Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 09:57, курсовая работа

Описание

Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3

Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың теориялық
аспектілері.

Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың мәні және
мағынасы ..............................................................................................................6
Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың әдістері .................15

“Қазақтелеком” АҚ – ның қаржылық жай – күйін талдау.
“Қазақтелеком” АҚ-ның қызметіне қысқаша сипаттама ......................25
“Қазақтелеком” АҚ-ның қаржылық жай – күйін талдау .....................34
Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын анықтау ....................49

«Қазақтелеком» АҚ – ның қаржылық жай күйін бағалау әдістерінің кемшіліктері және оны шешу жолдары .............................................................58


Қорытынды ………………………………………………………….…….......64

Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................67

Қосымшалар .....................................................

Работа состоит из  1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-қаржылық-жай-күйін-бағалау.doc

— 875.00 Кб (Скачать документ)

 




 

 



 

 


 


 

 

 



 

 

 


 


 

 

Бланк И.А.  « Основы финансового  менеджмента » 2- е издание. Перераб. и доп. Киев: Ника – Центрэльга. 2004

 

Сурет 1.     Қаржылық талдаудың негізгі түрлері.

 

Толық - қаржылық талдау қаржылық қызметтің барлық аспектілерін кешенді түрде зерттеу мақсатыңда жүргізіледі.

Тематикалық - қаржылық талдау қаржылық қызметтің жеке бөліктерін және  кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді түрде зерттеу болып табылады.

3.Аналитикалық зерттеу тереңдігі бойынша экспресс – талдау және фундаменталды талдау деп  жіктеуге болады.

Экспресс –  талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.

Фундаменталды талдау кәсіпорынның қаржылық қызметінің көлемінің динамикалық көрсеткішін факторлы зерттеуден тұрады.

4. Қаржылық талдау объектісі бойынша келесі түрлерге жіктеуге болады;

Кәсіпорынның  қаржылық қызметін толықтай талдау. Бұндай талдау кезіңде кәсіпорынның құрылымы мен бөлімшелерін бөлек қарастырмай оның қаржылық қызметін толық зерттеу болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметін жекелеп талдау. Бұндай зерттеудің пәні инвестицияларымен байланысты немесе нақты инвестициялық жобаларды

өткізуді қаржыландырумен  және тағы басқа операцияларды талдау.

5. Өткізу уақытына байланысты ;

Алдын – ала  қаржылық талдау. Бұл талдаудың мақсаты қаржылық қызметті іске асыру шартын зерттеумен байланысты талдау.

Ағымдағы қаржылық талдау. Іске асырылып жатқан қаржылық қызметтерге және оған уақытында ықпал жасай алу мақсатында жүргізілетін талдау.

Кейінгі талдау. Ол кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін толық және тереңдеп зерттеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық талдаудың  тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі  ережелерін қалыптастырды. Олардың  ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. көлденең талдау,
  2. тікелей талдау;
  3. салыстырмалы талдау;
  4. факторлық талдау;
  5. қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.Оның келесідей түрлерін атап кетуге болады.

  • Есепті кезеңдегі көрсеткіштердің динамикасын өткен кезеңдегі көрсеткіштерімен салыстырып зерттеу. Мысалы өткен аймен, кварталмен салыстыру.
    • Есепті кезеңдегі көрсеткіштердің динамикасын осыған ұқсас өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырып зерттеу.

Мысалы есепті кезеңнің 2- ші кварталын өткен жылдың 2 –  ші кварталымен салыстыру.

  • Бірқатар жылдың көрсеткіштерінің динамикасын талдау. Оның мақсаты

кәсіпорынның қаржылық қызметін сипаттайтын жеке көрсеткіштерінің өзгеру

тенденциясын талдау.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.Оның келесі түрлерін атап кетуге болады.

  1. Активтердің құрылымын талдау. Бұл талдау кезіңде айналым және айналымнан тыс активтердің үлестерін, айналымдағы активтердің құрамындағы элементтерді және т.с.с көрсетеді.

 


                                                                                                             




 

 

 


 


 

 



 

 

 


 


 

 

 



 

Бланк И.А.  « Основы финансового  менеджмента » 2- е издание. Перераб. и доп. Киев: Ника – Центрэльга. 2004

 

Сурет 2. Қаржылық талдаудың әдістері

 

  1. Баланс құрылымын талдау. Бұл талдау кезіңде меншікті және қарыз капиталының ара салмағын көрсетеді. Қалданып жатқан қарыз капиталының құрамындағы займдардың түрлерін көрсетеді – банк несиесі, тауарлық несиелер және т.б.
  2. Ақша ағымының құрылымын талдау. Бұл талдау кезіңде жалпы ақша ағымының ішінен операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен ақша ағымын бөліп көрсетеді. Әр біреуінің құрамына ақша қаражаттарының келіп және кетуі және  қалдығын көрсетеді.

Тікелей және көлденең талдаулар  бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан  да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.Оның келесідей түрлерін атап кетуге болады.

  1. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін ортасалалық көрсеткіштермен салыстыру. Бұл салыстыру кезіңде кәсіпорынның ортасалалық көрсеткіштен қаншалықты ауып кеткенін көруге болады.
  2. Берілген кәсіпорынның көрсеткіштерін бәсекелес кәсіпорынның көрсеткіштерімен салыстыру. Бұл салыстыру кезіңде бәсекелестік деңгейін жақсарту мақсатында кәсіпорынның әлсіз жақтары аңықталады.
  3. Есепті және жоспарлы көрсеткіштерді салыстырмалы талдау. Бұл салыстыру кезіңде нақты көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштен ауытқу себебін көруге болады. 6

Қаржылық талдаудың  нарықтық экономика жағдайындағы көбірек  таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып  табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың  пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

Қатынасты талдаудың  рөлін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор  болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген  талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшеліктері орташа салалық мәліметтер. Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.

Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін механикалық  түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліктеріне назар аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, қаржылық жағдайды талдау барысына салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады, себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды  тек ағымдағы мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар жатады: өтімділік, қаржылық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік белсенділік.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде –тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері (синтез) болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген  әдістермен қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және тағы басқа) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық  жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.      

  1. “Қазақтелеком” АҚ – ның қаржылық жай – күйін талдау.

 

2.1. “Қазақтелеком” АҚ-ның қызметіне қысқаша сипаттама

     

    “Қазақтелеком” АҚ-мы (бұдан әрі Компания) 1994 жылдың маусым айында Ұлттық компания болып құрылды, және 1996 жылдың ақпан айында Ашық Акционерлік Қоғам болып өзгертілді.(2004 ж наурыз айынан Акционерлік қоғам).Компанияның орналасқан, тіркелген және қызметін асырып жатқан жері Қазақстан Республикасы. Компанияның заңгерлік мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Абай көшесі 31.

   “Қазақтелеком”АҚ-мы Республиканың телекоммуникациялық рыногында көшбасшы орынды иеленеді, түрлі байланыс қызметтер буынын көрсететін орталықтар желісі кеңінен тараған. Олардың қатарында дәстүрлі телефония және телеграф қызметтері, деректер беру мен Интернет қызметтері, интеллектуалдық (зияткерлік) және спутниктік желілер және көптеген басқа қызметтер бар. Компанияның Орталық офисі Қазақстанның елордасы – Астана қаласында орналасқан.   

Компанияда 2005ж 31 желтоқсанына сәйкес компанияда 32602,  жұмыс орны болды (2004ж 33220 жұмыс орын). Компания акциялары Қазақстан Республикасына және басқа миноритарлық акционерлерге тиесілі. “Қазақтелеком” компаниясының еліміздің әрбір облысында аймақтық бөлімшелері бар.

Компанияның клиенттері шамамен екі жарым миллион  жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

“Қазақтелеком” халықаралық  оператор ретінде алыс шетелдердің 154 операторымен және ТМД мен Балтық елдерінің 23 операторымен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Қазақстандықтарды әлемнің 230-дан астам елімен байланыстырады.

 “Қазақтелеком” - бүгінгі  таңда тұрақты және игі беделі  жыл сайын “үлкен төрттік”  аудиторлары тарапынан расталып  отыратын бизнес-бағытталған компания. Компания ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде белсенді жұмыстар жүргізеді және жаңа технологиялар енгізу мен телекоммуникациялық қызметтердің аймақтық рыногын қалыптастыруды, бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды және Қазақстанның халықаралық телекоммуникация рыногындағы ұстанымын арттыруды қамтамассыз етеді.  

Компанияның акциялары Қазақстан  қор биржасының ресми тізіміне және “көгілдір фишкалар” мемлекеттік  пакеттерін жүзеге асыру бағдарламасына енген.  

Fitch халықаралық рейтингтік агенттік “Қазақтелекомға” жергілікті және шетелдік валюта бойынша “ВВ” деңгейіндегі ұзақмерзімдік корпоративтік несиелік рейтинг тағайындады. Компанияның рейтингтік келешегін агенттіктер “тұрақты” деп бағалады.  

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау