Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 09:28, дипломная работа

Описание

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде негізінен айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 902.50 Кб (Скачать документ)

Консурциум–бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат–бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель–тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының  бірлестігі.

Қазір Қазақстанда мынадай  ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

1) Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

2) Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

3) Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

4) Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

5) Ашық және жабық акционерлік қоғам.

6) Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.

7) Унитарлы кәсіпорын–коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің ең бір жақсы дамыған түрі ол шағын кәсіпкерлік болып табылады .Шағын кәсіпкерліктің нарық жағдайында алатын орны зор.Мысалы Мәскеу мемлекеттік Университетінің еңбегі сіңген профессоры В.А. Рубе шағын кәсіпкерлік «кәсіпорын иесінің еңбекке және кәсіпорынды басқаруға қатынасымен, оның персоналмен қарым – қатынасқа түсу дәрежесімен анықталады деген. Және оның пікірі бойынша, шағын кәсіпкер бір тұлғада меншік иесі және басқарушы, сонымен бірге өндіріс процессінің тікелей қатысушы, әрі басқа жұмыскерлемен әрқашан байланыста болады. Халықаралық банктің мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу көрсеткіштерінің саны 50–ден асады. Соның ішінде көп қолданылатыны–жұмыс істейтіндердің орташа саны, жылдық айналым, активтер шамасы. Бірақ барлық дамыған елдерде негізгі көрсеткіш ретінде жұмыс істейтіндер саны алынады. Құрамына экономикасы жоғары дамыған елдер кіретін халықаралық экономикалық байланыс және даму ұйымы (ОЭСР) саны 19–ға дейін «өте  шағын» 90 –ға дейін–«шағын» ретінде, 100 ден 499 адамға дейін–«орташа» және 500–ден аса «ірі» деп кәсіпорындарды анықтайды.

Қазақстан Республикасының  «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдау туралы» Заңына сәйкес Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлернің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын активтердің жалпы саны алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий бойынша анықталады: жұмыскерлердің орташа саны және активтердің жалпы құны. Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай- ақ мынадай ұйымдық- құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін:

- толық серіктестік;

- коммандиттік серіктестік;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

- өндірістік кооператив.

Шағын кәсіпорындар 2 типке  бөлінеді: өсу үшін шектелген мүмкіндіктері бар қарапайым кәсіпорындар- иесіне қолайлы  өмір  деңгейін  қамтамасыз  етуге қабілетті. оларға:

  1. кеңес берушілер, гүл дүкендері, пиццериялар жатады.

2) жаңа тез өсетін кәсіпорындар. Олардың мақсаты- шағын кәсіпкерлік аясынан тезірек шығу. Олар: құрылыс, медициналық қызмет, экологиямен, клиенттерге жеке қызмет көрсетумен байланысты фирмалар.

Нарықтық жағдайда шағын  кәсіпкерліктің орны зор.Қазіргі кезде  ірі компаниялардан шағын кәсіпкерлік  жетекшілігіне ауысу тенденциясы қарастырылуда. Негізінен 3 тенденция байқалуда:

1) Компъютерлер мен электронды техникалық енгізілуі шағын  кәсіпорындарға ірі кәсіпорын секілді жұмыс жасауға мүмкіндік берді;

2) Қызметкерлердің көбі ірі фирмаларды тастап, өз  кәсіптерін, қызметтерін ашуда;

3) Шағын кәсіпкерлікте әйелдердің үлкен ағымы.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік әр елдің, соның ішінде дамыған елдердің экономикасында да елеулі рөль атқарады. Себебі оған тән артықшылықтар бар:

- шаруашылықтың жергілікті жағдайларына тез бейімделу;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің істі жүргізу тәуелсіздігі;

- шешімдер қабылдауда және оларды шешудегі иілімділік пен оперативтілік; болып табылады.

Сонымен, Халықаралық  еңбек бюросының баяндамасында былай деп берілген: шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда көбірек бәсекелестік артықшылықтарды иеленеді, 1 жұмыскерге есептегендеаз капитал салымдарын қажет етеді, жергілікті материалды және еңбек ресурстарын кең қолданады.

Шағын кәсіпорындар иелері қор жинауға және инвестицияға бейім болып келеді, оларға табыстарға жетудеүнемі жеке ынталандыру, басқаша айтқанда, жеке мотивация жоғары деңгейде болады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жергілікті нарықтағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, тұтынушылардың белгілі тобының тапсырыстары бойынша тауарлар өндіру жиі кездеседі, жалдамалы қызметкерлердің санының жоғары болуына мүмкіндік береді. Ең бастысы, шағын кәсіпкерліктің қызметіне инновациялық бағыт тән. Антибиотиктер, инсуллин, пестицидтер, тік ұшақтар, кондиционерлер, оттегі конвенторлары, целлофан, микрокомпъютерлер тәрізді маңызды жаңалықтарды бірінші болып шағын фирмалар дайындады және игерді. 

Шағын кәсіпкерліктің маңыздылығын Елбасымыз Н. А. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған соңғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауында да атап өтті. Онда былай деген: «Мемлекеттік кәсіпорындар мен  мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы бір бизнеске тыныс ашамыз»

Яғни шағын кәсіпкерлік–бұл  шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін қауіппен және тәуеклділікпен жанасатын, табыс алу мақсатында өндіріс факторларын қозғалысқ келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен  басқару процесіне және қатысуын талап ететін, өзін -өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.

Шағын кәсіпкерліктің рөлі туралы айтатын болсақ, шет ел тәжірибесіне сүйене отырып, шағын кәсіпкерлік дамуы  келесі мәселелерді сәтті шешудің маңызды факторы болып табылады:

-тұрғындарды тауарға  жұмысқа,қызметке) деген қажеттілігін жақсы қамтамасыз етілуіне әсерін тигізетін бәсекелестік өркениетті  нарықтық қатынастар құру; ассортиментті кеңейту мен  тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын көтеру. Тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруға талпына отырып шағын кәсіпкерлік тауарлар сапасының және қызмет көрсету мәдениетінің көтерілуіне септігін тигізеді; тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға жақындауы; экономиканың құрылымдық қайта құрылуына себеп болу, шағын кәсіпкерлік экономикаға иілімділік, мобильдік, моневрлік сипат береді; өндірісті дамытуға тұрғындардың өз қаржысын тарту, шағын кәсіпорындарда сыбайластар ірі компанияларға қарағанда іске үлкен салады; қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту; ірі өндіріс белгілі шектеулер қоятын тұрғындардың бөлек топтарын, атап айтқанда зейнеткерлерді, мүгедектер, оқып  жүргендер, үйде отырған әйелдерді еңбекке жұмылдыру;

- ғылыми – техникалық прогресті жетілдіру;

- жергілікті шикізат көздері мен ірі өндіріс қалдықтарын игеру және пайдалану;

- ірі кәсіпорындар қызметіне жабдықтаушы ұйымдар, остнаскалар шығарумен қосымша және қызмет көрсететінөндірістер құруға көмектесу;

- мемлекетті рентабельділігі төмен және шығынды кәсіпорындардан олрды жалға алу мен сатып алу есебімен бастау.

Шағын кәсіпкерліктің осы  және тағы басқа. экономикалық, әлеуметтік функциялары оның дамуын мемлекеттің маңызды мәселелері қатарына қояды.

Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар дамып, экономикадағы позицияларды жеңіп алуда, ірі бизнестің серіктері болды. Бұл инновациялық ұғым – кластерге тән. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдаумен ынталандыруда.

Экономикасы дамыған  және дамушы елдерде шағын кәсіпкерлік ең алдымен экономиканың маңызды сфераларының бірі, ал қоғамда өтетін барлық процестермен кешенді дамуы, орташа және ірі кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Берілген елдер Үкіметі, әр түрлі формаларда және түрлерде көрінетін шағын кәсіпкерліктің дамуына белсенді қолдау көрсетеді. Елде отандық кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін инновациялық қызметті енгізу мен, өнім экспортымен байланысты. ШКС жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай дамыту және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті, мердігерлік және лизингті белсенді қолдау үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын кәсіп ұлттық экономикада елеулі рөльді атқара бастайды. Осылай кәсіпкерлікті

құруда адамдар .кәсіпкерлер өз мақсатында тәуекелділіке барады «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер  бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелділіктің бірнеше  түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік тәуекел. Бұл  өнімді өндірумен және оны өткізумен  байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің  өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық тәуекел–бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел –  қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем  қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел–бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел–бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты 1 кестеде.

 

Кесте 1

Тәуекелге барудың кестесі [7]

Термин

Анықтама

1

Материалдық зиян

бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық  объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.

2

Еңбек зияны

жұмыс уақытын жою, кездейсоқ  немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.

3

Қаржылық зиян

бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты

4

Уақытты жою

бұл егер кәсіпкерлік  іс жобалы уақыттан кейін қалатын  болса пайда болады.


 

Ойлаған жобаны іске асыру  мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел  талдау жасайды. Сонымен қатар Қазақстаның шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде тәуекелді болдырмау мен локальдау әдісі кеңінен  таралады .Тәуекелді басқарудың көптеген әдістері тек өзара  ғана емес сонымен қатар нақты жағдайдан шыға отырып , баламалы болып табылатын, әрбір кәсіпорын экономикалық көзқарас тұрғысына ең оңтайлы әдісті таңдап алу керек . Тәуекелді төмендетудің аталған бағыты ең қарапайымы және ұтымды болып табылады . Ол жұмсалатын шығындар мен белгісіздікті болдыр –мауға мүмкіндік береді . алайда тәуекелге байланысты қызметтен пайда көлемін алуға мүмкіндік бермейді .

Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.

1) Айқындалған факторларды талдау.

2) Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

3) Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.

4) Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.

5) Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

 

 

1.2 Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлікті дамытудың фунукциялары

 

 

Кәсіпкерліктің функциялары

Нарықтық экономика жүйесінде кәсіпкерлік–жалпы - экономикалық, ресурстық, шығармашылық - ізденушілік инновациялық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық функцияларды атқарады. Жалпы экономикалық функция кәсіпкерлік ұйымның өз атынан және жеке меншіктегі мүліктік жауапкершілігімен дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретінде қызмет ететін кәсіпкерлік ұйьм объективті рөліне негізделген. Кәсіпкерлік қызмет тауарлар жұмыстар, қызмет өндіруге бағытталған және нарықтық экономиканың экономикалық заңдары жүйесінің әсері арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда, ол оның жалпы экономиканы функциясы байқалуының объектив негізі болып табылады. Кәсіпкер – ліктің дамуы экономикалық өсудің, ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім көлемін көбейтудің анықтаушы шараларының бірі. Сонымен қатар, бұл фактор шаруа- --шылық қатынастар жүйесінде кәсіпкерліктің жалпы экономикалық функция көрінісі ретінде анықталады Функция кәсіпкерліктің маңызды функциясы болып табылады. Кәсіпкерліктің дамуы ұдайы өндірістің қарқынына, сонымен қатар шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты болады. Бұл жағдайда ресурстар құрамына материалдық және материалдық емес өндіріс факторларын, олардың жұмыс істеу жағдайларын, атап айтқанда: еңбек ресурстарын, жерді және табиғи байлықтарды, өндіріс құралдары мен ғылыми жетістіктерді сонымен де кәсіпкерлік қабілеті және т.б.ресурстарды қамтиды. Кәсіпкердің жоғары табыстарга жетуі, егерде ол ғылыми-техникалық идеялар, өзі қызмет істеп жүрген сферадағы жаңашылдықтарды жүйелі түрде жинау арқылы, оларды білікті жұмыс күші мен ресурстарды ұштастыру жағдайында пайдалануына байланысты болады. Алайда максималды табыстың пайданың соңынан түсу көбінесе ресурстарды тиімсіз пайдалануға алып келеді. Мұндай кәсіпкерлер өз қызметімен ортаға және тұрғындарға зияньн тигізеді. Осыған байланысты ресурстық функцияны дұрыс қолданбағаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілік нысандарын анықтайтын мемлекеттің реттеуші рөлі ерекше маңызға ие болады. Кәсіпкерліктің бұл функциясы бір-бірін толықтыратын басқа да функциялармен тығыз байланысты. Ол қабылданған шешімдер жағдайынан, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің экономикалық еркіндігі деңгейінен шығады әлеуметтік функция әрбір қабілетті тұлғаның іс-әрекет ретінде, өзінің дара талантын және көрсетумен сипатталады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру