Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 09:57, курсовая работа

Описание

Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген қауіп - қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, еддегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жүмысымызда кәсіпорынның тек қаржылық тұрақтылықты қамтамассыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық - экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың әлеуетіне кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................ 3

Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың теориялық
аспектілері.

Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың мәні және
мағынасы ..............................................................................................................6
Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін бағалаудың әдістері .................15

“Қазақтелеком” АҚ – ның қаржылық жай – күйін талдау.
“Қазақтелеком” АҚ-ның қызметіне қысқаша сипаттама ......................25
“Қазақтелеком” АҚ-ның қаржылық жай – күйін талдау .....................34
Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын анықтау ....................49

«Қазақтелеком» АҚ – ның қаржылық жай күйін бағалау әдістерінің кемшіліктері және оны шешу жолдары .............................................................58


Қорытынды ………………………………………………………….…….......64

Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................67

Қосымшалар .....................................................

Работа состоит из  1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-қаржылық-жай-күйін-бағалау.doc

— 875.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

2 –  ші кестенің жалғасы

Бабтардың атауы

өсім

2006н к 
2006ж, %

2006н к 
2005н, %

Өзіңдік құн :

   

Материалдар

101%

110%

Басқа

96%

97%

Амортизация

99%

121%

Шет операторлармен келісу           бойынша 

99%

86%

Негізгі өндіріс  персоналының еңбек ақысын төлеу

113%

120%

Өзіңдік құн барлығы

102%

104%

     

Кезең шығындары:

   

Өткізу бойынша  шығындар.

119%

127%

Проценттерді  төлеу бойынша шығындар

173%

175%

Әкімшілік персоналының еңбекақысын төлеу шығындары.

78%

103%

Басқа жалпы  және әкімшілік шығындар.

122%

156%

Кезең шығындарының барлығы

106%

133%

     

Операциондық қызметтің барлық шығындары.

103%

110%


   *Қазақтелеком» АҚ – ның мәліметі бойынша

  * Еншілес, тәуелді компанияларсыз

 

2006 ж. «Қазақтелеком»  АҚ – ның  операциялық қызметтен  шығындары 2005 жылмен салыстырғанда  10 % - ға өсті. Оған келесі себебтер  өз әсерін тигізді:

2006 ж. 1 – ші мамыр  айынан бастап, еңбекақы көлемінің өсуі

Есептелген табысты  жоспсрлы көлемінен асырғаны үшін, қосымша еңбекақы қорынан, ыңталандыру  төлемдерінің өсуі.

«GSM» Қазақстан ЖШС – тің, 2006 ж. қорытындысы бойынша төленген дивиденттерден есептелген табыс салығының ұсталынып қалуы (961,6 млн. теңгеге асуы)

Компанияның корпоративті атағын ұстап тұруға бағытталған  шығындардың өсуі ( 148 млн. теңгеге асуы)

Орта және шағын бизнес субъектілеріне коммисиондық сыйақы төлемдерінің ұлғаюы.

Қоғамның басқа ұйымдардың  қызметіне қатысу туралы, 2006 жылдың 31 қаңтарында жалпы акционерлер жиналысында қабылданған шешімді іске асыру мақсатында қарыз көлемінің ұлғаюы (бірнеше Қазақстандық телекоммуникация компанияларында қатысу үлесін сатып алу шығыны 1318,0 млн. теңгеге асып түсуі).7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. «Қазақтелеком” АҚ-ның қаржылық жай – күйін  талдау

    

 

 Қаржы менеджментінде қаржылық жай – күйді  талдау кезіңде қаржылық коэффициенттердің келесі топтары ең маңызды деп саналады.

      1) Өтімділік  коэффициенті.

      2) Іскерлік белсенділік  коэффициенті.

      3) Рентабелділік коэффициенті.

      4) Төлемқабілеттілік  коэффициенті.

Енді әр топтың көрсеткіштерін жеке қарастырайық.

I. Өтімділік коэффициенті. Кәсіпорынның өтімтілігі түсінігі ретінде – оның өз міңдеттемелерін активпен жабу мүмкіншілігі түсіндіріледі. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлемқабілеттілігін білдіреді және оның ағымдағы активтерінің ағымдағы пассивтермен теңдігін білдіреді. Кәсіпорынның өтімділігі жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Өйткені ағымдағы активтердің құрамына әр түрлі айналым құралдары кіреді. Олардың құрамында сыртқы қарыздарды жабу үшін тез өткізілетін активтермен қатар баяу өткізілетін активтер болады.8

Іс–тәжірибеде өтімділік коэффициентінің келесі көрсеткіштері қолданады.                                                                                                                                                                                                                     

  • Ағымдағы өтімділік коэффициенті.
  • Жедел өтімділік коэффициенті.
  • Абсолютті өтімділік коэффициенті.
  • Таза айналым капиталы.

Осы корсеткіштердің  көмегімен, кәсіпорын өзінң қысқа  мерзімді міңдеттемелерін уақытында  төлей алама деген сұраққа  жауап табуға болады.

1.Ағымдағы өтімділік коэффициенті. Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым капиталын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлу арқылы табылады, және де кәсіпорынның белгілі бір кезеңде, қысқа мерзімді міңдеттемелерін төлеу үшін қаржыларының жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік береді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті қысқа мерзімді міңдеттеменің бір данасына, ағымдағы активтердің қанша данасы келетінін көрсетеді. Яғни компания қысқа мерзімді міңдеттемелерін қанша рет жаба алатындығын көре аламыз. Жалпы қабылданған халық аралық стандартар бойынша бұл коэффициент бір мен екінің арасында болуы керек деп саналады Төменгі шек айналым капиталының, қысқа мерзімді міндеттемелерін жабу үшін жеткілікті болу керек екенін көрсетеді. Әйтпесе компанияның банкрот болу қаупі бар. Айналым капиталының қысқа мерзімді мендеттемелерден екі үш есе асып түсуі де нашар көрсеткіш болып саналады. Өйткені ол капитал құрылымының тиімсіз екенін көрсетуі мүмкін. Коэффициентті талдау кезінде негізгі көңіл оның динамикасына аударылуы керек.

2.Жедел өтімділік коэффициенті. Айналым капиталының өтімдірек бөлігімен қысқа мерзімді міндеттемелерінің қатынасын ашатын, ағымдағы өтімділік коэффициентінің жеке көрсеткіші жедел өтімділік коэффициенті  болып табылады. Халықаралық стандарттар бойынша бұл коэффициент бірден жоғары болуы тиіс. Жедел өтімділік коэффициенті есептеудің қажеттілігі айналым капиталының кейбіреулерінің өтімділігі бірдей еместігінен туындайды. Мысалы: ақша қаражаты ағымдағы міндеттемелерді  жабудың негізгі көзі бола алса, ал запастар оларды өткізгеннен кейін ғана бола алады. Ал бұл мақсатта оны сатып алушы және оның қолма-қол ақшасы болуы керек. Өтімділік коэфициентін қолдану кезінде тағы бір шектеуді ескеру қажет. Жоғарыда келтірілген есептеу әдісінен көріп тұрғанымыздай ең өтімді активке ақша қаражаты ғана емес сонымен қоса қысқа мерзімді бағалы қағаздармен  таза дебиторлық борышта кіре алады. Жақсы дамыған нарықтық экономика жағдайында бұндай әдіс өзін-өзі толығымен ақтай алады. Өйткені қысқа мерзімді бағалы қағаздар жоғары өтімді актив болып саналады, ал дебиторлық борыш (күмәнділігі жоғары болсада) дамыған нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорын, бірқатар ұсынылған заңдар бойынша өз дебиторлық қарыздарын қайтарып ала алады. Талдау үшін жедел өтімділік көэффициентімен ағымдағы өтімділік коэффициентін өзара салыстырып қарастыру пайдалы. Жедел өтімділік көэффициентінің өте төмен болуы компания ағымдағы активтер құрамында ТМЗ – дың  үлкен үлес алатындығын көрсетеді. 9

 3.Абсолютті өтімділк коэффициент. Ағымдағы активтердің ең өтімді баптары, компанияның банктегі және кассадағы ақша қаражаттары болып саналады. Көптеген жағдайларда ақша қаражаты бойынша өтімділікті бағалау ең тиімді болып табылады. Бұл көрсеткіш абсолютті өтімділк коэффициенті  деп аталады және  де ақша қаражатын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлу арқылы анықталады. Ол ақша қаражаттары қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігін жаба алатындығын көрсетеді. Бұл өтімділікті бағалаудын ең қатал шегі болып саналады.

4.Таза айналым капиталы.  Кәсіпорынның өтімділігін талдаған кезде үлкен мән таза айналым капиталына беріледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның  айналым капиталы мен оның қысқа мерзімді міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады. Таза айналым капиталы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамассыз ету үшін қажет. Өйткені айналым капиталының қысқа мерзімді міндеттемелерден көп болуы, оның өз міндеттемелерін жауып қана қоймай, сонымен қатар өз ісін болашақта кеңейту үшін қаржы көздерінің бар екенін көрсетеді. Айналым капиталын жоғалту немесе құнсыздануы кезіңде (дайын өнімге бағаның төмендеуі, дебиторлардың банкрот болуы нәтижесінде) таза айналым капиталы кәсіпорынға үлкен қаржылық тәуелсіздік береді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына, таза айналым капиталының аз немесе көп болуы да кері әсерін тигізеді. Айналым капиталының  аз болуы  кәсіпорынды банкроттыққа әкелуі мүмкін, себебі ол өз қысқа мерзімді міңдеттемелерін  төлей алмайтындығын көрсетеді. Жетіспеушілік шаруашылық қызметтің шығындалуы, күмәнді дебиторлық қарыздың көбеюі  нәтижесінде болуы мүмкін. Ал таза айналым капиталының қысқа мерзімді міңдеттемелерден өте көп болуы, ресурстарды тиімсіз қолдануын көрсетеді. Мысалға: шаруашылық қызметке қажетті нақты көлемінен акциялардың артық шығарылуы немесе несиені алу, табысты тиімсіз пайдалану және тағы басқалардың нәтижесінде пайда болады.

Кестеде есептелген кәсіпорынның өтімділігіне келетін болсақ, 2004-2005жж. кәсіпорынның ағымдағы және тез өтімділік деңгейі көнілге қонымды болып тұрған. Бірақ 2006 ж. компанияның  өтімділік деңгейі күрт төмендеп кеткенің байқауға болады. Компанияның жалпы өтімділігі 0,7 дейін төмендеді. Яғни компанияның ағымдағы активтері ағымдағы міңдеттемелердің  70 - ақ пайызын жаба алады.

 

Кесте 3

Өтімділікті бағалау*                                                                                      

 %

ККоэффициенттер

аты

Формула

2004

2005

2006

Ағамдағы өтімділік  коэффициенті

Ағым.Активтер /

Ағым.Міндет-ме

 

1,6

 

1,3

 

0,7

Тез өтімділік коэффициенті

(АА - ТМЗ) /

Ағым.Міндет-ме

 

0,85

 

0,69

 

0,54

Абсолютті өтімділік  коэффициенті

Ақша қаражаты /

Ағым.Міндет-ме

 

0,17

 

0,14

 

0,09

Таза айналым капитал

ТАК=                 Ағым.Активтер - Ағым.Міндет-ме

 

9,329,040

 

6277101

-15048230




* «Қазақтелеком» АҚ  – ның мәліметі  бойынша   автордың  есептеуі.

 

Осыған ұқсас компанияның  тез және абсолютті өтімділік  коэффициенттері де

нашар көрсеткіш беріп  тұр. Абсолютті өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні 0,2 – 0,5 болуы керек. Ал компанияның үш жылына қатар бұл коэффициент 0,2- де жетпей тұр.

2004ж компанияның таза айналым  капиталы 9 млр. теңге құраса  2005ж.  ол біраз төмендеп 6 млр. теңге  құрады. Ал 2006 ж. компанияның таза  айналым капиталы тері  сан   көрсетіп тұр. Егер де кредиторлар өз қарыздарын қайтарып беруді талап ететін болса, онда компанияға қосымша 15 млр. теңге қажет болады. Компанияның 2006 ж. өтімділік деңгейінің нашар болуы, компанияның ағымдағы міңдеттемелердің ішінде қаржылық міңдеттемелердің көбеюі салдарынан болып отыр. Ол ағымдағы міңдеттемелердің 72 % құрайды. Егерде ол  2005 ж. 9 млр. теңге болса 2006 ж. ол 32 млр. теңге құрап отыр. Ал компанияның  ағымдағы активтерінің құрамында 2005 жылмен  салыстырғанда 2006 жылы елеулі өзгерістер болған жоқ.

Егер компания қысқа мерзімді міңдеттемелерін  азайтпайтын болса, онда компанияның  қиналып қалу мүмкіндігінің болжамы  бар. Жалпы айтқанда компанияның  өтімділік деңгейі есепті жылы нашар  деп айтуға болады.

 II.Іскерлік белсенділік коэффициенті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Іскерлік белсенділік талдаудың мақсаты  Т –А – Т қағидаты бойынша , ақшаның айналуы арқылы, кәсіпорынның табыс табу мүмкіншілігін бағалау. Жоғарыда айтып өткендей, кейбір актив түрлері әр түрлі айналым жылдамдығына, яғни олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына ие болады. Қаражаттың айналымда болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар әр бағыттағы себептердің жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші қатарға кәсіпорынның әрекет ерісін салалығын, ауқымын (көп жағдайда шағын кәсіпорындарда, үлкендеріне қарағанда қаражат айналымдылығы айтарлықгай жоғары келеді бұл шағын бизнестің бір артықшылығы деуге болады) және тағы басқаларын жатқызуға болады. Елдегі экономикалық жағдаймен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің айналымдылығына аз әсер етпейді. 10

 Сөйтіп, елдегі өтіп  жатқан инфляциялық процестер,  кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелген шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады да, бұл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.

Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.

Іскерлік белсенділік  коэффициентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалау