Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:07, курсовая работа

Описание

Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім 1. Инфляция мәні, түрлері, пайда болу себептері.
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері,айқындалу белгілері....................... 4
1.2 Инфляцияның түрлері............................................................................................11
1.3 Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары..............................................15

Бөлім 2.Қазақстанның нарыққа көшу кезеңдері.
2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық процестердің
дамуы...............................................................................................................................18
2.2 Экономикадағы ақша массасының өсуі...............................................................22
2.3 Қазақстандағы инфляция серпінін талдау...........................................................30
Бөлім 3. Инфляциялық процестерді реттеу және инфляцияға қарсы саясат.
3.1 Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы
саясат................................................................................................................................34
3.2 Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру реформасы.............................36
3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі........................41
Қорытынды......................................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................................45

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi- inflyasiya.doc

— 350.50 Кб (Скачать документ)

                                                            Мазмұны

           Кіріспе...........................................................................................................................3

          Бөлім 1. Инфляция мәні, түрлері, пайда болу себептері.

                1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері,айқындалу белгілері....................... 4

               1.2 Инфляцияның түрлері............................................................................................11

            1.3 Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары..............................................15

       

             Бөлім 2.Қазақстанның нарыққа көшу кезеңдері.

              2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық процестердің       

             дамуы...............................................................................................................................18

               2.2 Экономикадағы ақша массасының өсуі...............................................................22

2.3 Қазақстандағы  инфляция серпінін талдау...........................................................30

            Бөлім 3. Инфляциялық  процестерді реттеу және инфляцияға қарсы саясат.

              3.1 Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы   

             саясат................................................................................................................................34

             3.2 Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру реформасы.............................36

              3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі........................41

            Қорытынды......................................................................................................................44

            Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................................45 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                   

                                                           Кіріспе.

    Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.

    Инфляция  мен экономикалық дағдарыстан осы  уақытқа дейін бірде бір ел тыс қалып көрген емес. XIX-XX ғасырларда дағдарыс пен инфляцияға АҚШ және Еуропа (1929-1933жж. 1950-1980жж.) Оңтүстік Америка (1970-1990жж.), Оңтүстік-Шығыс Азия (1980-1990жж.), ТМД елдері (1990 жылдары) ұшырады.

    Бірақ ол процестің өзіндік жаксы жақтары  да бар – барлық елдерде ең ауыр дағдарыс  әдетте экономиканың жаңаруымен және өрлеуімен аяқталады. Сондықтан экономикалық дағдарыс пен инфляция көбінесе мемлекеттің саяси,әлеуметтук және экономикалық дамуының бетбұрыс кезеңі болып қаралады.

      Бұл жөнінде мысал ретінде  1990 жылғы Қазақстандағы дағдарысты  айтуға болады. Инфляция бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық саясатының күрделі мәселелерінің бірі. Менің курстық жұмысымның мақсаты – экономикадағы инфляциялық процестерге талдау жасау, олардың пайда болу себептерін және экономикадағы тауарлар мен қызмет бағаларының  өсуіне ықпал жасайтын мәселелерді ашып беру, инфляцияға қарсы саясаттың жолдарымен, қазіргі кездегі инфляцияның теориялық негіздерімен және олардың эволюциялық дамуын ашып көрсету.    

      
 
 
 
 

 

    1.1.   Инфляцияның мәні, пайда болу себептері, айқындалу белгілері.

    Инфляция - ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның  құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі.Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады. Inflatio - ежелгі медецина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша  Inflatio- «іштің қампиюы, ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған – американ экономисі А.Делмар. Ол 1864 ж Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар («гринбаксы» - green backs: зеленые спинки) шығарғанын санап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А.Делмар   «Inflatio» (вздутие бумажного пузыря) деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым  көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында  қолданып, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.

    Инфляцияның шығу тегі (мәні мен мағынасы). Медальдің  екі жағы сияқты, ақша мен инфляция өзара тығыз байланысқан ұғымдар.Инфляцияны кредиттік ақшаның «сырқаты» деп айтуға болады. Ерте заманды (алтын монетамен сауда-саттық кезінде) инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған (тосын жағдайларда, мысалға,соғыс кезінде немесе жоғарыда айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда), яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын  сақтаған.

      И.Фишердің айырбас теңдеуі MV= PQ «феноменін» бірінші рет  түсіндіре бастады.Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған тауар көлеміне тең болуы тиіс.Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл шарт автоматты түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымда  тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша (монета) мөлшері болды. Тауар азайған уақытта артық ақша (алтын монеталар) «қазына» (байлық) ретінде  жинақталып, «алтын сандықтарда» сақталады. Қажетті  тауар көбейіп, ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады.Алтынға толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып отырды.

    Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында мүлдем басқа жағдайлар орын алды.Айналымға алтынға айырбасталмайтын қағаз ақшалар шығарылды.Бұл алтын монета кезіндегі  И.Фишердің теңдеуі бойынша инфляцияға қарсы «автоматты» механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді.Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымында сақталып қала берді,ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік бұзылды.Осының бәрі өз кезегінде экономиканың инфляцияның орын алуына әкеп соқты.

    К.Маркстің классикалық анықтамасы бойынша: «... ақша – тауардың айырбастық құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген, бірақ ол өз бетінше жеке тауар  » деп айтқаны инфляцияның  шығу тегін түсінуге шамалы болса  да жарық түсіреді. Егер осы берілген анықтаманы негізге алатын болсақ, онда ақша (қағаз ақша) тауардың құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан айырылған тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы ақша алтын монеталық дәуірдегі ақша айналымы сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға түсіп, кеңею қасиеттерінен «автоматты» түрде айырылған. Сұраныстан жоғары мөлшердегі қағаз ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегіндегі тауарлар мен қызметтердің  бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның өсуі инфляцияның алғашқы айқын көрінісі болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция феноменінің мән-мағынасын осылай түсіндіруге болады.

    Пайда болу себептері. Инфляция күрделі әлеуметтік-экономикалық феномен, оның пайда болу себептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ инфляцияның негізгі пайда болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда (тауар, ақша, тұтынушылық қызметтер, т.б. нарықтарда) бір уақытта сұраныстар мен ұсыныстарының арасындағы баланстың бұзылуынан (сұраныстың артуынан) деп есептейді. Басқа сөзбен айтқанда, инфляция – экономикадағы баланстың (тепе-теңдіктің) жоқтығының нәтиежесі, ЖҰО (жалпы ұлттық өнімнің) құндық өлшемінің (ақшалай эквалентті) және оның табиғи-заттық құрамының (шикізат, материалдар, отын, қуат көзі, негізгі капитал) арасындағы сәйкссіздіктің белгісі.

    Қоғамдық  өнімнің құндық және табиғи-заттай құрылымы арасындағы сәйкессіздік себептері  туралы аз еңбек жазылған жоқ. Экономистердің пікірлері бойынша Ресей экономикасының құрылымы (сол сияқты Қазақстанның экономикасы да) ашық түрде инфляцияға бейімделген болатын. Бұған сол кездегі ауыр өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда аса зор дамуы, өндіруші өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес салмағының көп артықшылығы, тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны халыққа жеткізуден үнемі алда болуы, жалпы инфрақұрылымдардың барлық түрлерінің даму деңгейінің аса төмен болуы дәлел болады.

    Үйлесімсіздіктер  материалдық өндіріс саласындағы  және ұлттық табысты бөлудегі сәйкессіздіктің  нәтиежесі болатын. Халықтың табысы өсіп, оларды материалдық жағынан  қамтамасыз ету мүмкіндіктері артта қалып қойды. Бұл тауарлар мен тұтыну қызметтері бағасының өсуіне және ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқты.

    Алайда  бағаның өсуі айналымдағы тек  қана ақшаның шектен тыс болуынан                       болған жоқ. Бағаның үнемі өсу процесі ХХ ғасырдың басынан байқалады (ХIХ ғасырда тауарлар бағасының өсуі мен төмендеуі үнемі алмасып отыратын). Барлық дамыған капиталистік елдерде тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейі ХХ ғасырда елеулі түрде өсті (мысалға АҚШ-та бөлшек сауда бағасы 17 есе өсті). Ғалым-экономистер бұл құбылысты олигополистік бағаның қалыптасуынан деп есептейді.

    Бағалардың  тұрақты түрде өсуіне: экономистердің айтуынша өндірістің және сұраныстың үнемі өзгеріп, өсіп отыруы, болашақ  инфляцияны күту салдарынан тауарлық келісімшарттардың қымбаттауы, әлемдегі экономикалық саяси ахуалдардың тұрақсыздығы себеп болды. Сонымен бағалардың өсуі бір жағынан өндірістің даму, өсу себептерінен болса, екінші жағынан сол тауарларға деген ұсыныстан туды. Соңғысында тауарлар мен қызмет бағаларының өсуі нарықтың өндіріс шығындарына және тауарлар мәмілесі құндарының жоғарылауына

    жауап (реакциясы) ретінде болды.

    Инфляция  типтері. Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептерін және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі. Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері, және т.б атаулармен айтады. Бірақ сұраныс, шығын инфляциясы  деген ұғымдар олардың мәнін , тегін толық ашады. Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық  құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады.

    Сұраныс инфляциясы - өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын үрдіс. Шығын инфляциясы  XX ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына  және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.

    Кейде макроэкономикалық  деңгейде инфляцияның 3 типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый). Классикалық  инфляция деп  қағаз ақшалардың аса  көп шығарылуына байланысты айналым  саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; тепе-теңсіздік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдік сипатынан шығатын макро және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады.Шынында да, инфляцияның типтерін бұлай 3-ке бөлудің негізіне сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.

    Сұраныс инфляциясы. Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды. Классикалық экономикалық теория  негізінде сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұжырымдайды.

    1. Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкіметтің қосымша ақша эммисиясын жүргізуі. Бюджет тапшылығының негізгі себептері: мемлекеттік шығындардың тиімсіздігі, қоғамдық өндіріс салаларының арасындағы құрылымдық және сандық  үйлесімсіздік, нарық шаруашылығындағы басқару жүйесінің жетілмеуі болып табылады. Бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шектен тыс ақша эмиссиясы және халықтың ақшалай табыстарын индекстеу тұтынушылар сұранысының төлем қабілетінің ұлғаюына, соған орай нақты өнім көлемі мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді.

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі