Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 09:28, дипломная работа

Описание

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде негізінен айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 902.50 Кб (Скачать документ)

Салыстырмалы немесе абсолюттік шектеулі материалдық және материал –дық емес игіліктердің болуы, адам қоғамында осы шектеуліліктің орнын толтырудың жеңудін объективті негізі болып табылады. Сондықтан да өнім өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау аясыңда адамдардьщ кызметі негізінде басқа адамдар үшін де және өзінің де қажетгі игіліктерге қол жеткізу мақсатына байланысты жүргізіледі. Демек салыстырмалы немесе абсолюттік шектеулі игіліктерге адамдардын қолжетімділігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік субъектілерінің маңызды кәсіби функциясы болып табылады.

  

  1.3 Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мен реттеудің экономикадағы   орны.

 

 

Қазақстанда жүргізілген  экономикалық реформа кәсіпкерлікті  дамыту үшін жаңа болашақты ашты.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:

- Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;

- Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;

- Монополияға қарсы әлеуеті бар;

- Ғылыми–техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;

Нарықтық шаруашылықтың  еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді. Кәсіпкерлікті  қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі. Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.

Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлік қызметті дамытудың  барлық алғы шарттары жасалған, соның  ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды.

Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану және басқару  құқығын берілген, заңмен бекітілген (ҚР азаматтық кодексі).

Меншіктің үш құқығы бар.

Бірінші құқық мүлікті  іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру  мүмкіндігін заңдақ қамтамасыз ету.

Екінші құқық пайдалы қасиеттерді алу, сонымен қатар одан пайда алу мүмкіндігін береді.

Үшінші құқық мүліктің заңдық тағдырын анықтау мүмкіндігін  заңмен қамтамасыз етеді.

Меншік құқығы мен  экономикалық тиімділік арасында нақты  байланыс бар. Экономикалық ғалымдар төрт маңызды тиімді бөліп көрсетеді:

- Ынталандырушы;

- Капиталды жинау;

- Икемділік;

- Мақтаныш.

Заңдар жүйесі меншікті ең жоғары өнімді пайдалану үшін ынтамен қамтамасыз ету қажет. Меншікті жеткілікті қорғау кезінде, табыстың қандай-да бір бөлігі міндетті түрде жинау мақсатына арналады. Меншік иелеріне ресурстарды қолданудағы икемділік әрбір жекелеген жағдайда олардың қызығушылықтарына максималды сәйкес ресурстарды алуға мүмкіндік береді.

Меншікті иелену және басқару меншік иесінің өз жетістіктеріне, өзінің кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне мақтаныш тудырады. Өзіндік жеке меншік меншіктік немесе жалға алынған өндіріс құралдарын қолданып, жеке жанұялық еңбекпен жасалған материалдық және рухани құндылықтар болып табылады.

Жеке меншік өркениетті қызметтің басты факторы. Ол өзінің осы тарихи миссиясын орындауы қажет. Жеке меншік біздің экономикалық процестерге  ең қолайлы ықпалын көрсетеді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90 жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақ-тарын реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданған және қызмет етуде.

Олар кәсіпкерлікті дамытудың көптеген сұрақтарын қамтиды:

- Шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдану;

- Шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті шаруа (фермер) шаруашылығын әлеуметтік экономикалық зоналарды дамыту;

- Заңды тұлғаларды лицензиялау, мемлекеттік тіркеу;

- Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау және басқа.

Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуды. Бұл ұзақ мерзімді міндет болып табылады. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген «әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйе қалдықтарымен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы кеңістікті тазартуға араласуы тиіс».Нарықтық инфрақұрылымы – биржалар, банктер, сақтандыру компаниялары, аудиторлық, консалтингтік фирмалар және басқалар дамуда.Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, мемлекеттік қолдауда кең масштабты шаралар қолданылады.

ҚР Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік күшейту және дамытуды белсендіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлік қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды сферасы деп саналады.Отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық бөгеттер толық жойылды деп санауға болмайды. Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдам дамытуға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға әсер ететін, механизмдер белсенді жасалуда.Кәсіпкерлік экономикада ерекше орын алады, кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі тірегі, ал кәсіпкер экономикада осы күрделі процесінде басты рөль атқарады.  Экономикалық процесті адамдар ұйымдастырады. Адамдар осындай процестің негізгі субъектісі ретінде шығады.

Экономикалық процесс  – адамдардың өзара қатынастарының процесі. Экономикалық процесс - өмірдің  негізі: онсыз қоғамның қалыпты қызмет етуі мүмкін емес. Қоғамның барлық қалған жақтарының қызмет етуі ұйымдасқан экономикалық процеске байланысты. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам экономикалық процеске қатысуы қажет.

Адамның экономикалық белсендігі оның қызметінің мақсаты болуы, істеген  әрекетіне келесі жеке пайдалануы үшін ақысына жеке табыс алу. Адамның экономикалық белсенділігінің түрі күтілетін, жүктелетінорындалатын экономикалық процестегі жүзеге асуы тиіс қызметтер,  міндетте Адамның экономикалық белсенділігінің екі негізгі түрі бар:

- Жалдамалы қызметкер ретінде;

- Өндірісті ұйымдастырушы, яғни кәсіпкер ретінде.

Осы әрбір мүмкін түрінің  әр қайсының өздеріне тән ерекшеліктері  бар. Экономикалық процеске жалдамалы  қызметкер ретінде қатысу, жұмыс  беруші немесе оның өкілінің белгілейтін  әрекеттерді орындауға қызметкердің келісуіне байланысты. Кәсіпкердің жолдамал қызметкерден айырмашылығы өзі жасаған өндірістік құрылымдағы өндірістік процеске тартылған жалдамалы қызмет жауапкершілікпен бірге болып жатқандарға толық жауапкершілік алады.

  Кәсіпкерлер кәсіпкерлік жобалар мсн келісімшарттарды жүзеге асыруға, сонымен катар пайда табыс алуға, қойылган мақсаттарды жүзеге асыруға және табысқа қол жеткізугс мүмкіндік беретін, алуан түрлі объективті жэне субъективті факторлардың үйлестірілген жиынтығын кұрайтын, белгілі бір жағдайларда қызмет етеді. Үйлестірілген күрделі жүйе ретінде кәсіпкерлік орта кәсіпкерлерімен  тікелей байланысты болмайтын сыртқы және ішкі кәсіпкерлердің тікелей қалыптасуымен қальптасатын ішкі ортаға бөлінеді. Кәсіпкерлік орта өндіруші күштерді дамыту, өндірістік экономикалық қатынасты жетілдіру, қолайлы қоғамдық және мемлекеттік менталитетті құру, кәсіпкерлердің өмір сүру қызмет ету ортасы ретінде нарықтын қалыптасуы және тағы да басқа маңызды жағдайлар негізінде қалыптасады. Тиімді кәсіпкер орта кәсіпксрліктің дамуының алғашқы және анықтаушы шарты ретіңде қажет экономикалык еркіндікті, ал екінші шарты ретінде ұйымдастырушылық шаруашылық  тұрғысынан жаңашылдықты қамтамасыз етуі керек. Қандай да бір дәрежеде кәсіпкерлік ортаның бұл екі маңызды элементі Конституцияда бекітілген. Атап айтқанда, әркімнің кәсіпкерлік қызметі үшін өз мүліктері мен кабілеттерін еркін колдануға құкығы бар екендігі. Сот шешімінен басқа жағдай  ешкімнің өз мүлкінен кәсіпкерлік негіз ретінде айырыла алмайтындығы, жер және басқа да табиғи ресурстарды иемдену, пайдалану мен жұмсау олардың иелерімен еркін түрде жүзеге асырылады.  Кәсіпкерлік кұрыльм ме ортаның өзара әрекеттесуі  Қазақстан Республикасьның Азаматтық кодексінде көрсетілді.

Қазақстанның Азаматтық  кодексінде сыртқы кәсіпкерлік ортаның  негізгі ережелері қарастырылған, алайда олардың көбісі жалпы сипатқа ие.. Кәсіпксрлік ортанын  қалыптасуына қылмыстық, әкімшілік, салықтық, кедендік біршама әсерін тигізеді. Сыртқы кәсіпкерлік орта деп кәсіпкерлердің өздерінің еркінен тәуелсіз қызмст ететін, елдегі кәсіпкерліктід дамуына әсер ететін факторлар мен жағдайлардың жиынтығын айтады. Сыртқы кәсіпкерлік орта кәсіпкерлік қызметті сыртқы реттеудің күрделі жүйесін сипаттайды, сондықтан да дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін ол объективті сипатқа ие. Өйткені олар оны тікелей өзгерте алмайды мысалға, заводтар, табиғи факторлар және т.б., тек өз ісін жүргізу барысында оларды ескеріп отыруы керек.

Сыртқы кәсіпкерлік  орта келесідей қосалқы жүйелерден тұрады:

- елдегі және аймақтағы экономикалық жағдай;

- қоғам мен мемлекеттің даму тұрақтылығымен сипатталатьн саяси жағдай;

- кәсіпкерлер мен нарықтық экономиканың басқа субъектілерінің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін нақты  анықтайтын құқықтық орта;

- кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау;

- жұмыссыздық деңгейі мен тұрғындардьн , тұтынушылардың  төлем қабілеттілігі сұранысымен байланысты әлеуметтік жағдай;

- кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін, тұрғындардың білім деңгейіне негізделген мәдени орта;

- ғылыми-техникалық, технологиялық орта;

- қызметің белгілі бір түрлерін дамыту үшін қажетті табиғи өндіріс факторларының жеткілікті түрде болуы.

Сыртқы кәсіпкерлік  ортаны құрайтьн жеке қосалқы жүйелердің қысқаша жиынтығына сипаттама берейік. Елдің экономикалық жағдайы, ол кәсіпкерлердін қызмет ету ортасы ретінде, бәсекені нарықты қалыптастыру үшін жағдайларды қалыптастырумен, сонымен қатар кәсіпкерліктің елде дамуы үшін біршама маңызды қызметті дамыту үшін, қажетгі ресурстардың барлық түрлеріне заңмен тыйым салынғандардан басқа кәсіпкерлердің қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасьга ететін реформаларды жүзеге асырумен сипатталады. Қазакстаның кәсіпкерліктің  дамуы Ұлттық банкі бекітетін ставкасының деңгейі, инфляция деңгейі, салықтар саны міндетгі салымдар, төлемдер және салық ставкаларының мөлшері, шаруашылық серіктестіктердің компания лардың, фирмалардың өтімділік деңгейі, ресурстардың белгілі бір түрлеріне, әсіресе табиғи монополиялардың өнімдеріне қызметтеріне бағалар тарифтер деңгейі, монопльды жоғары немесе монопольды төмен бағаларды орнатуды болдырмау, тауарлы нарықтарда бәсекені шектейтін, шаруашылық субъекті лердің келісімдері сияқты экономикалық кұралдар оң немесе теріс әсерін тигізеді арасындағы келісушілік, кәсіпкерліктің дамуынсыз экономикада өсудің болмайтындығын олардың мойындауы, экономиканың барлық салаларының тиімді дамуы және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруы кәсіпкерліктің дамуы үшін маңызы зор. Әрекет қабілеттілігі бар дұрыс кәсіп

-керлік немесе баска да экономикалық қызметпен айналысуна міндеттемелер мен кепілдемелерді, құқықтарды мәлімдеумен шектелмей, нақты көрсететін, дамыған кәсіпкерлерді заңға қарама-қайшы мемлекеттік немесе басқа да тұлғалардың қызметінен қорғайтын, елдің болашақта дамуына адекватты құқыктық орта құру кәсіпкерлік дамуында міндетті шарты болып табылады. Шаруашылық кәсіпкерлік қызметті реттейтін, заңнамалық және нормативтік актілерді бұзғаны үшін кәсіпкерлер жауапкершілігін нақты бекіту керек Сыртқы кәсіпкерлік ортаның басқа қосалқы жүйелерін қарастырмай-ақ, институционалды-ұйымдастырушылық ортаға қысқаша сипаттама берейік. Оның дамуы кәсіпкерліктің қалыптасуыньң маңызды шарты болып табылады. Өйткені көптеген институттар ұйымдар кәсіпкерліктің белгілі бір түрімен айналысушы болып табылады және өз қызметінін мамандануын ескере отырып, қандай да бір қызмет түрлерін тұтынушыға көрсетеді. Сонымен қатар басқа да кәсіпкерлік ұйымдарға сәйкес қызмет түрлерін көрсетеді. Мұндай институттарға төмендегі көрсетілгендер жатады; коммерциялық банктер мен басқа да несие-қаржылық ұйымдар; сақтандыру ұйымдары, жарнама компания; т.б. кәсіби қызметтерді ұсыну бойынша мамандырылған ұйымдар;

- кәсіпкерлік ұйымдар үшін кадрларды дайыңдау бойынша оқу мекемелері;

- нарықты зерттеу, мамандандырылған маркетингтік зерттеулерді өткізу бойынша компаниялар;

Кәсіпорындарды құруға деген шығындар төмен болатын аймақтарда кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптасатыны анық. Кәсіпкерліктің дамуына елдегі, оньң аймақтарындағы демографиялық жағдайдың тигізетін әсері де мол. Кәсіпкерлер - жалғыз өзі алға жүруден қорықпайтын, жоғары білімді адамдар. Кәсіпкерлік табыс көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде маңыздысы ретінде кәсіпкерлік ұйым қызмет етуінің ішкі жағдайларының белгілі бір жиынтығы ретінде сииаталатын ішкі кәсіпкерлік ортаны атауға болады. Көбінесе ішкі кәсіпкерлік орта субъективті сипатқа ие болады: ол тікелей кәсіпкердің өзіне, оның құзыреттілігіне, күшіне, мақсаттылығына, деңгейіне, бизнесті жүргізуіне және оған деген қабілетіне байланысты.

Кәсіпкерлік кұпияны  қорғау механизмі және т.б. Табысты кәсіпкерлік қызмет үшін негізделген бизнес-жоспарды жасап шығарудың, болжамды тәуекелдерді жобалап есептеудің, жаңа технологияларды енгізудің, қызметін  әр тараптандырудың, фирма дамуьның ғыльми тұрғыда негізделген стратегия жасап шығару мен енгізудің маңызды ерекше. Ішкі орта факторларына, сонымен қатар кәсіпкерлер мен жалдамалы менеджерлермен кәсіпкерлік ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны үшін немесе бизнестің аталған түрі үшін қызметті реттейтін заңдар мен нормативтік актілерді нақты ұстануын да жатқызуга болады. Жоғарыда аталып өткендсй, тек өз білімін үнемі арттыратын, бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің құқықтық механизмін жақсы білетін, мәмілелерді жасай алатын, кәсіпкерлік келісім шарттарды жасай алатын және олар бойынша дивидендтер ала алатын кәсіпкерлер ғана табысқа қол жеткізе алады. нақты міндеттері анықталады және шешіледі. Ұйым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістсрі мен бағытын, қоршаған ортаның калыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның тиімді мінез-құлық қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды. Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт - шешімі кәсіпкердің инновациялық кызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші бағыт - шешімі жүзеге асырылған жүзеге асырылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігіп қалыптастыратын міндеттер кешені.  ұйымдастыру және т.б.  Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні айқын немесе сұранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру өнімді, технологияны, ұйымдастырушылық  тәсілдерді жаңарту әдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру