Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 18:54, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорында айналым капиталын пайдалану тиімділігін жақсартудың теориялық мәселелерін зерттеу, тәжірибелік тұрғыда талдау және нақты ұсыныстар жасау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
айналым капиталының экономикалық мәні мен маңызын ашу;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін бағалау;
кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсарту жолдарын анықтау.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Компанияның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы......5
Компанияның айналым капиталының және қорларының пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері..........................................10
ІІ. КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
2.1 Айналым капиталын басқару және бағалау «Машсвар» ЖШС-нің айналым капиталын бағалау............................................................................14
2.2 Айналым капиталын қалыптастыру саясаты.......................................20
2.3 «Машсвар» ЖШС-нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................22
III. КОМПАНИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін арттыру....29
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................34
Шикізаттан
шығарылған өнім коэффициенті жұмсалған
шикізаттың құрамындағы қолданылған тиімді
заттар көлемін көрсетеді. Ол шикізат
құрамындағы тиімді заттар көлемін шикізаттың
толық көлеміне қатынасымен көрсетіледі.
ШШӨК=
тиімді заттар көлемі/шикізат көлемі.
Компанияда барлық материалдық ресурстарды пайдалануын көрсететін маңызды көрсеткіштері- өнімнің материал сиымдылығы (Мс) және, бұған кері, материал қайтарымдылығы (Мқ) болып табылады.
Мс= МЗ/ТӨ; Мо=ТӨ/МЗ;
Мс= МЗ/Vc; Мо= Vc /МЗ;
МЗ- компаниядағы жұмсалған материалдар көлемі,
ТӨ- компаниядағы тауарлы өнім шығарылымы,
Vс- сатылған өнім көлемі.
Өнімің материал сиымдылығының жеке көрсеткіштері:
Электросиымдылық
Мэл= жұмсалған электроэнергия көлемі/өнім көлемі;
Энергосиымдылық
Мэв=
тұтынылған энергия көлемі/ өнім көлемі;
Компанияның техникалық- экономикалық көрсеткіштері
Жалпы табыс= өткізілген өнімнен түскен түсім- өткізілген өнімнің өзіндік құны;
Негізгі қызметтен түскен түсім= жалпы табыс- кезең шығындары;
Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс= негізгі қызметтен түскен түсім- негізгі емес қызметтен түскен түсім;
Корпоративті табыс салығы=30%;
Салық салғаннан кейінгі жиынтық табыс=салық салғанға дейінгі жиынтық табыс - корпоративті табыс салығы;
Таза табыс= салық салғаннан кейінгі жиынтық табыс;
Өнім рентабельдігі= (таза табыс/өткізілген өнімнің өзіндік құны+кезең шығындары)* 100;
Сату рентабельділігі= (таза табыс/өткізілген өнімнен түскен табыс)* 100;
Өндіріс рентабельділігі= (таза табыс/негізгі құралдардың орташа жылдық құны+айналым құралдарының орташа жылдық құны)* 100;
1 жұмыскердің еңбек өнімділігі= өткізілген өнімнен түскен табыс/жұмыскерлер саны;
1 жұмысшының еңбек өнімділігі= өткізілген өнімнен түскен табыс/жұмысшылар саны;
1 жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы= (жұмыскерлердің еңбекақы қоры/жұмыскерлер саны)*12 айға;
1 жұмыскшының орта айлық еңбек ақысы= (жұмысшылардың еңбекақы қоры/жұмысшылар саны)*12 айға;
Қор қайтарымдылығы= өнім көлемі/негізгі құралдардың орташа жылдық құны;
Қор сиымдылығы= негізгі құралдардың орташа жылдық құны/ өнім өлемі;
Қормен қарулану= негізгі құралдардың орташа жылдық құны/жұмысшылар саны;
Амортизация
суммасы = (негізгі құралдардың орташа
жылдық құны*амортизация нормасы)* 100;
КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ
2.1 Айналым
капиталын басқару және бағалау
Айналым капиталын басқару жалпы компанияның күнделікті атқаруды қажет ететін қызметтерінің бірі болып табылады. Айналым капиталын басқару ең алдымен айналым активтерінің қалай ұйымдастырылғанына байланысты, яғни оны келесідей кезеңдер бойынша сипаттауға болады.
Жалпы корпорацияның айналым капиталын басқаруды және ұйымдаструды қаржы менеджментi қаржыны басқарудың тиiстi элементтерiн - ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеудi, бақылауды және бағалауды iске асырады.
Қаржы менджментiн жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады. Бұл орта бағалардың еркiн жүйесi, тауар мен қызметтердiң рыногымен қатар еңбек, капиталдыр, өндiрiс құрал-жабдықтары рыногiнiң жұмыс iстеуi, корпорациялардың қызметiн мемлекеттiк реттеудегi заңнамалық рететудегi кәсiпкерлiк қызметтi коммерциялық есеп негiзiнде жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Қаржы менеджментi келесi кезеңдердiң дәйектi ауысымы ретiнде сипаттауға болады:
Ақша қаражаттарын және айналым активтерін (капиталды) пайдаланудың мiндетiн қою және мақсатын анықтау;
Айналым активтерінің қозғалысын басқарудың қаржылық әдiстерiн, тәсiлдерiн анықтау;
Қабылданған шешiм бойынша айналым активтері жөнiндегi шешiмдi бизнес-жоспар немесе басқа рәсiмдеу түрiндегi iс-әрекеттердiң бағдарламасын жасау;
Айналым капиталының қызмет етуін және орындалуын ұйымдастыру;
Айналым активтерін бағалауда бақылау жасау және қажеттi түзетулер енгiзу, алдағы өндірістік кезеңдерге қажетті материалдар көлемін анықтау;
Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi кәсiпорынның айналым активтерінің қаржылық жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын (рентабельдiлiктi, төлем қабiлетiн, несиелердi өтеу деңгейiн), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге қабiлеттiлiгiн) сипаттау үшiн қажеттi. Талдаудағы қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы шаруашылығы нәтижелерi туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады.
Сөйтiп, қаржы менеджментi кәсiпорынның күнделікті өндірісіне қажетті айналым капиталын және тағы басқа активтерді қаржылық қамтамасыз етiлуiн тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң мақсаттары үшiн оның ағымдарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Корпорацияның қаржы саясатында қаржы менеджментiнiң жалпы мақсатты нұсқамасы - экономикалық дамудың iшкi және сыртқы факторларын есепке алу негiзiнде корпорацияның рынокта тең қаржы саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Компанияның айналым активтерінің жетіспеушілігі салдары ең бастысы компанияның қаржылық тұрақтығына байланысты. Айналым активтерін ұйымдастыру олардың тиімділігін арттыру мәселесімен айналысады. Олар:
Айналым құрамын және құрылымын анықтау;
Компанияның айналым активтерінің қажеттілік деңгейінің оптималды көлемін анықтау;
Айналым капиталын қалыптастыру көздерінің тиімді тарту жолдары мен каналдарын анықтау;
Айналым активтерін бөлу және оларды ұтымды қолдану шаралары;
Айналым активтерінің сақталуын және қауіпсіздігіен қамтамасыз ету;
Айналым құрамы өндірістік қорлар және айналым қорлары қалыптастырушы элементтер жиынтығын айтады. Ал құрылымы әрбір айналым элементінің жалпы активтердегі үлесін анықтайды. Компания қызметін қаржыландыру және несиелеуде компания активтерінің негізгі құрамын келесі көрсеткіштер құрайды:
Тауарлы-материалды құндылықтардың қорын басқару;
Дебиторлық қарыздарды басқару;
Есеп қаражаттарын басқару;
Ақша қаражаттарын қалыптастыру.
Мұндағы тауарлы материалдық қорларды басқару компанияың қызмет етуіне күнделікті қажетті болып табылатын айналым қорларын дер кезінде қамтамасыз етуді талап етеді. Өйткені өндіріске немесе қызмет көрстеуге байланысты материалдарды уақытымен қамтамасыз етіп отырмаса, онда жалпы өндіріс тоқтап, компанияның тұрақты қызмет етуіне зиянды әсер етеді.
Дебиторлық қарыздарды басқару компанияның өз қызметін тиімді ұйымдастыруындағы қажетті қарыз несиелерінің тартылуындағы тиімді жақтарын анықтау немесе қарыз берудегі қызметін анықтау болып табылады. Мысалы, компания несие алуда ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімдегі, банктерден немесе банктік емес ұйымдардан алудың қайсы жолдары ұтымды екенін анықтау қажеттігі туындайды.
Компанияның есеп құжаттарын басқару бұл өз кезегінде бухалтерлік есеп негізінде көрініс табады. Бухгалтерлік құжаттарға компанияның бухгалтерлік қызметі, оның шығындары мен табыстарының есебі, қорытынды есептері жатады. Компанияның бухгалтерлік есебінде айналым активтерінің үлесі айтарлықтай орын алады. Бұл әсіресе қаржы салаларында кең көрініс табады.
Ақша қаражаттарын басқаруда компанияның айналым активтерінің күрделі әрі барлық қызметтерді жүргізудің және ұйымдастырудың негізі болып табылатын ақша қорларын және ақша қаражаттарын қалыптастыру мен тиімді пайдаланудан туындайды. Ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi:
Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
Бақылау қызметi.
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Осы жиналған немесе тартылған ақша қорларын экономикада орынды жұмсау қаржының екiншi қызметi ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әрине жоғарыда аталған қызметтердiң барлығы бiр-бiрiмен тығыз байланысты және олардың қызметтерi бiр-бiрiнсiз жүзеге аспайтын белгiлi бiр экономикалық жүйе болып табылады.
Сонымен
қатар, компанияың айналым капиталын бағалаудың
негізі айналым активтерін тиімді қолдану
мен пайдалану әдістерін анықтау болып
табылады. Оның іске асуын келесі суреттен
көре аламыз:
Сурет-1-
Айналым активтерін бағалаудың тиімділігін
анықтау
Мұндағы айналым активтерінің жылдамдығын анықтауда белгілі бір кезеңдегі компанияның салынған капиталдарының қайтарылуы және үстеме пайда әкелу аралығы сипатталады, яғни осындай ұдайы ұлғаймалы өндірістен неше айналым болғандығын сипаттайды. Егер неғұрлым айналым активтерінің айналу жылдамдығы көбірек болған сайын, соғұрлым олардың экономикалық қызметінің тиімділігі көрініс табады және бұл өнімге сұраныс та арта береді.
Сондай
корпорация жағдайын сипаттағанда олардың
айналым активтерінің көлемінің де маңызы
зор. Себебі, егер айналым активтерінің
жылдамдығы тез болуы мүмкін, бірақта
ондағы айналым қорларының үлесі мардымсыз
болып келеді. Мысалы, ірі өндірістпен
айналысатын корпорациялардың айналым
қорларының көлемі де ірі көлемде сипат
алады, ал бұл өз кезегінде айналым активтерінің
айналым жылдамдығын кемітеді.
«Машсвар»
ЖШС-нің айналым капиталын пайдалану тиімділігін
бағалау
Кәсіпорынның айналым активтерінің құрамы мен құрылымын талдау кәсіпорынның айналым қаражаттарының абсолютті және салыстырмалы өсуін немесе кемуін сипаттайды. Айналым қаражаттарының өсуі кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін аңғартады. Айналым активтерінің артуы кәсіпорын жұмысын қолайлы тұрғыдан сипаттайды, өйткені оның өндірістік процесінің әрі қарай дамуын көрсетеді.
Айналым активтер қаржылық есеп берудің маңызды элементтері болып табылады, сол себепті талдау барысында олардың қолда бары, құрамы мен құрылымы, сондай-ақ есептік кезеңдегі олардың өзгерісі зерттеуге алынады. Айналым активтерінің құрылымын талдау, сондай-ақ, олардың өндіріс барысына тиімді орналасуын бағалауға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, ағымды активтердің жалпы көлемі мен ағымды міндеттемелердің жалпы көлемі кәсіпорынның өтімділігін көрсетеді.
Айналым активтердің құрамы мен құрылымын
талдау әдістемесін «Машсвар» ЖШС бухгалтерлік
балансының мәліметтерін қарастырамыз.
Аталған кәсіпорының жалпы өндірістік
активтерінің құрамы мен құрылымы 3 кестеде
берілген.
1-кесте. «Машсвар» ЖШС активтерінің құрамы мен құрылымы, мың теңге
Көрсеткіштер |
2009 жыл |
2010 жыл |
Ауыт-қуы (+.-) |
Өсу қар-қыны, % | ||
Сомасы |
% |
Сомасы |
% | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ұзақ мерзімді активтер |
3570 |
6,8 |
21015 |
32 |
17445 |
-6,7 |
Негізгі құралдар | 44869 | 86 | 41829 | 63 | -3040 | -6,7 |
Материалдық емес активтер | - | - | - | - | - | - |
Ұзақ мерзімді инвестициялар | - | - | - | - | - | - |
Айналым активтері | 362 | 0,6 | 895 | 1,36 | -533 | -67,5 |
Материалдық құндылықтар | - | - | 2 | - | +2 | - |
Дебиторлық қарыз | 175 | 0,3 | 443 | 0,67 | 268 | -100,0 |
Ақша қаражаттары | 3143 | 6,0 | 1403 | 2,1 | -1740 | -57,4 |
Басқа да ағымды активтер | - | - | - | - | - | -100 |
Активтер, барлығы | 52119 | 100 | 65858 | 100 | 1379 | -7,9 |
Ақпарат көзі: «Машсвар» ЖШС 2009-2010 жылғы қаржылық есебі |