Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 09:28, дипломная работа

Описание

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде негізінен айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 902.50 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

 

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде негізінен айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті  жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.

Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Соңғы жылдары Қазақстан  Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті  дамытуды белсендету және мемлекеттік  қолдауды күшейту шаралары туралы»  және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.

Ұсынылған бағыт Қазақстан  экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.

- шағын бизнестің экономикадағы  алатын орны мен маңызын ашу;

- оны дамытудағы несиелендірудің  рөлін қарастыру;

- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;

- Қазақстан Республикасындағы  шағын бизнестің қалыптасуы мен  дамуын талдау;

- шағын бизнестің заңдық  негіздерін қарастыру мен қалыптасқан  механизмдеріне талдау жүргізу;

- қазіргі кездегі шағын  бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;

- шағын бизнесті басқарудағы  экономикалық жетілдіру жолдарын  көрсету. 

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі елдің кәсіпкерлік  қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.

Қазіргі таңдағы шағын  кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі  қызметтермен толтырып отыратын негізгі  жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.

Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.

Экономиканы тұрақты  болуы және оның бәсекелік сипатын  қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:

  • Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
  • Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
  • Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.

Кәсіпкерлік – қызметтің  ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің  типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің  орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті  дамытудағы жетілдіру жолдары». Дипломдық  жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім  «Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны», бұл  бөлімде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық негізі және кәсіпкерліктің түрлері, тәуекелділіктің мәні деген тақырыптарға тоқталдым. Екінші бөлім «ПРОГРЕСС СМ» Жауапкершілігі шектеулі кәсіпкерлік қызметіне талдау жасау бұл бөлімде осы кәсіпорына талдау жасау. Үшінші бөлім «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары ». Бұл бөлімде кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару туралы баяндалған және қолға алу мен оны жетілдіру болып табылады .

Дипломдық жұмысымның басты  мақсаты «Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерліктің дамуы , және жетілдіру  жолдары » деген тақырыпты  ашу. Қазақстанда кәсіпкерліктің оның ішінде бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шаруашылықты ұймдастырудың түрі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлердің экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор. Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлік даму үстінде әрі жыл сайынғы қолдау он жеттілдіру мен реттеу қатаң түрде қолға алынып қарастырылуда .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпкерлік түсінігі,  және  оның  қалыптасуы

 

 

1.1 Қазақстандағы   кәсіпкерліктің  мәні,   негізі   мен түрлері

 

 

 Кәсіпкерлік дегеніміз–белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Белсенділік, іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Кәсіпкерлік екі мағынада пайдаланылады: біреуі –белгілі бір істің түрі; екіншісі–сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап. «Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.

Экономикалық белсенділік  – бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты. Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.

Кәсіпкерлік – ежелден  келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол  өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал  жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі. «Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар.

Бизнес – кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады.

Табысты бизнес, іскерліксіз  жетілдірілмеген, үнемі дамусыз  ойға сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте құрылады.

Кәсіпкерлік мемлекеттік  секторды есепке алғанда барлық экономика  сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда істі коммериялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.

Кәсіпкерлікті кейде  өндірістін төртінші факторы деп  те атайды. Өндірістін үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.

Австриядан шыққан, жұмыс  орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер өндірістін төртінші факторы ретінде – кәсіпкерлікті көрсетті.

Экономикалық қызметтін өндірістік факторы ретінде кәсіпкерлік туралы айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың кәсіпкерлік мүмкіндігін, іскерлік, кәсіпкерлік белсенділігін айтады. Кәсіпкерлікті барлық үш негізгі факторлар әсерін күшейтетін белсендіруге қабілетті қозғаушы күш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп санауға болады.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерліктін маңызды қасиеттері қимылға бай, бастамалық, ізденіс болып табылады. Кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық  тоқырау жат. «Кәсіпкерлік» атауына толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған, ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді.

Ол шығындардын және пайданы жоғалтудын алдын алуды қарастырады. Осылайша кәсіпкерлік–бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыс көзі.

Кәсіпкерліктің жүздеген аңықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық аңықтамасында «Кәсіпкерлікке» мынадай анықтама беріледі.

«Кәсіпкерлік»–пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.

Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған. Кәсіпкердің жеке мәртебесі меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші адам, қызмет мақсаты – әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу және атқаратын қызметтері – шығармашылық шаруашылық тәуекелге байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру, ресурстық ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру, ұйымдастыру.

 А. Смит кәсіпкер  рөлі туралы былай жазады: «Ол өз қызығушылығын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. Өзінің қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы  қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет етеді».

«Кәсіпкер» түсінігі белгілі эволюциялық кезеңен өтті. Мысалы 1725 ж. Р. Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо (1797 ж.) кәсіпкер – қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады деп санаған .1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер – жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер–қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс істейді. Ғылыми термин түсінігінде «кәсіпкер» экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисті, банкирі Ричард Кантильон енгізді. «Кәсіпкер-бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік – тәуекелділік»- деген.

Кәсіпкерлік ұғымын зертеуге тұңғыш ден қойғандар «саяси экономиканың»  ғылым ретінде қалыптасуының  іргесін қалаған физиократия  мектебінің өкілдері. Негізін салушы Ф. Кенэ (1694-1774). Ол былай деген «Жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер  қоғамдық өнімді өткізуде басты рөл атқарады». 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру