Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 09:27, реферат

Описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы үшін, яғни негізгі өмір сүру көзі – мал шаруашылығы болған дала қазағы үшін әбден таныс, тұрмыс-тіршілігінде де, тілдік жүйесінде де (паремиологиялық, фраезологиялық қорында да) жиі ұшырасатын, жалпы адамзат тіршілігімен біте қайнасып жататын табиғат құбылысының бір бөлшегі – жәндік атаулары күні бүгінге дейін тілдік тұрғыдан арнайы зерттелген емес. Байқап қарасақ, тілімізде жәндік атауларының өзі арнайы бір сөздік құрастыруға лайықты қоры бар, тілдің барлық жүйесінде (терминологиялық, диалектологиялық, паремиологиялық, фразеологиялық) кеңінен көрініс табатын тілдің зерттеу нысаны бола алады.

Работа состоит из  1 файл

_docs_autorefer_akkojina.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

       2.1.4 Жәндік атауларына қатысты көпмағыналылық және олардың уәждемесі. Көпмағыналылық пен омоним сөздердің өзара жақындығы бар. Көпмағыналы сөздер әртүрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында мағыналық жақындық, ұқсастық болады. Ал омоним сөздер арасында ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды. Сондықтан жәндік атаулары  өсімдік, құрал-сайман, үй-жай омонимдік қатар құрайды. Мысалы: Алагүлік 1 – түйе малының ауруы. Суда болатын қоңызды жегеннен болады. Алагүлік 2 – жергілікті жерқұртының бір түрі. Ішінде алагүлік кеткен түйе су ауру болады. Алагүлік 3 – қаттықанатылар отрядының зауза қоңыздар тұқымдасына жататын зиянкес қоңыз. Инелік 1 – қанаттары көкала торлы сызықты, өте жіңішке, әуелеп ұшатын жәндік. Инелік 2 – Балық аулайтын ау тоқуға арналған ағаш ине. Балық ауын тоқитын құрал. Инелік 3 – ине шаншып қоятын кішкене жастықша немесе жұмсақ мата. Кене 1 – өрмекші тектес қансорғыш, кішкентай жәндік. Кене 2 – мал қамау үшін қамыстан жасалған қора. Жәндік атауларымен омонимдес келетін және бірнеше мағыналылық рең тудыратын атаушы сөздер мен сындық сипаттағы ұғымдар көптеп кездеседі.

      Әртүрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Демек, ат қоюда өмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып халықтың таным түсінігі атауыштық мәнде сөзбен бейнеленеді. Профессор Б.Қалиев ат қоюдың негізгі қағидаларын атап өткен болатын: «Ат қою дегеніміз не? Ат – белгілі бір затты, нәрсені, қоғам мүшелері жақсы білуі, тануы үшін, сол затқа тағылған сөздік белгі. Ол белгі бүкіл қоғам мүшелеріне ортақ болуы керек және заттың ең басты қасиеттерін қамтуы қажет»  [9, 5]. Осының негізінде сол затты танып біліп, басқалардан ерекшелігін анықтағаннан кейін барып ат қойылады.

     Қазақ тіліндегі жәндік атауларының лингвистикалық және экстралингвистикалық болмысы ерекше. Дегенмен, қазақ тіліндегі өзге де мәдени – тұрмыстық атаулар, өсімдік, жануар, құс, аң атаулары сияқты адамның танып қабылдау тәжірибесінен жинақталған ақпараттардың ішіндегі ерекше белгіні айқындап, солайша атау дәстүрі жәндік атауларына да тән. Осыған орай, біз де жәндік атауларының уәждену жолдарын екі үлкен топ жүйесінде қарастырамыз: 1) лингвистикалық уәж жүйесі: фонетикалық уәж, морфологиялық уәж, синтаксистік уәж; 2) лингвистикадан тыс тану, қабылдау негізінде жинақталған белгілер уәжі жүйесі:

      1) Лингвистикалық уәж

      а) Фонетикалық (дыбыселіктеуіш)  уәж арқылы жасалған жәндік атаулары: барылдауық қоңыз, шекшек, сылдырмақты жылан, шыртылдақ қоңыз, ызылдақ маса, ызылдақ шыбын, т.б.

       ә) Морфологиялық уәж арқылы жасалған жәндік атаулары: батпа, өрмекші, түлкішек, қансорғыш, қамтамшы көбелек, т.б.

      б) Синтаксистік уәж арқылы жасалған жәндік атаулары: нанның қара қоңызы, өкпенің қылқұрты, қамба кенесі, т.б.

2) Лингвистикадан тыс уәж немесе танымдық уәж

      а) Сыртқы ерекшелігіне (түр, түс, көлем, пішін) қарай аталған жәндіктер: сарыбас жылан, кеңалқым жылан, кірпікшелі кебісше, қоңыр көбелек, сұр жылан, т.б.

       ә) Жеке қызметіне қарай аталған жәндіктер: құмқазар, берішкене, жабысқақ, шаққыш, т.б.

      б) Жеке болмысындағы ерекше көзге түскен белгісін басқа затқа ұқсату, теңестіру арқылы жасалған жәндік атаулары: молдабас, көзілдірікті жылан, бұзаубас, үлкен көз кесіртке, кірпішыбын, қошқармүйіз ұлу, сарыбас жылан, т.б.

       в) Қимыл-қозғалысының ерекшелігіне қарай аталған жәндік атаулары: саяқ шегіртке, оқ жылан, секіргіш қоңыздар, үңгуір аралар, жемір көбелектер, т.б.

      г) Мекендейтін тіршілік ортасымен ерекшеленген жәндік атаулары: көлбақа, құршаян, дала кесірткесі, тау қандала, өзен шаяны, сужылан, су бүргесі, су өрмекшісі, т.б.

       д) Қоршаған ортаға тигізетін пайдасы мен зиянына қарай ерекшеленген жәндік атаулары: астық кенесі, алма жемісжегі, жүзім ұлуы, төсек қандаласы, тері кенесі, жаукөбелек, т.б.

       е) Иіс шығару ерекшелігіне қарай танылған жәндік атаулары: сасық қоңыз, сарымсақты тасбақа, сарымсақты бақа, т.б.

       Жәндік атауларының уәжін осындай лингвистикалық және лингвистикадан тыс, танымдық форма анықтауға болады дегенімізбен, атаудың адам таным-түсінігімен, тану ерекшелігімен қабылданған ақпараттары негізінде доминантты белгісін сараптау үшін де бір жүйенің қажет екенінен анық көзіміз жетті. Жалпы біз ұсынғалы отырған жәндік атаулары – уәжді атаулар. Уәжді атаулар дегеніміз – мағынасы түсінікті, айтуға жеңіл, атаудың өзі сол заттың болмысын таныта алатындай атаулар. Төменде біз танымдық уәж негізінде ат берілген жәндік атауларын ұсынып отырмыз. Олар: құрт атаулары:

      Ақсұлама – жалпақ құрттар типінің кірпікшелі құрттар класының өкілі: ақсұламаның түсі ақ,  жапырақ тәрізді, денесі көлбеу созылып жатқандықтан, ақ сұлама деп аталады.

     Құмқазар – буылтық құрттар типінің туысы. Құмда індер қазып тіршілік

ететін теңіз құрттары. Түсі қошқыл қоңыр, құмнан U тәрізді ін қазып, іннің

шұқырақты аузынан қорегін  аңдиды.

      Көбелек атаулары:

      Жынды көбелек – көбелектер отрядының Sphigidae тұқымдасының бір түрі. Жарық қуып, шыр айналып ұшатын түн көбелегі.

      Қантамшы – ақкөбелек тұқымдасы, зиянды көбелектердің бірі. Қуыршақтан шыққан көбелек денесінен бірнеше тамшы қызыл сұйықтық бөлетіндіктен, бұл көбелек қантамшы аталған.

      Қандала атаулары:

       Зымырақ – шағын денелі, құрылысы күрделі, көп жасушалы омыртқасыз жәндік. Ол кірпікшелердің жәрдемімен тым шапшаң қозғалады, сондықтан да зымырақ деп атаған.

      2.2 Жәндіктерге қатысты жер-су атаулары. Қазақстанның кең байтақ территориясы осы аймақты мекендейтін жануарлар дүниесіне байланысты туған географиялық атауларға өте бай. Соның ішінде жылан, шыбын, шіркей, бақа, шаян, маса, дәуітке қатысты аталған ойконимдер, оронимдер, гидронимдер әрбір облыстан кездеседі. Елімізде «Жыланды» атауы берілген ауыл, көл, өзен, бұлақ, қоныс, тау, төбе аттары өте көп. Бұлай аталуының басты уәжі –  жылан ордасы бар, жылан көп мекендейтін жер деп сақтық білдіру.

      Жалпы, Қазақстан территориясында, әсіресе Орталық және Шығыс Қазақстан аймағында «Жыланға» қатысты жер-су аттарының көптеп кездесуінің себебі неде екенін жіті зерттеген ғалымдар да бар. Мәселен, тарихшы Ғани Меңлібаев жыланның көп кездесуіне байланысты немесе жылан ордасы мекендеуіне байланысты болып қана келмейді деп есептейді. Ол «Жыланды» атымен аталатын жерлерді тарихпен байланыстырады         [10, 3-4]. М.Тынышбайұлы «Қазақ халқының тарихы» кітабында Сарқанттың Лепсі өзенінің бойындағы Орда жылан деген жердің өзіндік бір құпиясы болуы керек деген ой айтады. Бұл секілді жер-су, тау, шатқал, өзен-көл, т.б. атаулары қазақтың ұлан-байтақ жерінде жиі кездеседі. Осы жылан атауына ой жүгіртер болсақ, біраз мағлұмат барлығы аңдалады.

      Оңтүстік Қазақстан облысындағы Асанас, Сунақата, Сығанақ, т.б. қалалар қатарында Жыланқарауыл деген мекені көрсетілген.  Жоғарыда атап өткен Жылан, Жыланды атты бекет, ауыл, тау атауларының түп негізінде тарихи оқиға жатыр.

      Көріп отырғанымыздай, жер-су аттарында кездесетін жылан сөзінің тарихпен тікелей байланысты болу мүмкіндігін археологиялық қазба жұмыстары да танытып отыр. Демек, жоғарыда аталған жылан таңбасы ру-тайпа көсемінің таңбасы болса керек. Себебі, орта ғасырлық аңыз-әңгімелер, ертегілер мен қиссаларда жыландар тайпасы, оның көсемдерінің есімдері жиі кездеседі.

       Сондай-ақ, орта ғасырлық ғұламалардың еңбектерінде Жанкент шаһары Хорасанды билеген Селжүк сұлтанның қарауында болған. Сол заманда қимақ-қыпшақ құрамында Жылан деп аталатын тайпа болған. Оны Қайы тайпасы деген. Бұл монғол тілінде жылан деген мағынаны білдіреді. Осы Жанкент шаһарын қиратқан сол Қайы тайпасы деген аңыз сақталған. Бүгінгі күнге дейін халық ауыздан ауызға жеткізіп келе жатқан Жанкент қаласын «Жылан жұтқан қала» деп атайды [11,17].

       Демек, Қазақстандағы «Жыланды» деп аталатын жер-су атауларының барлығы дерлік жыланның көп мекендеуіне байланысты ғана қойылмай, өзіндік көне тарихи аңыздың негізінде осылай аталған екен.

      2.3 Жәндік атауларының сөзжасамдық құрылымы, типтері мен үлгілері. Жәндік атауларының сөзжасамдық құрылымын анықтай отырып, оларды түбір тұлғалы, туынды тұлғалы, тіркес арқылы жасалған жәндік атауларының сөзжасамдық, синтаксистік құрылымы талданды.

     2.3.1  Түбір тұлғалы жәндік атаулары. Түбір тұлғалы жәндік атаулары

бір ғана түбір сөзден тұрады, яғни ол түбір мен жұрнаққа бөлшектенбейді.  Қазақ тіліндегі жәндік атауларының ішіндегі ең көнелері де және басқа туынды атауларға іргетас, негіз болғандар да солар. Мысалы, сона, шыбын, бүйі, бит, маса, бақа, шаян, дәуіт, қоңыз, сірке, кене, шегіртке, құмырсқа, кесіртке, дәуіт, құрт, жылан, көбелек,  т.б.

      Бұлар тілімізде әріден келе жатыр және олар жәндік түрлерінің жалпы атауы ретінде танылады. Түбір тұлғалы сөздер қатарына енгенмен, бастапқы жасалу құрылымында туынды сөз ретінде қалыптасып, кейін келе-келе түбір тұлғалы атауға айналу құбылыстарына ұшыраған сөздер де кездеседі. Мысалы, дәуіт сөзі сонау баста «тәуір ет – тәу ет – тәует» сияқты тіркестік формада жұмсалған. Себебі, халықтың таным-түсінігінде бұл жәндіктің адам емдейтін, ауру-сырқаттан айықтыратын жеке қасиеті бар. Бұл  жыртқыш жәндікті көргенде немесе ол айбап шегіп тұрғанда «тәуір ет» айту дағдыға айналып,  кейін осы тіркес фонетикалық өзгерістерге ұшырап, тілімізде «дәуіт» деген түбір тұлғалы жалаң сөзге айналған. К.Ибрагимов кесіртке сөзін «кәс» және «кәрт» етістіктерінен жасалған, жылжу мағынасын білдіреді дейді.  Ал татар тілінде кәлтә йылан /қысқа жылан/ кесіртке ұғымын білдіреді екен. Демек, кесіртке сөзі  о баста қысқа + жылан сөздерінің бірігуінен жасалған біріккен тұлғалы сөз болған деген негіз бар.

       Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі түбір тұлғалы жәндік атаулары жалпыхалықтық қолданысқа ие болып,  оның жалпылама сипаттайтын жалпы атауыштық мәні басым көрініс тапқан. Сондай-ақ түбір тұлғалы жәндік атаулары тілімізде тым әріден келе жатқаны байқалды. Себебі түбір тұлғалы жәндік атауларының көбі көне түркі ескерткіштерінде, ХІ ғасырдағы Махмуд Қашқари сөздігінде де, Н.И.Ильминскийдің, Л.Будаговтың, В.В.Радловтың, В.В.Катаринскийдің сөздіктерінде кездеседі. 

      2.3.2 Туынды тұлғалы жәндік атаулары. Мақсатымыз жәндік атауларының лексикалық моделін анықтау болғандықтан, бұл тармақшада сөз тудырушы формалардан жасалған атауларды іріктеп, оларды топтастыруға тырыстық:

      1) -алақ, -елек жұрнағы негізінен, еліктеу сөздерге жалғанып, олардың бейнелеу ұғымына қатысты туынды сын есім жасалады. Мысалы, елбелек, сұңғалақ т.б. Бұл жәндік атаулары сын есімнің субстантивтенген формалары.

      2) -ар, -ер, -ыр, -ір жұрнақтары етістікке жалғанып, сын есімдік мағына

тудырып, кейін заттық ұғымды білдіретін атауға айналады. Мысалы, ұшар, бөсір,  шаншар т.б. атаулары осы жолмен жасалғандар.

      3) -лық, -лік  жұрнағы арқылы да есімдер жасалады. Инелік атауы – нақты затқа -лік жұрнағының жалғануы арқылы нақты атауыш сөз тудыру негізінде жасалып тұр. Жылғалық жәндігі де нақ осы секілді -лық жұрнағынан жасалған.  Ал шілделік сөзі мезгілдік мағынаны білдіретін есімдерге -лік жұрнағын жалғау арқылы  атауыш сөз тудыру негізінде жасалып тұр.

      4) -ғыш, -қыш қосымшалары етістіктерге жалғанып, олардан лексикалық мағынасына қатысты әртүрлі сындық атаулар жасайды. Мысалы, сорғыш, шаққыш жәндік атаулары, «сору, шағу» қасиеттеріне орай сындық мәнде адам санасында қабылданып, келе-келе субстантивтену құбылысына ұшырап, атауыштық мәнге ие болған.

      5) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары негізінен омоним жұрнақтар қатарына жатады. Олар етістіктерге жалғана отырып, әрі зат есім тудырады, әрі сын есімді де жасайды. Біздің зерттеуімізде атауыш сөздердің жасалу формасын анықтап жатқандықтан, жармасқы, құбылғы атауларына жалғанған -қы және -ғы жұрнақтары етістіктен зат есім тудыратын түріне қатысты деп танылады. Дегенмен, сол жәндіктердің жармасып тұратын немесе құбылып тұратын сыни мағынасын байқату, білдіру негізінде туындағанын да ескерген жөн. 

       6) -шы, -ші жұрнақтары зат есімнен зат есім тудыратын өнімдік жұрнақтар. Осы жұрнақтардың жалғануы негізінде мылтықшы, өрмекші, тұздықшы, аяқшы, қапшы деген жәндік атаулары пайда болған.

       7) -шық, -шік, -шақ, -шек – зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар.  Мұндай жұрнақтар арқылы  бақашық, бәкішек, бөбішек, түлкішек жәндік атаулары пайда болған.

      8) -уық, -уік жұрнағы етістіктен белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туынды  сөз жасайтын қосымшалардың қатарына жатады. Осы жұрнақтар арқылы жылтырауық, бақылдауық деген жәндік атаулары жасалған.

      9) -ық, -ік, -қ жұрнақтары да етістіктен есім сөз тудыратын формалар. Бұл қосымшалар жәндік атауларын қалыптастыруда белсенді қолданылады. Мысалы: зымырақ, жөлек, шағылдақ , шағылдақ, сұңғалақ

      10) -ша формасы есімдерге жалғанып, туынды үстеу жасайды да, сын есімдік мәнге ие болып, зат не құбылысың шағындық шама-шарқын білдіреді. Жәндік атауларының ішіндегі  арайша, жарақша сөздері осы жұрнақ арқылы жасалған.

      11) -уір формасы етістікке жалғанып, сындық мәндегі сөздерді тудырады. Ал осы қосымша арқылы жасалған сүңгуір жәндік атауы сындық ұғымның субстантивтенген түрі.

Информация о работе Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау тәсілдері