Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:07, курсовая работа

Описание

Инфляция – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айнылып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсендетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім 1. Инфляция мәні, түрлері, пайда болу себептері.
1.1 Инфляцияның мәні, пайда болу себептері,айқындалу белгілері....................... 4
1.2 Инфляцияның түрлері............................................................................................11
1.3 Қазіргі жағдайда инфляцияның даму факторлары..............................................15

Бөлім 2.Қазақстанның нарыққа көшу кезеңдері.
2.1 Нарықтық қатынастарға көшу барысында, инфляциялық процестердің
дамуы...............................................................................................................................18
2.2 Экономикадағы ақша массасының өсуі...............................................................22
2.3 Қазақстандағы инфляция серпінін талдау...........................................................30
Бөлім 3. Инфляциялық процестерді реттеу және инфляцияға қарсы саясат.
3.1 Инфляцияны тұрақтандыру кезеңіндегі инфляцияға қарсы
саясат................................................................................................................................34
3.2 Қазақстандағы гиперинфляцияны тұрақтандыру реформасы.............................36
3.3 ҚР Ұлттық қоры және оның инфляцияға қарсы саясаттағы ролі........................41
Қорытынды......................................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................................45

Работа состоит из  1 файл

Kursavoi- inflyasiya.doc

— 350.50 Кб (Скачать документ)
 
    Ппп    №
 
Ресурстардың  орналасу бағыты
      Мына жылдар бойынша:
1.08.1999 
1.01.2000 
1.08.2001
 
    Ооооо 1 
 
 
 
 
 
 

    222222  2

                3

                

                

    2222

    44444  4

    дддлпл

Кредиттер:

-үкіметке

-коммерциялық  банкілер

Экономиканы қайта жаңарту қоры есебінен берілген ұзақ мерзімді кредиттер 

 басқа  қарыз алушыларға кредиттер

Басқа мемлекеттерге берілген кредиттер

Ұлттық  банк берген кредиттердің жалпы сомасы

2- деңгейдегі банкілердің кредиттері

Басқа банкілерге берілетін кредиттер 

 
250,6

4665,2 

152,8

85,0

527,6

5681,4 

7871,6

153,6

 
969,7

5745,8 

468,4

154,4

967,6

8035,9 

14180,5

237,5

 
11504,5 

8798,9 
 

1294,4

469,7

377,1

22444,6

35936,6 

1676,8

 
   
Кіріс 2002ж. 2003ж.

(9ай)

Өсу қарқыны (есе)
Табыс:

сауда, темір жолдар, әуе транспорты, коммуналды төлемдер, басқа төлемдер

Түсімдер:

Шаруашылық  субъектілерінің шотындағы салықтар және алымдар: ЖЖМ, шетел валюталарының  сатылуы, бағалы қағаздардың сатылуы;

Басқа түсімдер

 
987,3 
 
 
 
 
 
 

64,2

136,3

 
24946,4 
 
 
 
 
 
 

10623,9

3455,5

 
25,3 
 
 
 
 
 
 

165,5

25,4

Кіріс жиыны  1187,8 39024,0 32,9
Эмиссия 2001,1 10339,1 5,2
Шығыстар      
қолма-қол берулер:

Еңбекақы, зейнетақы,сақтандыру өтемдері ЖЖМ  сатып алуға байланыс кәсіпорындарын нығайтуға,  

Шығыстар жиыны

 
2764,6 
 

424,3 

3188,9

 
39489,4 
 

9873,7 

49363,1

 
14,3 
 

23,2 

15,5

   Ақша  массасының, оның ішінде қолма-қол ақшы санының өсуіне, ал оның әсерінен инфляцияның  өрши түсуіне коммерциялық банкілердің  кредиттік эмиссиясының тура әсері болды. Мұны А.Д Челекпаевтың деректері бойынша ақшаның кассалық айналымынан көруге болады. Мысалы 1993 жылдың ішінде банкілердің кассасына 1,2 млрд теңге түсіп, олардан 3,2 млрд теңге берілген, 1994

жылы  9 ай ішінде осыған сәйкес 39,03 млрд теңге  түсіп 49,36 млрд теңге берілгенін көруге болады. Банкілердің белсенді түрде жүргізген кредиттік және эмиссиялық әрекеттеріне қарамастан экономикада ақша жетіспеді (1991 жылдан 1994 жылға дейін ақша массасы жыл сайын орташа есеппен 500% өсіп отырды).                                            Бұл сол кездегі Қазақстанның экономикалық дағдарыстан шгығу үшін қабылдаған қатаң монетарлық саясат жүргізуінің нәтижесі болатын. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша экономиканы монеталандыру (монеталандыру: ақша көлемінің ЖІӨ-нің көлеміне қатынасы) коэффицентінің шамасы 1993 жылы 27,9% -дан 1994 жылы 13,1%-ға, 1995 жылы 11,4% -дан 1996 жылы 9,5%-ға, 1998 жылы 8,6%-ға дейін төмендеді. Экономикасы дамыған елдерде бұл коэффиценттің шамасы 70-80% шегінде және одан да жоғары болады. Салықтың аз жиналуы, осы жылдары байқалған төлем жүйесіндегі дағдарыс, еңбекақының созылып, кеш төленуі – бәрі осы қатаң монетарлық саясаттың әсері болатын. Бұл кезеңде экономика ақшамен тек оның айналым жылдамдылығының жоғарылығымен қамтамасыз етілді. 1993-1996 жж. ақша айналымы жылдамдығы 7,7-10,5 ал 1998 ж -11,6 айналым болды.

     Экономикада ақшаның жетіспеуіне тағы да мына факторлар себеп болды: инфляцияның жоғары қарқынды дамуы, ақшаның шетел валютасы айналымында саудагерлік операцияларда (пайда көп түсетін) ұсталуы; жай тауар айырбасында – «сатып алу-сату» сызбасымен ақшаның өндіріске жетпей, «көлеңкелі»  айналымда қала беруі. Халық және шаруашылық жүргізуші субъектілер ақшаларын инфляциядан сақтау үшін материалдық құндылықтар, тауарлар, тұрақты валюталар сатып алып, өздерінің капиталын ақшаның құнсыздануынан қорғады.

  Төлем дағдарысы. 1992 жылы бағаларды ырықтандырғаннан кейін кәсіпорындардың өзара есеп айырыса алмауы үлкен өзекті мәселеге айналды. Төлемдердің кешігіп тоқтап қалуы реформаға дейін де болатын, бірақ жоспарлы экономикада олар орталықтандырылған  шаралармен «өзара есеп айырысып» немесе кәсіпорындарға алуан түрлі демеу қаржы беру арқылы реттеліп отырды. Өтпелі кезең жағдайында үкімет жеке кәсіпорындардың шешілмеген мәселелерін бұрынғы қалыптасқан тәртіп бойынша өзіне алудан бас тартты, сөйтіп төлемдер дағдарысы өтпелі кезеңнін басты мәселесіне айналды.

    Кең мағынада экономикадағы  төленбеген қарыздарға кәсіпорындардың басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге, мемлекетке (бюджеттік төлемдер), жұмыскерлерге (еңбекақы төлемі), банк секторына (алынған кредиттер) және т.б субъектілерге төлеу мерзімі өтіп жинақталған борыштары кіреді. Бағаларды ырықтандырғаннан кейін төлемдердің тоқталып, кешігуінің жиі кездесетін түрі (классикалық мысалы) ретінде кәсіпорындардың жеткізушілерге қайтарылмаған борыштарын келтіруге болады. «Қазкомстаттың» деректері бойынша 1993 жылы желтоқсанның басында кәсіпорындардың жеткізушілерге борыштарының 80%-ы кәсіпорындардың меншікті қааржаттарымен өтелмеді. Төленбеген борыштардың үлкен бөлігі (72%) 1994 жылы өнеркәсіптің үлесінде болды.

    Төлемдердің тоқтап, жүрмеуіне себептер көп болды, олар: өндірістің құлдырауы, кәсіпорындардың айналымдағы қаражаттарының құнсыздануы, олардың шикізаттар мен материалдар, жабдықтайшы тетіктер сатып алуға ақшаларының болмауы. Кәсіпорындардың жеткізушілермен есеп айырысатын айналымдағы қаражаттардың ішінде ақшалай қаражаттары 2,5-2,9%-ды құрады, ал дебиторлық борыштары-60%-ға дейін барды (58,2%). Ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіштер одан да төмен болды: оған сәйкес 1,0-0,4% және 22-28%, олар негізінен өсімдік мен мал шаруашылығының өнімдері болды. Мемлекет кәсіпорынның айналымдағы қаражат тапшылығын оларға тек кредит беріп қана өтеуге мәжбүр болды. Бірақ алынған несиелер көбінесе уақытында қайтарылмады. Осылайша 1993 жылдың 1 желтоқсанында кәсіпорындардың банкілерге қарызы, олырдың өзара борыштары және басқа да берешек төлемдері жыл басындағымен салыстырғанда 42,5 есе өсті. Кредиттер өте үлкен пайыздық мөлшерлемелермен (300-400% және одан да жоғары)берілді, ал бұл кәсіпорындарды өнімдерінің, көрсететін қызмет түрлерінің бағаларын жоғарылатуға мәжбүр етті. Кәсіпорындар жиналған төлемдерді үнемі инфляцияға түсіп құнсызданатынын пайдаланып,оларды төлеуге ынталары болмағанын  да айта кету керек. Бағалардың кезекті күрт өсуі, осыған сәйкес инфляцияның көтерілуі кәсіпорындардың төленбеген борыштарының құнсыздануына әкелді. Бұл кәсіпорындар үшін, әрине қолайлы болды.  ТМД елдерінде төлем дағдарысы өткір де өзекті проблеманың біріне айналды. ҚР үкіметі де кәсіпорындар арасында өзара есеп айырысу жұмысын жүргізуге дайындалды. Бұл шараны өткізуге Ұлттық банк 1994 жылдың  наурызында  31,4 млрд тенге және сол жылдың сәуірінде 15,6 млрд тенге мөлшерінде  кредиттік эмиссия шығарды. Бірақ Қазақстанда бұл жүргізген өзара есеп айырысу күткен нәтиже бермеді. Көптеген шаруашылық субъектілері алған кредиттерін арналған мақсатқа (төлем өтеуге емес), басқа алуан түрлі шығындарды төлеу үшін пайдаланды, мысалға, өндіріс қорларын жасауға, қуат ресурстарын сатып алуға, басқа жедел шараларды жүзеге асыруға пайдаланды. Соның нәтижесінде 1994 жылдың 1 қыркүйегінде кәсіпорынның шоттары және банкілер несиесі бойынша жиналған борыштар 57,7 млрд теңгеге жетті, оның ішінде  өзара төленбеген қарыздар –47,7 млрд тенгеге, банк несиелері –10 млрд теңгеге жетті. Барлық  борыш көлемі жалпы ішкі өнімнің 43,7%-ын құрды.

    Сыртқы  монетарлық факторлар. 1993 жылы Ресей  тек өз мүддесіне сай әрекеттермен жаңа рубльді еңгізгеннен кейін  Қазақстанда инфляция қарқыны өте  жоғарылап кетті. Сол жылдың шілдесінде Ресей өзінің жаңа рублін айналымғаеңгізді. Бірақ бұл банкноттар сол жылдың кыркүйегінде екі елдің ақша жүйелерін  біріктіру туралы келісімге қол қойылғанына қарамастан Қазақстанда еңгізілмеді. Сөйтіп ол Қазақстан мен Ресей рубльдерінің нақты бөлінуіне әкеліп соқты. Ресейден кейін Қырғызстан өз валютасын еңгізді. Қазақстанға көрші елдерден, әсіресе Ресейдің ескі ақшалары есепсіз келіп жатты. Бұл инфляцияның шарықтауына әкелді. 1993 жылдың қарашасында инфляцияның орташа қарқыны ең жоғарғы деңгейге – 55,5% -ғка жетті.

    Инфляцияның сыртқы монетарлық факторларына экономиканың долларлануын, айналымда шетел валютасының  көбейіп кетуі де жатады. Бағаларды  ырықтандырудан туған экономикадағы  көп келеңсіз жағдайлардың ішінде, ақша айналымын долларландыру ең қауіпті тұрақсыздық тудыратын  факторға айналды десе де болады. Инфляцияеың жоғары қарқынды болуы және кең таралуы шаруашылық субъектілері мен халықты айналымнан ақша қаражаттарын алып, оларды құны тұрақты валютаға аударуға  мәжбүр етті. Американың доллары ресми емес ішкі валютаға айналды. Ол үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған  еді: қолма–қол доллар ешбір кедергісіз және ешқандай шектеусіз мөлшерде ішкі нарыққа құйылды. Кез–келген теңгесі бар жеке немесе заңды тұлғалар  теңгелерін  кедергісіз долларға айырбастай алатын құқы болды. Шет елдердің доллар сатушы банкілері де бұл орайда өз пайдаларын тауып жатты. Тұтынушыларға «тауар – доллар» жеткізу сызбасы мынадый болды:

       Ішкі нарыққа доллар жеткізуші Қазақстанның ірі бпнкілері  банкаралық валюта биржасында қолма–қолсыз (безналичный) шетел валютасын сатып алып, оларды сол елдердегі банкілердің корреспенденттік шоттарына аудары, кейіннен сол ақшаға қолма–қол валюта сатып алатын. Валюта сатып алуға тапсырыс әдетте валюталарын ірі көтерме саудамен сатуға маманданған шетел банкілеріне ғана берілетін. Осылайша сатып алынған қолма–қол шетел валюталары  Қазақстан банкілерінің қоймаларына жеткізілетін. Әрі қарай жеткізілген валюталар аймақтық банкілердің қоймаларына түсіп, одан орта буынды банкілерге, валюта айырбастауға лицензиясы бар коммерциялық құрылымдарға сатылып, валюта айырбастау пункттері арқылы халыққа таратылатын.

    Шетел валюталарын сату оған қатысушыларға  өте пайдалы бизнеске айналды. Валюта сатудан банкілерге көптеген коммисиялық  түсімдер түсті, мемлекеттік бюджетке кедендік аламдар түсті, ал тұтынушылар бағамы тұрақты шетел валютасын сатып алып, жинаған ақшаларын инфляциядан сақтады. Бірақ ақша айналымының жоғары деңгейде долларлануы бәрібір инфляцияеы күшейтуге ықпал жасады. Долларлық ақша белгілерімен бірге елге долларлық бағалар да келді. Сонымен қатар экономиканы долларландыру мемлекеттің ақша айналымдағы тәуелсіздігін әлсіретті. Доллар айналымында құн өлшемі қызмептін атқарды. Тауарлардың құны доллардың бағамына тікелей байланысты болды, ішкі нарықта барлық тауарлардың бағасы доллар арқылы есептелді. Мұның бәрі  банк шоттарындағы шетел валютасының өсуіне алап келді. Әсіресе дипозиттердегі шетел валюталарының күрт өсуі 1995 жылы байқалды. Сонымен доллар ішкі нарықта ресми валюта ролін атқарды, ол теңгелік жиындарды инфляциядан қорғайтын құралға айналды. Осылайша теңге ішкі ақша айналымында шетел валютасымен ығыстырылды, ал колма–қол доллар халықтың капитал жинақтайтын  және сақтайтын таңдаулы ақшасына айналды. Бұл үрдіс 2001 жылға дейін сақталды деп айтуға болады. Мұны банк шоттарындағы және банк жүйесінен тыс айналымдағы шетел валютасының өсуінен көруге болады.

Информация о работе Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі