Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 16:43, реферат
Ислам діні негізгі діні, араб тілі Құран тілі болған Араб халифатында мұсылман философиясы өзінен VI ғасыр бұрын дүниеге келген христиан дінімен күрес нәтижесінде қалыптасты. Өзінің таралу барысында, әсіресе кіші Азияда ислам антика философиясының ошақтарымен бетпе-бет келіп отырды. Қазіргі заманғы белгілі қазақ философы Ғ. Есімнің пікірінше, әлемді күшпен ғана емес, философия мен ғылымды тарату арқылы да билеуге болатынын ұғынған халифтер грек және үнді философиясын тереңдеп зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Адам, оның тағдыры мәселесін түсіндіруде, оған рухани басшылық жасауға моральдық жауапкершілік ісінде олар антика, философиясының категориалдық аппаратына жүгінді. Сондықтан да философияның практикалық қажеттілігінен грек философтарының еңбектері әуелі сирия, кейін араб тіліне аударылды. Тіпті Византиямен соғыста олар тұтқындарды қолжазбаларға айырбастап алып отырды. Осы араб тіліне аударылған еңбектер кейін Европаға жетті. Яғни, Европа өркениеті үшін антика философиясың сақтап қалған араб ойшылдары деуге болады.
Кіріспе:………….………………………………………………..…………..3
Негізгі бөлім:...........................................................................................4-18
Араб тілді философияның тарихи әлеуметтік, мәдени және теориялық алғышарттары…………………………………………………..….……….4-5
Араб тіліндегі философияның бағыттары…………………..…..………..5-6
Араб тілді философиядағы перипатетизм …………………..….….…….6-9
Сопылық философиясы.………………………………...………….……10-11
Ислам Философиясы…………………………...…………………….….11-14
Калам – ислам қағидаларын рационалды түсіндірудің жолы…..…....14-15
Араб ойшылдары………..…………………..…………………….……..15-18
Қорытынды:...............................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер:...........................................................20
Әл-Ғазали Ибн Мухаммед
(1059-1111) – ислам дінін зерттеуші
ғалым, философ. Оның
16
түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран-Құдай жаратқан ғажап еңбек.
Ибн Рушд Мухаммед (1126-1198 ж.ж.) - Кортово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген орта ғасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда Қос ақиқат ілімінің негізін қалаушы. Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл-парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн-Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті.
Ахмед Яссауи (шамамен
1093-1166-67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің
негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының
маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында
туған. Оның есімі Түркстанның
«Кіші Мекке» деп аталуына
тікелей қатысты. Ахмед
Қазақстанда Ислам философиясының қалыптасуы мен дамуына түркі сопылығының ұлы өкілі Қожа Ахмет Иасауидің рухани қызметі үлкен әсер етті. Ислам философиясының айрықша “мәртебесі” мен дүниетанымының ерекшелігін айқындаған философиялық және қоғамдық ойдың дамуына Иасауидің қосқан үлесі сопылық – исламдық Алла тұжырымдамасын қазақ
17
халқының дәстүрлі дүниетанымына енгізу болып табылады. Исламның дүниетанымдық, әсіресе, имандылық пен адамгершілік аясындағы сипаттары қазақ ойшылдарының философияның ізденістерінен де көрініс тапты. Мысалы, Абай философиясының дүниетанымдық мәселелерін Ислам философиясы арқылы қарастыруға болады. Абайдың “Отыз сегізінші қара сөзінде” Жаратушы мен ол жаратқан дүниенің тұтастығы принципін сатылап көрсететін оның діни-философиясының тұжырымдамасының түйіні тарқатылады. Абай тұжырымдамасындағы Жаратушыға көзқарас пен оған қызмет етудің екі қырын, бағытын нақты және анық бөліп қарау қажет: біріншісі – сана күшіне сүйене отырып, сенімнің не үшін қажеттігін анық түсініп, оның принциптерін ұстанып, исламды қабылдау, екіншісі – исламды соқыр сенімге сүйеніп қабылдау. Абай[ әрбір адам үшін ең бастысы сенімнің күштілігіне сену және сенімді ұғынуға ұмтылу деп біледі. Қазақ ойшылының айтуынша, адамға Алла берген сана оны Құдаймен жақындатады. Ислам философиясының идеяларын Шәкерім Құдайбердіұлы өз шығармаларында жалғастырып, одан әрі дамытты. Шәкерім үшін ақиқатты іздеу – дүниетанымдық позиция үлгісін таңдап алумен тең. Шәкерім жақсы меңгерген және өзінің “Үш анығында” көрсетіп берген философиялық зерттеу методологиясы Ислам философиясын зерттеушілердің назарын аудартады. Философиядағы материалистік бағыт позициясын талдап, сынай отырып, Шәкерім Ислам философиясының негізгі ережелерін қорғап, жария етті:
18
Қорытынды:
Сопылық немесе тасаууф(араб.: تصوّف, таṣаууұф) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері.
Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: فناء — нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты. Сопылықты ұстанушыны сопы (араб.: صوفي, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар Жәбірейіл хадисінде айтқан ихсанды жүзеге асырушылар санайды.
Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған. Дарқауи тариқатының (ағыл.)қазақ. сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба (ағыл.)қазақ. сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген.
Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды
19
Пайдаланған әдебиеттер:
20