Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:07, курсовая работа

Описание

Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім 1. Инфляция мәні, түрлері, пайда болу себептері.
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері,айқындалу белгілері....................... 4
1.2 Инфляцияның түрлері............................................................................................11
1.3 Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары..............................................15

Бөлім 2.Қазақстанның нарыққа көшу кезеңдері.
2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық процестердің
дамуы...............................................................................................................................18
2.2 Экономикадағы ақша массасының өсуі...............................................................22
2.3 Қазақстандағы инфляция серпінін талдау...........................................................30
Бөлім 3. Инфляциялық процестерді реттеу және инфляцияға қарсы саясат.
3.1 Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы
саясат................................................................................................................................34
3.2 Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру реформасы.............................36
3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі........................41
Қорытынды......................................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................................45

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi- inflyasiya.doc

— 350.50 Кб (Скачать документ)

          Осылайша ішкі экономикаға  зиян келтірген реттелмейтін долларлық  ақшалар  ағымы қалыптасты. Бұл  біріншіден, банкілердің немесе айырбас орындарынан сатып  алынатын долларлық ақша массасының теңгелік баламасын  жоғарлатт, ал ол инфляцияның тереңдеуіне ықпал жасады. Екіншіден «көлеңкелі сектордың» сауда–саттық жұмыстары көбіне қолма–қол  долларлармен атқарылды. Үшіншіден, бұл ақшалар экономиканың нақты секторын дамытуға қызмет атқармады, олар үнемі салықтан жалтару жағын іздеді. Төртіншіден, экономиканың долларлануы елдің сыртқы монетарлық  факторларының әсеріне (доллар бағамының өзгеруіне) тәуелділігін арттырды.

    Доллар  сырттан әкелінуімен қатар ұйымдастырылған немесе «желқайықтар» импорты  арқылы басқа елдерге де шығарылды. Ресми деректер бойынша шетел валюталарын жеке азаматтардың сыртқа шығаруы және ішке енгізуі 1998 жылдан 2004 жылға дейін осыған сәйкес 9,4 және 1,4 млрд АҚШ долларын құрады.

    Инфляцияны  монетарлық құраушылардың бірі –  «күтілетін инфляция» өндірушілердің болашақ инфляциядан шегетін  шығындарын ағымдағы  бағаларға  қосуы. Инфляцияның күтілуі –  психологиялық фактор, ол экономикада, саясатта және әлеуметтік салада тұрақсыз жағдайлар болғанда ғана айқын көрінеді.  Одан сақтану үшін халық өз ақшаларын тұрақты валюталарға немесе жылжымайтын мүліктерге айналдырады, ал өндірушілер тауарлар мен қызметтер бағасын жоғарлатады. Күтілетін инфляцияның шамасын оның орташа бір айдағы қарқынның өзгеруімен  бағалауға болады. Қазақстанда бағаны ырықтандыру нәтижесінде инфляция шарықтап, ол гиперинфляцияға, соңынан стагфляцияға ауысып, экономиканы құлдыратты.Инфляцияның негізгі монетарлық факторлары төмендегідей болды:

    1) коммерциялық және орталық банкілердің кредиттік экспансиясы; мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және оны Ұлттық банкінің кредиттерімен өтеу; төлем дағдарысы және екінші деңгейдегі банкілердің кәсіпорындарға берген кредиттері; 1994 жылғы наурыз–сәуір айларындағы үкіметтің ұтымсыз жүргізген кәсіпорындардың өзара есеп айырысып, қарыздарын өтеу» саясаты;

   2) ақша– кредит саясатын жүргізуде ТМД елдерінде бірауыздық болмағандықтан, әрбір елде есептен тыс эмиссия орталығының болуы көрші елдердегі ақша реформасы нәтижесінде Қазақстан нарығында Ресейдің ескі, айналымнан шаққан ақшаларының толып кетуі.;

  3) экономиканы долларландыру және ішкі ақшалар айеалымына қолма–қол долларлардың  ешбір кедергісіз, шексіз құйылуына жағдайлар жасалуы. Реттелуге келмейтін доллар ағыны теңгенің ақшалай баламасын арттырып, ішкі нарықты ақшамен толтырды, инфляцияны күшейтті.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   2.3 Қазақстандағы инфляция серпінін талдау

   2009 жылдың тоғыз айында Қазақстанда инфляция деңгейі 4,7 пайызды құрады – деп айтты Үкімет отырысы

    Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляцияның деңгейі 4,7 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін 2009 жылдың 9 айының қорытындысына арналған Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.    «Ағымдағы жылдың 9 айында орташа жылдық инфляция 7,8 пайызды құрады. Ол 2008 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 11,4 пайыздық тармаққа төмен. Үстіміздегі жылы қыркүйекте 2008 жылғы желтоқсанға  қарағанда инфляция 4,7 пайызды құрады. Бұл 2008 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 3,7 пайыздық тармаққа төмен»,  деді өз сөзінде Б.Сұлтанов. Оның айтуынша, инфляциялық үдерістерді реттеу бойынша қабылданған шаралар  тұтыну нарығында бағаның өсуін тежеуге әсер етті.2009 жылдың қаңтарындағы инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен

      

  Азық-түлік тауарларында өткенайда жемістер мен көкіністер – 1,9%, сүт өнімдері – 1,2%, қант – 0,8%, кондитерлік өнімдер – 0,5% бағасында едәуір өсуі байқалды. Күнбағыс майы – 12,7%, ұн – 1,7%, күріш – 0,5%, нан – 0,4%, жарма – 0,2%, жұмыртқа – 0,1% бағасында төмендеуі орын алды.  Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде жуатын-тазалайтын құралдары – 1,9%-ға, жеке гигиена тауарлары – 1,1%-ға, дәрі-дәрмектер – 0,9%-ға. Бензин – 9,6%-ға, дизелдік отын – 9,1%-ға, сұйытылған газ – 3,5%-ға төмендеген.Ақылы қызметтер құрамында пошта қызметі – 46,9%-ға, телефон және факсимильдік байланыс қызметтері – 7,3%-ға, қоқыс жинау тарифтері – 4,2%-ға, кәріз – 1,2%-ға, орталықтан жылыту – 1%-ға бағасы едәуір деңгейде өскен. Қонақ үйлер және мейрамханалар қызметтері – 2,1%-ға, мединциналық қызмет көрсету – 1,5%-ға, көлік қызметтері – 0,8%-ға қымбаттаған. Электр энергиясы – 1,2%, үлестіру желілері бойынша тасымалданатын газ – 0,4% бағасында төмендеуі орын алды.

      2007-2008 жылдардағы инфляция деңгейі өткен айға қарағанда, % 

    Өңірлік бөлігінде 2009 жылдың қаңтарында 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Батыс Қазақстан (0,7%), Павлодар (0,6%), Маңғыстау (0,5%) облыстары мен Алматы (0,5%) қаласында қалыптасты2009 жылдың қаңтарында инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2008 жылғы қаңтарына 8,7%-бен салыстырғанда 18,7%-ды құрады.

2008 жылдың желтоқсанына  қарағанда 

2009 жылдың қаңтарында  өңірлер бөлігінде  инфляция деңгейі

  

 ------- – орташареспубликалық деңгей – 0,3%

  2009 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8%        құрады

   2009 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8% құрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап. 
   Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсімі ет өнімдеріне 0,5%, балық және теңіз өнімдеріне - 1,1%, көкөністерге және жемістерге - 2,1%, алкогольсіз сусындарға - 3,8%, қантқа - 4,4%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі күнбағыс майына - 5,1%, жұмыртқаға - 4,4%, ұнға - 1,6%, жаңа сауылған сүтке - 1,1%, жармаларға - 0,4%, нанға - 0,1%-ға тіркелді.  
   Баға жуғыш және тазалағыш құралдарға 8,6%, жеке басқа арналған гигиеналық тауарларға - 6,3%, медициналық дәрі-дәрмектерге - 3,2%, кілемдер және еденге арналған кілемдерге - 2%, ыдысқа, кітаптар мен газеттерге - 1,6%, жиһазға - 1,2%, тұрмыстық тоқыма бұйымдарға - 1,1%, киім және аяқ киімге - 1%-ға өсті. Бензин - 0,6%, дизель отыны - 1,6%-ға арзандады.  
    Баға деңгейі мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтеріне 1,7%, көлік қызметтері - 1,4%, шаштараз қызметтері - 1,3%, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі білім беру қызметтері - 1%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулер тарифі 0,1%-ға төмендеді.                                                                                         "Қазақстан экономикасының даму перспективасы жөніндегі біздің болжамымыз елдің ресми органдарының болжамдарымен сәйкес келеді. Инфляцияны төмендету мақсатында қабылданған шаралар өз міндетіне сәйкес орындалуда. Біз инфляция деңгейі жылдың соңында 10 пайыздан төмендейтінін болжап отырмыз", - деп мәлім етті Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясы басшысының міндетін атқарушы Николь Лафрамбуаз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3.1. Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы саясат.

    Инфляцияны  бір сәтте жеңіп шығу мүмкін емес, оған жылдар керек. Бүгінгі таңда  инфляцияға қарсы саясаттың екі негізгі бағыты қалыптасқан: дефляциялық саясат және табыс саясаты.

    Дефляциялық саясат. (лат. Deflalation- үрлеу, ұшырап түсіру немесе сұраныстарды реттеу) айналымдағы ақша массасының өсуін шектеуді қарастырады, нәтижесінде халықтың ақшалай табысына қатал шек қойылып, оның төлем қабілетін және сұранысын төмендетеді. Дефляциялық саясат ақша-кредит саясатының құралдарын пайдаланады және салық жүйесін жетілдіру, бюджет тапшылығын азайту әдістерімен жүргізіледі. Дефляциялық шаралар арқылы халықтың, бизнестік құрылымдардың, жалпы барлық субъектінің артық ақшалары  айналыстан шығарылады, елде толығымен ақшалай қаражаттың тапшылығы орын алады. Осы себептермен дефляциялық саясат халықтың, банкирлердің, бизнес өкілдерінің әділетті түрде наразылығын тудырады. Алайда ол экономикада және қоғам өмірінде инфляцияқарқынын бәсеңдетуге, дағдарыстан шығуға ықпалын тигізеді.

    Табыс саясаты. Бұл саясат инфляцияның  қарқыны жоғарылап және өндірістің көлемі төмендегенде қолданылады. Табыс  саясатының негізгі принциптері: бағалардың өсуіне шек қойылады (немесе өсуі тоқтатылады), еңбекақының атаулы мөлшерлемесе бекітіледі және оның еңбек өнімділігіне оңтайлы арақатынасы белгіленеді. Баға мен еңбекақы мемлекетпен келісім арқылы ғана жоғарылатылады және мемлекет тарапынан олардың деңгейіне бақылау қойылады. Бұл жағдайда инфляциядан халықтың атаулы табыстарын қорғау  (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақыларды және табыстарды индекстеу арқылы) табыс саясатының негізгі міндеті болып саналады. Бұл теорияны жинақтаушылар табыс саясаты инфляциялық болжамдардың алдын  алады деп есептейді, яғни фирмалардың және кәсіпорындардың монополиясын шектейді де, сонымен қатар ақша-кредит саясатының қатаң режимін сақтайды. Инфляцияға қарсчы саясаттың соңғы шешуші  кезеңі қол жеткен табыстарды ұзақ мерзімге сақтау болып табылады.  

    Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі  қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші  субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы  мына сызбаға саяды:

      Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын  дамытумен, шаруашылық- қаржы қызметіндегі  олардың теңдігін  заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады. Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде  бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны  реттеудің  ауқымдарынан таңдау қысқа қысқа мерзімді  саясат бағдарламаларында айқындалады  және кеңінен инфляция  деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік  қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп  отырады. Жалақыны реттеу бастапқы деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің  еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша  инфляциялық емес болып табылады.

    Сыртқы  экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны  төмендету шаралары оның құрылымын  жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар  мен қызметтердің, яғни экспорттық – импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.

    Инфляцияны  басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат  шараларының бірі ретінде қазіргі кезде  инфляцияны таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.   

        

        3.2. Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру реформасы.

    Ғалым- экономистер республикадағы нарықтық реформаны үш кезеңге бөледі.

        Бірінші кезең 1992-1993 жылдарды қамтиды, яғни  бұл экономикадағы  кең ауқымды реформадан бастап ұлттық валюта- теңгені еңгізгенге дейнгі кезең. Бұл кезең республика экономикасында нағыз ауыр дағдарыс жылдары болды. Республикада бағалардың ырықтануы нәтижесінде ел терең  экономикалық дағдарысқа ұшырады, инфляция өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетті (3060%), оның орташа айлық қарқыны 1993 ж-39% болды.

    Екінші  кезеңі – 1993-1996 жылдар. 1993 жылдың 15 қарашасынан  бастап ұлттық валютаны енгізу мен  өзіндік макроэкономикалық саясаттың  қалыптасуы кезеңінен басталуы деп саналады.Бұл кезең экономиканы реформалауда кейбір оң нәтижелердің болуымен сипатталады.Қабылдаған шаралардың және үкіметтің инфляцияға қарсы жүргізіп отырған қатаң саясатының нәтижесінде инфляцияның қарқыны төмендей бастады:тұтынушылар бағасының индексі 1994жылы-1258%-ға дейін,1995жылы160,3%-ға 1996 жылы 128,7%-ға дейінтөмендеді.Теңгенің валюталық бағама тұрақтандырылды,бюджет тапшылығы азайды,ең бастысы-өндірістің құлдырауы тоқтады.Осы кезеңде аса маңызды жүйелі өзгерістер жүргізілді, экономика белсенді түрде ырықтандырылды,макроэкономикалық оң үрдістердің қалыптасуымен оның даму мүмкіндіктерінің негізі қаланды.

    Үшінші  кезең-1997-2000жж. ЖІӨ-нің өндіріс көлемінің  инвестициялар және басқа макроэкономикалық  көртескіштердің қарқынды өсуімен сипатталды.Бұл кезеңде қаржы саласында елеулі реформалар жүргізілді,банк секторы нығайды, екінші дейгейдегі банкілердің депозит шоттарындағы салымдардың сақталуына кепілдіктер беретін қор құрылды,сақтандыру нарығында да реформалар жүргізілді. Алайда 1997-1998жж. әлемдік қаржы дағдырысының салдарынан (Оңтүстік-Шығыс Азияда 1997жылы,Ресейде 1998ж) экономиканың оңтайлы даму серпіні елеулі бәсеңдеді.Осының әсерінен қаралып отырған кезеңдегі 1998ж ЖІӨ-нің Қазақстанда төмендеген жылы болды.Экономиканы тұрақтандыру және оны дағдырыстан шығару,инфляцияның әр кезеңінде инфляцияға қарсы саясат жүргізді. Бірінші кезеңдегі инфляцияға саясаттың нәтижесін қарайық.

    Дағдарысқа  қарсы бағдарлама қабылдау. Жоғарыда айтылғандай,1992ж баға ырықтанғаннан материалдық өндіріс саласында жағдай істеді.Көмір және мұнай өндірісі қысқартылды. Металлургия өнеркәсібінде де жағдай күрделі болды. Кокстелетін көмір өндіру көлемінің,қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жеткізудің қысқаруы,жабдықтардың тозуы барлық технологиялық цикл бойынша өндірістің қысқаруына алып келді.Болат құбырлар мен басқа көптеген прокат түрлерінің өндірісі қысқартылды.Түсті металдар-мыс, магний, қорғасын, мырыш, титан өндірісі қысқартады. Машина жасау құрылысында өндірістіңқұлдырауына байланысты металлургия,химия өнеркәсібінің жұмыстары нашарлады,ауыл шаруашылығы және құрылыс техникасын шығару қысқарды.

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі