Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:07, курсовая работа

Описание

Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім 1. Инфляция мәні, түрлері, пайда болу себептері.
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері,айқындалу белгілері....................... 4
1.2 Инфляцияның түрлері............................................................................................11
1.3 Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары..............................................15

Бөлім 2.Қазақстанның нарыққа көшу кезеңдері.
2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық процестердің
дамуы...............................................................................................................................18
2.2 Экономикадағы ақша массасының өсуі...............................................................22
2.3 Қазақстандағы инфляция серпінін талдау...........................................................30
Бөлім 3. Инфляциялық процестерді реттеу және инфляцияға қарсы саясат.
3.1 Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы
саясат................................................................................................................................34
3.2 Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру реформасы.............................36
3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі........................41
Қорытынды......................................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................................45

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi- inflyasiya.doc

— 350.50 Кб (Скачать документ)

    2. Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артыруына байланысты емес, керісінше қоғамдық  ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың үкіметке өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы. Бір жағынан алып қарағанда жалпы адам мүддесіне бағытталған өте қажетті әділ шаралардың өзі, мысалы трансферттік төлемдердің мөлшерін арттыру (зейнетақылар, жәрдемақылар, дотациялар және т.б) сияқты шаралар сұраныс инфляциясының өсуіне әкеліп соғады.

    3. Мемлекеттік шығыстардың (әскери, әлеуметтік, т.б) сияқты шаралар өсуі. Кейбір өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасы көбінесе  әскери-өнеркәсібі кешенін (ӘӨК) қаржыландыруға бағдарланған. Бұл экономика секторының өнімдері дәстүрлі өндіріс пен тұтынушылар  сұраныстарының нысандарына  жатпайды. Бірақ әскери тапсырыстарды орындауға (еңбекақы түрінде) кететін ақшалар тұтынушылар  нарығында тауармен қамтамасыз етілмеген сұраныстарды арттырады. Одан басқа әскері шығыстардың өсуі қоғамдық өндірістің құрамын өзгертеді және инфляцияға басқа бағыттар бойынша әсер етеді. Ол мемлекеттік борыш пен мемлекеттік бюджеттің тапшылығын арттыруға әкеледі. Мысалға, мұндай жағдайда әскери және басқа мақсаттарға бөлінген ұлттық табыстың бір бөлігі орынсыз жұмсалады. Әлеуметтік тапсырыстарды орындауға байланысты мемлекеттік шығыстар: дотациялаудың, жеңілдіктердің алуан түрлері, әлеуметтік төлемдер мөлшерлерінің артуы нәтижесінде тұтынушылық сұраныстар өседі.

    Сұраныс инфляциясының  басқа да себептері  болуы мүмкін. Ол әр елдің экономикасының дамуына байланысты. Қазақстанда  қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен өндірістік  бірлестіктердің сыртқы қарыздары көп алуы, екінші деңгейдегі банкілердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі (бұл айналымға қосымша ақша шығарумен бірдей) сияқты себептер. Бұл экономиканың біржақты,шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әр тараптандырып қан келтірген сұраныс инфляциясының себептерін жоюға болады.

    Шығын инфляциясы. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемінің қымбаттауына байланысты тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді. Шығын инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты, өз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанда болып өткен дағдарыс жылдары инфляцианың бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға  болады:

    1.  Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп, еңбекақы мен табыстарды  үнемі индекстеу. Еңбекақыны ұлғайту өз кезегінде кәсіпкерлердің шығындарын жоғарылатады, өнімін қымбаттады. Ал өнімнің қымбаттылығы өндірісті  әрі қарай дамытып, оны ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде жалпы ұсыныс (тауарға, қызметтерге) қысқара бастайды, ал сұраныс сол қалпында қалады немесе өседі. Сондықтан өндірістен түсетін таза пайданы төмендетпеу үшін кәсіпкерлер шығатын өнімнің пайдасын өсіреді. Айтылған процестер ақыр аяғында «инфляциялық спиральдің» пайда болуына әкеледі. Инфляциялық спираль- теориясы бойынша: бағаның өсуі еңбекақыны ұлғайтуды талап етеді, ал еңбекақының өсуі өз кезегінде тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуіне алып келеді;

    2. Шығын инфляциясының өсуіне тағы да мына себептер негіз болады:

    а) бюджет, салық салу, ақша –кредит  саясатындағы заңдар бағасының кемшіліктері, олардың жетілдірмеуі;

    б) экономиканы реттеуге әкімшіліктің араласуы; в) құқықтық нормалардың жиі  өзгеруі, заңдар түсініктемесінің көп  жақтылығы, кәсіпкерлікке шектеулер  қою, олардың заңдық күштері мерзімдерінің  үнемі өзгеріп отыруы сияқты экономикадағы  теріс факторлар. Айтылған себептер бағаның тұрақсыздануына, инфляциялық құбылыстардың күшеюіне әкеліп соғады.

  3. Қазіргі жағдайда шығын инфляциясының көзі болып отырғандар: энергия ресурстарының бағасының әлемдік баға нарығында өсуі, кейбір тауар нарығында монополист компаниялардың және делдел фирмалардың болуы, тұтынушылық тауарлардың ішінді импорттық тауарлардың үйлесінің басымдығы.

    Инфляция  толық ауқымды қарқынмен дамып  отырған жағдайда, әдетте жоғарыда көрсетілген инфляцианың екі  типі де өзара шиеленісіп, бірін-бірі күшейтіп,байланысып кездесіп отырады. Осылайша ақша массасының шектен тыс көбеюі экономикада жоғары сұраныстар туғызады, ал осыған жауап ретінде тауарлар мен қызметтер нарығында бағалар өседі. Сұраныс инфляцясынан болған өндіріс шығынының өсуі экономиканың теңгерілмеген дамуын күшейтеді, ақша массасына қосымша сұраныс туғызып, нәтижесінде инфляцияның одан әрі тереңдеуіне алып келеді.

            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                     
 
 
 
 
 
 
 

                                       1.2  Инфляцияның түрлері.

    Сұраныс және шығын инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі 3 негізгі  түрге жіктеуге құқық береді: баяу, қарқынды, ұшқыр (гиперинфляция).

       Баяу инфляция. Оған тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8-10%-ға дейінгі инфляция жатады.Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған елдердің көбіне тән. Баяу инфляция  ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан экономиканың дамуына игі әсерін тигізеді деп есептелінеді. Экономикадағы артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады, қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызады және банкілердің кредиттік пайыздық ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция төменгі деңгейге жеткенде (1%-дан төмен) экономикада ақша тапшылығы туады, шаруашылықтың даму қарқыны бәсеңдеңдейді және ондағы тиісті құрылымдық өзгерістер тоқтайды. Сондықтан көптеген дамыған елдерде (Англия, Канада,Швеция, ЕВС, Жаңа Зеландия) баяу инфляцияның деңгеін 1-2,5 %-дан төмен түсірмейді.

    Қарқынды  инфляция. Бұл жағдайда бағаның орташа жылдық өсу қарқыны 10-нан 100%-ға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап, бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде ұстап, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда – саттық келісімшарттары бағамы сенімді шетел валюталарымен жүргізіледі немесе тауардың бағасында болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі.

    Ұшқыр  инфляция (гиперинфляция). Әр елде  ұшқыр инфляцияның критерий әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде гиперинфляция деп бағаның жылына 1000%-дан аса жоғарылауын айтады. Ал экономикасы тұрақсыз, даму үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның басталу деңгейі бұдан да жоғары. Мысалы, Ресейде 1992 жылы инфляция қарқыны бір жылда 1353%-ға ға жетті, бірақ ресми түрде гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер  гиперинфляцияға жылына бағаның 1000% өскенін қабылдайды. ХВҚ (МВФ) айына бағаның өсу қарқыны 50%-дан асса, гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция қарқынын жылға есептегенде 13000%-ды құрайды. Егер гиперинфляция қарқыны есепке алып отырған айдан бастап алдағы 12 айда 50%-дан аспаса, онда бұл инфляцияның төменгі сатыларына түсті деп есептеледі.

    Гиперинфляция -  экономикадағы терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның құнсыздануы сонша тез болатындығынан, бағалар күн сайын ғана емес, кейде тіпті күніне бірнеше рет есептелуі мүмкін. Гиперинфляция өндірісті баяулатады (тоқтатуы да мүмкін), банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады. Экономикада үрей тудыратын ахуал қалыптасады, ал сауда-саттықта бірінші орынға "бартер" айырбасы, есеп айырысу жұмыстарында бағамы  тұрақты шетел валютасы негізгі ақшаға айналады (доллар немесе басқа сенімді валюта).

    Қазақстанда бағаның ең көп шарықтауы- 1992ж -3060%, 1993 жылдың қарашасында бір айлық  инфляция деңгейі -56% болды. Халықаралық  валюта қорының бағалауы бойынша 1992-1993 жж. Экономикадағы жағдай гиперинфляцияға  жақын. Ал батыс экономистерінің  сипаттауы бойынша Қазақстанда 1992-1994 жж. Гиперинфляция болды. Халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары (МСФО)бойынша үш жылдағы инфляция жиынтығы  100% , яғни жылына орта есеппен 33,3% болса, онда сл гиперинфляция деп есептеледі. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда 1992-1995 жж. Гиперинфляция болған (1992ж -3060%, 1993ж -2265%, 1994ж-1258%, 1995ж-160%). Бір айта кететін жәйт, инфляция жылдамдығы бойынша үш түрге бөлуді абсолюттік құбылысқа жатқызуға болмайды. Олардың деңгейі мен басқа айырмашылықтары уақыт талаптарына сай өзгеріп отырады. Мысалы, баяу қарқынды инфляцияның деңгейлері әр түрлі тарихи кезеңдерде бір-біріне тең емес.

    Инфляцияның айқындалу белгілері. Бүгінгі жағдайда инфляция негізінен көп факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері күрделі шиеленіс үстінде болып, шешуші фактор ретінде алға беруі немесе бірнешеуі алмасып шығып отырады. Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формалары бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері қалыптасқан: ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан әкелінген (импортталған), күтілетін (ожидаемая), баға біркелкі өсетін (сбалансированная) және біркелкі өспейтін (несбалансированная), стагфляциялық. Инфляцияның аталған айқындалу формаларын қарастырайық.

    Ашық  инфляция жинақталған ұсыныс пен  жинақталған сұраныс арасындағы теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы  деңгеінің өсуімен айқындалатын инфляция. Бағаның  өсу қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу, қарқынды немесе ұшқыр  инфляцияға айналуы мүмкін.

      Тұқыртылған (байланған) инфляция  баяу немесе қарқынды инфляция  формаларымен айқындалады. Нарық  экономикасы жағдайында үкімет  инфляцияны теңгеру үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту, еңбекақыны және басқа төлемдерді уақытынан кешіктіру, бюджеттік ұйыцмдарды қаржыландыруды шектеу сияқты шаралар жүргізеді. Бұл жағдайда инфляция үлкен төлемдік борыштармен, шаруашылық жүргізу барысында "бартердің" кең дамуымен, өндірістің құлдырауымен сипатталады. Орталықтандырылған экономикада тұқыртылған  инфляция тауар тапшылығымен, қажетті тауарларға бағаның өсуімен, алып-сатар нарықтардың пайда болуымен айқындалады. Осының бәрі ақшаның құнсыздануына, тұқыртылған инфляцияның дамуына әкеледі.

    Сырттан әкелінген (импортпен келетін) инфляция елдегі шектен тыс тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына байланысты. Жергілікті таурлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар өндірушілері  өз тауарларына бағаны жоғарлатады да, импортталған тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық тауарларды  "шоп-туристер"  де әкеледі . Бұл да ішкі нарықтағы тауарлардың  бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Шетел валютасының экономикаға көп құйылуы ақша айналымын долларға түсіріп, оны тұрақсыздандырып бағаның өсуіне әкеледі.Банкілер мен айырбас орындарынан сатып алынатын шетелдік валюта тауарлардың және көрсетілетін қызметтер бағасының сомасын арттырады. Ал оның ақшалай баламасы ішкі нарықта сұраныс инфляциясын күшейтеді.

    Күтілетін инфляция (ожидаемая инфляция) –  болашақ шығындардың өсуін (бағасының) күту нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын өсіріп сату. Күтілетін  инфляция  тауар өндірушілерге  болашақта сатып алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы құралдардың өсім бағасын ағымдағы сатылытын тауар мен қызметтердің бағасына қосып сатуға мәжбүр етеді. Бұл инфляцияға негізінен адам баласына тән психологиялық фактор әсер етеді.

    Стагфляция. Стагфляцияда тауарлар мен қызмет бағаларының жалпы деңгейінің жоғарлауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарама-қарсы бағытта өзгереді. Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Осыған қатысты мынадый пікірлер бар:

    1.Экономиканың  құрылымдық жағынан жетілмеуі.  Экономикада нарық механизмін  жақсы жолға қою үшін нарықтық  тепе-теңдік сақталуы қажет деп  есептеледі. Бәсекелестік (құрылымдық  даму) қажетті деңгейде болмағандықтан  жоғарылаған тауарлар бағасы  белгіленеді, осының нәтижесінде өндіріс көлемі төмендейді.

    2. Фирмалардың монополизмі және  олардаң нарықтың үстінен қарауы. Нарықта сатылатын тауарлар мен  қызметтердің көлемі олардың  бағасы төмендегенде  көбейетіндігі  белгілі. Бірақ көбінесе монополистер  пайда табу үшін тауарларды аз шығарып, қымбат сатуды қалайды. Бұл өндіріс көлемі төменде, тауарлардың бағасының жоғарлауына әкеледі.

    3. Тауар өндірушілердің болашақта  инфляцияның әсерінен табыс азаятындықтан  бағаны өсіріп, өндіріс көлемін  төмендетуі. Бұл саясат стагфляцияға алып келеді. Баға біркелкі өсетін (балансталған) және біркелкі өспейтін (баланстанбаған) инфляция. Біркелкі өсетін инфляцияда тауарлар мен қызметтерге жалпы бағалар бір уақытта бір деңгейде өседі (пропорционалды түрде).Бірақ ол тек теориялық түрде болуы мүмкін. Іс жүзінде қша массасының өсуіне байланысты тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі әр түрлі деңгейде болады. Кейбір бағалар тұрақы түрде қалса, кейбіреулері көп өзгеріске ұшырайды. Кейде тіпті алдын-ала болжанбаған өзгерістерге ұшырап отыруы мүмкін. Бағаның осындай өсуі әсіресе өтпелі кезеңде, экономика тұрақтанбаған жағдайда байқалған мұндай инфляцияны бағалары біркелкі өспейтін немесе баланстанбаған инфляция деп атайды. 

1.3. Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары.

    1992-2000жж. Бастап Қазақстан экономикасы тұрақты өсу траекториясына шықты. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ)жылдық өсімі 2001-2004жж. Орта есеппен 10,5%-ды құрады;инфляция 6,4-6,8%-дың шегінде болды.Жалпы ішкі өнім өндіру көлемі жағынан Қазақстан 1990ж. Деңгейіне яғни дағдарыс басталған жылдың өнім өндіру көлеміне жетті.2001-2004жж. Жалпы ішкі өнім көлемі 42%-ға өсті,оның ішінде өнеркәсіп өнімдері-43%-ға,ауыл шаруашылығында-22,6%-ға өсті.

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі