Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 09:27, реферат

Описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқы үшін, яғни негізгі өмір сүру көзі – мал шаруашылығы болған дала қазағы үшін әбден таныс, тұрмыс-тіршілігінде де, тілдік жүйесінде де (паремиологиялық, фраезологиялық қорында да) жиі ұшырасатын, жалпы адамзат тіршілігімен біте қайнасып жататын табиғат құбылысының бір бөлшегі – жәндік атаулары күні бүгінге дейін тілдік тұрғыдан арнайы зерттелген емес. Байқап қарасақ, тілімізде жәндік атауларының өзі арнайы бір сөздік құрастыруға лайықты қоры бар, тілдің барлық жүйесінде (терминологиялық, диалектологиялық, паремиологиялық, фразеологиялық) кеңінен көрініс табатын тілдің зерттеу нысаны бола алады.

Работа состоит из  1 файл

_docs_autorefer_akkojina.doc

— 317.50 Кб (Скачать документ)

      Тілімізде айдаһарға қатысты құрылған тұрақты теңеулерді мағынасына қарай сын-сипатты білдіруші теңеулер және іс-әрекет, қимыл-қозғалысты білдіруші теңеулер деп бөлуге болады.

  1. Сын-сипатты білдіретін теңеулер: айдаһардай айбарлы, аждаһадай

ашулы, айдаһардай зәрлі, айдаһардың жарқыраған жалғыз көзіндей, аузын ашқан айдаһардай, жеміне ұмтылған аждаһадай.

  1. Айдаһардың    бейнесімен   салыстырылған    іс-әрекет, қимыл-

қозғалысты  білдіретін теңеулер: айдаһарша аласұру, айдаһардай ышқыну, айдаһардай ысқыру, аждаһадай аранын ашу, айдаһардай арбау, айдаһардай ақыру, айдаһардай жекіну, айдаһардай ысылдау сияқты  теңеулер құйындаған, бұрқасындаған, ұйытқыған, жел, боранды сипаттауда немесе кемерінен асып толқыған, буырқанған теңіз бен көлді бейнелеуде немесе өзін қоярға жер таппай, аласұрып, таусылған адамды сипаттауда кеңінен қолданысқа түседі.

       Айдаһардың қимыл-қозғалысы ирелеңдеген, оратылған жолдың бейнесін, өзеннің ағысын, толқынның иірілін сипаттауда ұтымды теңеледі. Мысалы: айдаһардай бүктелу, айдаһардай иреңдеу, айдаһардай шұбатылу т.б.

      Демек, айдаһардың бейнесі адам санасында құдіретті дүлей күштің иесі ретінде сақталса керек.

      Жыланның өзіне қатысты да 50-ге жуық тұрақты теңеу тілімізде кең қолданысқа ие болған. Олар жыланның физиологиялық қимыл-қозғалысы мен өзіне тән қасиеттеріне салыстыру негізінде туындаған теңеулер. Мысалы: абжыландай толғану, белге ұрған жыландай сылқ ету, жас жыланша сумаңдау, жаралы жатқан жыландай, жеті басты жыландай, жыландай жарау,  жыландай жиырылу,  жыландай жорғалау, жыландай жұмыртқалау, жыландай жылмыңдау, жыландай ирелеңдеу, жыландай оралу, жыландай тулау, жыландай шағу, жыландай шұбатылу, жыландай ысқырыну, жыланша арбау, жыланша бұраңдау, жыланша бүктетілу, жыланша жүзу, т.б. Ал сүлік қазақ танымында қап-қара жылтыраған, жабысқақ, созылыңқы, сорғыш құрт ретінде аян. Сүліктің бірде жағымды, бірде жағымсыз қырынан танылатын сәттері болады. Оның әдемі, жылтыр, тегіс қара бейнесі сылаңдаған, бұраңдаған, жіңішке талдырмаш денесі  жағымды жағынан теңеледі. Мысалы: сүліктей әдемі, сүліктей жып-жылтыр, сүліктей қара. Ал оның жабысып, қадала соратын қасиеті жағымсыз қырынан теңеледі. Мысалы: сүліктей сору, сүліктей қадалу, сүліктей жабысу, сүліктей тырс-тырс ету. Сол сияқты көбелекке, бүйіге, шегірткеге, масаға, инелікке, араға, өрмекшіге, масаға қатысты теңеулер тілдік қорымызда кеңінен қолданысқа түскен. Қорыта айтарымыз, жәндіктерге қатысты теңеулер, біріншіден, сол жәндіктердің физиологиялық бітім-болмысы мен қимыл-әрекеттеріне ұқсату негізінде туындаса, екіншіден, тірі жанға тигізер пайдасы мен зияны, ықпалы, әсері теңеу жасауға негіз болады.

      1.4.3 Жәндіктерге қатысты фразеологиялық тіркестер. Жәндіктің ең кішкене түрі – биттің халық санасында қансорғыштық, ластық, құжынап үймелеу, барынша кішкентей пішінді бейнелеу  мағынасында фразеологиялық тіркеске айналып, жиі қолданысқа түскен. Мысалы: балақтағы бит басқа шықты, биттей де нәрсе қалған жоқ, битін салды, битін сығып, қанын жалап отыр, биті торғайдай, мойны ырғайдай,т.б. Бақа жәндіктер де «қорқыту, үркіту» мағынасында, азып-тозған, ұсқынсыз  кейіпті таныту мағынасында фразеологиялық тіркес тудыра алады. Мысалы:  ала жылан, аш бақа; көк бақа; тірі жан, тісті бақа; аузын бақадай ашты; тісті бақадай жабысты.

       Сондай-ақ, қазақ даласында көптеп кездесетін зиянды, улы жәндіктің бірі – бүйі ұйып отырған ортаны даурықтыру, шулату, үркіту мағынасын беруде көп қолданылады. Себебі бүйіні көрген не бүйі шаққан адамның өзі нақ осындай үркіп, бүлік шығарып, дүрлігіп, бойына қорқыныш ұялайтыны белгілі жағдай. Осы сезімнен туған түсінік аталмыш мағыналарды сипаттауда тұрақты сөз тіркесі ретінде ұтымды тіркесімділік тапқан. Мысалы: бүйідей тиді, бүйі тигендей қылды. Бірқатар елдерде жайраңдаған жаздың сәні, нәзіктік пен сұлулықтың символы болатын көбелек қазақ танымында ақкөңілділік, шыр айналып ұшу, көзсіз ұрыну мағыналарын жеткізуде кең қолданысқа ие. Мысалы:  ақ көбелек, көзсіз көбелек, қан көбелек ойнады, шыр көбелек айналу. Фраезологиялық тіркес құрамында кездесетін құрт сөзі тек жағымсыз мағынаны, яғни қарғыс мәнді, көзі тоймау, аурудың жайлап кетуі мағыналарын танытуда жиі қолданылады. Мысалы: Бауырыңа құрт түссін! Есек құрты мұрнынан түсті. Көздің құрты. Көздің құртын жеді. Көзінің құртын салып, сұғын қадап отыр. Қолқаңды құрт жесін! Құлағының құрт етін жеді. Демек, жәндік атауларының белгілі бір ұғымды жеткізуде елеулі мағынаға ие болып, тұрақты тіркес құру қабілеті сол жәндіктердің жеке биологиялық ерекшеліктері мен адамға деген қарым-қатынасынан туындайды деп қорытынды жасауға болады.

      Фразеология саласындағы жәндік лексемаларына ауқымды ономасиологиялық кең өріс тән. Аталмыш лексемалардың тура және ауыспалы мағыналары болады. Жәндік атаулары адам өмірінің, тұрмыс-тіршілігінің барлық салаларын қамтитын, адам баласының іс-әрекетін, көңіл-күйін, ақыл-парасатын, зейін-қабілетін, т.б. білдіретін фразеологизмдердің құрамына кіреді.

      Фразеологизмдердің тілдегі қолданысына орай семантикалық тұрғыдан 5 мағыналық топтарға бөлдік. Олар:

      1) Мінез-құлық.

       Бұл топқа құрамында жәндіктер атаулары бар фразеологизмдердің адамның жағымды-жағымсыз қасиеттерін білдіретін мағыналық түрлері жатады:

      - батылдық, өжеттік, қайсарлық: шыбын жанын шүберекке түйді;

     - қатігездік, мейірімсіздік: сүліктей сорды; сүліктей қадалды; көзіне көк

шыбын үймелетті; қарға құзғын, шыбынға шұқытты;

      - сараңдық, тойымсыздық, жемқорлық, көрсеқызарлық: битін салды       (төкті);  жылан жайлап барады;

       - қадірсіздік, беделі жоқтық: сөзін бит шаққандай көрмеді; сона шаққандай құрлы көрмеді;  шыбын құрлы көрмеді;

      - ептілік, пысықтық: талағының биті бар; бит терісінен бияла         тоқыды;

      - еңбекқорлық: тірі жан, тісті бақа;

      - салақтық: нас басқанды, бит басқан;

      - қисық, қыңыр, құбылмалы мінез: көзсіз көбелек; тісті бақадай         жабысты;

      - айлакерлік, қулық: бит ішіне қан ұялады;  жыланның аяғын көрген;         тасбақаның аузынан  шөп алу;

      - ақкөңіл, жайдарлы: ақ көбелек;

     - арам пиғыл, біреуге жарамсақтану: балақтағы бит басқа шықты; аш          кенеше жабысты;

     - шеберлік: бит тағалады;

     2) Адамның көңіл-күйі:

     - қуаныш, қорқыныш, таңдану: аузын бақадай ашырды (ашты); шыбыны ұшты;

     - ашулану, ыза болу: битке өкпелеп тоныңды отқа салма; битке пышақ суыру;

     3) Адамның күш-қайраты, дене бітімі, бет пішіні және жас мөлшері:         

      - сыртқы тұлғасы, бет-пішіні: көк бақа; биті торғайдай, мойны    ырғайдай;

     - күш-қайраты: инеліктей бұралған;  тышқан  жұтқан  жыландай; әуіт бас;

     4) Адамның тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру ортасы:

     - кедейшілік, жоқшылық, қиын өмір: сығарға биті жоқ, битін сығып, қанын

жалап отыр, биті торғайдай, мойны ырғайдай; биті балағына түскен;  құр шыбыны қалу;

      - молшылықты, берекелі өмір: есек құрты мұрнынан түседі;

      5) Адамның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы:

      - араз болу: ала жылан, аш бақа;

      - біреуді жаратпау: кірпідей жиырылу; жыландай жиырылу;

      - біреуді ренжіту, қорқыту, әуреге салу, біреуге ұрысу: құлағының құрт етін жеді; бүйідей тиді; бүйі тигендей қылды.

     Фразеологиялық қордың өсуі бүгінгі таңда жаңа түсініктердің жылдам өсуіне байланысты, яғни ғылымның, экономиканың, мәдениеттің жетілуі тек жаңа сөздердің ғана еме, жаңа тұрақты тіркестердің пайда болуына да әкеледі. Жаңа тіркестердің пайда болуына тілде бұрыннан бар фразеологиялық тіркестердің өзі де деривациялық база болуы мүмкін.

      Жұмыстың «Жәндік атауларының лексика-семантикалық және сөзжасамдық жүйесі» атты екінші тарауда, жәндік атауларының лексикалық қабаты анықталып, олардың сөзжасамдық құрылымы талданады.

      2.1.1 Түркі тілдеріне ортақ жәндік атаулары. Түркі тілдеріне ортақ  жәндік атауларын іріктеу барысында Махмұт Қашқаридың «Диуани Лұғат-ат түрік» сөздігіне, «Кодекс Куманикус» ескерткішіне, орыс тілінде шыққан «Көне түркі сөздігіне», Ғ.Айдаровтың «Язык орхонских памятников древнетюркской письменности» сөздігіне, көне түркі ескерткіштерін зерттеген В.Томсеннің, Е.С.Маловтың, Д.С.Севортянның, А.Н.Кононовтың, В.В.Радловтың еңбектеріне, Н.Баскаковтың, Г.З.Гаджиеваның, К.Н.Мусаевтың, А.Биелиевтің, Э.Имбердиннің, А.М.Щербактың, А.К.Ибрагимовтың зерттеулеріне сүйендік. Қазақ тіліндегі жәндік атауларының тарихи негізі көне түркі мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен өзектес, тамырлас екенін көрсету үшін оларға тарихи-салыстырмалы талдаулар мен сөздердің шығу төркінін анықтау қажет. Осы мақсатта жалпытүркілік жәндік атауларын теріп алып, жеке-жеке тоқтауды жөн көрдік: жылан/иығлан – бауырымен жорғалаушылардың бір отряд тармағы. Қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі фонетикалық нұсқаларда: түрік, түрікмен, гагауз, құмық, ноғай, башқұрт, алтай – йылан; әзірбайжан, қарайым – илан; өзбек – илон; татар – елан; қырғыз, қарақалпақ, қарашай-балкар – жылан. Тува тіліндегі чыл сөзі «жылу, қозғалу» мағынасын береді. В.Г.Егоров [7], К.Ибрагимов [8] жылан атауын көне түркілік йыл, жыл «жылжу» етістігімен байланыстырады. Инелік – қанаттары көкала торлы сызықты, өте жіңішке, бунақ денелі, әуелеп ұшатын жәндік. Түркі тілдерінде мына формаларда кездеседі: қарақалпақ, қырғыз – ийнелик; түрікмен – тенечир, инелік; ноғай – ийнелік/стрекоза; тува – инелік, т.б.

      Жәндік атауларының ішінде қазақ тіліне ғана тән атаулары, қазақ тілі ұлт тілі болып қалыптасқаннан кейін жасалған. Оларға тек қазақ ұлтына ғана тән, басқа түркі тілдерінде кездеспейтін жәндік атауларын жатқызамыз. Төл  жәндік атаулары көбінесе  біріккен тұлғалы формада және екі сөздің тіркесу арқылы жасалып келген. Олардың уәжділік мәнінен-ақ, дыбыстық құрамынан-ақ түп-төркіні, мән-мағынасы қазақ ұлтына сай екені сезіліп тұрады. Себебі ондай жәндік атауларының жасалуында қазақ жеріне тән, қазақ мәдениетіне тән, қазақ тұрмыс-тіршілігі мен болмысына тән сөздер мен ұғымдар бейнелі түрде атауыштық мәнге ие болған. Мысалы: отынкескіш, жылымқұрт, ағашжегі, бауырсорғыш, бұғықоңыз, бізтұмсық, бұзаубас,  қошқармүйіз, бөрітіс, жүнжемір, шиетескіш, айырқұйрық, қарақұрт, майкене, жұмырқұрт, т.б. Тілдегі төл атауларды анықтау үшін олардың жасалу уәжіне және халық арасында кең тараған әдебиеттердегі қолданысына сүйену керек.

      2.1.2 Кірме жәндік атаулары.    Араб-парсы тілінен ауысқан жәндік атауларының тілімізге сіңісіп, араласқаны сонша, тіпті оның басқа тілден енгендігін ажырату да қиын. Бұл ерекшелікті араб-парсы сөздігі арқылы немесе этимологиялық талдаулар арқылы анықтауға болады:  Абжилан – парсы тілінен енген абжылан, әбжылан, абыжылан (аб+жилан, аб+жылан). Су жылан. Пәруана – парсы тілінен енген пәруана (пәр+уанә, пәр+уана). 1. көбелек, түн көбелегі. 2. ауыс. Құрбан, садақа. Кәнә - парсы тілінен енген кене. Пәшә - парсы тілінен енген маса баламасы. Парсы тілінен енген жәндік атауларының бір тобы формасын толық сақтап енсе (мысалы: аждаһа), екінші бір тобы жартылай немесе түгелдей өзгеріске ұшырап енген (алагүлік/алақолу; маса/пәшшә).

      Қазақ тілінде орыс тілінен ауысқан немесе орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген жәндік атаулары да біршама. Орыс тілі арқылы басқа тілдерден ауысқан жәндік атауларының  жалпыхалықтық мәні әлсіз және актив қолданыла бермейді, олар тек зоологиялық термин ретінде арнайы сала аясында ғана көрініс табады. Орыс тілі арқылы енген жәндік атауларын сөзжасамдық құрылымына қарай: дара кірме жәндік атаулары және күрделі кірме жәндік атаулары деп бөлдік. Мысалы: дафния, цеце, цикада, гаттерия, цестод, т.б. дара кірме жәндік атауларына жатқызылса, даната құрбақасы, комодо ешкіемері, гессен шыбыны, колородо қоңызы, иксод кенелер, т.б. күрделі кірме жәндік атауларына жатқызылады.

      Орыс тілі арқылы енген жәндік атаулары атау ретінде зоология саласының негізгі ұғымдары деп есептеледі. Дегенмен, бүгінгі күні кірме атауларды қазақ тіліне аудару, қазақиландыру жүйесіне орай, жоғарыда көрсетілген атаулардың біршамасы қазақ тілінде бұрыннан бар балама атаулары ауыстырып, біршамасы жарыспалы түрде қатар қолданылып жүр. Мысалы: гельминттер – ішекқұрт, аскарида – жұмырқұрт, цестод – таспақұрт, аспид – сарыбас жылан, гая – қаражылан, гадюка – сұржылан, глист – ішекқұрт, жыланқұрт т.б.

      2.1.3 Жәндіктердің жергілікті атаулары. Қай тіл болмасын оның құрамында үйреншікті норма болып қалыптасқан жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын баршаға мәлім түсінікті әдеби сөздермен қатар, сөйлеу тілінде көне тілдің көрініс ретінде сақталған ертедегі тайпа тілдерінің қалдықтары, қазақ халқының әр дәуірде іргелес, көрші жатқан халықтармен қарым-қатынасын көрсететін ауыс-түйіс сөздер де кездеседі. Бұлардың ішіндегі ескі жазба ескерткіштерінде кездеспейтін, әдеби тілде қолданылмайтын, белгілі бір аймақ тұрғындары тілінде ғана сақталып, сол өңірге тән тілдік   ерекшеліктер

ретінде көнеден қалыптасқан және кейінгі кезде пайда  болған бірліктер бар.

      Сондай бірліктердің қатарына жәндіктердің де жергілікті атаулары енеді.

      Мысалы, жыланның Аждарқа – айдаһар. Аю жылан – үлкен улы жылан, адамды шақса өлтіреді. Бодақты аю жылан шағып алыпты. Бүке – аждаһа, абжылан. Құлағы бар жылан – құлағы адам құлағына ұқсас, қап-қара жылан түрі. Мар – жылан сияқты жергілікті атаулары бар. Шегірткенің Бәкі, Бәкішек, Бөбішек – кішкене, майда шегіртке, шегірткенің балық аулауға пайдаланатын түрі. Кесіртке – көк шегіртке. Мылтықшы – дәуіт. Тәует – дәуіт. Тұздықшы – күз басында шырылдап ұшатын қара шегіртке.Чекчек – шегіртке, т.б. Тілімізде жәндіктердің жергілікті ерекшеліктері әдеби үлгісімен қатар жарыспалы қолданылуының негізінде тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, баршаға танымал жалпыхалықтық қолданысқа ие болып келе жатыр.

Информация о работе Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау тәсілдері