Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:07, курсовая работа

Описание

Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім 1. Инфляция мәні, түрлері, пайда болу себептері.
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері,айқындалу белгілері....................... 4
1.2 Инфляцияның түрлері............................................................................................11
1.3 Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары..............................................15

Бөлім 2.Қазақстанның нарыққа көшу кезеңдері.
2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық процестердің
дамуы...............................................................................................................................18
2.2 Экономикадағы ақша массасының өсуі...............................................................22
2.3 Қазақстандағы инфляция серпінін талдау...........................................................30
Бөлім 3. Инфляциялық процестерді реттеу және инфляцияға қарсы саясат.
3.1 Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы
саясат................................................................................................................................34
3.2 Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру реформасы.............................36
3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі........................41
Қорытынды......................................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................................45

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi- inflyasiya.doc

— 350.50 Кб (Скачать документ)

    1992 жылы ауыл шаруашылығында егін  жақсы болды,1979 жылғыдай 29млн тонна  астық жиналды. Бірақ мал шаруашылығы  кешенінде жағдай онша жақсы  болмады. Мал,құс басы қысқарды және олардың өнімдері де төмендеді,бұл қажетті тамақ өнімдерінің көлемін ұлғайтуға кедергі жасады.

    Осындай кезеңде жағдайды тұрақтандыру,экономиканы  дағдарыстан шығару және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін үкімет дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірлеп қабылдады.Ол Қазақстан Республиканың Жоғарғы Кеңесінде мақұлданды.

    Бағдарлама 1993-1995 жылдары экономиканы тұрақтандыру және нарыққа өту кезеңі деп анықтады.Осы  кезеңге үкіметтің іс-шаралары жоспары  белгіленеді. Бағдарламаның түпкілікті мақсаты-экономиканың әлеуметтік бағдарына бағытталған нарықтың нақты механизмдерін құру,ұлттық мүддеге сай тәуелсіз экономикалық саясат жүргізу, республиканы әлемдік шаруашылық құрамына еңгізу арқылы халықтың тұрмысын жақсарту болды.

Бағдарламаны  іске асыру кезең-кезеңмен қарастырылып, әр кезеңінде белгілі нәтижелерге жету белгіленді. Бірақ дағдарысқа қарсы бағдарламада қойылған батыл мақсаттарды қысқа мерзімде  жүзеге асыру мүмкін емес еді. Дәлірек айтқанда,  1993 жылы бірінші кезекте басты үш мәселені шешу ұсынылды:

1) Инфляцияны  мүмкін болғанша ең төменгі  деңгейде түсіру;

2) Өндірістің  құлдырауын тоқтату;

3) Экономиканы  жаңғыртудың жағымсыз салдарынан  тұрмысы төмендеп  кеткен азаматтарға  жеңілдіктер көрсету.

Бірақ бұл қойылған мақсаттар 1993 жылы ғана емес, келесі жылдарда да орындалмады. Үкімет инфляцияға қарсы күресті өзінің экономикалық саясатының басты бағыты (өндірістікөтеру емес) деп санады. Қабылданған бағдарлама бойынша 1993-1995 жж. Экономикада төмендегідей бағыттар белгіленді:

  1. макроэкономикалық тұрақтылыққа жету, өндірістің құлдырауын тоқтату;
  2. инфляция қарқынын төмендету ;
  3. экономикада құрылымдық өзгерістер енгізу;
  4. нарықты тұтыну тауарлармен толтыру;
  5. кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жағдайларын тұрақтандыру;
  6. ақша-кредит механизмдерін ретке келтіру;
  7. бағаларды мемлекет тарапынан мақсатты бағыттардареттеу бойынша жұмыс жүргізу;
  8. жіберілген қателіктерді ескеріп, жекешелендіруде жаңа қадамдарды  жүзеге асыру;
  9. кәсіпкерлікке жаңа серпін беру;
  10. монополияға қарсы саясатты жандандыру және т.б.

Бірақ экономикадағы іс - тәжірибе  барысы үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасында белгіленген ізгі ниеттері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Жоапарлар, әрине ауқымды болды, бірақ оларды толығымен жүзеге асыруға білікті тәжірибелі кадрлар жетіспеді, ең бастысы, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру механизмдері болмады.

      Бағдарлама  бойынша еңбекақының өсуі қатаң  бақылауға алынды, дебиторлық борыштарды кредиттеу, шығынға ұшыраған кәсіпорындарды сауықтыру тоқтатылды. Бірақ бұл  белгіленген шаралар іс жүзінде  жағдайдың күрт төмендеуінен басқа нәтиже бермеді.

         Қабылданған шараларға  қарамастан өндірістің құлдырауы, инфляцияның  қарқыны тоқтамады.Инфляцияның орташа айлық өсу қарқыны 1993 жылы бірінші  жарты жылдықта орташа есеппен 25% болды. Экономиканың негізгі салаларында өндірістің құлдырауүрдісі сақталып қоймай, одан әрі күшейе түсті. Экономикалық құрылымдық өзгерістер өте баяу жүрді, салалық үйлесімсіздіктер жойылмады. Бағдарламада нарықты азық-түлік өнімдерімен және басқа тауарлармен толтыру инфляцияға қарсы саясаттың басым бағыты болғанымен, ол қағаз жүзінде қалды. Осылайша 1993 жылдың желтоқсанында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тұтыну тауарларының өндірісі үштен бірге қысқартылды, ал жеңіл өнеркәсіп ыдырауға жақын болды. Азық-түлік тауарлары 1993 жылы тек екі айдың (қаңтар, ақпан) ішінде екі есеге және одан да жоғары қымбаттады.

         Бірақ дағдарысқа қарсы  бағдарламаның жақсы жақтары  болғанын да айтпауға болмайды. Бұл  – жаңа жекешелендіру бағдарламасы. Ол өзгерістермен  ықшамдалып, аса  мұқият әзірленді, сондықтан оның жүзеге асуы жаман басталған жоқ. Бірінші кезеңде көптеген кемшіліктері бар,  басқарусыз, стихиялы түрде жүріп жатқан жекешелендіруді тоқтату бағдарламаның алдына қойған басты мақсаты болды.

         Дағдарысқа қарсы  бағдарламаның   маңызды сәттерінің бірі – қаржы-кредит саласындағы жағдайды түбегейлі жақсарту жөнінде ұсыныстардың болуы, әсіресе Ұлттық мемлекеттік банкінің жұмысын жаңа принциптік деңгейге қою, бірегей қаржы-кредит және экономикалық саясат қажеттілігіне жол ашу. Банк секторында экономикалық қылмыстар мен сыбайластыққа жол бермеу үшін орталықтандырылған кредит ресурстарын бөлу жүйесінің орнына оларды ауикцион арқылы сату ұсынылды. Ақша-кредит саласында бірінші кезектегі міндеттерге Ұлттық мемлекеттік банк және валюталық ретте, банк жұмыстары туралы  жаңа заңдарды әзірлеп  қабылдау жоспарланды. Осының нәтижесінде 1995 жылы шыққан «ҚР Ұлттық банк туралы» және «ҚР Банкілер мен банк қызметі туралы» заңдар экономикадағы банк секторының құрылымдық өзгерістері мен дамуында үлкен рөл атқарды. 

         Жалпы дағдарысқа қарсы бағдарламадағы тек кейбір жеке бағыттар болмаса, онда қабылданған негізгі мақсаттар орындалмады. 1995 жылы инфляция қарқыны төмендегенімен, оның жоғары деңгейі сақталды (160,3%), өндірістің құлдырауы тоқтамады. Экономиканыжәне ақша-кредит жүйесініңреформалауға жаңа қадамдар жасау, жаңа экономикалық саясат жүргізу қажеттігі байқалды. Бұл орайда 1993 ж қараша айында республикада жүргізілген ақша реформасы тарихи маңызды оқиға болды.

          Ақша реформасы.  Жоғарыда келтірген дей 1992-1994 жылдары республикада инфляция деңгейі өте жоғары болды. Олар: 3060,2265,1258%-ды құрады. Батыс экономистерінің бағалайынша бұл көрсеткіштер ұшқыр инфляцияны (гиперинфляцияны) сипаттайды. Мұндай жоғарғы дейгейдегі инфляцияны тоқтатудың бірден-бір тиімді тәсілдерінің біріне ақша реформасы жатады.Осыған байланысты мемлекеттің 1993 жылы 15 қарашада жүргізген ақша реформасы дер кезінде қабылданған инфляцияға қарсы өте маңыздыс саясаттың бірі болды.

       Республикада теңгенің шығуына  байланысты өзіндік монетарлық  саясат қалыптаса бастады.Үкімет экономикадағы келеңсіз процестерді тұрақтандыру үшін өз мүмкіндіктерін және республика әлеуетін (потенциалын бағыттауға қол жеткізді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

             

        3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі.

       2001 жылы қаңтарда Үкімет қаулысымен Қазақстанда әлемнің көптеген елдеріндегі мұнай қорларына және басқа да қорларға ұқсас Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды. Мұндай қор құру идеясы ХХ ғасырдың  80- жылдарында Норвегия еліне мұнай өндіру саласының серпілісі кезінде пайда болған. Мұнай сатудан түскен шектен тыс көп ақша ағымы ішкі нарықта инфляцияның жоғарлауына әкелді. Нятижесінде мұнайға қатысы жоқ барлық өндырыс салалары ( барлық аулаудан басқа), инфляцияның қарқынын көтере алмай және сыртқы нарықта өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмендігінен  күйзеліске ұшырап, көбісі банкротқа түсті. Сол кезде экономиканың мұнай секторының табысынан аударымдар жасап, қор құру идеясы пайда болды.

      Қорды құру қажеттілігі мұнай өндірудің  төмендеуінен және халықтың қартаюынан туындады. Қор бір мезгілде тұрақтандыру және жинақтау қызметін атқарады. Норвегиядағы Қордың жұмысының нәтижесі өте табысты болды. Қор қаражатын  инвестициялау арқылы құрылған теңгерімді (сбалансированный) бюджет ішкі нарықтағы ауытқуларды жауып, инфляциялық қысымды төмендетті, ұлттық валютаның қымбаттауы тоқтатылды.

      Қазақстан Норвегия  тәжірибесін негізге  ала отырып, бастапқыда Ұлттық қор  мемлекеттік бюджеттің кірісін  тұрақтандырад, инфрақұрылымдарды  дамыту бағдарламаларын қаржыландырады, болашақ ұрпақ үшін ақша  жинайды  деген мақсатты құрылды. Кейіннен, 2004 жылы 24 сәуірде ҚР Бюджет кодексіне «ҚР Ұлттық қордың негізгі мақсаты: мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қаржы активтерін және басқа мүліктерді жинақтау (материалдық емес активтерден басқа), экономиканың шикізат секторына және жағымсыз сыртқы факторларға тәуелділігін жою» деп анықтады. Ұлттық қордың қалыптасу көздері:

      а) республикалық бюджетке шикізат  секторынан түсетін бюджетте бекітілген түсім сомасынан жоғары нақты сома ретінде анықталатын республикалық бюджеттің ресми трансферттері;

      ә) тау-кен өндірісі және өңдеу саласына жататын республикалық меншіктегі мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсім есебінен;

      б) бюджетке шикізат  секторынан түсетін республикалық бюджеттегі  жоспарылы сомадан 10% мөлшерінде есептелетін түсім сомасы;

      в) ауыл шаруашылығына арналған жер  телімдерін сатудан түсетін түсім  есебінен анықталатын жергілікті бюджеттегі трансферттер;

      г) қорды басқарудан түсетін түсімдер мен кірістер.

 Сөйтіп  Қазақстандағы Ұлттық қор мұнай  секторы есебінен ғана қалыптасқан  жоқ. Оның әлемдегі басқа мұнай  қорларынан айырмашылығы да осы.

      2005 жылы 1 қаңтарда Қордың ақшалай  қаражаты 667 002 245 мың теңгені (2004 жылы 1 қаңтарда – 528 233 521 мың тенге) құрады. 2005 жылы 1 қаңтарда шикізат секторы ұйымдарынан 200 128 039 мың тенге түсті, қолданыстағы заңға сәйкес оның 79 792 925 мың теңгесі (613,8 млн АҚШ доллары)  республикалық бюджетке есептелді. Нәтижесінде Қорға шикізат секторы ұйымынан түсетін жоспардан жоғары түсім сомасы 120 792 925 мың теңгесі (929,17 млн АҚШ долларын ) құрады. 2005ж 1 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің жарлығымен ҚР Ұлттық қорының қаражатын орташа мерзімдегі болашаққа қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы мақұлданды.Соған сәйкес Ұлттық қордағы жинақталымды қалыптастырудың оңтайлы үлгісі ретінде теңгерімді бюджет әдісі анықталды. Бұл әдіске сәйкес шикізат секторының кірістері толығымен Қорға жинақталады, яғни бюджет экономиканың мұнай емес секторымен қалыптасады. Осының нәтижесінде бюджеттің жалпы шығыстары мен бюджетке экономиканың мұнай емес бөлігінен түскен түсімдер арасында  пайда болған тапшылық Ұлттық қор трансфертімен теңгеріледі.

      Трансферттің  жыл сайынғы деңгейі арнаулы  бағдарлама бойынша үш жылға алдын ала анықталады. Сөйтіп, бюджет шығыстары жоспарлы түрде ,мұнай бағасының өсуіне немесе төмендеуіне тәуелсіз сызба бойынша өседі. 2005 жылы қыркүйектің басында Ұлттық қор активтері – 5,4 млрд АҚШ долларын құрады. Қор болмаса, бұл ақшалар ішкі нарықта айналымға түсіп, инфляцины қарқындатып жіберген болар еді. Сонымен қатар теңге нығайып, Қазақстанның экспортқа бағдарланған кәсіпорныдары аса қиын жағдайға түсер еді. Сондықтан Қор артық ақшаларды бір жерде жинақтауға экономиканы «тым қызып кетуден» сақтандыру үшін қажет. Ұлттық қор Үкімет пен Ұлттық банкінің инфляцияға қарсы саясатында  басты «аралық»  механизм рөлін атқарады. Ол экономиканың шикізат секторының валюталық түсімдерінен құрылған ішкі нарықтағы артық өтімділікті жояды.

      Қордың  активтері екі маңызды қызмет атқарады – экономиканы тұрақтандыру және қаражат жинақтау. Қордың тұрақтандыру қоржыны  активтердің 19%- ын құрайды. Қордың жинақ қоржыны 81%- ды құрайды. Оның негізгі қызметі – қаражатты сақтау және оның ұзақ мерзімді табыстылығын қамтамасыз ету (тәуекелдлік шегін сақтай отырып). Ол  екі индекске байланған – облигацияға (75%), АҚШ-тың және тіркелген кірісі бар басқа да дамыған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздар эталоны қоржынына; акцияға (25%), мұнай және энергиядан басқа, әлемнің ірі корпорация акцияларының эталон индексіне. Қор активтері: 70%-ы – АҚШ долларына, 17%-ы Еуропаға, 3%-ы – фунт стерлингке, 6%-ы – жапон иенасына салынған. 2004 жылы инвестициялық қызметтен түскен кіріс – 42 528 616 мың теңгені немесе 313 млн АҚШ долларын (табыстылық – 7,61%) құрады. Осылай  Ұлттық қор тұрақтандыру және жинақтау қызметін орындап, мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатында өзінің маңызды рөлін атқаруда.  
 

        
 
 
 
 
 
 

                                                   Қорытынды.

    Инфляция  – күрделі  әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады. Инфляция күрделі әлеуметтік-экономикалық феномен, оның пайда болу себептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ инфляцияның негізгі пайда болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда (тауар, ақша, тұтынушылық қызметтер, т.б. нарықтарда) бір уақытта сұраныстар мен ұсыныстарының арасындағы баланстың бұзылуынан (сұраныстың артуынан) деп есептейді. Экономикалық реформаның Қазақстанда табысты дәрежеде өтуіне нақты ықпал жасаған-республиканың табиғи ресурстық байлығы.Табиғи минералды шикізат ресурстарының байлығы,әсіресе мұнай және құрамында металы бар концентраттар ел экономикасы дамуының шешуші факторлары болып отыр.Қазіргі заманғы инфляцияны қоғамдағы  қоғамдағы қайта жанданудың  қарама-қайшылықтарын  шешудің нәтижесі және тәсілдері  деп айтуға болады. Инфляция мен нақты экономиканың өсуінің  арасындағы қатынас оң, бір-біріне сәйкес болу  үшін   экономикада  терең өзгерістер  жүргізу қажет. Ол үшін өндірістің үлестік шығындарын едәуір азайту қажет, технологияны  жаңартуды жеделдетіп, жаңа маркетингілік идеяларды жүзеге асыру  арқылы халықтың табысын көбейтуге, тауарлар мен қызметердің  бағаларының  төмендеуіне жағдай туғызу қажет.Берілген талдаудан республика экономикасынада инфляцияның дамуына себеп болатын біраз  факторлар бар екенін көруге болады. Бұлар – қарқынды ағыммен, реттелуге келмейтін  шетел валютасының  ішкі нарыққа құйылуы экономиканың  шикізаттық бағыты және осыған байланысты ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеті мен нәтижесінің төмендегі және оның әлемдік тауар нарығындағы баға конъюнктурпсына тәуелділігі. 
 

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі