Кәсіпорынның айналым капиталы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 18:54, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорында айналым капиталын пайдалану тиімділігін жақсартудың теориялық мәселелерін зерттеу, тәжірибелік тұрғыда талдау және нақты ұсыныстар жасау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

айналым капиталының экономикалық мәні мен маңызын ашу;

кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;

кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін бағалау;

кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсарту жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

І. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Компанияның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы......5

Компанияның айналым капиталының және қорларының пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері..........................................10

ІІ. КӘСІПОРЫНДА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ

2.1 Айналым капиталын басқару және бағалау «Машсвар» ЖШС-нің айналым капиталын бағалау............................................................................14

2.2 Айналым капиталын қалыптастыру саясаты.......................................20

2.3 «Машсвар» ЖШС-нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................22

III. КОМПАНИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін арттыру....29

Қорытынды............................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................34

Работа состоит из  1 файл

Айдана Предпринимательство курсовая.doc

— 1,021.09 Кб (Скачать документ)
 

     Кестені талдай отырып кәсіпорын 2010 негізгі капиталды қолдану тиімділігін арттырғаны байқалғанын көрсету қажет. Қорқайтарымы 1,12 % ал қор сиымдылығы 0,87 құрады. Еңбек ресурсын қолдану артты. Шығарылым 93 % құрады. Ол өндірістің жұмыс санын артқанына байланысты болды. 

10-кесте. Капиталдың өзіндік және қарыздық құрылымы, мың тг

Капитал түрі 2005 2006 2007 2008 ж. Үлесі,% 2009 ж

Үлесі,

%

2010 ж үлесі,

%

1 2 3 4 5 6 7
Меншік  капитал 35 060 38 470 55 489 30,8 34,8 52,5
Қарыздық  капитал 78 705 72 080 50 145 69,2 65,2 47,5
Барлығы капитала 113 765 110 550 105 634 100 100 100

      

          Сонымен 2010 жыл соңында ЖШС меншік капиталы 55489 мың тг, ол өткен 2009 жылмен қарасақ 52,5 % жоғары .

         Талданған жыл кезеңінде ақырғы жылды салыстырмасақ, қарыздық капиталдың артқаны байқалған. 2005 ж меншік капитал мөлшері 30,8 %, кейін меншік капитал мөлшері 2007 жылы максимум болды.

       2010 жылы меншік капитал мөлшері төмендеді және ол 2010 жылы 47,5 %болды. Ол кәсіпорынның сыртқы инвесторлардан тәуелділік деңгейнің әлсізденгенін көрсетеді.  

11-кесте.  Бөлінбеген табыс құрамы бойынша есеп. 

Атауы 2008 2009 2010
Жыл басындағы бөлінбеген пайда 0 0 0
Кезең бойынша таза табыс 1 474 3 957 16 553
Меншік иелермен есептесу (263) (688) (2 726)
Кезең бойынша бөлінген табыс 1 211 3 296 13 827
Кезең соңында бөлінбеген табыс 0 0 13 827
 

      Есепте бөлінбеген табыс кезең бойынша 2008 және 2009 0 ға тең .ол барлық шаруашылық айналымға кетті. Яғни ағымдық қызметті қаржыландыру пайдаланды. 2010 жылы бөлінбеген табыс 13 827 мың тенге. Кәсіпорын оны бөлуге үлгермеді. 

III.Компанияның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары

3.1 кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін арттыру 

   Компанияның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни компания өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.

   Компанияның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық көрсеткіштері компания мүлкінің құрылымын анықтайды және компания активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.

   Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:

   Компанияның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының компаниядарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы компаниядарындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);

   Компания қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы компаниядар);

   Компанияның өндірістік қабілеті;

   тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, компанияның өніміне деген сұраныстың болуы).

   Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:

   Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);

   Компанияның баға саясаты;

   Тауарлық- материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.

   Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару жүйесінің тиімділігінің артқанын және компанияның өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі компанияның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.

   Айналым капиталдарын қолданудың тиімділігін арттырудың жолдары жоғарыда Қазхром АҚ мәліметтерінің негізіне сүйене отырып қарастырған болатынбыз. Ағымды активтердің оңтайлы көлемін қалыптастыру негізінен алғанда активтердің компанияға қажетті мөлшерін анықтаумен байланысты болғандықтан, материалдарды оларды әдістемесімен де таныс болдық.

   Алайда, аталған компанияның қызмет ерекшеліктеріне байланысты оның ағымды активтердің құрамында материалдық құндылықтар мен дебиторлық қарыз және ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің ерекшеліктеріне, айналу жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына, пайда болу заңдылықтарына байланысты ағымды активтердің бұл элементтерн жоспарлау, болжамдау және алдын-ала есептеп анықтау өте қиын. Бұл активтерді басқару барысында өзге де әдістерді қолданады. Компаниядар бұл тектес активтердің тиімділігін қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу әдістерінің көмегімен арттыра алады.

   Дебиторлық қарыз шоттарындағы қаражаттар ағымды активтердің айналымнан шығып қалған бөлігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде компанияды қосымша қаражаттарға мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының қиындауына алып келеді.

   Коммерциялық есеп айырысу принципі бойынша жұмыс істейтін компаниядар дебиторлық қарыздың көлемінің барынша аз болғанын қалайды. Себебі бұл олардың жалпы айналым жылдамдығын арттырады, нәтижесінде жалпы ағымды активтердің тиімділігінің өсуіне алып келеді. Мәселен, сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар) бойынша дебиторлық қарыздардың төмендеуі келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің, табыстар мен рентабельділік жоспарларының орындалу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді. Басқа да шоттардағы айналым қаражаттарының азаюы олардың тиімді қолданылып жатқандығын білдіреді, өйткені олар өндірістік процестен шығып қалмай, тауарлық нысаннан ақшалық нысанға ауысады.

   Аталған ағымды активтердің құрамдас бөліктердің қолдану тиімділігін арттыру жолдарына келесілерді жатқызуға болады:

   Есеп айырысу және төлем дисциплинасын нығайту;

   өзге компаниядармен, қаржы мекемелерімен, салық мекемелерімен тікелей шаруашылық және қаржылық қатынастарды дамыту;

   келісім шарттар дисциплинасын нығайту және сәйкесінше келісім шарттағы міндеттемелердің мезгілінде және толық орындалуын бақылау;

   есеп айырысудың прогрессивті нысандарын қолдану тәжірибесін кеңейту;

   Дебиторлық қарыздардар шоғырланып, тұралап қалған қаражаттарды қысқартудың маңызды факторы - бұл ағымды активтерді толықтыруға бағытталған қаржы ресурстарын тарту болып табылады. Компаниядар өздерінің ағымды активтерін тиімді қолдануға септігін тигізетін қысқа мерзімді несиелерді қажет кезінде және қажет көлемде тарта білулері керек. Қазіргі таңда Қазақстанда ағымдағы активтерді қысқа мерзімді қаржыландырудың алуан түрлі нысандары қалыптасып отыр. 

   Қазақстанда шағын несиелер беретін компаниядар дамуы мемлекет тарапынан қажетті шараларды талап етеді. Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, компаниядарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі   миллионнан астам компаниядарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы екі млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелерінің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде банктік не бюджеттік несиелерді есептемегендегі қаражат көздерінің құрылымында шағын несиелердің үлесі небәрі 8% ғана құрап отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2003 жылдың ақпан- наурыз айларында қабылданған «Несиелік серіктестіктер туралы» және «Шағын несие ұйымдары туралы» Заңдарына шағын несиелеуді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізу қажет.

   Нарықтық экономика жағдайларындағы компаниядардың ағымды активтерін қысқа мерзімді қаржыландырудың негізгі мәселелерін зерттеу нәтижесінде шаруашылық субъектілері үшін қаржы ресурстарын қалыптастырудың алуан түрлеріне көңіл бөлдік. Алайда, осылардың ішіндегі ағымды активтердің қаржыландыру тұрғысынан қарастырғанда Қазақстан жағдайларында компаниядар үшін ең қолайлысы шағын несиелер, вексельдік және факторингтік операциялар болып отыр.

   Жұмыста қарастырылған өзекті мәселе, компаниядардың қысқа мерзімді өндірістік мұқтаждықтар үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру- қаржыландыру көздерінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру бойынша тиімді шешімдер қабылдауға және оларды жүзеге асыруға тікелей байланысты болып табылады.

      
 
 
 
 

   ҚОРЫТЫНДЫ 

   Қорыта келгенде, компанияның айналым капиталы экономикада жалпы компания мүлігінің негізгі бөлігін құрайды. Осы айналым капиталының жағдайын және тиімділігін қамтамасыз ету - кәсіпкерлік қызметтің тиімді дамуының бірден-бір негізгі көзі. Айналым қорлары өз кезегінде ақшалай, өндірістік және тауарлық формада болып, олар өндірістік қорларға және айналым қорларына бөлінеді. Мұнда өндірістік қорларға еңбек күші мен еңбек құралдары жатады, ал жылдың өнім, ақша қаражаттары айналым қорын қалыптастырады. 

   Айналым капиталы өндірістік шығындардың басты бөлігін құрайды. Өйткені олар өздерінің құндарын шығарылған тауар құнына толық қосып отырады, яғни айналым активтері тауар құнын белгілеудің негізі болып табылады. Ал тауар бағасы раынокта сұранысты қалыптастырады, демек айналым активтерін тиімді пайдалану, өндіріс шығындарын минималдау әрбір нарықта қызмет етуші, бәсекелестік компанияның күн тәртібіне қойылған негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Компанияның айналым активтері екі қызмет атқарады. Оған өндірістік және есептік қызметтер жатады.  Корпорацияның барлық айналым активтерінің қалыптастыру көзі негізінен үш түрге: меншік капитал, қарыздар және салымдар екені белгілі. Ал айналым активтерінің тиімділігін арттыру дегеніміз өндірістегі активтердің айналым жылдамдығын арттыру болып табылады. Осылайша компанияның айналым капиталын экономикалық тұрғыдан күнделікті бағалау отыру маңызды қызметтің бірі болып табылады. Еліміздегі бүгінгі компаниядардың өнеркәсіп және өңдеуші салаларында айналым активтерінің жылдамдығы өте төмен, оның басты себебі отандық өнеркәсіп салаларының құралдарының 80% моралдық және физикалық жағынан тозған. Одан шыққан өнімдерге  нарықта сұраныста аз және ол заман талабына сай келмейді. Осы мәселені шешу бүгінгі еліміз экономикасының күн тәртібіндегі негізгі тапсырманың бірі. . Белгілі болғандай, берілген курс жұмысының обьектісі ретінде -«Машсвар» ЖШС алынған.

       1. Запастар, ақша қаражаттары және қаржылық инвестициялар айналым активтерінің құрамына кіреді. Айналым құралы кәсіпорынның ақша қаражаттар қоры өндірістің үзіліссіз қамтылуы үшін, айналыстық  өндірістік қорға және айналыс қорына авансыланған.

       2. Тауарлы- материалдық запастың таза өткізу құны орам үшін және сатылуды ұйымдастыру үшін шығынды алып тастағанда шығатын, қарапайым шаруашылық қызметте  ұсынылатын сатылу бағасын көрсетеді. Ағымдық активтерді талдау міндеті - ақша қаражаттары ақша қаражаттың сақталуын қамтамасыз етумен және оларды лимитқа, сметаға сай мақсатты бағытта қолдануды бақылау; ақша қаражатының әрекеті бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау; аналитикалық есепті уақытында және шынайы жүргізу; ақша қаражатын түгендеуді толық және мерзімге сай жүргізу; банктің көмегімен төлемді жүргізу.

       3. Ассоцияланған ұйымға инвестиция салу үлестік қатысу әдістері негізінде алайда, келесі жағдайды санамағанда айқындалады: инвестициялар сатылым үшін алынып қалатын және 5 ҚЕХЖ -нде (IFRS) есепке алынады.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталы