Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 09:28, дипломная работа

Описание

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде негізінен айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 902.50 Кб (Скачать документ)

«Прогресс - СМ»  ЖШС–нің тұрақты тұтынушыларына әр түрлі құрылыс кәсіпорындары жатады. Мысалы: «Қали» ЖШС-і, «Реал-Пласт» ЖШС-і, «НОРЕ» ЖШС-і, «Ас-Ай» компаниясы, «Иртыш-Комплект» ЖШС-і, «Меркур Строй Сервис» ЖШС-і, «СОНЕТ» ЖШС-і, «Гепро-Терезе» ЖШС-і, «Алматы-Пласт» ЖШС-і, «Тамшылар» ЖШС-і, «PAKPEN» АҚ-ы, «Қаз. инвест. компан. «ХУАСИН» ЖШС-і, «Металпласт» ЖШС-і, «Россика Пласт» ЖШС-і, «Выбор» ЖШС-і, «ALUWIN» ЖШС-і, «Сто Пласт» ЖШС-і, «W&B» ЖШС-і, «Trans Petroleum» ЖШС-і, «Компания Строй Центр» ЖШС-і, «S.B.» ЖШС-і, «Риик» ЖШС-і, «ЦЕНТРПЛАСТ» ЖШС-і, «Рейз Алпласт» ЖШС-і, «ЭМЗ» ЖШС-і, «Каратал Пласт» ЖШС-і, «Таир-СВ» ЖШС-і, «Версия  LTD» ЖШС-і, «Век» ЖШС-і, «Эммануил» ЖШС-і, «Асыл» ЖШС-і.

Кәсіпорынның нарықта  нығаюын байқауымызға болады: тапсырыстардың өсуі, мысалы, клиенттер санының өсуі және олардың тұрақты клиенттерге айналуы.

Материалдармен «КарМет» сауда үйі ЖШС және «Оптимум Контракт» ЖШС жабдықтайды. Материал дайын рулон түрінде болады

Технологиялық процесстің  сипаты.

Профильдер болаттан, цинкіленген болаттан жасалады. Технологиялық  процесс 2 этаптан тұрады.

  1. рулондарды штрипстерге кесу процесі
  2. цинкленген болаттан профиль шығару процесі, яғни штрипстерден майысқан профиль дайындау.

Технологиялық процесс барысы:

1) тасымалдау.Кранмен складтан  штрипстерге кесу сызығына  тасымалдау

2) дайындау. Рулонды  троспен 2000-300 мм-ге көтеру (дұрыстығы мен беріктілігін тексеру үшін) және рулонды тарқатышқа тасымалдау

3) рулонды штрипстеге кесу. Бұл процесс 12 адамнан тұрады.

4) кесілген штрипстерді түсіру. 

5) тасымалдау.Штрипстерді сақтау қондырмаларына жеткізу.

6) айналымы толық жүктелгенге дейін 1-3 рет қайталанады

Станды қосу. Штрипсті станнан өткізіп,  берілген  профиль  нысанын алады. Ұзындықтарын жөндеу кесіп алу және түсіру. Кескіш штампта профильдің қажетті ұзындығын кесіп алу, дайын  профильді рольгангке түсіру, топтарды түзету және  профильді тараға жатқызу.

  1. балқытып бекітілген штрипстердің торцтарын кесу.
  2. штрипстерді балқыту.
  3. профильдеу
  4. бақылау. Сызбаларға сәйкес размерлердің шектеулі ауытқуларын бақылау. Қалындығы бойынша шектерді, ауытқұларды, айналдыру 1˚ - 1 м-ге болу керек, соны бақылау, сонымен бірге ұзындығы бойынша. Ақауларды  болдыртпау.
  5. қораптау–орамалау.Профильдерді пакеттермен орамалайды. Пакеттер  берік  байланған болу керек.  Ол ұзындыққа  байланысты. 3000  мм-ге дейін – 2 3000 мм – 6000 мм – 3, 6000 мм-ден жоғары - әр  1500 мм  сайын.

6) маркілеу. Маркілеу келесі реквизиттерді қамту керек:

- дайындаушы – кәсіпорын  аты,  адресі

- тауарлық  белгісі (егер  бар  болса)

- профильдің шартты көрсетілуі

- пакеттегі профильдердің жалпы саны (м)

- қазіргі кездегі техникалық жағдайдың белгіленуі.

«Прогресс–СМ» ЖШС –  ң негізгі қызметі – профиль  дайындау. Цинкіленген болаттан жасалынған рулондар–шикізат көзі ретінде пайдаланыла алады. Ғимаратты келісім шарт бойынша жалға алып отыр. 2 цех бар: 1) негізгі цех – профиль дайындау цехы; 2) құрал – жабдықтар жөндеу, стандартты емес цех қызмет көрсетумен айналысатын механикалық учаскі. Негізгі өндіріс – цинкіленген болаттан дайын  майысқан профильдер жасап шығару. Қосымша өндіріс – профильдер дайындауда қолданылатын әр түрлі құрал–жабдықтар дайындау. Бұл өндіріс өзіндік капитал есебінен жүргізіледі. 2009 жылдан бері қосымша өндіріс жүргізіліп, өзінің  пайдалы нәтижелерін әкелуде. Осы  арқылы кәсіпорын  пайдасы 2010-2011 жылдарды салыстырғанда әлдеқайда артқан. Қосымша өндіретін құрал–жабдықтарға: тарқатқыш, орағыш, дискіленген , электро – магнитті плиталар, компрессор, жылу генерторы,  профильдейтін  беттің становка

Өндірістік көмекші  және қызмет көрсету процесстерінің ұйымдастырылу ын  зерттеу – жөндеу өндірісі. Жөндеу жұмыстарын кәсіпорын басқа кәсіпоры н дардың қызметін қолданбай,  өзі жүргізеді. Жөндеу жұмыстары негізгі өндіріс қызметімен айналысатын жұмысшылармен өндіріледі. Бұл құрал–жабдықтарды жөндеу бойынша. Кәсіпорында өздері өндіретін (көмекші өндіріс) құрал–жабдықтарды, сонымен бірге сырттан алып келетін, яғни сатып алынатын құрал -жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сатып алынатын құрал–жабдық тарға әр түрлі токарьлық – винторездік, сверилдік, фрезерлік, сылып тегістейтін  станоктар, гидропресс, механикалық ара, кран–балка, балқытқыш автомат, балқытқыш түзулеткіш, балқытқыш трансформатор, т.б. жатады.

Кәсіпорында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, егер қажет  болған  жағдайда ғана. Құрал – жабдықтарды жөндеу жұмыстарын жұмысшылар атқарады. Және ол үшін ақы төленеді. Ал косметикалық  жөндеу жұмыстары үшін сырттан қызметкерлер жалданады. Мысалы, алдыңғы жылы, яғни 2012 жылы ғимаратқа косметикалық (сылау, ақтау, бояу)  жөндеу жүргізілген болатын.

Құралдар өндірісі. Кәсіпорында  құралдар өндірісі атап йтқанда жол. Құралдар шаруашылығы жүргізіледі. Құралдар сатып алынып, жұмысшыларға  пайдалануға беріледі. 

Энергетикалық өндіріс жоқ. Бірақ қосымша қызмет көрсету өндірісі  ретінде электрик жұмыс жасайды. 

Қойма шаруашылығы бар. Онда сырттан алып келінетін тауарлар механикалық учаскі есебіне, мысал, жабдықтар және егер орамды болат болса, немесе штрипстер болса, профильдер дайындау цехінің есебіне кірістіріледі. Дайын профильдер қоймадада тасымалданғанға дейін сақталады. Бірақ олардың қоймада сақталу мерзімі ұзақ емес. Себебі кәсіпорын тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Сондықтан профильдің қоймада жатып қалуы мүмкін де емес. Тек форс– мажорды, яғни күтпеген жағдайлар нәтижесінде ғана болмаса.

Көлікжағдайына келсек, кәсіпорын «Восток  СХП» ЖШС–мен тасымалдау  туралы келісімшартқа отырған. Әр  рындалған рейс үшін «Тапсырыс  беруші мен» орындалған жұмыстар актісі жасалынып, «Орындаушыға» беріледі. Келісім шарт бойынша «Восток - СХП»ЖШС тасымалдаужұмыстарын Алматы облысы бойынша: қала ішінде (Үштөбе), Талдықорған қаласына, Алматы қаласына дейін жүзеге асырады. Қазақстан бойынша басқа қалалардағы клиенттер профильдерді келісімшарт бойынша өздері тасымалдайды, өздері қоймадан алып кетеді. Сондай–ақ Алматы қаласындағы 5 кәсіпорынмен «Прогресс - СМ» Тасымалдау келісімдерін құрған. «Восток - СХП»  ЖШС  Алматы қаласына дейін тасымалдайды. Ал 5 кәсіпорынның 1–і қала ішіндегі клиенттерге дайын профильдерді келісілген мерзімде жеткізіп отырады.

Кәсіпорын қызметін басқару. «Прогресс - СМ» ЖШС – ң  мүшелері болып табылады:

«Прогресс–СМ» ЖШС –  ң мүшелері болып табылады.

  1. Серіктестіктің  жоғарғы  органы – қатысушыларының  жалпы  жиналысы
  2. Атқарушы (жеке ) органы - директор

Бақылаушы органы ревизор  болып табылады.

Жалпы жиналыстың нақтылы  құзырына  мыналар  жатады:

    1. Серіктестіктің жарғысын өзгерту,  оның жарғылық капиталын өзгерту,  мекен жайын, фирмалық  атауын  және  серіктестіктің  жаңа  редакциядағы  жарғысын бекіту;
    2. Серіктестіктің атқарушы органын ревизорын сайлау және оның өкілет тіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, серіктестікті немесе оның мүлкін сенігерлік  басқаруға беру және осы өткізудің шартын анықтау;
    3. Жылдық қаржылық  есебін бекіту, және оның таза табысын бөлу;
    4. Ішкі қызметінреттеу туралы құжаттарға ішкі ережені бекіту;
    5. Басқа шаруашылық серіктестіктерге және коммерциялық  емес ұйымдарға қатысыуына шешім қабылдау;
    6. Серіктестікті қайта құру, тарату туралы шешім қабылдау;
    7. Қызметінің негізгі бағытын анықтау;
    8. Барлық мүлікті кепілге беруді шешу;
    9. Филиалдар мен өкілдіктер, еншілес кәсіпорындар құру, қайта құру, тарқату, олардың ережесін бекіту т.б.Серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысы жарты жылда 1 ретен кем емес шақырылады. Жылдық қаржылық есепті бекітуге арналған жиналыс қаржылық жыл аяқталғаннан кейін 3ай өтпей  шақырылуға тиіс.

Серіктестіктің қызметіне  ағымдық басшылықты директор жүргізеді.

Директор жалпы жиналысқа жылына 1 реттен кем емес өзінің қызметінің нәтижесі туралы есеп береді. 

Директордың компетенциясы:

  • өзіне берілген өкілеттік шегінде сенімхатсыз серіктестіктің атынан барлық іс-әрекет жасауға құқылы;
  • сенімхат беруге, соның ішінде қайта сенім артуға құқығымен 

-   сенімхаттар береді;

  • қатысушылардың келісімімен мүлікке, ақшаға билік жасауға;
  • келісімшарт жасауға;
  • банкілік шоттар ашуға.

Серіктестіктің атқару органының қаржылық–шаруашылық қызметін қадағалау үшін ревизор сайланады.

Ревизордың  ызмет  мерзімі–1 жыл.

Ревизор атқарушы органының  қаржылық–шаруашылық қызметіне әр уақытта тексеру жасауға  құқығы. Оның талабы бойынша директор оған жазбаша немесе ауызша түсініктеме беруге  міндетті.

 


 



 


 

 

 

Сурет 2. «Прогресс-СМ»  ЖШС-ң  мүшелері [23]

 

Ұйымдастыру құрылымына талдау жасасақ, мұнда функционалды және иерархиялық басқаруды қарастыруға  болады. Мысалы, бас бухгалтер, бас  экономист,  кадрлар бөлімінің  инспекторы,  әрқайсысы  өздерінің функциясын  атқарады: Ал,  иерархиялық басқаруға келсек, директор  профильдер дайындау цехының басшысына қандай–да бір тапсырыс бойынша әртүрлі, п – санды –профиль дайындауға тапсырма береді. Цех басшысы функциялары бойынша қызметкерлердің жұмысын басқарады, қадағалайды, соған директор алдында жауап береді.

Кәсіпорында жекелеген  бөлімдердің болмауы себебінен басқару құрылымы - өте қарапайым бұл шағын кәсіпкерлік субъектісін  тиімдідеуге болады. Себебі басқару иерархиясы қатал емес, жұмыскерлерге қызметтерін жасауға еркіндік беріледі және кәсіпкерлік дамуын ынталандырады. 

Мамандарға деген қажеттілікке келсек, кәсіпорынға қажетті штаттық  кесте толығымен қамтылған. Штаттық  кестенің қарапайымдылығы және бірнеше  мамандықтардың 1 адамда үйлестіруі (экономист – кассир; секретарь – іс  өндіруші – курьер – компьютерде жұмыс – істеу; басқарушы– аржы–директор – маркетолог), т.б., осының барлығы – бұл кәсіпорынның құрылым ының ерекшелігі және жұмыстарын  тиімді  жүргізу  тәсілі  десек  қателеспейміз.  Қоса  кететін  жағдай:

  • жақсы  психологиялық  климат;  қызметкерлердің  тату,  ұйымшыл  команда  ретінде  қызмет  етуі;
  • төмен  әкімшілік – басқарушылық  шығындар;
  • кәсіпкерлік  рухының  сақталуы;
  • т.б.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3. «Прогресс – СМ» ЖШС –ң  басқару  және  ұйымдастырылу құрылымы [23]

 

Лауазымдық  өсу  қамтылмаған,  өйткені  штат  толығымен  бар.  Бірақ  мамандық  жағынан  жыл  сайынғы  Алматы  қаласындағы  семинар  өткізіледі.  Кәсіпорын  ішінде  ұйымдастыру  сұрақтары  жайлы  жиналыстар  өткізіледі.

Кәсіпорында  маркетинг  қызметімен  айналысатын  арнайы  бөлім  жоқ.  Бірақ  маркетинг  қызметі  жүзеге  асырылады.  «Прогресс-СМ»  ЖШС  кәсіпорын  директоры  Егай  А.Д.  атынан  «АSV-снаб»  ЖШС -  мен келісімге отырған.  Келісім бойынша «ASV-  снаб» ЖШС келесі  қызметтерді атқарады:

  1. өнімді  өткізу  нарығын  зерттеу  бойынша  маркетингтік  қызметтер
  2. кіріс  құжаттарымен  бекітілген  тапсырыстарға  сәйкес  қажетті  материалдармен қамтамасыз  ету    бойынша  қызмет
  3. жаңа  тұтынушыларды  іздеу  және  олардың  тапсырыстарын  «Тапсырыс  берушінің  өніміне  орналастыру
  4. шығаратын  өнім  номенклатурасының  жарнамасын  шығару  және  орналастыру
  5. қарыздарды  төлеуді  жылдамдатуға  дебиторлармен  жүргізілетін  жұмыстар
  6. «Тапсырыс  беруші  мен  тұтьынушы  арасындағы  өткізу  бойынша  делдалдық  қызметтер  атқарады.

«Орындаушы»  көрсетілетін  қызметті  сапалы  және  барынша  оперативті,  әрі  тиімді жүргізуге  міндетті.  Сонымен  бірге  клиенттермен  жұмыс  жасау процесінде  пайда  болған  өзгерістер,  ұсыныстар  немесе  даулар,  және  олар  болатын  мүмкіндіктер  туралы  ақпараттармен  қамтамасыз  етеді. 

«Тапсырыс  беруші»  өз  алдына  келісімде  көрсетілгендей  есеп  беруден  кейін  3  күн  ішінде  «Орындаушы»  жұмысына  ақы  төлеуге  міндетті.  Және  «Орындаушының»  қызметіне араласпай,  жұмыс сапасын,  барысын  кез  келген  уақытта  тексеруге  құқылы. 

Менің  ойымша,  мұндай  тәсіл-  өте  тиімді.  Неге ?  Себебі  «Прогресс- СМ»  ЖШС  клиенттерінің  көбісі-  Алматы  қаласында,  тіпті  одан  да  алшақ:  Теміртау,  Қарағанды,  Павлодар  қалаларында.  Сондықтан  маркетингтік  зерттеулер  жүргізу  Алматы  облысының  Үштөбе  қаласымен  қарағанда  Алматы  қаласында  салыстырмалы  түрде  тиімдірек  болар:

  • жоғары сапалы  маркетологтардың  болуы;
  • ақпараттардың  қол  жетерліктей  болуы;
  • ақпарат  құралдарын,  интернетті  қолдану  жеңілдігі.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру