ, ненің атауы екенін түсіну қиын болатыны сөзсіз. Оны тек жәндіктерді зерттеуші ғалымдар ғана түсінеді. Мысалы: айғыр аға (шаян), қысқыш аяқ (шаян), айқұлақ батпа (кесіртке).

      6) Бірінші сыңары кісі есімімен берілетін екінші сыңары сол кісіге тікелей қатысты анықталған жәндік туысының атаулары: Михайлов барылдауық қоңызы, Семенов барылдауық қоңызы, Сольский барылдауық қоңызы, т.б.

      7) Сөздердің изафеттік тіркесу арқылы жасалған жәндік атаулары: шомырдың ақ көбелегі , нанның қара қоңызы, өкпенің қылқұры, мақтаның күйе көбелегі, т.б.

      Қорыта айтарымыз, жәндік атауларының сөзжасамдық құрылымы атаужасам, терминжасам жүйесіндегі құрылымға негізделеді екен. Себебі өсімдік атауларының, жануарлар атауларының, басқа да зат не құбылыс атауларының номинативтік жүйесінде  жоғарыда қарастырылған жалпы заңдылық сақталады.

 

 

                                       ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Бүгінгі күні тіліміздің рухани, мәдени, ғылыми-терминологиялық, саяси, мәдени мәртебесін айшықтап, әрбір Қазақстан азаматын қазақ тілін  еркін сөйлету мәселесі кеңінен көтеріліп жатқан уақытта төл тіліміздің байырғы ескі құндылықтары мен қазіргі бай мұраларын жаңғыртып, тілдік қордың ауқымын кеңейтуде лексикологиялық, семантикалық, сөзжасамдық және дүниетанымдық сипаттағы зерттеу жұмыстары аса қажет болып отырғаны белгілі. Сондықтан зоолог, биолог ғалымдар үшін, жалпы жануартану мамандары үшін аса қажетті деп саналатын жәндік атауларының жалпы топтамасын, аталу себептері мен әдеби, халықтық аталымдарын шама-шарқынша анықтауға ат салысқан қазақ тілінің терминдер жүйесіне біршама үлес қосады деген ойдамыз.

      Жұмысымызда  жәндік атаулары арнайы зерттелді. Бұрын-соңды тек ғалым О.Тохқожаеваның «Қазақ тіліндегі жан-жануарлар лексикасы» атты еңбегінде жалпы жәндік атауларына шолу жасалып, бірқатар ғалымдардың мақалаларында «жыланға», «қақақұртқа» қатысты деректер айтылған болатын. Бұл жұмыста қазақ тіліндегі жәндік атауларының лексика-семантикалық топтамасы жасалып, олардың төл, кірме, әдеби, халықтық, жергілікті және фразеологиялық паремиологиялық қордағы қолданысы сипатталды. Лингвистикалық, танымдық уәж арқылы жасалған жәндік атаулары сараланды.

      Танымдық уәждің өзі жәндік атауларының лингвомәдени қырын ашуға негіз болды. Басқаша айтсақ,  жәндік атауларының әдеби түрі мен халықтық атау түрлерінің жарысып қолданылуына халықтың танымдық уәж негізінде жасалған атауларының актив жұмсалуы септігін тигізіп отыр. Сондықтан, лингвомәдени аспектіде жәндіктердің халықтың атауларына (мылтықшы, биесау, ханқызы, кебек, молдабас, нанқорек, майқоңыз, батпан, өлексе қоңыз, күдікті жылан) ерекше талдау жасауға тура келді. Жыланның өзін халық киелі, қасиетті жәндік деп санап, бір жағынан, «кесірі тиеді, киесі ұрады» деп сескенуден, екінші жағынан, «түз тағысы, даланың қазынасы, қазына қорғаушысы» деген ниетпен жылан деп тура атын атамай, қыбыр, ұзынқұрт, түймебас деп атауында да ұлттық дүниетаным ерекшелігі байқалатыны айқындалды. Сондай-ақ, бақа (бақа ауыз, бақабас, бақа ине), жылан (жыланқайыс, жыланқияқ, жыланбауыр, жылантіл)  атаулары тұрмыстық бұйымдар мен өсімдік атауларының құрамында жиі кездесетінің өзі танымдық уәж арқылы жасалған ұлттық дүниетанымның негізінен туындаса керек.

      Жәндік атауларының ішінде мифологиялық, діни, пәлсафалық тұрғыдан ерекше бейнесі сомдалған, қазақ халқы үшін культтік мәні бар, символдық негізі бар  жыланның қазақ халқы үшін өз алдына орны бар, ерекше жәндік болып саналатыны оған лингвокогнитивтік талдау жасау кезінде байқалды. Жыланның «физиологиялық тұрғыдан қоршаған ортаға қауіпті жәндік, зұлым, тілі ащы, бүлік тудыратын жағымсыз адам мінезді білдіретіні, жер асты байлығының иесі, халық танымында үйге кірген құт, қамшы, қайыс, белбеу символы ретінде танылатыны, мүшел жылдың бірі, қазақ наным-сенімінде мифтік бейнеге айналған бірқатар ырымдардың ұйытқысы, көне мифтік аңыздардағы әйел бейнесі, ою-өрнектің үлгісі,  халық психологиясында арбаушылық, сиқырлық қасиеті бар құдіретті күш екені» анықталып, концепт

тұрғысынан зерттелді.

      Жәндіктердің адам танымында, ырым-тыйымдарында, наным-сенімінде ерекше орын алатыны, тіпті жыл мезгілдерінің өзгеру құбылыстарын сол жәндіктердің әрекетіне, қызметі мен қимыл-қозғалыстарына қарап болжауы, табиғат апаттарын сездіртетін жәндіктердің қасиеттерін қастерлеуі адам мен табиғаттың осы бір кішкене бөлшегінің арасындағы тығыз қарым-қатынасты, біте қайнасқан өмірді, тіршілік етер орны мен жұтар ауасы ортақ екенін байқатады. Жәндіктің адам өмірінде оның дүниетанымында айтарлықтай орын алғанын тілдік деректер (аңыз-әңгімелер, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер) дәйектей түседі.

       Жалпы адамзат баласы үшін  жәндіктердің пайдасы мен зияны, қасиеті мен құдіреті айтарлықтай әсер қалдырған. Соның негізінде әрбір жәндік белгілі бір ұғымның символына айналғаны көрсетілді.

      Жәндіктерге қатысты теңеулердің барлығы дерлік адамның мінез-құлқын, афектілік күйін, баяу, созыла қимылдаған қозғалыстарын сипаттауда белсенді қолданылатыны аңғарылады.

       Құрамында жәндік атаулары кездесетін фразеологизмдердің мән-мағынасы сол жәндіктің жеке қасиеті мен қызметінің негізінде туындап, ауыспалы, коннотаттық мағынаға ие болған. Ондай фразеологизмдерді 5 фразосемантикалық топқа жіктеп көрсеттік.

     Нәтижесінде қазақ тіліндегі әдеби, халықтық, жергілікті жәндік атаулары жинақталып, олардың лексикалық қабаты мен сөзжасамдық құрамы анықталды. Фраезологиялық, паремиологиялық қордағы қолданылу ерекшеліктері, бейнелеуіштік, бағалауыштық, коннотаттық мән тудыратын қасиеттері айқындалды.

       Жәндік атауларының ішіндегі көне түркі тілінен бері сақталып келе жатқан, келе-келе төл тіліміздің қатарына өткен түрлері ажыратылып көрсетілді. Араб, парсы, орыс тілдерінен енген жәндік атауларының морфологиялық формасын толық сақтап енгені мен жартылай, түгелдей өзгеріске ұшырап енген түрлері де  анықталды.

       Сондай-ақ, жәндіктердің әдеби, халықтық атауларымен қатар қолданыста жүрген жергілікті атауларының да бірнеше варианттары қарастырылып, олардың аталу уәждері анықталды. Зерттеу барысында жәндік атаулары көбінесе өсімдік атауларымен, тұрмыстық бұйым атауларымен және сол жәндіктерден тарайтын ауру атауларымен омонимдік қатар құрайтыны белгілі болды. 

      Жәндік атауларының уәжділігі тек лингвистикалық (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) жасалу жолдарымен ғана шектеліп қоймайды екен, олардың басым көпшілігі танымдық уәжге негізделеді. Себебі  жәндік атауларының барлығы дерлік адамның сезім мүшелері арқылы (көру, сипап сезу, түсін айыру, есту) қабылдаған ақпараттары негізінде және сол  жәндіктің жеке физиологиялық, индивидуальді ерекшеліктері мен қасиеттерін бақылау,

 жіті байқау негізінде  ат беріп айдар тағылады екен.

    Жәндік атауларының   бірқатары,   әсіресе,   халықтық атаулары біріккен

тұлғалы формада жасалған. Көпшілігі синтаксистік тіркес түрінде  жасалған.

Тіркесу арқылы жасалған жәндік атауларының 7 түрлі жасалу формалары  көрсетілді.

     Бұл, әрине, қазақ тіліндегі жәндік атаулары осымен түгел зерттелініп бітті дегендік емес. Алда бұларды зерттеудің басқа аспектілері, атап айтқанда, жәндік атауларының коммуникативтік-прагматикалық сипаты, тілдегі қолданыстары, этимологиясы деген сияқты біраз мәселелер тұр. Оларды істеу келешектің ісі ғой деп ойлаймыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

      1 Ақпанбек Ғ. Қарақұрт   жеген   қой семіз немесе   мүшел     есептерінің

астрономиялық астары  // «Зерде» журналы, 2004.  – №1(6). – 14-15 б.

  1. Наурызбаева З. Воинский инициатический ритуал кочевников «Жылан-

кайыс» // «Рух-Мирас» журналы, 2004. – №3 (3). –17-19 б.

  1. Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы: филол. ғыл.док.

диссерт.: Авт.  – Алматы, 1997. – 282 б.

  1. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. – Алматы, 2005. – 824 б.
  2. Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. – М.: 1996. – 416 б.

6 Керлот Х.Э. Словарь символов. – М.: 1994. – 608 с.

  1. Егоров В.И. Этимологический словарь чувашского языка.

     8 Ибрагимов К.    Древнетюркские    названия    животных    в     лексике

современных тюркских языков. АКД, – М.: 1975. – 27 с.

  1. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары. – Алматы, 1988. –158 б.
  2. Меңлібаев Ғ. Бүгінгі жер атауы – бұрынғы ел атауы // «Ана тілі» газеті,

Информация о работе Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау тәсілдері