Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 18:54, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорында айналым капиталын пайдалану тиімділігін жақсартудың теориялық мәселелерін зерттеу, тәжірибелік тұрғыда талдау және нақты ұсыныстар жасау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
айналым капиталының экономикалық мәні мен маңызын ашу;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін бағалау;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсарту жолдарын анықтау.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Компанияның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы......5
Компанияның айналым капиталының және қорларының пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері..........................................10
ІІ. КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
2.1 Айналым капиталын басқару және бағалау «Машсвар» ЖШС-нің айналым капиталын бағалау............................................................................14
2.2 Айналым капиталын қалыптастыру саясаты.......................................20
2.3 «Машсвар» ЖШС-нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................22
III. КОМПАНИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін арттыру....29
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................34
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
І. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Компанияның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы......5
Компанияның
айналым капиталының және қорларының
пайдалану мөлшері және тиімділігінің
көрсеткіштері.................
ІІ. КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
2.1
Айналым капиталын басқару және бағалау
«Машсвар» ЖШС-нің айналым капиталын бағалау.......................
2.2
Айналым капиталын қалыптастыру саясаты.......................
2.3
«Машсвар» ЖШС-нің негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштерін талдау........................
III. КОМПАНИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 кәсіпорынның
айналым капиталын пайдалану тиімділігін
арттыру....29
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық - инновациялық стратегияның негізгі мақсаты шикізаттық бағыттан бас тарта отырып, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және экономиканы әртараптандыру болып табылады. Осыған байланысты осы мақсатқа жетуде өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуде оның негізгі және айналым капиталын пайдалану тиімділігін арттырудың маңыздылығы жоғары. Қандай да бір бизнестің нәтижесі, кәсіпорынның қалыпты қызмет ету мүмкіндігін қамтамасыз етуі, ең қажетті жүйемен тең болатын қаржылық ресурстардың тиімді қолдануынан тәуелді. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында шаруашылықтың әрбір субъектісінің қызмет нәтижесі және негізгі мәселесі қаржы туралы қамқорлық, бұл сұрақтар ең алғашқы міндет болып табылады; шаруашылық субъектілер қызметінің қаржылық аспектісін бірінші жоспарға көтеріп, қаржылық рөлдің артуы бүкіл әлемдік сипат және тенденция болып отыр.
Нарық жағдайында кәсіпорынның дамып, оның кездейсоқ құлдырауына жол бермес үшін, қаржылық талдау арқылы, қаржылық қызметтің кемшілігін жою және болдырмау, кәсіпорынның төлемқабылетін және жағдайын жақсарту үшін резервтерді іздеу қажет.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы көбінесе оның өкімінде қандай құралдар бар және олар қай жерлерге салынғанынан тәуелді. Айналым және айналымнан тыс активтер қажеттілігі кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру талаптарымен шартталған. Олар кәсіпорынның өз ерікті және тәуелсіз қызмет атқару негізі. Алайда тек өз қаражаты арқылы, әсіресе кәсіпорын өніміне сұранысы мерзімдік сипатта болса, кәсіпорын қызметтерін қаржыландыру үнемі табысты емес. Ондайда жеке кезеңде банк шотында үлкен қаражат жинақталса, басқа кезеңде олар жетіспейтін болады.
Айналым активтерін талдау шеңберінде, баланс активі кәсіпорын қажеттілігіндегі капитал ораналасуы туралы мәліметтерден тұрады, яғни оны нақты мүлікке және материалдық құндылықтарға, өнім сатылымына және кәсіпорын өндірісінің шығынына салу, еркін ақша қаражаттарының қалдықтары туралы кіреді. Айналым капиталы ақшалай және материалды нысанда қызмет ете алады. Инфляция жағдайында ақша қаражаттарына салым салу мүмкіндіктердің қысқаруына әкеледі. Және де , егер кәсіпорын өз қызметін кеңейтсе, сатып алушылар саны да және сәйкесінше дебиторлық қарыз да артады. Ақырғы көрсеткіштің болуы қаржылық қиындықтар туғызады, себебі кәсіпорын өндірістік қорларды, қайта сату, жалақыны төлеу үшін тауарларды сатып алу мақсатындағы қажетті қаржы ресурстар жетіспеушілігін сезінеді. Сонымен бірге, қаражаттың тұрып қалуы капиталдың айналымын тоқтады.
Айналым қаражаттың құрамындағы дебиторлық қарыздың жоғарлауы айналым құралының айналуын бағалауда ерекше орынды анықтайды. Кәсіпорын қорларын шектен көп жиналуы да қаржылық жағдайға қолайсыз. Жоғарыда айтылған шеңберде, экономика өсуінің кезеңінде, Қазақстан кәсіпорындары үшін аталған мәселелердің көкейтестілігі өте жоғары тұрғанын ескерген қажет. Сондықтан кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсарту тақырыбы өзекті деп айтуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорында айналым капиталын пайдалану тиімділігін жақсартудың теориялық мәселелерін зерттеу, тәжірибелік тұрғыда талдау және нақты ұсыныстар жасау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
айналым капиталының экономикалық мәні мен маңызын ашу;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін бағалау;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсарту жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - «Машсвар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорында айналым капиталын қалыптастыру, тиімді пайдалану және оны жақсарту мәселелері бойынша отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы Статистика агенттігінің мәліметтері, «Машсвар» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
i КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Компанияның
айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы
Компанияның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы- бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы- бұл компаниядардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Компаниядардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы компания қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.
Компанияда айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты компанияда айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:
өндірістік айналым қорлары;
айналыс
қорлары;
Айналым капиталы
Кесте-1
Айналым қорлары | Айналыс қорлары | |||||
өндірістік запастар | Аяқталмаған өнадіріс | Болашақ кезең шығындары | Қоймадағы дайын өнімдер | Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар | Есептеулердегі ақша құралдары | Ақша және т.б. қаражат айналымы |
Нормаланған | Нормаланбаған |
Өндірістік айналым қорлары- өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Айналым қорлары-бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, компанияның ақша қорлары.
Компанияның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы компания жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі компанияның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Компанияның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:
Айналым сферасы;
Элементтері;
Норма ауытқуы;
Қаржыландыру көздері;
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді.Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.
Компания жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:
Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, компания өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Айналым қорларының бір айалымын мынадан көруге болады:
А-ӨЗ...Ө...ДӨ-А*
Ақша құралдарына (А) компания өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, компанияға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:
Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан және тез тозатын құралдар).