Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 17:51, дипломная работа

Описание

Елбасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1. ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру
негіздері........................................................................................................5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурстары мен қаржы қорлары.................14
1.3 Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.......................................................22

2. Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
2.1 «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық – шаруашылық
қызметінің нәтижелерін талдау................................................................32
2.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................40
2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау.....55

3. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану...........59
3.2 Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру
бойынша нұсқаулар...................................................................................66

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................74

Работа состоит из  1 файл

последняя версия!асем.doc

— 1.73 Мб (Скачать документ)

Ескертпе – 2004-2006 жылдардағығы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық есептемесінен алынды.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын абсолютті көрсеткіштер арқылы талдау нәтижелері арқылы келесі қорытынды жасауға болады:

     2004 жылы қаражаттар көздерінің жеткіліктілігін көрсететін 2 көрсеткішке сәйкес келетін қорлардың қамтамасыз етілу деңгейлері қалыпты дәрежеде. Сондықтан 2004 жылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты деген баға беруге болады.

     2005 жылы қаражаттар көздерінің жеткіліктілігін көрсететін 2 көрсеткішке сәйкес келетін қорлардың қамтамасыз етілу деңгейлері қалыпты дәрежеде. Сондықтан 2004 жылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты деген баға беруге болады.

     2006 жылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты деңгейде. келеді, өйткені қаражаттар көздерінің жеткіліктілігін көрсететін 2 көрсеткішке сәйкес келетін қорлардың қамтамасыз етілу деңгейлері қалыпты дәреже.

Қаржылық тұрақтылық жағдайдың қалыпты болуы кәсіпорынның қаржылық жағдайының қалыпты деңгейіне сәйкес келеді. Осыдан қаржылық тұрақтылығы, яғни кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі, меншікті қаражаттарды маневірлеу қабілеті, шаруашылық қызметтің қаржымен жеткілікті қамтамасыз етілуі деңгейі қалыпты екеіні көреміз.

Кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы оның жалпы қаржылық құрылымымен, сыртқы кредиторлармен және инвесторлармен қатынас деңгейіне байланысты. Қызметтің үрдісі барысында көптеген кәсіпорындар меншікті капиталмен бірге біршама қарыз қаражаттарының сомасынан тартады. Бірақ қарыз міндеттемелерінің едәуір ұлғаюы нәтижесінде, егер бірнеше кредитор бір уақытта өз қаражаттарын қайтаруды талап етсе, банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Ал қарастырылып отырған кәсіпорында - «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның қаржылық жағдайының қалыпты деңгейде екенін көреміз.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның өтімділігін анықтап алу керек. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұсынылады. Шаруашылық субъектісінің өтімділігі – ол оның өзінің тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады.

Талданушы кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштері 20 кестеде берілген.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ағымдағы қарыздардың қай бөлігі бухгалтерлік балансты құру күніне немесе алдағы жақын арада өтелуі мүмкін екенін білдіреді, оның қалыпты мәні Каө ≥ 0,2-0,5. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның абсолютті өтімділік коэффициенті талданушы жылдарда қалыпты мәннен үлкен, яғни ақшалай қаражаттар және бағалы қағаздармен қысқа мерзімді қарыздарды өтей алу мүмкіндігі абсолютті екенін көреміз.

Аралық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігі тек ақшалай қаражаттар есебінен ғана емес, сонымен қатар жүктелген өнім үшін күтілетін түсім есебінен өтелуі мүмкін екенін білдіреді, оның қалыпты мәні Карө ≥ 1 болса, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның бұл көрсеткішінің мәні 2004-2005 жылдары үлкен және 2006 жылы төмендегені байқалады.

Кесте 20.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның өтімділік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

1. Ақша және оның эквиваленттері, мың теңге

3951540

14649246

4212277

2. Саудалық және басқа дебиторлық қарыз

6242322

6930149

8048172

3. Тауарлы-материалды запастар

6026349

5247679

4785406

4. Ағымдағы міндеттемелер

8016740

13443757

14226560

5. Абсолютті өтімділік коэффициенті (Каө = (Ақшалай қаражаттар+Бағалы қағаздар)/Ағымдағы міндеттемелер)

0,492

1,089

0,296

6.Аралық өтімділік коэффициенті (Карө = (Ақшалай қаражаттар+Бағалы қағаздар+Дебиторлық қарыздар+Басқа активтер)/Ағымдағы активтер)

1,271

1,605

0,861

7. Жалпы өтімділік коэффициенті (Кжө = Ағымдағы активтер/Ағымдағы міндеттемелер)

2,023

1,995

1,198

Ескертпе – 2004-2006 жылдар аралығында «Интегаз Орталық Азия» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

Жалпы өтімділік коэффициенті барлық өтімді ағымдағы активтердің барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасы, оның қалыпты мәні Кжө ≥ 2, бұл көрсеткіш бойынша да «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның көрсеткіштерінің мәні 2004-2005 жылдары қалыпты мәнге сәйкес, ал 2006 жылы қалыпты мәнге сәйкес келмейді. Бірақ кәсіпорынның төлем қабілеттілігі 2004-2006 жылдары аралығында қалыпты деңгейде.

Өтімділік кәсіпорынның төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1: өте өтімді активтер – ақшалай қаражаттар және қысқа мерзімді салымдар ( қысқа мерзімді бағалы қағаздар).

А2: тез өтімді активтер – дебиторлық қарыздаржәне басқа айшалым активтер.

А3: баяу өтімді активтер – тауарлы-материалды қорлар.

А4: қиын өтімді активтер – негізгі қорлар және басқа айналымнан тыс активтер.

Баланс пассивтері олардың төлену жеделдігі деңгейіне байланысты топтастырылады:

П1: неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – несиелік қарыздар және уақытында төленбеген кредиторлық борыш.

П2: қысқа мерзімді пассивтер – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

П3:  ұзақ мерзімді пассивтер – ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары.

П4: тұрақты пассивтер - пассивтің бірінші бөлімінің «меншікті капитал» баптары.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесі қатынастарда саналады:

 

А1 ≥ П1

А2 ≥ П2

А3 ≥ П3

А4 ≤ П4

Басқа сөзбен айтқанда, сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Компания балансының өтімділігін анықтау 21 кестеде берілген.

 

Кесте 21.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ балансының өтімділігін анықтау, мың теңге

 

Актив

2004ж

2005ж

2006ж

1. Өте өтімді активтер А1

3951540

14649246

4212277

2. Тез өтімді активтер А2

6242322

6930149

8048172

3. Баяу өтімді активтер А3

6026349

5247679

4785406

4. Қиын өтімді активтер А4

63188494

84535234

134099971

Пассив

2004ж

2005ж

2006ж

1. Неғұрлым жедел міндетемелер П1

8016740

8538144

13705036

2. Қысқа мерзімді пассивтер П2

-

4905613

521524

3. Ұзақ мерзімді пассивтер П3

32170596

37140314

72949713

4. Тұрақты пассивтер П4

57955541

67814703

86520298

Ескертпе: 2004-2006 жылдар аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ балансының өтімділігін анықтау:

2004 жылы: А1 < П1, А2 > П2, А3 < П3, А4 > П4;

2005 жылы: А1 >П1, А2 > П2, А3 < П3, А4 > П4;

2006 жылы: А1 < П1, А2 > П2, А3 < П3, А4 > П4 болғандықтан баланс өтімді емес.

Сонымен, «Интергаз Орталық Азия» АҚ- ның қаржылық тұрақтылығына талдау жүргізу нәтижесінде балансының өтімді емес, қаржылық тұрақтылық жағдайы қалыпты екенін көреміз.

Кәсіпорынның өзін- өзі қаржыландыруы деп меншікті қаражат көздері есебінен қаржыландыруды айтады. Өзін- өзі қаржыландырудың тиімділігі мен оның деңгейі меншікті қаражат көздерінің үлес салмағына тәуелді болады. Кәсіпорынның өзін- өзі қаржыландыру деңгейі келесі формуламен анықталады:

K c = (П + А) / ( К+ З)                                             (10)

Мұндағы K c - өзін- өзі қаржыландыру коэффициенті;

                П – бөлінбеген таза табыс;

                А – амортизациялық аударымдар;

                К- ұзақ және қысқа мерзімді несиелер;

                З- несиелік қарыздар.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның өзін- өзі қаржыландыру деңгейі  келесі 22 кестеде анықталған.

 

Кесте 22.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның өзін- өзі қаржыландыру деңгейі

 

Көрсеткіштер

2005 ж.

2006 ж.

Ауытқу (+,-)

1.Бөлінбеген таза табыс, мың теңге

65415254

84236548

+18821294

2.Амортизациялық аударымдар, мың теңге

6108069

2708015

-3400054

3.Ұзақ және қысқа мерзімді несиелер, мың теңге

39823415

69315740

+29492325

4.Несиелік қарыздар,мың теңге

8538144

13705036

+5166892

5.Өзін-өзі қаржыландыру коэффиценті,бірліктер

1,478

1,047

-0,431

Ескертпе: 2005-2006 жылдар аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

Өзін-өзі қаржыландыру коэффиценті 2006 жылы 1,047 бірлік құраған. Бұл көрсеткіш шаруашылық субъектінің өндірісті дамытуды қаржыландыруда меншікті қаражат көздері қарыздардан 1,047 есе артық екендігін көрсетеді. 2005 жылы бұл көрсеткіш 1,478 есе артық болған.

Сонымен, шаруашылық субъектөзінің өндірістік қызметін тек қана меншікті қаражат көздерімен ғана емес сонымен қатар қарыз капиталын да пайдалануы мүмкін. Өзін- өзі қаржыландыру принципі тек қана меншікті қаражат көздерін ғана құруда емес, сонымен қатар өзінің өндірістік қзметін икемді ұйымдастыруда жатыр.

 

 

2.3 Кәсіпорынның капиталды тиімді пайдалануды факторлық талдау

 

Рентабельділік көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасына барлық өндірістік-шаруашылық факторлардың жиынтығы әсер етеді: басқару және өндірісті ұйымдастырудың деңгейі; капитал және оның көздерінің құрылымы; өндірістік ресурстарды қолдану дәрежесі; өнім көлемі, сапасы және құрылымы; өнімдердің өндірісіне шығындар және өзіндік құны; қызмет түрлері бойынша пайда. /13, 145 б/

Рентабельділік көрсеткіштерін факторлық талдау әдістемесі көрсеткішті есептеудің бастапқы формуласын өндіріс белсенділігі мен шаруашылық қызмет тиімділігін жоғарылатудың сапалы және сандық сипаттамасын бөлуді қарастырады.

Мысалы, жалпы рентабельділікті (өндірістік қорлар рентабельділік) талдау үшін үш немесе бес факторлық модельді қолдануға болады.

Барлық қолданылатын модельдер негізінде келесі қатынас жатыр:

 

,                       (11)

мұндағы - өнімнің еңбекақы сыйымдылығы;

- өнімнің материал сыйымдылығы;

- өнімнің амортизациялық сыйымдылығы;

- негізгі өндірістік қорлар бойынша өнімнің қор сыйымдылығы;

- айналым қаражаттары бойынша өнімнің қор сыйымдылығы (айналым қаражаттарының бекіту коэффициенті);

P – баланстық пайда;

F – негізгі қорлар жылдық орташа құны;

Е – материалдық айналым қаражаттарының орташа қалдықтары;

R - өнім рентабельділігі;

- толық өзіндік құн бойынша 1 теңге өнімге шығындар.

Өнім табыстылығы қаншалықты жоғары; негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы және айналым қаражаттар айналымының жылдамдығы қаншалықты жоғары болса; 1 теңге өнімге шығындар және экономикалық элементтер (еңбек құралдары, материалдар, еңбек) бойынша шығындар қаншалықты төмен болса, қорлар рентабельділігі соншалықты жоғары болады. Рентабельділік деңгейіне жеке факторлардың әсер етуіне сандық баға беру тізбекті қойылым әдісі немесе факторлық әсер етуге баға берудің интегралдық әдісі бойынша анықталады.

Информация о работе Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері